Оставьте Ваши данные, чтобы всегда быть в курсе выгодных предложений!

 

 
Магазин: Корзина
КАТАЛОГ МЕРОПРИЯТИЙ:
КОНКУРСЫ ПЕДАГОГАМ
КОНКУРСЫ ШКОЛЬНИКАМ, СТУДЕНТАМ
КОНКУРСЫ ДОШКОЛЬНИКАМ
Новостная рассылка!
Online-консультант
Анна Анатольевна Пыхтина
Мы в соцсетях!
 
Вернисаж талантов
Мы со спортом дружим
Новый горизонт
Публикации
Педагогика творчества
Лучшая вариативная учебная программа
"Вдохновение"
"Оч.Умелые руки"
Мой любимый питомец
"Пластилиновое чудо"
Формативное оценивание: от теории к практике
Талант-шоу
Музыкальная сова
Конференция "Инновационные технологии в образовании и науке"
Конференция "Инклюзивное образование: теория и практика"

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
ОЗОРНОЕ ЛЕТО

«Ән жұлдызы-Шәмші аға»

13 декабря 2018 г.

Абишева Рысжамал Хабиевна, кітапхана  меңгерушісі, Көпсалалы казақ мектеп -гимназиясы,ШКО, Аягөз қаласы

 

 

 

«Ән жұлдызы-Шәмші аға»

«Ән жұлдызы-Шәмші аға»

 1 жүргізуші:

  Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Ән жұлдызы – Шәмші аға» атты ән кешіне қош келдіңіздер.

 2 жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Саған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе білмеймін қуаныш па ?

Өз – өзімнен жүрегім ән салады.

Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма ?

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма ,

Махаббатқа арнап бір ән шығарсын

Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?

Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,

Жандандырсын жүректі, жандандырсын.

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.

 

  Баян: «Сырласу вальсі»

Көрініс

Деканат:

  • Сен Қалдаяқов, сен консерваториядан шығарылдың!

Шәмші:

  • Жазығым не? Жазығым не ? Жазықсызды жұбататын жан бар ма, мынау алапат жалғанда. Алматының бір ұшпағы шынымен бұйырмайма, мына мендей қазаққа ? Моласындай бақсының жалғыз қалдым тапшының. Ай, қайтейін, естіген жұрт  Қалдаяқтың баласы не оқу жоқ, не тоқу жоқ, қаңғып қалды демейме. Эх, ашшы запран кептеліп тұр өңешімде. Бәріне бірақ сілтеп қолымды, қайтсам ба екен ауылға?Қайран ауылым, ауылым сағындым. Қайран менің Сарыкөлім, сыңсып аққан Сыр анам. Жаз жағалай алып тұрған жидесі. Айналайын Арысым. Анашым, Сыр аман ба? Айтқайсың менен сәлем сұрағанға. Дүние дүрілдеген кең сарай ғой, басымды кең сарайға сұға алам ба. Несіне шетте жүріп шырылдайын, табармын тәңір жазса бір ыңғайын. Алматыдан шыға алмай жүрсем қайтем, енесін шыр айналған құлындайын.

Апасы:

  •  Жаным – ау, неге сонша жабырқадың ? Жаратқан жан баламды жарылқағын! Жүрсіңбе жайың болмай жалғызсырап? Қайда әлгі Еркінбай мен Сабырханың? Таусылып қалды ма ақшаң қалтаңдағы? Ауыр ма артқан жүгің арқаңдағы? Қарғыған Алатаудан асау тайым, кім сені ала жіппен арқандаған.

Шәмші:

  • Жан ана, қамқор ана, қайран ана! Бұл тағдыр кімнің бағын байламаған? Бидайдың барар жері диірмен емес пе. Ауылға қайтпағанда қайда барам?Апа түсіріп жібердіңіз үйді есіме. Арыстың қашан жетем жидесіне? Апа мен түсімде ылғи мініп жүремін алдияр патшалардың күймесіне.  Апа, қарыздармын саған... Қарыздармын, апа!..Сенің басыңа кесене тұрғызып, ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ, саға әннің ең асылынан ешқашан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын.Тыңдашы ана саған деген сезімдерімді тыңдашы

Ән «Ана туралы жыр»

Әлемнің жарығын, 
Сыйладың сен маған. 
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған. 
Сен берген құстардың, 
Қанатын самғаған. 
Балалық құштарым, 
Өзіңе арнаған 

[Қайырмасы:] 
Әлдилеп аялап, 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ, 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін 
Көңіліңді көктемдей, 
Көзіңнен танимын 

Өтеуге борышым, 
Анашым, жан сырым 
Іздедім сен үшін, 
Әлемнің асылын. 
Әлемнің байлығын, 
Сыйлар ем кеш мені. 
Сыйлар ем ай, күнін 
Қолыма түспеді. 

[Қайырмасы:] 
Әлдилеп аялап, 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ, 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін 
Көңіліңді көктемдей, 
Көзіңнен танимын 

Ете гөр қанағат
Әзірге берерім 
Балалық махаббат 
Балалық жүрегім 
Бол риза, анашым 
Қолдағы осы бар 
Өзіңе арнаған 
Әнімді қосып ал 

[Қайырмасы:] 
Әлдилеп аялап, 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ, 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін 
Көңіліңді көктемдей, 
Көзіңнен танимын

Апасы:

  • Жар болсын жаппар ием талабыңа. Құт болғай ақ тілегім қадамыңа. Қамықпа айналайын көгершінім. Қалықта аққу құстың қанатында.

Шәмші:

  • Қалтамда қара бақыр қалмағанын қайдан біліп қойдың анашым? Қалта түбі қағылды, кең дүние тарылды. Кімге айтамын зарымды?

Осы кезде бір топ сығандар келеді.

Изольда: Айқыш-ұйқыш сызыққа алақаның толып тұр. Мынау сызық тым шұбалып кетіпті. Барар жерге жетіпті. Тілегіңе бір алладан сұраған шаршап - талып жетерсің. Жетесіңде, бұл дүниеден өтерсің.

Ән «Сыған серенадасы»

Тулаған қаны бар
Тұлпар да табылар
Үміт болса
Күн туса басыңа
Мойыма, жасыма
Жігіт болсаң!

Қайырмасы:
Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзіңді жұмбай қамықпасын!

Қайнаған қаны бар
Қалыңдық табылар
Үміт болса
Шаттықты уыстан
Шығарма, туысқан
Жігіт болсаң!

Қайырмасы:
Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзіңді жұмбай қамықпасын!

 

1-жүргізуші: Шәмшінің әндерін қанша мәрте қайталап айтсаң да жалықпайсың. Айтқан сайын бұрын сезбеген, мән бермеген жаңа бір нәзік тұстары айқындалып, айшықтана түседі. Естіген үстіне ести бересің. Шәмшіні сағынасың, іздейсің. Оның әні өлмейді  ол біздің жүрегіміз бен жанымызда мәңгі сақталады.

 Ән:

 2 жүргізуші:

 Әншінің азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын: «Ақ ерке - Жайық»,  «Отырардағы той», «Сыр сұлуы», «Көгілдір көкше» т,б туындыларын жұрт ерекше қабылдады. Сондай - ақ «Бақыт құшағында», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик» т.б көптеген әндер Роза Бағланова, Бейбігүл Төлегенова, Роза Рымбаева сынды көптеген әншілердің репертуарынан берік орын алды. Осылайша Ш.Қалдаяқов артында мол мұра қалды.

  

1 жүргізуші:

Жаралған аға, еліңе әсем ән үшін

Әсем ән екен тағдырдың берген бағы шын.

Еркіндік сүйген еңселі дархан даламен,

Әніңе қостың сыңсыған Сырдың ағысын

2 жүргізуші:

Уа, Шәмші аға, көңілің неткен кең еді,

Берері мол алыпты ажал бөгеді.

Алыстаса тау асқақтай түспей ме!?

Жыл өткен сайын асқақтап Шәмші келеді                                                               

                                                                                   (Д.Пасатбаев)

 

Қалдаяқов өзені

Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан-таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің,-
Зорсығанның көбісі құры сүлде,
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіндей таба алған жоқ нар сенім,
Қандай ғажап кереметің бар сенің.
Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,
Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп,
Ал сен ұлы жүрегіңмен,
Пейіліңмен,тілегіңмен,
Күллі тамыр тірегіңмен,
Дарын едің алдына жан салмаған,
Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.
Отырардың еңкеймеген рухын
Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
Бәлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың,
Пенделік пен кенделікті көп көрсең де сынбадың.
Заманыңда ұшырсаң да әннің небір сұңқарын,
Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің-ау,
Ерлік шығар сондай сәтте еңкейместен тұрғаның.
Өкпелеме қазағыңа, өкпелеме, іңкәрім.
Жігіттің бір жарқыны едің,
Дәуірдің сом алтыны едің
Едің және арайы.
Бірақ сенен әлдеқайда қымбатқа
Бағаланды қалайы,
Солай көшкен бұл даладан ұлылардың талайы.
Мына шақта, ізгіліктің тауы тозған кезеңде,
Қырандардан қораздар мен тауық озған кезеңде,
Хас тұлпарды топ жабағы
Қалың шаңға жауып озған кезеңде,
Айналдың сен енді ешкім бөгей алмас өзенге.
Енді саған өшпес, өлмес атақ, данқтың кезегі
Келгендігін досың, түгіл қастарың да сезеді.
Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ақ еліңе
Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.

                                                                                            (М.Шаханов)

 

 

1 жүргізуші:

Қош, Шәмші! «Қош» деген сөз ауыр қандай!

Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,

Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,

Тал, түсте ақыл - естен жаңылғандай.

«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,

Отырмын ғой таңырқап, әлі нанбай.

Аққудың жерде жүрген бір баласы,-

Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай

Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,

Рахат теңізіне малынғандай

Сен болып бүкіл дала

Құдайдан тілегені табылғандай.

Шаршамай шабытыңның ақ сұңқары

Самалда самғаушы еді сабыр қылмай

О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние

Бұлбұлды күн күн туды ма сағынғандай. 

2 жүргізуші:

Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,

Ардақтар сен жырлаған анаға біз.

Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,

Алдымен қазақ деген – данаға біз.

Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,

Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,

Әлемде ән өлуі мүмкін емес, -

Өлмейді сен туралы қалған аңыз!

Ән «Қуаныш вальсі»

Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, Ш.Қалдаяқовтың халыққа берген сыйы ұшан – теңіз. «Қазақ вальсінің» корольі атанған бір туар тұлға болып біздің жадымызда мәңгі сақталады. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.

 

Аягөз  қаласы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы»КММ

Хаттама № 2

29 қараша 2018ж.

Қатысқан оқушы саны – 72

Күн  тәртібінде:

Оқушыларды аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы,  «Қазақ вальсінің» корольі атанған бір туар тұлға Шәмші Қалдаяқов шығармашылығымен таныстыру мақсатындағы «Ән жұлдызы – Шәмші аға» атты ән кеші .

Тыңдалды:

  1. Кітапханашы Р.Х.Абишева Қазақтың Ұлы композиторы Ш.Қалдаяқов жайында қысқаша мәлімет беріп, көрермендерді концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырды.
  2. Ш.Қалдаяқовтың өмірінен сыр шертетін «Сыған серенадасы» қойылымынан үзінді қойылды.
  3. «Шәмші Қалдаяқов. Жарқын бейне» атты видео - ролик көрермен назарына ұсынылды.
  4. Алдын ала дайындалған оқушылар композитор шығармашылығынан көптеген әндер орындады. Кеш соңын оқушылардың «Сырласу вальсі» биі қорытындылады. Ән кеші 6г, 8а, 8в, 9а, 10б, 11а сынып оқушыларымен өткізілді.
Источник:«Ән жұлдызы-Шәмші аға»|
13 декабря 2018 г.
Участники конкурсов:
ОЛИМПИАДА "ВЕСНА-2019" продлена до 15.06.2019
ОБУЧАЮЩИЕ ПРОГРАММЫ
Конференции
Фестивали
Олимпиады
Публикации
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Дистанционные курсы
Курсы профпереподготовки
Электронные курсы
СБОРНИКИ
Дистанционные Мастер-классы
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
ДИСТАНЦИОННЫЕ МАСТЕР-КЛАССЫ
«Мой коллега – яркий пример компетентного педагога 21 века»
Изменим мир к лучшему!
Улыбнись всему миру
"Моя будущая профессия"
МЫ ЦЕНИМ - МЫ ДОРОЖИМ
"ТАЛАНТ ШОУ"
"Открытый урок"
Методическая система эффективного учителя
Золотые руки
Лучший медиаурок
Конференция Обновлённая программа образования: теория и практика
II конференция Новые подходы в преподавании и обучении в условиях обновления образования
"Инновационные методики и технологии в обучении"
"Грани науки"
"Мастерская педагога"
"Лучшая презентация к уроку"
НПК "Новые подходы в обучении"
Золотое перо
Новые идеи
"Сто талантов"
ПУБЛИКАЦИИ
Наверх
Товар добавлен в корзину