Оставьте Ваши данные, чтобы всегда быть в курсе выгодных предложений!

 

 
Магазин: Корзина
КАТАЛОГ МЕРОПРИЯТИЙ:
КОНКУРСЫ ПЕДАГОГАМ
КОНКУРСЫ ШКОЛЬНИКАМ, СТУДЕНТАМ
КОНКУРСЫ ДОШКОЛЬНИКАМ
Новостная рассылка!
Online-консультант
Анна Анатольевна Пыхтина
Мы в соцсетях!
 
ОЗОРНОЕ ЛЕТО
Мы со спортом дружим
Новый горизонт
Публикации
Педагогика творчества
Лучшая вариативная учебная программа
"Вдохновение"
NEV! "Оч.Умелые руки"
NEV! Мой любимый питомец
"Пластилиновое чудо"
Формативное оценивание: от теории к практике
Талант-шоу
Инновационные технологии в образовании и науке

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Диалогтік оқытуды енгізу жолдары

3 декабря 2018 г.

Турагулова Балжума Темирбековна, арнайы пәндер оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай облысы.


 

Баяндамада диалогтік оқытуды өз пәніме енгізу жолдары баяндалады.Диалог-сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады.Мұғалім сабаққа кіргеннен студенттермен диалогта болады.Студенттерге белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттарқұрылады.Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі-диалогтік оқыту.Диалогтік оқыту дегеніміз-студент пен мұғалім, студент пен студент арасындағы сұрақ-жауап, сұхбат, пікірталас, әңгіме, топтық талқылаулар.

Диалогтік оқытуды енгізу жолдары

Диалогтік оқытуды енгізу жолдары

Философ  М.М.Бахтин «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс.Өмір сүру дегеніміз-диалогке қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу және т.с.с.» деген.

Диалог-сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады.Мұғалім сабаққа кіргеннен студенттермен диалогта болады.Студенттерге белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады.Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі-диалогтік оқыту.Диалогтік оқыту дегеніміз-студент пен мұғалім, студент пен студент арасындағы сұрақ-жауап, сұхбат, пікірталас, әңгіме, топтық талқылаулар.

Мен тәжірибе барысында педагогика пәнінен мына тақырыптарда тізбектелген сабақтар жүргіздім: «Оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдары туралы түсінік.Білім алудың көзіне қарай оқыту әдістерін жүйелеу», «Оқушылардың таным белсенділігін арттыруға қарай топтастырылған оқыту әдістері», «Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандыру әдістері» және «Ойын-оқыту әдісі.Оқыту әдістерін таңдап алу шарттары».Сабақтарымда диалогтық оқытуға көп көңіл бөлуге тырыстым.Құрдастар тобындағы қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын Мерсер атап өткен еді, осы қағиданы басшылыққа ала отырып, сабақтың әр кезеңіне диалогтық оқытуды енгізуге тырыстым.

Диалогтік оқытудың мақсат-міндеттерін орындау үшін, сабақтарымды психологиялық ахуал туғызудан бастадым.Онда «Комплименттер бұрқасыны», «Тілек шеңбері», «Ақ тілек» сияқты әдістерді қолдандым. Студенттер бір-біріне жақсы тілектер айтты, лебіздерін білдірді, диалогтік қарым-қатынас пайда болды.Сөйтіп сабақты жақсы көңіл-күймен бастап, араларында жылы қарым-қатынас орнағандай көрінді.Осы  жылы қатынас менің сабақтағы негізгі мақсатыма зор әсер етті.

Үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды игеру және бекіту барысында  «Қарлы кесек», «Джигсо-2», «Ыстық орындық», «Ромб», «Табақ тарту», «Большая стирка» және т.б. стратегияларын қолдандым.Мысалы, «Ойын-оқыту әдісі» тақырыбында, қызығушылықты ояту мақсатында «Ойын  деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Ойынға қандай анықтама беруге болады? Қандай ойын түрлерін білесіңдер?Ойынды орысша-ағылшынша не дейміз?» деген сұрақтар қойылып, студенттер жұппен жұмыс жасап, өз ойларын білдірді.Ойлаудың алғашқы баспалдағы- сұрақ қоя білу болып табылады. Ал енді сұрақ қоюдың маңызына келетін болсақ, сұрақ қою арқылы студенттердің сабаққа қызығушылықтары артып, сын тұрғысынан ойлануларына ықпал жасалды, сындарлы сөйлеуге ынталанды. Егер сұрақ дұрыс, нақты қойылса, сабақ берудің тиімді құралы болып, студенттердің білім алуына қолдау көрсетіледі.

Ал «Қарлы кесек» әдісін қолдану барысында екі студент жұптасып, үй тапсырмасы бойынша негізгі ұғымдарды жазып талдады, өздерінің жауаптары мен идеяларын топта дәлелдеді.Сабақ барысында бұл әдісті қолдану кезінде студенттер диалогқа түсті, ақпаратпен алмасуға мүмкіндік болды. Мен негізінен осыған ұқсас тәсілді осыдан он бес жыл көлемінде қолданып келемін, тіпті емтиханға, сынаққа дайындық кезеңдерінде де қолдандым. Студенттер бірін-бірі оқыта отырып, материалды игеріп, өткен материалды естеріне түсіретін.Үй тапсырмасын тексеру кезінде жұппен жұмыс жасау-ол да диалогтық оқытуға  жатады екен.Бірақ бір ерекшелігі- бұл әдісті материалды өзім ауызша баяндау және түсіндіру әдісінен кейін қолданатынмын. Ал «Қарлы кесек» әдісін қолдануда студенттер аз уақыт ішінде біраз мәліметтерді меңгеріп және қасындағы студенттердің көмегімен күрделі материалды да түсінеді, берген тапсырма бойынша жағдаяттық сұрақтардың қойылуы топта пікірталастың тууына, түрлі пікірлер мен ойлар тастауына себепші болып, студенттердің сөйлеу мәдениетін дамытады.

«Ойын-оқыту әдісі.Оқыту әдістерін таңдап алудың шарттары» тақырыбындағы сабағымда «Бірін-бірі сұрау» әдісі арқылы жұмыс жүргізілді.Жұппен жұмыс жасап, бір абзацты оқып болған соң, бір-біріне сұрақтар қойылды, сол абзацтан түсінгендерін дәптерге жазды.Сұрақтардың нақты және «жуан» болуы ескертілді.Студенттерге бірін-бірі сұрау, оқыту ұнады, оны «Бастағы қалпақ» кері байланысында байқадым.

Ал «Оқушылардың таным іс-әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру әдістері» тақырыбында «Суретпен жұмыс» әдісінде әр топқа суреттер тараттым да, сол суреттер бойынша жазалау мен мадақтау әдістерін қолдана отырып, жағдаят құрастыру, рольмен көрсету және жағдаяттарды шешу мақсатында тапсырмалар берілді. Студенттер жұмысқа белсене кірісті, қызығушылықтары байқалды, аяқ астынан костюмде ойластырды, тіпті көп сөйлемейтін, тұйық мінезді А. да жағдаятты рольмен көрсетуде өзінің шығармашылық қабілетін көрсете білді. Рольдік ойындар студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай , сабақ барысында тілдерін жаттықтыруға, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге жағдай жасалып, студенттерді басқа қырларынан тануға мүмкіндік берді.

Жағдаят құрастырған кезде оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда қандай әдістер қолданылды деп сұрақ қою арқылы диалогқа тарттым.

Соңғы сабақта  «Ыстық орындық» әдісі тиімді болды. Дайындап келген сұрақтарын студенттер «Ыстық орындықта» отырған студентке қойып, жауаптарын өзара талдап, диалогтік қатынасқа түсіп, бірін-бірі бағалады, жауаптарына сын көзбен қарап, пікір айтып үйренді.

Студенттер пікірталасқа түсу арқылы мәліметтерді есте көбірек сақтай алды, яғни ұзақ мерзімді естің қызметі артты.Мұны «Джигсо-2» әдісімен жұмыс жасау барысында байқадым.Ұсынылған мәтін бойынша студенттер топта жұмыс жасады, өзара талқылап, келесі топтармен өз ақпараттарымен бөлісті, пікір алмасты. Ол топтардан алған білімдерін «жанұя» тобына жеткізді.   Бір-бірімен еркін, тығыз қарым-қатынаста болды.

Куммулятивтік әңгімеде студенттер жауаптарын еркін айтады.Бұл әңгіме негізінен ой талқы, қызығушылықты ояту сәтінде, кері байланыста қолданылды.Студенттердің бұндай әңгіме барысында өздеріне деген сенімдері арта түсті.

Зерттеушілік әңгіме арқылы студенттер өз құрбы-құрдастарымен шағын топтарда жұмыс істеп үйренді.Әрқайсы ақылға қонымды мәліметтер ұсынып, онымен бөлісіп, бір-бірінің идеяларын талдауға үйренді, мұқият бағаланды, оны жасаған постерлерін, тұжырым картасын қорғау, ромб, табақ тарту  барысында байқадым.

Көптеген талқылаулар, негізінен, әңгімеден құралады.Мерсердің айтуы бойынша ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі  басымдыққа ие болады (САН 36-б). 

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақты студенттердің қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен (САН 35-бет).Ал, Барстың пікірінше «сабақта тіл қаншалықты қолданылса, студенттің білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан» (САН 36-бет).Міне, сондықтан болашақ мұғалімдерді дайындауда диалогтік оқытудың маңызы өте зор.

Диалогтік оқыту кезінде студенттер нәтижеге жету үшін белсенділіктерін көрсетіп, ынталары артады,  білімді бірлесе отырып алады, ойларын жылдам жинақтап, көршісімен пікір алмасып, ой қорытындысын жасау жылдамдықтары арта түседі.Бір-біріне сұрақ қойып үйренеді, сол арқылы ой-өрісі дамиды.

 Л.С.Выготский  оқушылар жақын даму аймағында жұмыс жасаса, өз қабілеттерін шыңдап, берілген ақпаратты тез қабылдайтындығын, сонда оқыту біршама жеңіл болатынын айтқан.Шынында да, топ болып жұмыс істеу кезінде дарынды студенттердің топтағы үлгірімі нашар студенттерге көмек көрсетіп, олардың сырт қалмауына ықпал еткенін көрдім.Топтағы белсенді, дарынды студенттердің көмек көрсетуімен енжар отырған студенттердің тапсырмаларды жақсы орындап шыққанын байқадым.Мысалы, Л. деген студенттің оқу үлгірімі нашар, сабақта белсенділік көрсетпейтін, ал мына сабақтарда қасындағы студенттердің көмегімен рольдік ойынға, постер қорғауға шықты.Ендеше диалогтық оқыту студент бойында жеке тұлғаға тән қасиеттердің ашылып, дамуына толық жағдай жасай алады деп айта аламын.

Сонымен қатар диалог кезінде студенттердің бойында сыйластық, түсінушілік, жанашырлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптасты.Диалог барысында әрбір студент тақырыпты қалай қабылдап отырғанын, басқалардың осы тақырыпқа деген басқа ой-пікірлері мен көзқарастарының бар екенін, білім деңгейінің қай дәрежеде екенін бақылау әдісі арқылы байқадым.

Қорыта келгенде, диалогтік оқыту болашақ мұғалімдерді дайындауда тиімді әдіс деген тұжырым жасадым.Егер осы жаңа көзқарас пен жаңа ізденіс жалғасын тапса, студенттерімнің еңбек жолдарында жетістікке жететіндеріне сенімдімін.Сондықтан осы курста алған білімімді басшылыққа ала отырып, өз тәжірибемде қолданып жетілдіремін.

 

Источник:Диалогтік оқытуды енгізу жолдары|
3 декабря 2018 г.
Участники конкурсов:
ОЛИМПИАДА "ЗИМА 2019" с 01.12 по 28.02.2019
ОБУЧАЮЩИЕ ПРОГРАММЫ
Конференции
Фестивали
Олимпиады

Серия олимпиад "ЗИМА 2019"

Серия олимпиад "ОСЕНЬ 2018"

ПРОДЛЕНА ДО 15 ДЕКАБРЯ.

Всем, кто не успел поучаствовать,

у вас есть две дополнительные недели для участия!!!

  I Республик предм олимпиада

Публикации
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Дистанционные курсы
Курсы профпереподготовки
Электронные курсы
СБОРНИКИ
Дистанционные Мастер-классы
NEV! Изменим мир к лучшему!
NEV! Улыбнись всему миру
NEV! "Моя будущая профессия"
NEV! МЫ ЦЕНИМ - МЫ ДОРОЖИМ
NEV! "ТАЛАНТ ШОУ"
NEV! "Открытый урок"
NEV! Методическая система эффективного учителя
NEV! Золотые руки
NEV! Лучший медиаурок
NEV! 1 конференция
NEV! "Инновационные методики и технологии в обучении"
NEV! "Грани науки"
NEV! "Мастерская педагога"
NEV! "Лучшая презентация к уроку"
NEV! Золотое перо
NEV! Вторая конференция
NEV! Новые идеи
"Сто талантов"
ДИСТАНЦИОННЫЕ МАСТЕР-КЛАССЫ
Наверх
Товар добавлен в корзину