Оставьте Ваши данные, чтобы всегда быть в курсе выгодных предложений!

 

 
Магазин: Корзина
КАТАЛОГ МЕРОПРИЯТИЙ:
КОНКУРСЫ ПЕДАГОГАМ
КОНКУРСЫ ШКОЛЬНИКАМ, СТУДЕНТАМ
КОНКУРСЫ ДОШКОЛЬНИКАМ
Новостная рассылка!
Online-консультант
Анна Анатольевна Пыхтина
Мы в соцсетях!
 
Вернисаж талантов
Мы со спортом дружим
Новый горизонт
Публикации
Педагогика творчества
Лучшая вариативная учебная программа
"Вдохновение"
"Оч.Умелые руки"
Мой любимый питомец
"Пластилиновое чудо"
Формативное оценивание: от теории к практике
Талант-шоу
Музыкальная сова
Конференция "Инновационные технологии в образовании и науке"
Конференция "Инклюзивное образование: теория и практика"

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
ОЗОРНОЕ ЛЕТО

«Ардақты менің, анашым!»

15 мая 2019 г.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі, Садуакасова Гулмира Кайырбаевна

 

 

 

«Ардақты менің, анашым!»

«Ардақты менің, анашым!»

 (1 слайд) «Ана өсиеті» термесі қосылып тұрады.

Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Бүгінгі 6 «а» сынып оқушыларымен өткелі отырған  «Ардақты менің, анашым!»- атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

 (2 слайд) 

Мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер, үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген.

- Құрметті аяулы, ардақты аналар. Өміріміздің гүлі, қуанышы - сіздерсіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі.

Арулар - асыл жандар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мұқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі құтты болсын дегім келеді.

 Алдарыңыздағы  өздеріңізге деген балаларыңыздың дайындаған дәмінен алып отырыңыздар.

I. Оқушылар аналарына деген жүрек жарды тақпақтарын оқып, өздерінің қолдарымен дайындаған сыйлықтарын сіздерге тарту етсін!

1.Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
2. Ақ жаулықты анашым,
Бұл күнге дейін маған панасың.
Сендей артық жаным жоқ,
Аялаған анашым.

3. Алыс сақтап жаманнан,
Жақсылыққа жол тауып,
Уақыты оның жоқ болсада,
Шаршадым деп жайбырақат жатпайды.

4. Тәрбие бердің аямай,
Кішкентай кезімнен,
Ертең мен ержетсем,
Қамқор болам мен саған.

5. Болдың қамқор сен маған
Мен болам қамқор саған,
Бұл өмірде адам жоқ,
Сендей асыл анашым.

6. Мен анамды сүйемін,
Ақылын ойға түйемін,
Ардақтап жүрем анамды,
Жұбататын жанымды.

7. Сырлы бояу ағызғандай сыясын,
Ана – бақыт шарықтатқан ұясын.
Ана – шексіз махаббаттың иесі,
Ана –өмір,ар-намысың ұятың.

8. Сенсің ана,бізге өмір сыйлаған,
Сен едің ғой,бақыт нұрын жинаған,
Сен дегенде,толқып жүрек бұлқынып,
Асау жырлар кеудесіне сыймаған.

9. Не айтайын,құдіртіңе сын барма?
Сен лайықсың мәңгі өшпейтін жырларға
Ана – бізге өмір бердің ең алғаш
Сен өсірдің,ақын ,батыр ұлдарды.

10. Құдіреті биік,аяулы асыл,анашым
Кей-кезде мұңды ойларда қалып қоясың
Қарызбын – саған, қарыз боп әркез қалмадым,
Жыр арнайды өзіңе сәби балашың.

11. Балғын тәтті тілегіңменен
Алға басып, ілгері келем
Күннің нұрлы ай сәулесінен
Өткен күннің іздерін көрем

12.  Құшағыңды сағындым, ана
Жұбатады жанымды сан ән
Қасиетім, қорғаның ең маған
Әніммен де табынам саған

13. Бөбегіңнің құрып ұйқысын,
Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
Арман болсын балам дейтінсің.

14. Сұрағым көп өмірге мынау
Жанымда мұң, көңілде қырау
Бақыт нәрін сезген сәттерде
Қуат берген сенің демің-ау.

(3 слайд)         II. Ендігі кезекте  «Ана монологы» - атты клипті тамашалап алайық.

Экранға назар аударыңыздар!

4 (слайд)         III. Сұрақтар: (Аналарға). Әрбір дұрыс жауапқа сыйлықтар беріледі.

1. Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)

4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

7. Қонақтың түрі (Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)

8. Үш арсыз не? Атаңыз. ( Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)

9. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

10. Бес байлықты атаңыз. (Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – еркіндік, үшінші байлық - тіл  

      байлық,  төртінші байлық - қайрат-күш, ақ жаулық, бесінші байлық - балаңыз).

( 5 слайд)      IV. Сұрақтар: ( 16 оқушыға 16 сұрақ )

1. Анаңның анасының аты – жөні?

2. Анаңның қанша аға – қарындастары бар?

3. Анаң бос уақытында немен шұғылданады?

4. Анаңның әкесінің аты – жөні?

5. Анаңның апайы саған кім болады?

6. Анаңның жақсы көретін түсі қандай?

7. Анаңды ренжіткен кезің болды ма?

8. Анаң жылдың қай мезгілін ұнатады?

9.  Анаң қандай кино жақсы көреді?

10. Анаңның ең жақсы  көретін салаты?

11. Анаң қандай кітап оқығанды ұнатады?

12. Анаң тоқыма тоқығанды ұната ма, әлде үй жинағанды ұната ма?

13. Анаң сені қалай еркелетеді?

14.  Анаңды қалай сыйлайсың?

15. Ана туралы мақал-мәтел айта аласың ба?

16.  Анаңа  айтар тілегің қанд

 (6 слайд)         V.    Сергіту сәті.

( 7 слайд)               VI. «Аяулы Анам» тақырыбына шығармалар байқауы.

 (8 слайд)            VII. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.
Аналарға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері ойланып тұрады,  ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
  ( 9 слайд)         VIII.    Сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Балаңыздың ең жақын досы...
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйіп тыңдайтын әні...
5. Сүйікті тағамы...
6. Жақсы көретін түсі...
7. Көзінің түсі...
8. Аяқ киімінің өлшемі...
9. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...
10. Сынып жетекшісінің толық аты -

 

   (10 слайд)                    IX.  Аялы  алақан (тренинг):   Дұрыс тапқан аналарға сыйлық беріледі.

3-4 ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)

  1. Балаңызды қалай таныдыңыз?
  2. Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?
  3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
  4. Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба? (11  слайд)           X. Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме.  Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді.

Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (Қалай ойлайсыздар, бала неге өтінді?)

 

 Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

10. Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең, ешқашан анаңды ренжітпе! 
Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:
-Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе,
-АНАМА!,-депті.
-Жарайды, ал сосын кімге десе,
-АНАМА!,-депті.
-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе
-Тағыда АНАМА депті!
Міне, Пайғамбарымыздың өзі АНА атаулыны қалай сыйлаған!

 

Аналар, ақ пейілін жайғандарым,

Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,

Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым – дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымды қорытындылай отырып,  аналарымызға деген сыйлығымды қабыл алдыңыздар. Ендігі кезекте сөз кезегін мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасарлары Мұсағали аға мен Әлия  апайымызға береміз.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет!

Сау болыңыздар!

Источник:«Ардақты менің, анашым!»|
15 мая 2019 г.
Участники конкурсов:
ОЛИМПИАДА "ВЕСНА-2019" с 01.03 по 31.05.2019
ОБУЧАЮЩИЕ ПРОГРАММЫ
Конференции
Фестивали
Олимпиады
Публикации
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Дистанционные курсы
Курсы профпереподготовки
Электронные курсы
СБОРНИКИ
Дистанционные Мастер-классы
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
ДИСТАНЦИОННЫЕ МАСТЕР-КЛАССЫ
«Мой коллега – яркий пример компетентного педагога 21 века»
Изменим мир к лучшему!
Улыбнись всему миру
"Моя будущая профессия"
МЫ ЦЕНИМ - МЫ ДОРОЖИМ
"ТАЛАНТ ШОУ"
"Открытый урок"
Методическая система эффективного учителя
Золотые руки
Лучший медиаурок
Конференция Обновлённая программа образования: теория и практика
II конференция Новые подходы в преподавании и обучении в условиях обновления образования
"Инновационные методики и технологии в обучении"
"Грани науки"
"Мастерская педагога"
"Лучшая презентация к уроку"
НПК "Новые подходы в обучении"
Золотое перо
Новые идеи
"Сто талантов"
ПУБЛИКАЦИИ
Наверх
Товар добавлен в корзину