ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ МЕНЮ
КОНКУРСЫ
КОНКУРСЫ ПЕДАГОГАМ
КОНКУРСЫ ШКОЛЬНИКАМ, СТУДЕНТАМ
КОНКУРСЫ ДОШКОЛЬНИКАМ
Новостная рассылка!
Online-консультант
Анна Анатольевна Пыхтина
Мы в соцсетях!
 
NEV! Мы со спортом дружим
NEV! Новый горизонт
NEV! Публикации
NEV! Педагогика творчества
NEV! Лучшая вариативная учебная программа
NEV! "Вдохновение"
NEV! "Оч.Умелые руки"
NEV! Мой любимый питомец
NEV! "Пластилиновое чудо"

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
Магазин: Корзина

«№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларының әлеуметтік желіге тәуелділігі»

3 апреля 2018 г.

Секерханова Мөлдір, 10 "А" сынып, «№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы

Шайхина Еркетай Тлектесовна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, «№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы

 

 

 

 

 

«№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларының әлеуметтік желіге тәуелділігі»

«№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларының әлеуметтік желіге тәуелділігі»

Жұмыс жоспары:

  1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі
  2. Ұялы телефонның зияны
  3. Әлеуметтік желінің жастарға әсері
  4. «№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектептің» 8-9 сынып оқушылары арасында жүргізілген зерттеу жұмысы, сауалнама
  5. Зерттеу жұмысының нәтижесі

Ғылыми жұмыстың өзектілігі қазіргі жасөспірімдерді қызықтыратын әртүрлі әлеуметтік желілердің көбеюімен түсіндіріледі. Соңғы кезде жастардың  бос уақытын өткізудің негізгі формасы әлеуметтік желі болып табылады. Халықаралық зерттеулер бойынша, тұрғындардың 50 пайызы қандай да бір әлеуметтік желіге кіреді немесе бірнеше желінің пайдаланушысы болып табылады.

Соңғы жылдары елі­мізде ғылыми техника қар­қынды дамығалы көп жетіс­тікке қол жеткіздік. Қоғамда өмірге қажетті әрі қолжетімді технологиялар көптеп еніп, теле­коммуникация жүйелері жаңарды. Адамзат игілігіне арналған бұл жаңалықтар, әрине, пайдалы. Әйткенмен, әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адам денсаулығына кері әсері де жоқ емес. Әсіресе, ұялы байланыстың зияны бөлек дейді маман­дар. Мамандар алдағы  10-15 жылда сымсыз  телефонның зардабынан ісік дертіне шалдығушылардың саны арта түсетінін айтып, дабыл қағуда. Биыл дүние­жүзілік Денсаулық сақтау  ұйымы  ұялы   телефондар  жас жеткіншектердің ден­саулығына зиянды екенін мә­лімдеді. Ғалымдардың пайым­дауынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайыз­ға дейін ұлғаяды. Ұялы телефондар электромагниттік сәулелердің негізгі тетігі екені айтпаса да түсінікті. Бұл – жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер ететін сәулелер. Тіпті, кей мемлекеттерде мектеп жасындағы балаға ұялы телефон ұстауға тыйым салынған. Себебі, 10-11 жастан бас­тап ұялы телефонды тұрақты пайдаланатын жандардың ми ісігіне тап болуы әбден мүмкін. Себебі электромагниттік сәулелер ойлау қабілетін реттейтін мидың жүйке орталығына енеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де сымсыз телефон екенін жасырмайды маман­дар. Әлем елдері ұялы телефонн­ың адам өміріне қауіп­ті­лі­гін жан-жақты зерде­леуде. Испаниял­ық ғалымдар  11-13 жас шамас­ындағы бала телефо­н арқылы­ екі минут сөйлескеннен соң, мидың биоэлектрлік бел­сенді­лігі 2 сағат бойы қалпына кел­тірілетіндігін дәлелдеген. Ұлыбритания­ның бірқатар қа­лаларында зерттеу жүргізген ғалымдар да мұны жоққа шығармайды. Ал Ресейдің гигиена институ­тының жүргізген зерт­теулері  5-10 жыл бойы сымсыз­ телефонды пайдаланған 20-29 жас шамасындағы азаматтың ми ісігіне тап болу қаупі ұлғая түсе­тінін көр­сетіпті. Бұл өскелең ұрпақтың ұялы телефонды неғұр­лым ерте пайдаланса, соғұр­лым дертке шалды­ғу қаупі де арта түсетінін меңзесе керек. Дегенмен, ғалымдардың мұндай пікірімен келіспейтіндер де бар. Ұялы телефонның адам ағзасына осынша­лықты әсер ететіндігі әлі толықтай дәлелденген жоқ. Әлемнің әр түкпірінде сан қилы зерттеулер жүргізілсе де, бұл жана­ма пікір ғана дейтіндердің қатары да жеткілікті. Ал профессор, дәрігер Әскер Есенқұловтың айтуын­ша, мұндай зерттеулер әлі дәлелденбеген. «Сол себепті де сымсыз телефонның қауіп­тілігін  айтып, дабыл  қағу орынсыз. Мұның  бәрі  кішігірім зерт­теулер  ғана», - дейді ол.

Жалпы, ұялы телефонға қызығушы топ – балалар мен жастар. Тұтынушы назары үшін барын салатын ұялы байланыс операторлары балаларды баурау үшін түрлі ойындарды, жаңа қызметтерді ұсынады. 2001 жылы Еуропарламенттің ғылыми зерт­теулер басқармасы кәмелеттік жасқа толмаған балаларға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салған. Содан бері Еуропа мемлекеттері мектеп қабырғасында оқушыларға телефон пайдалануға үзілді-кесілді қарсылық біл­дірді. Мәселен, Ұлыбританияда сымсыз телефонды сату барысында оның қауіптілігі жөнінде ақпараттандыратын парақшалар қатар ұсынылуы керек десе, Францияда ата-аналарға балалары қанша уақыт телефонмен сөйлесетінін қадағалау міндеттелді. Адам ағзасына радиацияның әсер етуін зерттейтін бір топ ғалымдар ұялы телефон­дардың қорапшаларына «Ден­саулық сақтау ұйымы ескертеді» деген ескертпе жазуларды енгізу керек деген ұсыныс білдірді. Еуропа елдерінен үлгі алса керек­, Тә­жік­станда мектептер мен жоғары оқу орындарында білім алушыларға ұялы телефон пайдалануға тыйым салған. Дегенмен қанша тыйым салынса да, сымсыз телефонның негізгі тұтынушысы балал­ар мен жастар болып­ қала бермек. Жасыратыны жоқ, қазір мектеп жасындағы балалар ұялы телефонсыз сабаққа деген ынтасын да әлсірететінін айтады.

Еуропа мемлекеттерінде қолданылатын тәжірибені отандық мектеп қабырғаларына да енгізу керек деп ойлаймын. Бұл бір жағынан, ұрпақ денсаулығына алаңдаушылық болса, екіншіден, мектеп жасындағы балалардың арасындағы бәсекені де бәсеңдететіні анық. Телефон түрлі дерт­тің пайда болуына себепкер болуы­мен қатар, баланың санасына да кәдімгідей әсер етеді. Қазір балалар арасында телефонын көрсетіп мақтану, әдемі нұсқасын алудан «жарысу» дағдыға айналып отыр. Біздегі бір кемшілік, ата-аналар балаларына телефонның зияндылығын айтып, оның орнына сабағына мән беру керектігін ескертпейді. Ал ұстаздар тарапынан ескерту жасалса, білім ордасына келіп ұрыс-керіс шығарудан да тайынбайды. Ұстаз айтса, оқушыны жаман болсын, көштен қалсын демейді. Мұны түсінбейтін ата-аналар қоғамда жетіп артылады. Мектепке келген баланың ұялы телефон ұстауы біріншіден, оның оқып отырған сабағына тікелей теріс әсер етеді. Екіншіден, оқушының ойын шашы­ратып,  алаңдатады. Үшіншіден, ұстазды  сыйлау әдебін бұзады. Төртіншіден, жанындағы отыр­ға­н өзге оқушыларға психо­логиялық тұрғыдан кері ықпал етеді.  Бұл мәселелерді күнде­лікті сабақ беру барысында аңғару қиын емес. Сол себепті мектеп қабырғасында оқу­шы­ларға ұялы телефон пайдалануға  тыйым  салу  орынды  деп  есептеймін.

Әлеуметтік желінің жастарға әсері қандай? Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі». Ал сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз? Бұл сұраққа Назарбаев Университет және басқа оқыту мекеме студенттері ойланбастан "ия" деп жауап береді. Себебі, студенттердің әлеуметтік өмір жаңалықтары ғаламтор арқылы жүзеге асады. Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді.  Ғаламтор жүйесінінң дамуына 10 жыл ғана болса да, қазірдің өзінде ғаламтор қолданбайтын жастарды табу қиын. Қазіргі кезде әлеуметтік желілер "Вконтакте", "Мой Мир", халықаралық "Facebook", "LinkedIn" және тағы басқалар кең таралған. Статистика бойынша, Қазақстандық интернет қолданушылардың 62,4%  "Вконтакте" желісінде, 25,9% "Мой Мир" желісінде, ал 22,7% "Одноклассники" желісінде отырады. Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді. Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр.  Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады. Статистикаға жүгінсек, жастардың 49,2% әлеуметтік желіні күнделікті, 19,7% аптасына бір рет және 9,1% айына бір рет тексереді. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Себебі, бұл жастардың қоғамдық, психологиялық дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді.  Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына көз жеткіздік. Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестікті де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемді байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу және алмасу мүмкіндігі және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бірақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзіледі, сенімсіздік пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесі сияқты ауруларға шалдығады. Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық: -себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру; -ғаламторға қажетсіз кіре беру; -жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары; -уақыт өлшемінің жоғалтуы; -желідегі қарым-қатынастың басымдылығы; -міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы; -тәуелділіктің барын жоққа шығаруы; -ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы Егер бұл белгілер сізге сай болса, онда сізде тәуелділіктің болғаны. Енді, бұл тәуелділіктен қалай айырылуға болады деген сұрақ туындайды. Алдымен, салауатты өмір салтына,  жүзбе-жүз қарым-қатынасқа деген махаббатты ояту керек, яғни шынайы өмірге қайтып келу деген мағынаны береді.  Қорытындылай келе, шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауымыз керек.  

Осы мәселелерді қарастыра келе «№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектептің» 8-9 сынып оқушылары арасында   ғылыми жетекшім екеуіміз зерттеу жұмысын жүргіздік.

Сауалнама сұрақтары:

1. Сіз әлеуметтік желілердің қайсына жиі кіресіз? 
А.«Фейсбук» 
Ә.«ВКонтакте» 
Б.«Инстаграм» 
В.«WhatsApp» 
Г.«Скайп» 
Д.«Мой мир» 
Ж.«Одноклассники» 
Р.«Телеграмм» 
2 Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз? 
А. Сөйлесуді 
Ә. SMS арқылы байланысуды 
3. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз? 
А. 10-45 сек 
Ә. 5-10 минут 
Б. 15 минуттан артық 
4. Әлеуметтік желіде отырған сәтте қуаныш сезімі бола ма? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Кейде 
5. Әлеуметтік желіден қол үзіп, off-line болғанда мазасызданып, ашуланасыз ба? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Кейде 
6.Компьютер алдында ұзақ уақыт болғандықтан достарыңызбен туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылған жоқпа? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Кейде 
7.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бастарттыңыз ба? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Кейде 
8.Шынайы өмірге қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кеттіме? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
9. Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Кейде 
10. Көзіңіз ауырып, арқаңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгердіме? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Мүмкін 
11.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгердіме? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Мүмкін 
12.Сіз сабақ кезінде әлеуметтік желіні қолданасызба? 
А. Иә 
Ә. Жоқ 
Б. Кейде

Сауалнама нәтижесі:

Зерттеу жұмысы 8-9 сыныптар арасында өтті.

8 сыныптан 40 баланың 21 оқушысы «ВКонтакте» желісінде жиі отырады ал, 13 бала  «Инстаграм» желісінде, 6 бала «WhatsApp» желісін қолданады. Ұялы телефонмен хабарласудың сөйлесу түрін 24 бала қолданады, ал SMS арқылы байланысуды 17 бала қолданады. Ұялы телефонмен орта есеппен 5-10 минут сөйлеседі. «Компьютер алдында ұзақ уақыт болғандықтан достарыңызбен туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылған жоқпа?» деген сұраққа 37 бала «жоқ» жауабын белгіледі ал, 3 бала «кейде» деген жауапты белгіледі.
Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды білі ме деген сұраққа  29 бала жоқ деп, 10 бала кейде деп жауап берді. Әлеуметтік желіні сабак кезінде қолданбаймыз деп 36 бала белгіледі, 4 бала қолданамыз деп жауап берді.

9 сыныптан 30 баланың 20 оқушысы «ВКонтакте» желісінде жиі отырады ал, 9 бала  «Инстаграм» желісінде,  1 бала «WhatsApp» желісін белгіледі. Ұялы телефонмен хабарласудың сөйлесу түрін 17 бала қолданады, ал SMS арқылы байланысуды 13 бала қолданады. Ұялы телефонмен орта есеппен 5-10 минут сөйлеседі. «Компьютер алдында ұзақ уақыт болғандықтан достарыңызбен туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылған жоқпа?» деген сұраққа 21 бала «жоқ» жауабын белгіледі ал, 9 бала «кейде» деген жауапты белгіледі.
Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаның 19 бала жоқ деп белгіледі, 11 бала кейде. Әлеуметтік желіні сабак кезінде қолданбаймыз деп 30 бала белгіледі.

Қорытынды

 Осындай мәліметтерді жинай отырып, мынадай болжам жасадық. Қазіргі таңда «№ 4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» оқушыларын зерттеу барысында  8-9 сынып оқушылары 100 пайызы  ұялы телефонды қолданатыны және 90 пайызы әлеуметтік желілерде отыратыны анықталды. Әлеуметтік желілер ішінде 8-9 сыныптағы  жасөспірімдер «В Контакте» желісін жиі қолданады:

 1 орында «В Контакте», ал 2-ші орында «Инстаграм», 3 орында «WhatsApp» желісі.

Біздің бұл зерттеу жұмысымыздың мақсаты: жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тәуелділігін анықтау болатын.Зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткендей жасөспірімдер ұялы телефонды белсенді қолданады және кішігірім зерттеуіміздің нәтижесі бойынша 8-9 сынып оқушылары арасында әлеуметтік желіге тәуелділікті байқауға болады. Бұл зерттеу жұмысы ары қарай жалғасын табады және әлі де толыққанды зерттеледі.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Популярный журнал – [Электронный ресурс]  http://popular-journal.ru/socialnye-seti-zlo-interneta/, доступ свободный.

2. Википедия – [Электронный ресурс] - wikipedia.org/wiki/, доступ свободный.

3. Серия статей – [Электронный ресурс] – http://social.ecomspace.ru/

4. Браун С.  “Мозаика” и “Всемирная паутина” для доступа к Internet: Пер. c англ. - М.: Мир: Малип: СК Пресс, 2009. - 167c.

5.  Гилстер П.  Новый навигатор Internet:  Пер с англ. - Киев: Диалектика, 1996. - 495 c.

6.  Фролов А.В., Фролов Г.В.  Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet, E-mail, FTP, WWW, и HTML, программирование для WindiwsSockets. - Диалог - МИФИ, 2010. - 283 c.

7.  Левин В.К.  Защита информации в информационно-вычислительных системах и сетях // Программирование. - 2011. - N5. - C. 5-16.

 

 

Участники конкурсов:
Конференции
Фестивали
Олимпиады
Публикации
Рецензии
Дистанционные курсы
Электронные курсы
СБОРНИКИ
Мастер-классы
МЕДИАНАРЫ
NEV! Изменим мир к лучшему!
NEV! Улыбнись всему миру
NEV! "Моя будущая профессия"
NEV! МЫ ЦЕНИМ - МЫ ДОРОЖИМ
NEV! "ТАЛАНТ ШОУ"
NEV! "Открытый урок"
NEV! Методическая система эффективного учителя
NEV! Золотые руки
NEV! Лучший медиаурок
NEV! 1 конференция
NEV! "Инновационные методики и технологии в обучении"
NEV! "Грани науки"
NEV! "Мастерская педагога"
NEV! "Лучшая презентация к уроку"
NEV! Золотое перо
NEV! Вторая конференция
NEV! Новые идеи
Наверх
Товар добавлен в корзину