ДОКУМЕНТЫ О РЕГИСТРАЦИИ
Приглашаем на "II Республиканскую предметную олимпиаду" учеников и учителей
Оставьте Ваши данные, чтобы всегда быть в курсе выгодных предложений!

 

 
Магазин: Корзина
КАТАЛОГ МЕРОПРИЯТИЙ:
КОНКУРСЫ ПЕДАГОГАМ
КОНКУРСЫ ШКОЛЬНИКАМ, СТУДЕНТАМ
КОНКУРСЫ ДОШКОЛЬНИКАМ
Новостная рассылка!
Online-консультант
Анна Анатольевна Пыхтина
Мы в соцсетях!
 
Вернисаж талантов
Мы со спортом дружим
Новый горизонт
Публикации
Педагогика творчества
Лучшая вариативная учебная программа
"Вдохновение"
"Оч.Умелые руки"
Мой любимый питомец
"Пластилиновое чудо"
Формативное оценивание: от теории к практике
Талант-шоу
Музыкальная сова
Конференция "Инновационные технологии в образовании и науке"
Конференция "Инклюзивное образование: теория и практика"

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
ОЗОРНОЕ ЛЕТО
Международный конкурс "Ношу на голове поля, но это вовсе не земля"
Международный конкурс "У цветов не бывает будней, они всегда одеты празднично"
Международный конкурс для дошкольников "Чей домик?"
Международный конкурс для педагогов "Талант педагога"

Ақмола облысы, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, педагогика және филология ғылымдарының магистрі,  Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы (ғылыми жетекші), Филология бөлімінің IV курс студенті, Мухамеджанова Куаныш Жаркыновна (студент-ізденуші)

 

 

Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін заманауи сабақ түрлері

мен оның тиімділігі

Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін заманауи сабақ түрлері мен оның тиімділігі

Аннотация

Бұл мақалада  қазақ тілі пәнінен жүргізілетін заманауи сабақ түрлері мен олардың тиімділігі туралы мәлімет жинақталған. Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін заманауи сабақтарда оқушының терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына назар аударылады. Демек, оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, соның негізінде атқарған жұмысының нәтижесін көреді. Берілген мақаладағы негізгі ой осы.

Аннотация

Эта статья об эффективности современных уроков: сбор информации по инновационным урокам казахского языка. Инновационные уроки казахского языка предоставляет ученикам непрерывное внимание и глубокий интерес к данному предмету. Следовательно посещаемость учеников будет расти, на основе результатов проделанной работы.

Abstract

This article in the Kazakh language of modern occupations and collected information about their effectiveness. In the Kazakh language of modern pupils to think deep, uninterrupted attention. Consequently, interest in student attendance will increase, on the basis of the results of the work done. The main idea of this article.

 

Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды  назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде. 

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазіргі кезеңде оқушының рөлі басым болуды талап етеді.

Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жаңа сабақ түрлері – интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жаңа сабақ түрлері ретінде кіріктірілген сабақты, панорамалық сабақты,сайыс сабақты, аукцион сабақты,шығармашылық сабақты және бинарлы сабақты негізге алуға болады.

Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты – оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын тақырыптарға сай біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланысты қолдана отырып,интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Мысалға алатын болсақ қазақ тілі пәні оқытушысы және әдебиетші мұғалім кіріктірілген сабақ өткізе алады. Қазақ әдебиетінен Б.Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» атты тақырыпты өткен кезде, қазақ тілімен бірлесе жұмыс атқарған жөн. «РАФТ» әдісін пайдалана отырып, басты кейіпкерге хат жазады. Кіріктірілген сабақ барысында оқушы қазақ тілі пәнінен хат жазу стилі,орфография,пунктуация жайлы білімдерін тереңдетеді, ал әдебиет пәні бойынша Б.Момышұлының шығармасымен танысады. 

Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат – озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? екенін тыңдаушылар біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі – мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Мысалы қазақ тілі пәнінен «Сөзжасам» тақырыбында панорамалық сабақ өткізуге болады. Осы сабақта сөзжасам дегеніміз не, оның жасалу жолдары туралы зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Сайыс сабақ – сабақтың атына байланысты сыныпта екі топ білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: морфологиялық талдау жасау және синтаксистік  талдау жасау. Алдын ала оқушылардың ішінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай топтың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.

Аукцион сабақ –  бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.

Шығармашылық сабақ – оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Бинарлы сабақтың мақсаты – білімді, дағдылар мен біліктерді дәлелді тәжірибелік пайдаланудың жағдайын жасау, оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көру мүмкіндігін береді. Білімді жүйелеу, пәндердің байланысы мен желінің біртұтастығына сендіруді қалыптастыру үшін өткізілген бинарлы сабақ оқушының әлемді тануында ойының дамуында маңызды кезең болып  табылады.

Бинарлы сабақтар:

– пәнді үйрену мотивациясын арттырудың құралы болып қызмет етеді;

– оқушыларда өздігінен білім алу дағдыларын дамытады;

– аналитикалық қасиеттерін дамытады;

– зор тәрбиелік әлеуетке ие;

  • бинарлы сабақтарда бұрын оқылмаған жаңа салаларға біліктер көшіріледі, бұл оқушыға шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта қазақ тілі пәнінен жүргізілетін сабақ түрлері мен дәстүрлі сабақты салыстырсақ:

Заманауи сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады

Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері басым

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды

 

Қорытындылай келе, қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді.

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Исаев С. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы 2014ж.

2. Жүнісбек Ә. «Жаңа технология негізі – сапалы білім», «Қазақстан мектебі», №4, 20083

3. Бардовскии Г.А. «Жаңа оқу технологиясы», №5 1993ж.

4. Интернет жүйесі https://www.tarbie.kz/

5. Жартынова Ж.А. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Алматы 2014ж.

 

Участники конкурсов:
Приглашаем на "Первую Республиканскую предметную олимпиаду" учеников и учителей
ОБУЧАЮЩИЕ ПРОГРАММЫ
Конференции
Фестивали
Олимпиады
Публикации
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Курсы повышения квалификации (дистанционные)

 "Внесение изменений в методику преподавания инструктора физического воспитания в дошкольном образовательном учреждении в условиях реализации ФГОС"

Внесение изменений в методику использования ИКТ в современном дошкольном образовании в условиях ФГОС

"Развитие математической грамотности учащихся в условиях обновления содержания образования"

 Курсы повышения квалификации по предметам начальных классов в рамках обновления содержания образования РК

"Курсы повышения квалификации педагогических кадров "Развитие профессиональной компетентности музыкального руководителя в условиях обновления содержания дошкольного воспитания и обучения"

"Методика проектирования современного урока русского языка и литературы в условиях поликультурного и полиязычного образования" для учителей русского языка и литературы

"Формирование мировоззрения подрастающего поколения посредством музыки в условиях обновления содержания образования" для учителей музыки

Курсы профпереподготовки
Электронные курсы
СБОРНИКИ
Дистанционные Мастер-классы
УЧЕБНИКИ 1-11 КЛАССЫ
Учебники с 1 по 11 классы
Учебники с 1 по 11 классы по обновлённой программе РК
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
ДИСТАНЦИОННЫЕ МАСТЕР-КЛАССЫ
«Мой коллега – яркий пример компетентного педагога 21 века»
Изменим мир к лучшему!
Улыбнись всему миру
"Моя будущая профессия"
МЫ ЦЕНИМ - МЫ ДОРОЖИМ
"ТАЛАНТ ШОУ"
"Открытый урок"
Методическая система эффективного учителя
Золотые руки
Лучший медиаурок
Конференция Обновлённая программа образования: теория и практика
II конференция Новые подходы в преподавании и обучении в условиях обновления образования
"Инновационные методики и технологии в обучении"
Международная научно-практическая интернет конференция "АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОВРЕМЕННЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ"
"Грани науки"
"Мастерская педагога"
"Лучшая презентация к уроку"
НПК "Новые подходы в обучении"
Золотое перо
Новые идеи
"Сто талантов"
ПУБЛИКАЦИИ
Наверх
Товар добавлен в корзину