НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Ақмола облысы,Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, педагогика және филология ғылымдарының магистрі, Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы (ғылыми жетекші), Филология бөлімнің IV курс студенті,  Рыскельдина Айнагуль Жанатовна (студент-ізденуші)

 

 

Сындарлы оқыту технологиясы негізінде оқушылардың

тілін дамыту жолдары

Сындарлы оқыту технологиясы негізінде оқушылардың  тілін дамыту жолдары

Аннотация

Сындарлы оқыту теориясында мұғалім білім алушылардың өзіндік ой-пікірлерін, сұрақтарын, саналы түрде өзі түзеткен қатесін бағалайды. Оқудың нәтижесі ғана емес, жаңа білімді құрастыруға жұмсалған оқушының күш-жігері мен оның ілгерілеуі, оқу-танымдық іс-әрекетінің барлық өнімдері бағаланады. Бақылау мен бағалау шынайы оқыту процесінің жүруімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сындарлы оқыту теориясы – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып, табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Қазақ әдебиетін оқыту барысында сындарлы оқыту теориясын пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын байытуда, тілдік ерекшеліктерді дұрыс ұстанудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін ұсыну. Бұл мақалада сындарлы оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сөздік қорын, тілдік ерекшеліктерін дамыту жолында тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынамын.

Аннотация

Технология конструктивного обучения – важный для развития образования в Казахстане и является главным в педагогическом понятии. Этот модуль, как учащихся, так и учителей и т. д., предполагает развитие критического мышления и сознательного восприятия. С использованием теории конструктивного обучения в ходе преподавания литературы, в обогащении словарного запаса учащихся, правильных языковых особенностей, формы и методов эффективности. Эта статья основана на конструктивной технологии обучения которая помагает в развитии языковых особенностей, эффективных форм и методов обучения.

Abstract

Critical thinking is important for the development of education in Kazakhstan is Central to the concept of teaching. This module, both students and teachers, etc., the development of critical thinking and conscious perception suggests. Using the theory of constructive learning through the teaching of literature in enriching students ' vocabulary, correct stanway linguistic characteristics, forms and methods of efficiency.

                                           

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдістеріне көшу керек. Бұл тапсырманы тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалы, оқушыны сыни ойлауға жетелеп отыратын, ойлау белсенділігін арттыратын – сындарлы оқыту технологиясы.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білу қабілетін дамытуды көздейді [1]. Осы орайда мақаланың басты ерекшелігі көркем шығармаларды талдау барысында баланы белсенділікке, сөз саптау шеберлігіне өз бетімен іздене отырып халықаралық деңгейдегі әдіс-тәсілдерді қолданып, өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыруды бірінші орынға койылуы. Сындарлы оқыту теориясын зерттей отырып, тәжірибеге енгізіп, нәтижесін көрсетуді мақсат етіп отырмыз.

№2-кесте

Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың айырмашылықтары

 

Дәстүрлі оқыту

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

- тақырыпты түсіндіреді;     

- тақырып туралы айтып береді;

- тақырыптың идеясын анықтайды;

 

 

- көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді;

- тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын береді;

- сабақты бекіту сұрақтары жалпы қойылады.

– мазмұнын айтып береді;

– мінездеме береді;

- оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады;

- негізгі сөздерді тауып, дәптерлеріне жазады;

- Орындайды;

 

- жауап береді.

Сындарлы оқыту

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

- топқа бөліп, ой қозғайды;

 

- тақырыпқа қызықтырып бағыт-бағдар береді;

- тақырыптағы негізгі идеясын анықтауды ұсынады;

- негізігі ерекшеліктерін тануға бағыттайды;

- өз ойларын жазуды ұсынады;

 

- ойларын қорытып жүйелеуге бағыттайды.       

- топ ішінде, ұжыммен жұмыс жасайды;

- мәтінмен өздері танысады;

 

- әдістерді пайдаланып, мәтінді зерттейді;

- талдайды, салыстырады, сұрақ қояды, ізденеді, жауап береді;

- ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді;

- өз тұжырымдамасын жасайды.

Сындарлы оқыту технологиясының басты міндеті — қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

№1-кесте

 

 

 

 

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып, табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және ойммен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғышарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философиялық, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген әдіс-тәсілді, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады [2].

Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерте білу.

Менің оқыту тәжірибемдегі мақсатым – баланы субьект ретінде оқуға өзінше қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оқушыларды оқуға іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру арқылы бірлесе әрекет ету. Нәтижесінде іс жүзінде күнделікті тұрмыс-тіршілікте ауызекі сөйлеуге икемді болады.

Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады [3].

Оқушылардың ой ұшқырлығын, сөз саптау шеберлігін дамытуда проблемалық сұрақтар қызықты, әрі әдеби айтыс туғызатындай дәрежеде қойылуы тиіс. Сондай-ақ бұл сұрақтардың басты ерекшелігі – олар бір ғана шектеулі мәселеге құрылмай, көркем туындыны кеңірек, тереңірек қамтитын мазмұнда құрастырылады. Осы жолда осындай тиімді тапсырлармаларды ұсынамын: Мысалға:

Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы мұндай тапсырма беруге болады.

Ш.Айтматовтың «Найман ана» шығармасына проблемалы сұрақтар:

1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме неліктен «Найман ана» деп аталады?

2. Жуандардың жас жігітке істеген ісіне қандай баға берер едіңдер?

3. Мәңгүрттік сезім өзі жаулап алған елге қалай әсер етті? Бұрын соңды олар мұндай істі бастарынан кешіп пе еді?

4. Мәңгүрт құлды іздеуге ана неге бел буды? Оны қандай мысалдармен дәлелдейсіңдер?

5. Сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес, менің ұлым болса екен деген жолдардан қандай қорытынды шығаруға болады?

Проблемалық жағдаяттар.

Тапсырма. Жағдаятпен танысып, топ болып талқылқылаңыздар.

Жағдаятты сахналаңыздар.

1-топ. Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруін қажет. Көшеде жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің?..

2-топ. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?...

3-топ. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқан апаң. Сенің анаң ешкімге есік ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің?

Тиімділігі: проблемалық жағдаяттар арқылы үнемі жүйелі түрде жұмыс жүргізудің нәтижесінде ғана тіл үйренушілердің білім сапасын көтеру бағытында жақсы жетістіктерге жетуге болады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар.

 «Автор орындығы» стратегиясы.

Шарты: Әр қатардағы оқушыларға жеке-жеке шығарманың не әңгіменің тақырыбы беріледі, қатардағы әр оқушы бір-бір сөйлемнен жазып, ары қарай жылжыта береді, жазба жұмысының нүктесін соңғы оқушы қойып, автор орындығына отырып, шығарманы не әңгімені көпшілік талқысына ұсынады [3].

Мысалы: Автор орындығына отырған оқушы топқа «С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынның негізгі идеясы» деп ортақ талқыға салады.

Жауабы: Қазақ-қалмақ арасындағы қарым-қатынасы. 

Тиімділігі: Оқушы жылдамдығын арттырады, бір-бірінің ойын тыңдауға,  сенімділікке, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, ойын жинақтауға көмектеседі.

 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту бойынша тапсырма.

«Өрмекші торы» әдісі

Шарты: Оқушылар шеңбер құрап өткен тақырыпты айту арқылы бір-біріне бума жіпті лақтырады, жіпті алған оқушы алдыңғы оқушының ойын жалғастырады. Нәтижесінде жіптер шырмалып, өрмекшінің торына ұқсап қалуы тиіс. Жіптің көлеміне қарай оқушыны білім деңгейін анықтауға болады.

Мысалы: Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінін оқиды. Тақырып бойынша әр оқушыға сұрақ беріледі.  Мәселен, оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын табады.

Жауап: тақырыбы – «Күй аңызы», «Нар идірген» күйінің шығу тарихы,  идеясы – өнерді құрметтеуге шақырады.

Тиімділігі: Бірінін ойын бірі тез жалғастыра отырып оқушылар шапшаң іс-әрекет жасайды, сол арқылы сұрақ қоя білуге және оған жауап беруде ойлау қабілеті артады.

Талантты және дарынды балаларға арналған тапсырмалар.

Қызықты логикалық сұрақтар:

1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?

4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.

6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Тиімділігі: Оқушылардың логикалық деңгейі анықталып, 5 әрекет жүзеге асады.

«Айрықша тапсырма» әдісі.

Шарты: Қабілетті оқушылар үйге ешкім орындамаған күрделі де, қиын тапсырма алады. Ол салтанатты түрде табыс етіледі және арнайы дәптерге орындалады. Орындалған тапсырмаға «төрттен» төмен баға қойылмайды.

Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесіне жоспар құра.

Тиімділігі: Қабілетті оқушылардың қиын тапсырмаларды орындай алатындығына сенімді боламыз.

Білім  берудегі  басқару және көшбасшылығы бойынша тапсырма.

«Айналмалы бекеттер» әдісі

Шарты: Үш топқа бір – бір постер қағаздары беріледі, постерлерге арнай тақырып беріледі.Әр топ өз постерін қорғайды. Әр топ өздеріне тиесілі постердегі білетіндерін жазып, сағат тілі бағытымен келесі топқа ауыстырады, келесі топ осы тақырып жөнінде толықтырады, тағы сол сияқты жалғасып, бастапқы топқа келеді. Бастапқы топ барлық жиналған мәліметті қорытып, тақтаға шығып қорғайды.

Мысалы: Мұқағали Мақатаев шығармашылығын постерге жазып қорғау.І-топ постерге Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінің тәрбиелік мәндерін жазса, ІІ-тор поэмаларының ерекшеліктерін жазады.Осы әрекеттерден кейін оқушылар постер мазмұнын түсіндіреді.

Тиімділігі: Жазушының шығармалары жайында мәлімет алады.Оны өмір тәжірибесінде қолданады.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға арналған тапсырмалар:

«Кубизм» стратегиясы

Шарты: Куб алты қырдан тұрады кубтың алты қырына суреттеуге, баяндауға, талдауға, салыстыруға, қолдануға, зерттеуге арналған алты түрлі тапсырма жазылады.

Мысалы: М.Әуезовтың "Көксерек" шығармасы алсақ.

Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығармалар білесіз?

Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген, Құрмашқа ауыз садырған қандай жағдай?

Талда. Көксеректің қатыгездігің қай тұстарда байқадыңыз?

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.  Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең шумағын сахналау болып табылады.

   Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Мысалға, 5 сыныпта ертегілерді саусақ ойыны арқылы сахналауға болады.

Қазақ әдебиетін оқытуда оқушыға өз ойын басқа біреуге дұрыс жеткізе алу үшін ауызекі сөйлесу, коммуникативтік дағды мен білікті меңгеріп, тіл үйретіледі. Кәсіптік біліммен қаруланған оқушы болашақта өз ісінің шебері, білгірі болумен қатар,  сөйлей білу де қажет. Сол үшін әр оқушының өз ойын еркін жеткізе білуі бағытында  жүйелі жұмыс жасау, сындарлы оқыту технологиясын пайдалана отыру, жағдай жасау – қазіргі заман талабы.

Сабақ барысында оқушыларды тек қана теориялық-практикалық жаттығулармен ғана жұмыс жасамайды, сонымен қатар оқушыны сергіту үшін әртүрлі ойындар ойнатылады. Мысалға:

«Теңге ілу» ойыны.

Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру . Әрбір тапсырма берілген кезде ойынның негізгі халық арасындағы шарты таныстырылып отырады.

«Мен әкіммін» ойыны.

Шарты: Екі оқушы әкім болып сайланып, сыныптан шығып кетеді. Сыныпта отырған оқушылар параққа кез келген сөзді жазады. Шығып кеткен оқушылардың біреуі сыныпқа кіріп, парақта жазылған сөздерді бірінен соң бірін оқиды. Сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып, әкім ретінде халықтың жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Тиімділігі: Оқушының ойлау қабілеті, ой ұшқырлығы, сөз саптау шеберлігі, сөздік қорын дамытып, өзін сынып алдында еркін ұстауына көмектеседі.

Оқушылармен жұмыс жасау барысында, модульді игергеннен кейінгі әрекеттерім:

                        – ақылауға құтылуға икемдедім;

– оқушының жекелей дамуын, жеке тұлғаның қалыптасуын, өзін –өзі жетілдіруін көздедім;

– сыни тұрғыдан, талдауға бейімдеу, логикалық ойлау негізінде оқытуға тырыстым;

– өзінің жеке мақсаттарының қисының келтіруді және оларға жету жолдарын нақтылауды үйретуге тырыстым.

Заман ағымына сай біліммен қаруланған, ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған тұлға уақыт талабы. «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе «Ең сынампаз» бөлігі болып табылады» - деп елбасы Н.Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Мұғалім білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында аянбай еңбек етіп, тіл жанашыры, нағыз азамат болуына себепкер болуы шарт.

Бұл бағдарлама жаңа заман талабына сай бой көтерген білім ордаларындағы оқыту жүйесін жетілдіруді мақсат етеді. Әлі күнге дейін бала оқытудың жүйесі ескі әдістің шырмауынан толық шықпағаны белгілі. Білім беруде «жүрдім-бардым» дейтін кейбір ұстаздардың іс-әрекетіне ішің күйеді. Сол үшін колледждерде Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін барынша ұғындыруға, арнайы ендіруге педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсынан өткізу өте тиімді жене нәтижелі болады деп ойлаймын.

 

Ақмола облысы Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі

Ғылыми жетекші: филология ғылымының магистрі Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы

Студент-ізденуші: филология бөлімнің IV курс студенті Рыскельдина Айнагүл Жанатқызы

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

2. Тренерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. ІІІ басылым. Астана,2012.

3. Бардовскии Г.А. Жаңа оқу технологиясы  Педагогика 1993ж.№5

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину