ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың есте сақтау зейінін қалыптастыру

28 февраля 2021 г.

Жумажанова Гульфайруз Тапитановна, учитель математики первой категории, стаж 35 лет, КГУ "Специальная школа - интернат №8" УО Восточно-Казахстанской области, Казахстан, г. Усть-Каменогорск

 

 

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың есте сақтау зейінін қалыптастыру

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың есте сақтау зейінін қалыптастыру

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар дегеніміз - оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай – ақ бұл балалардың эмоциональдық ерік – жігер саласының жетілмеуі  органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Бүгінгі статистикалық мәліметтерге сүйенетін отырып, талдау жасайтын болсақ, психологиялық, физиологиялық, коррекциялық ауытқушылықтары бар балалардың саны 175 мыңға жетеді. Бұл мәселені қазіргі әлеуметтік социумдағы жағдаймен салыстыратын болсақ, осы категориядағы балалар үлкен дағдарысты бастарынан өткізуде, себебі олардың құндылық бағдары мен қоғамның арасындағы қарама-қайшылық анық көрінеді.

Инклюзивті оқыту және тәрбиелеу бұл жалпы білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл ретінде қарастырылатын ұзақ мерзімді стратегия. Инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыру үшін барлық балалардың, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне тәуелсіз білім алу сұраныстарын қанағаттандыруға икемді білім беру ортасын құру қажет. Әрбір баланы, әсіресе дамуында кемістігі бар баланы әлеуметтік өзара іс-қимыл процесіне қосу, әлеуметтік қатынастардың белсенді субьектілері ретінде балалардың дамуына ықпал ету маңызды болып отыр. Ал енді ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың есте сақтау зейінін қалыптастыру үшін не істеу қажет?

Бұл сұраққа мен төмендегідей жауап беріп өтейін:

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен   оқу   әрекетінің   өзара   байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Ақыл-ойы кем бала балалардың ойлау қабілетін дамыту, түзету жұмысының басты бағыттарының бірі және танымдық қабілеттерін жетілдіруде, оларды әлеуметтендірудегі басты фактор болып есептеледі. Ойлау қабілетін дамытуда түрлі дидактикалық, қозғалмалы, сюжетті-рөлдік ойындар, сюжетті сурет бойынша әңгіме желісін құрау, құрастыру ойындары және тағы басқа жұмыстардың маңызы зор. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, психикалық процестері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды. Түзету сабақтарында мынадай ойындарды қолдануға болады: «Кілтті ал», «Пойыз» ойыны, «Ұқсас, ұқсас емес», «Қайсысы немен қоректенеді?», «Қате суреттер». Бұл ойындар арқылы «ерекше» балалардың ынтасы, қызығушылығы артады, ойлау, есте сақтау қабілеттері дами түседі. Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады. Бүгінгі күн талабы –тек қалыпты балалар емес,сондай-ақ психикалық дамуы тежелген баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину