Казбаева Меруерт Толеухановна, Басшының орынбасары, "Жас ұрпақ" КМҚК, Қазақстан, Павлодар қаласы.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры
ұстаздың қолында. Қазіргі заман ағымының жедел дамуына байланысты кез-келген жағдайда жеке тұлға ретінде, яғни өзін жақсы сезінуі, қоршаған ортаға бейімделе алуы өте маңызды мәселе болып тұр. Осы орайда оқушыларды әлеуметтендіруде біздер, яғни ұстаздар қандай рөл атқарамыз деген сұрақ туындайды? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын алдымен әлеуметтену процесі дегеніміз не, осыған жауап бере кетейік.
Әлеуметтену процесі дегеніміз (латын тілінен аударғанда “sосіаlіs”
қоғамдық деген сөзінен шыққан) – адамның қоғамға қатыстырылу процесі, сол процестің нәтижесінде адамның әлеуметтік тұлғаға айналуы деген сөз.
Әлеуметтену – адамның бүкіл өмір бойы жалғасатын ұзақ процесс.
Адам туып, өмірге келіп – өсіп, әртүрлі белестерден өтеді, бірақ бірден
үлкен жетілген адам болып шыға келмейді, тұлға болып қалыптасу үшін
әр адам қоғамның мүшесі ретінде өзінше пісіп-жетілуі керек, яғни адамзаттық қоғамда белгілі әлеуметтік функцияларды өз бетімен атқаруға қабілетті болуы керек басқаша айтқанда, адам болу үшін сол адамзаттық қоғамға бірте-бірте етене араласып, тиісті әлеуметтік қасиеттерге ие болып, яғни әлеуметтенуі қажет. Онсыз адам әлеуметтенген тұлға бола алмайды.
Әлеуметтену процесі ол әртүрлі белестерден өтетін азаматтық кемелдену процесі деуге болады. Балалар бастапқы әлеуметтік ұғымдарды, яғни қасиеттерді ата-аналарынан, туған туыстарының ортасынан алып, солардың көзқарастарына қарай еліктейді. Кейін келе оқушылардың әлеуметтенуіне тікелей әсер ететін – қоршаған орта, мектеп, ұстаз және ата – ана тәрбиесі. Мектеп қабырғасынан шыққаннан соң тұлға саяси өмірге толық мағыналы түрде қатыса алады.
Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері :
І кезең. Балалық шақ кезеңі.Бұл кезеңде отбасында берілетін тәрбиенің
маңызы өте зор. Екінші әлеуметтену кезеңі өте ұзақ болады, оған есейген және қарттық кезеңдер кіреді. Сонымен қатар әлеуметтену процесіне салт дәстүрді енгізуіміз қажет. Бұл құбылыс адам бойына тәрбие арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие әлеуметтенудің мақсатқа бағытталған формаларының бірі, бұл процес қоғам арқылы жүзеге асады. Тәрбиенің салт –дәстүр арқылы жүретіні белгілі. Олай болса, әлеуметтенудің ең алғашқы кeзеңдеріндегі салт-дәстүрдің өсіп келе жатқан сәбиге әсері өте зор.
ІІ кeзeң. Баланың қоғамға араласуы жатады, яғни бұл кезең –бала
мектепке келген кезден бастап болатын кезең.
Ұстаз бaлаға әдеби кітаптарды оқытып, талдатып, мектептегі мерекелік іс-шараларда дәстүрлі ойындарды, әндерді, билерді, көріністерді көрсетуі қажет. Жеке тұлғaның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға ұстаз - яғни мектеп тәрбие көзі. Жоғaрыда аталған қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби шеберлігі, қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипатталуы керек деген ой туады. Сонымен қaтар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.
Сабақта осындай әр түрлі жұмыс түрлерін қолдана білу және қызықтыра білу оқушыны шығармашыл өмірде, қоғамдық ортада ойын еркін жеткізуіне көмектеседі. «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» дейді К.Д.Ушинский. Сөзімді қорытындылай келе Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келеді: “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салу керек”,- деген екен.
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден –бірі мектепшілік жүргізілетін тәрбиелік іс- шаралар көп әсер етеді. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі- өнеге берер ұстазға байланысты, мектеп бітіріп ары қарай өмірден өз орнын табу үшін біз көмектесіп жол сілтеп жіберуіміз керек.
Біз дұрыс жол сілтеп жіберсек бала ары қарай дұрыс бағдар алады
біздің міндетіміз осы. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін өте жоғары бағалаған.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу
жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында әр ұстаз адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қарапайымдылық, отансүйгіштік қасиеттерін сіңдіреді.
Оқу мен тәрбие жұмысының түп қазығы – мектеп. Өмірде өз жолын дұрыс тапқан білімді де,білікті шәкірттеріміз көп болсын.
«Жас ұрпақ» КМҚК басшысының орынбасары Меруерт Казбаева