ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Күшті практикалық өлшеу тәсілдері. Есеп шығару.

20 ноября 2018 г.

Большманова Маржан Асилхановна, физика және информатика мұғалімі, Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 14 негізгі орта мектебі" КММ, Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

 

Күшті практикалық өлшеу тәсілдері. Есеп шығару

9-сынып

Күшті практикалық өлшеу тәсілдері. Есеп шығару.

 

Өткізілетін сынып:9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Күшті практикалық өлшеу тәсілдері. Есеп шығару.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әр-түрлі зерттеулер арқылы, күшті практикалық өлшеулер

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, интерактивті такта

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.

  1. Ньютонның бірінші заңы?
  2. Ньютонның екінші заңы?
  3. Ньютонның үшінші заңы?
  4. Бүкіләлемдік тартылыс заңын  тұжырымдаңдар
  5. Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды?

Тапсырманы орындаудың шартты бағалануы (балдары).

  1. Теориялық шешімі.
  2. Өлшеу әдісін суретпен түсіндіру.
  3. Физикалық шаманы экспериментальдық жолмен анықтаңыздару.
  4. Физикалық шаманы есептеу.
  5. Өлшеу қателігінің шекарасын бағалау.
  6. Кейбір жағдайларда өлшеулерді өлшеуді қайталау.

Бұл экспериментальдық тапсырмалардың деңгейі халықаралық физикалық олимпиадалардың талабына сәйкес. Осындай тапсырмаларды орындау кез-келген оқушы үшін өзінің физикадан алған білімін бағалауға мүмкіндік береді.

 

1.5а. Эксперименттік тапсырмалар

 

  1. Қағаз беттерінің қалыңдығын өлшеу

 

Сіздерге өлшегіш сызғыш пен штангенциркуль берілген.

Тапсырма: Осы құралдардың бірін пайдаланып физика кітабының бетінің қалыңдығын есептеңіздер.

Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқалар: 

1-нұсқа. Бір бетінің  қалыңдығын штангенциркуль арқылы өлшейміз, қағаз қалыңдығы 0,01 мм-ден кем болады, ал штангенциркуль құралының қателігі 0,1 мм, сондықтан өлшеу қателігі 100%-тінде артуы мүмкін.

2-нұсқа. Кітаптың  қалыңдығын сызғышпен өлшеп, алған нәтижені кітаптың барақ санына бөлеміз:

 

Бұл жағдайда өлшенген қағаздың  қалыңдығының  абсолют қателігі, сызғыштың көмегімен өлшеніп алынған -ның абсолют қателігі (мм), кітаптың  парақ санына бөлгенге тең болады.

 

3 нұсқа. Кітаптың қапсыз  қалыңдығын штангенциркуль арқылы өлшеп, дәлдеу нәтиже алуға болады.

 

  1. Мыс сымның диаметрін анықтаңыздару

 

                Сіздерге сызғыш және әртүрлі салмақтағы гірлері бар таразы берілген.

Тапсырма: Жұқа мыс сымның диаметрін анықтаңыздардар. Мыстың тығыздығы  кг/.

Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқалар.

1-нұсқа. Жұқа сымның диаметрін сызғыш арқылы өлшенбейді. Алайда сымның  ұзындығын сызғышпен өлшеп, және таразы арқылы  массасын біле отырып,  көлемді анықтаңыздаруға болады.

 

         болғандықтан, мұндағы  - көлденең қимасының ауданы сымның. Осыдан  диаметрін есептеп табамыз.

 

          2-нұсқа. Сымды қарындашқа 30-40 рет ораймыз. Орамның  ұзындығын өлшеп, оны  орам санына бөлеміз.

 

 

  1. Доптың бастапқы жылдамдығын анықтаңыздару

 

Тапсырма: Тек секундомер көмегімен теннис добын қандай жылдамдықпен лақтыра алатындығыңызды анықтаңыздардар.

Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқа

Экспериментті жүргізу үшін екі оқушы спорт алаңына шығуы керек. Бір оқушы допты вертикаль лақтырады, ал екіншісі оны лақтырған мезеттен бастап қолына түскен соқтығысқанға дейінгі аралықты секундомермен өлшейді.

         Ол  уақыт  доп қанша уақытта жоғары көтерілсе, сонша уақытта жерге түседі, яғни өлшенген уақыттың жартысына тең болады. Доптың қолға түскен жылдамдығы оның бастапқы жылдамдығына тең. Бұл  жылдамдықты еркін түсу үдеуі -ге және еркін түсу уақытына көбейту арқылы табамыз:

.

6. Түскен дененің бастапқы жылдамдығын анықтаңыздару

 

Тапсырма: Сіздерге тек өлшегіш лента берілген. Өшіргіш резеңке кесегін саусақпен түртіп құлату арқылы қандай бастапқы жылдамдық бере алатыныңызды есептеңіз.

Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқа:

Резеңкені стол шетіне қоямыз. Шерту арқылы оны горизонталь бағытта қозғалысқа келтіреміз және еденге түскен резеңкенің орнын белгілейміз. Столдың  биіктігін және резеңкенің еденге түскен нүктесінен столға дейінгі  қашықтықты өлшейміз.

Қозғалыс кезінде горизонтальдық  жылдамдық  өзгермейді, сондықтан оны мына формуладан табамыз:

 

мұндағы  - резеңкенің қозғалыс уақыты.

       түсу биіктігін біле отырып,  формуладан  уақытты табамыз.

.

Сонымен, резеңкенің бастапқы жылдамдығы

.

 

  1. Сызғыштың массасын анықтаңыздару

 

Тапсырма: Сіздерге сызғыш, қарындаш және тыйын берілген. Сызғыштың массасын анықтаңыздардар. Тыйын массасы .

Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқа:

Сызғыш пен қарындаш арқылы тепе-теңдікте емес таразы дайындаймыз, тыйынды  кір ретінде қолданамыз.

         Сызғышты қарындаш үстіне қойып жылжыта отырып, тепе-теңдікке келтіреміз. Қарындаш пен сызғыш түйіскен жеріндегі сызғыштың бөлігін белгілеп аламыз. Бұл арқылы біз сызғыштың массалық центрін анықтаңыздарймыз .

 

Енді сызғыштың бір шетіне тыйынды қоямыз. Сызғышты қарындашқа қатысты жылжыта отырып жаңа тепе-теңдік қалпын табамыз. Сызғыштың жаңа тепе-теңдік сызығын бөлік белгілейміз (3–сурет).

Сызғыш бөліктері арқылы  -жаңа сызықтан сызғыштың массалық центріне дейінгі қашықтықты және  - жаңа сызықтан тыйының массалық центріне дейінгі қашықтықты өлшейміз. Тепе-теңдік шарты бойынша:

 

мұндағы, Сызғыштың массасы,

- тыйын массасы,

- еркін түсу үдеуі.

Бұдан сызғыштың массасы:

.

 

1. 95 Н күш денеге 1,25 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 5 м/с2 үдеу бере алады?

2. Массасы 10 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 5 м/с2 үдеу алады. Массасы 14 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады?

3. Массасы 25 кг дене 50 м/с2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек?

 

ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: 10-18 тақырыптарын қайталау. 15-жаттығу(4)

 

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қ. Аққошқарова, Н. Қойшыбаев «физика» теория. Есептер мен тест сұрақтарыжәне оны шешу жолдары Алматы «Атамұра» 2006
  2. Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова Физика және астрономия 9 сынып әдістемелік нұсқау Алматы «мектеп» 2009
  3. Р.Б. Башарұлы, Ж.О Бақынов физика 9 сынып дидактикалық материалдар Алматы «мектеп» 2013
  4. Б.А Кронгарт, С.М Тезекеев физика және астрономия 9 сынып Алматы «мектеп» 2009
  5. Н. А Закирова, Е.П Гаврилова Физика және астрономия тест тапсырмалар жинағы «Келешек -2030» ЖШС,2011

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину