". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
ФИНАНСОВЫЕ ПЕРЕМЕНЫ
Нужны финансовые перемены
Финансовые перемены за 2,5 месяца для тех, кто хочет выйти из денежных рамок, повысить доходы и быстрее достичь жизнь мечты.
Анкета для записи на бесплатную консультацию к Ольге Ахидовой
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 
Формативное оценивание: от теории к практике

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

«Мектеп жасына дейінгі балалармен серуен картатекасы жинағы»

10 декабря 2020 г.

Кенжибаева Сандыгуль Каировна, тәрбиеші,  ИП "Рахимберлина" №35 "Болашақ" балабақшасы, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

«Мектеп жасына дейінгі балалармен серуен картатекасы жинағы»

«Мектеп жасына дейінгі балалармен серуен картатекасы жинағы»\

КӨКТЕМ

1.Ауа райына бақылау жасау                                                       

Бақылау

       Көктемгі ауа райы өте құбылмалы,бірақ күннен-күнге күн жылына бастайды.Ауа қысымы көтаріледі. Ашық күндер көп болып,күн сәулесін мол шашады.Аспан сұрғылт түсін ашық көк түске алмастырады.Көктемнің алғашқы айы мен соңғы айын салыстыра білуге үйрету. Ауа райының өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Балалардың байқампаздығын,табиғат пен қарым-қатынасын дамыту.

Қимылды ойын

«Қасқыр мен лақтар»

  Белгі бойынша ұзындыққа секіруді жалғастыру(лақтар алаңда жүгіреді);жүргізуші қасқырдың көзіне түспей, алаңда жүреді.Ойын шартын бұзбау,ұсталғандары шетке шығады. Шапшаңдық пен бейімділікті дамыту.

Еңбек іс-әрекеті

Топырақты тұқым салуға дайындау.

Еңбектенуге деген қабілетін дамыту,бастаған ісін аяқтау,үлкендерге көмектесу.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибе мен сараптама

«Ауа райын сипатта!»

Балалардың ауа райына байланысты сөзді таңдап алуды үйрету.  (жылы,ашық,суық,құрғақ,желді,жаңбырлы,тұманды)

Өзіндік іс-әрекет

Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау, олардың іс-әрекеті мен қылықтарын білдіру,өз ойын іске асыру.

 

2. Күнге бақылау жасау

Бақылау

Күннің аңыздылығы адам өмірінде өсімдік пен жануарлар әлеміндегі алатын орны жайында түсінік қалыптастыру. Күн көзінің көктем кезіндегі белсенді өзгерісін көруге үйрету(жоғары көтеріледі, шуақтары жылу шашқанда, қарай алмайсын). Тақырып бойынша белсенді сөздікті дамыту.

Қимылды ойын

«Күн мен бұлт»

    Шеңбер бойында жұппен тұруды жалғастыру, ойын ережесін сақтау. «Күн»  деген сөзді естігенде қыдырып жүреді, ойнайды, «түн» сөзінде тығылады.

Еңбек әрекеті

Гүл тұқымын топыраққа егу.

 Балаларға    жұмыстың қарапайым,оңай түрін үйрету. Құрал-саймандарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама

Тапсырма 1. Ауладан күнге қызған затты табу. Оның неден жасалғанын айту.

Қорытынды. Алдымен темір заттар қызады.

Тапсырма 2. Қай зат тез ысиды?

Қорытынды. Ақшылға қарағанда қара заттар тез ысиды.

Тапсырма 3. Ағаштың көлеңке жағымен  күн түсетін тұсын ұстап көру.

Қорытынды. Күн түскен жақ жылы, ал көлеңке жағы суық.

Өзіндік іс-әрекет

Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға жағдай туғызу.

 

3. Желге бақылау жасау.

Бақылау

     Көктемгі жел құбылмалы. Егер солтүстіктен соқса өткір және суық болады. Мұндай желді көктемгі дауыл әкеледі, ағаштарды сықырлатып шайқалтады, терезеге қар соқтырады. Оңтүстік жел жылы леппен және ауа райын өзгертіп, жаңбыр жаудырады. Балалардың көктем мезгіліндегі құбылыстар жайында білімдерін кеңейту,желдің аспандағы бұлттарға олардың қозғалысына әсерін тигізетінін айту.

Қимылды ойын

«Қақпақ пен таяқ».

Еңбек іс-әрекеті

Қажеттілік бойынша жұмыс

  Балаларға топыраққа су құю барысында мұқият болуды,өз еңбегінің қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Өсімдікті күту барысында тыңғылықты жұмыс атқара білуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама

«Жақсы,жаман»

 Табиғатта болып жатқан құбылыстардың жақсы және қарама-қайшы тұстарын көре білуге үйрету.

Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бір-бірімен байланысын;ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.(Балаларға желдің әсерінен болған жағымды-жағымсыз жағдайды айта білуді ұсыну).

Тапсырма.  «Бұлттардың қозғалысына байланысты жел күшін анықтау».

Өзіндік іс-әрекет

 Көңілді тыныш сәтті қолдауды  қарастырып, өзіндік жұмысты мадақтау

                                    

 4. Аспанға бақылау жасау.

 

     Балалардың көктемгі аспанға назар аударуларын талап ету. Аспанның қыста қандай болатынын, қазіргі кезі қандай екенін нақтылау. (Қыста аспан- сұр,ал қазір -көкшіл) Бақылау барысында көркем сөзді қолдануды үйрету.

Қимылды ойын    «Қазым,қазым қаңқылда!»

  Ойын шартына сай түрлі қимылдар жасауға үйрету. Балалардың ойында қырағылық, шапшаңдық таныта білдіруіне назар аудару.

Еңбек іс-әрекеті  Тұқымды қарашірікке отырғызу.

Топырақты жәшіктерге өз беттерімен салуды үйрету, оған тұқым себу. Құралдарға деген ұқыптылықты тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама

«Көктемге арнап бояу табайық»

      Балалардың жыл мезгілі туралы білімін тиянақтау-көктем табиғаттағы өзгеріс. Өсімдіктер мен жануарлардың көктемде бояуы қанық болатынын түсіндіру. Байланыстыра сөйлеуді дамыту.

Өзіндік іс-әрекет Дәлізде ойынға,оқу іс-әрекетіне қолайлы жағдай туғызу. Ауа райының жағымды тәртіп дағдыларын қалыптастыру.

 

 

5. Шоғырланған бұлтқа бақылау жасау.

Бақылау

       Наурыз айының екінші жартысында алғашқы шоғырланған бұлттар пайда бола бастайды. Ауа райының жылуына байланысты олардың пайда болатынын түсіндіру. Қардың еруі қалай тез болса,бұлттар да сонша көбейе түседі. Олар қысты күндегідей аспанды толық баспайды. Тек шоғырланып жүреді. Осы бұлттар ұлпа мақтадай түрлі пішінде тегіс негізде болады.  Шоғырланған бұлтты аспаннан көріп, қайталанбас сұлулығын байқай білуге үйрету. Шығармашылық қабылдауын дамыту.

Қимылды ойын

«Кілттер»

     Кеңістікті бағдарлап жылдам әрекет жасауға үйрету. Бастаушы шеңбер бойымен жүріп, кілт кімде деп сұрайды. Балалар жауап беріп орындарын ауыстырады. Бастаушы бос шеңберді жылдам алып қою керек. Шеңберсіз бос қалған бала бастаушы орнына болады. Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Еңбек іс-әрекеті

Ауладағы қарды тазалау.

Күрекпен жұмыс істей білу, қарды үю. Оны анықталған орынға апару. Еңбекті ынтамен жасауларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама

«Бұлт неге ұқсайды?»

  Түрлі заттар мен жануарлардың келбетін таба білуге үйрету. Қиялын, шығармашылық қабылдауын дамыту.

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың бірлескен мықты нәтижелі еңбегіне баға беріп,құптау.

 

 6. Қардың  алғашқы еруін бақылау

Бақылау

Балалардың назарын қардың алғашқы еріген тұстарына аудару, неліктен барлық жерде бірдей қар кетпейді.(ең алдымен  жазық жерлер мен төбелердің қары ериді, себебі ол жерге күн көзі мол түседі.) Күн сәулесі мен жарық жердің тұстары тез еритіндігі туралы балалардың түйсігіне түю. Байқампаздықты дамыту.

Қимылды ойын

«Жүгір-отыр-жүгір!»

Белгі бойынша әрекет жасауды дамытуды жалғастыру.(«Жүгір!»-балалар алаңда жүгіреді, «Отыр!»-отырады);жылдамдықты(бұйрықты тез орындау). Күнделікті белсенді қимыл әрекетті қалыптастыру.

Еңбек іс-әрекеті

Терезе алдындағы бақша (суару)

Өз бетімен суару ережесін орындауды үйрету, топырақты қопсыту,су бүрку.Ұқыптылық пен еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама.

«Көктем ерекшеліктерін кім көп атайды?»

Ерте түскен көктемнің ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Сөздік қорын молайту.

Тәжірибе. «Қай жердің қары тез ериді?»

Табиғат құбылысының себеп-салдарын түсіндіру.

Өзіндік іс-әрекет

Ойын барысында бірігіп 2-3 рөлден тұратын ойындарды

құрдастарымен бірігіп ойнау.

Ойын әрекетін орындау.

 

7. Жылғалар мен шалшықтарды  бақылау

Бақылау

Балаларда  қардың еруінен пайда болатын жылға мен шалшықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Жылғаның басталатын тұсы мен ағар жолын тауып алу. Жылғаның сыңғырлап ағуын тыңдау.

Қимылды ойын

«Батылдар»

Жылғалар мен шалшықтардан секіріп өту, ұзындыққа секіруді үйретуді жалғастыру, дұрыс қона білу.Секіру барысында тепе-теңдікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Еңбек іс-әрекеті

Аула маңын қоқыстан тазарту

  Ұжымда еңбектене білуді қалыптастыру,жұмысты жоспарлау,бақылауды іске асыру.Ұқыптылық пен белсенділікті тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама

Тапсырма 1. « Қайық қайда жүзіп барады?»

Жылғаға  қағаздан  жасалған  қайықты  жіберіп,оның қайда жүзетінін бақылау.

Қорытынды. Су қайықты жүргізеді,жылғаның ағысына байланысты ағады.

Тәжірибе. «Батады, батпайды»

Түрлі материалдан жасалған заттардың қасиетін анықтау суда бататын, батпайтын;Сараптама арқылы балалардың бір қорытындыға келе білуін үйрету.Сөздік қорын молайту.

Тапсырма 2. Шалшықтың суын қолымен ұстап көру.

Қорытынды. Су өте салқын, себебі ауа да суық .Сондықтан өсімдік қыстан

кейін жаңа оянады,бірақ өспейді.

Өзіндік іс-әрекет

Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас

жасауын қадағалау.

Өзге балалардың жасаған қылықтарына баға бере білу.

 

8.Сүңгілерді бақылау.

Бақылау

Балалармен бірге сүңгілерді қарау.Сүңгілердің пішіні, көлемі әр түрлі болатынын атап өту. Олардың пайда болуын түсіндіру (қар ериді,су тамшылайды,бірақ үнемі бірдей,жылы емес;күн суық болғанда су тамшылары қатады,мұздақ төмен қарай өседі ). Балалардың көктемгі табиғаттың құбылысы жайында түсінігін кеңейту.

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.

Тапсырма 1. «Шелекке қанша су жиналады?»

Шелекті далаға бірнеше күнге қойып, төбеден  аққан судың мөлшерін анықтау.

Қорытынды. Су біртіндеп көбейеді,яғни,қар күннен-күнге тез ериді.

Тәжірибе. Мұздақтардың астына шелек қойып, күн мол түсетін және күн түспейтін тұстарын  бақылап, қай тұста шелек тез толды?

Қорытынды. Жарық жақтарымен таныстыру. Мұздақтардың ұзару себебін түсіндіру.

Тапсырма 2. Әртүрлі ауа райындағы тамшыны тыңдау.

Қорытынды. Аязды және бұлтты күндері тамшылар жоқ.

Өзіндік іс-әрекет. 

Балалардың ойын мазмұны мен тақырыбын жетілдіруді дамыту.

Өз ойларын жүзеге асыру,яғни ойында рөлдерге бөлуде ойыншық пен

міндеттерді бөлісуде құрдастарының ойына келіспеушілік білдіру.

 

 

9. Өзендегі мұздың еруін бақылау.

Бақылау

Көктемде күн қызуын мол шашып, күн жылына бастайтынын түсіндіру. Өзен мен көлдерде сең жүре бастайды.

   Балаларменмұздағы жарықтардың пайда болуын қарау.Мұз ластанады,өйткені жағадағы сулар жылғалар арқылы құйыла бастайды.Мұз үстімен адамдар жүрмейді.

  Табиғат құбылыстарына деген байқампаздық пен қызығушылықты дамыту.Өз беттерінше қорытынды жасап,сөздік қорды байыту.

 Қимылды ойын

«Өзенге, жағаға» (Эстон халық ойыны)

 

 

10. Қар бетінің төмен түсуін бақылау

Қардың төмен түсуі күн сайын арта түседі, түсі сұрғұлт тартып, қар беті күртіктеніп,асты борпылдақ қар болатынын түсіндіру.Көктемгі қардың жағдайы туралы балалардың білімін бекіту.Табиғатта болып жатқан өзгерістердің себебі туралы айтып өту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Қимылды ойын

«Жолды тап»

Бағыт бойынша аулада кеңістікті бағдарлай алуды бекіту. Аулада ойын мәресінен финишқа дейін жүгіру.Кеңістікті бағдарлауды дамыту.

Еңбек іс-әрекеті

Өз қалауымен бірлескен еңбек әрекетіне қатыса білуге тәрбиелеу.Еңбек әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама

«Қар қандай,сипатта?»

Көктемдегі қардың өзгерісін бекіту:борпылдақ,сұр,лас.

Тәжірибе.Қарды күреу   Өзіндік іс-әрекет

Әр бала өз қалауы бойынша еріген қар бетіндегі қоқысты тазартады.

 

Белгі бойынша қателеспей әрекет жасауды үйретуді жалғастыру (бастаушы бұйрық береді,бірақ өзі бөтен қимылдар жасайды). Өзенге секіру,жағаға секіру(жерде бір-біріне қарама-қарсы сызықтар). Ойын кезінде жаттығу жасауда күш пен жігерлікті дамыту.

Еңбек әрекеті

Балықтарға күтім жасау.(Қажеттілікпен жұмыс)

Аквариумдағы судың тазалығын қадағалау.Ондағы шөптер мен судың

жағдайын қарап,күтім жасау.Балықтарды күтуге деген ықыласты дамыту.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама

«Алдымен не содан соң ше?»

 Көктемде болатын құбылыстардың логикалық тізбегін бекітуді үйрету.(күн қызуын мол шашады,қар мен мұз ери бастайды т.с.с) Есте сақтау қабілетін дамыту,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Ерікті іс-әрекет

Баланың даму негізінің жағымды сапасын жеке ұжымда қолданып іске асыру. Белсенді балалар өз құрдастарына,яғни ойын кезінде сылбыр балаларға қысым көрсетпей,ойынға араласып кетуіне қол ұшын бере білу.

 

11.Ағаштарға бақылау жасау

 

Бақылау

Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Ағаштарды бүрлері мен бұтақтарына қарап айыра білуге үйрету. Терек пен аққайыңның бұтағын салыстыру(аққайыңның бұтағы жіңішке,иілгіш,қабығы қоңыр-қызыл,бүрі ұсақ, бұтақта бір-бірлеп орналасқан;терек бұтағы аққайыңға қарағанда жуан,қабығы сұрғылт-жасыл,бүрі ірі,ұзын, жабысқақ және хош иісті, бір-бірлеп өседі)Салыстыра білу қабілеті мен нақты белгілерін атай білуге үйрету.Табиғаттан алған әсерлерін қуанышты көңіл-күйлерін білдіре білу.

Қимылды ойын

«Ағаштан ағашқа»

Алға жылжу арқылы қос аяқтап секіре білуді бекіту.(кімде-кім аз секірсе сол,жеңімпаз)ойын барысында ойынды әділ бағалауға үйрету. Ойын барысында жолдастарымен ақылдаса білуді дамыуЕңбек іс-әрекеті

Бұтақты кесуден кейінгі қалдықты жинау.

Еңбек нәтижесін көру,топқа бірнеше бұтақты жинап әкеп,келесі бақылауды ұйымдастыру.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама

«Біздің үй қайсы,тап?»

Сипаттау бойынша ағашты таба білуге үйрету.

Өзіндік іс-әрекет

Ойын барысында жұбымен бірге бірлесіп,ойын

 нәтижесін бөлісе білуге үйрету.

 

12.Аққайыңның шырын бөлген уақытын бақылау.

 

Балалардың назарын аққайыңға аудару. Көктем келісімен ағаштардың шырындық қозғалысы болатынын атап өту. Бұл процесс көкетмде еріген қардың суын тамыры арқылы жұтып, шырын бөліндісі содан пайда болатынын түсіндіру. Ол қыс бойғы өсімдіктердің тағамдық қорының еруінен пайда болатын ерітінді. Балалардың қызуғышылығы мен қабілетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Қимылды ойын  «Орман дақтары»

Балалардың өз бетінше ойынды ұйымдастыра білуін дамыту.Ағашқа арқасын беріп тұрған, қос қолымен қымтап ұстаған баланы қозғауға болмайтынын,. ойынға деген қызығушылықты арттыру.  Еңбек іс-әрекеті

Ағаштың жан-жағын дөңгелетіп қопсыту. Еңбек барысында еңбекке тәрбиелеу. Жалпы пайда үшін еңбектенуге үйрету.  Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптамалар

Тапсырма. Шырын бөліп тұрған ағашты тауып, бақылау.

Қорытынды

Ағаш қабығының астынан мөлдір сұйық бөлінеді,дәмі тәтті,

ауада тотығады,қызғылт түске енеді.

Өзіндік іс-әрекет

Бірлескен іс-әрекет барысында ереже мен тәртіп

нормаларын белсенді қолдана білуге  ынталандыру.

                

13.Бақта өсетін ағаштардың гүлденуін бақылау.

 

Бақылау

Ағаштарды түсіне қарай қарау, жәндіктердің үймелеуін белгілеу, гүлдеген ағаштардың сұлулығын айыра білу,ағаштардың пайдасы жөнінде балалардың түсінігінде қалыптастыру. Эстетикалық талғам мен сезімді тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Секіргіш бақалар»

Керілген сымнан секіре білуді жалғастыру.(Тәрбиеші жіптің бір ұшын ұстап,жерге айналдыра дөңгелетеді,ал шеңберде тұрған балалар секіру керек).Балалардың физиологиялық ұйымшылдық,төзімділік қасиеттерін дамыту.

Еңбек іс-әрекеті

Ағаш түбін әктеу.

Ағаштың түптерін әктеу. Щетканы оң қолмен ұстап,жоғарыдан төменге қимылдар жасау.Берілген тапсырманы мұқият тыңдап,істі аяғына дейін жеткізу.Қиындық туа қалған жағдайда көмекке келу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе  мен сараптама

«Орманшы»

Бірнеше ағаштың түр-тұлғасын, бөліктерін:діңі,жапырағы,

жемісі мен дәні болатынын еске сақтау.Өз білгендерін сөзбен жеткізе білу.

Өзіндік іс-әрекет

   Ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасап,

өз ойларын ортаға салып,құрдастарының шешіміне

келіспеушілік білдіре білу,рөлдерге бөлу,ойыншықты

бөлісе білуге дағдыландыру.

 

14.Жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті бақылау.

 

Бақылау

    Балалармен жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті қарау.Күн көп түсетін жерде алғашқы шөптер қылтиып шыға бастайтынын бекіту.Күн қыза бастады,қар еріді,топырақ жылынды,көк шөп өсті, яғни балаларды осылай  қорытынды жасай білуге үйрету.Табиғаттың оянуына байланысты балаларда көтеріңкі көңіл күйді ояту.Өсімдікті аялап,күте білуге үйрету

Қимылды ойын

«Көк шөптегі хоккей»

  Хоккей таяғымен допты домалата білуді бекіту,қақпаға соғу,бір орында тұрып кіргізу.Ойында достық көмекке келуді үйрету.

Еңбек іс-әрекеті

Ауладағы қураған шөпті жинау

  Тырнауышпен жұмыс істеуді жалғастыру (шөпті белгілі бір орынға жинау, зембілмен оны апару). Жолдастарымен бірлесіп жұмыс атқарып,ұжымдық еңбекке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптамалар

 Тапсырма. Аулада қыстан кейінгі шыққан шөп орнын тауып алу.

  Балаларды табиғатта болып жатқан өзгерістерді көре білуге үйрету.

Сөздік-логикалық ойын дамыту,қойылған сұраққа жауап таба білуге

дағдыландыру.

Өзіндік іс-әрекет

Балаларға өз беттерімен ойын тақырыбын таңдауды үйрету.Өз тәжірибесі негізінде бақылау барысынан алған жағымды тұстарды дамыту. Әр саладан алған білім көзін ойын кезінде көрсете білу.

 

15.Бақбақтың өсуін бақылау

Бақылау

Бақбақтың құрылымы жайлы балалардың білімдерін бекіту. Өсімдіктің өсуі және өсу реті туралы түсініктерін нығайту. Бақбаққа және басқа өсімдіктерге ықыласпен қарауды тәрбиелеу. Байқампаздықты дамыту.

Қимылды ойын

«Гүлдер»

Гүлдердін атауын пысықтау(ойыншылар өздеріне гүл атауын таңдап алады). Алаңда қозғалу біліктіліктері, белгіні сезіне білу(бастаушы басқа ойыншылармен алаң ішінде қозғалып жүреді, бастаушы гүлді атайды, аты аталған гүл-ойыншы қолын көтеріп қашады);ойын тәртібін сақтау(жаңа гүлді атай алмаған ойыншы бастаушыны ауыстырады).

Еңбек іс-әрекеті

Гүлзарлардағы гүлдері бағып,күту. Гүлдерді дұрыс суару дағдыларын бекіту.(таңертең не кешке суару, күн қызбай тұрғанда асықпай біркелкі суару). Гүлдерге ықыласпен қарауды тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибе және сараптама,

«Тұқымның саяхаты»

Өсімдіктің өсуіне қажетті шарттарды бекіту. (тұқым-су,топырақ,жылы,сабақ,жапырақтар,гүл,гүлдің тұқымы пісіп жетілуде тұқымды жел ұшырады.)

Тәжірибе. Бақ-баққа «парашют» не үшін керек? Гүлдің құрылымы мен таралуы арасындағы байланыс.

Қорытынды. Тұқымдар өте кішкентай,жел «парашюттерге» алысқа ұшуға көмектеседі.

Өз бетімен іс-әрекет

Ойыншының тақырыбын балалар алдын ала талқылап, рөлдерді бөліп,

3-4 адамнан тұратын бастапқы заттық кеңістіктегі қозғалысты ұйымдастыру.

 

16. Бұталарды бақылау. (итмұрын,көгіс, қаражеміс, шетен, қызыл  мойыл

Бақылау

Бұталарды бұтақтарына және бүршіктеріне қарай айыра білу біліктілігін бекіту(көгістің бұтағы осал, сұр, бүршігі домалақ, тегіс,екеуі бірге өседі.)қолайлы шарттармен байланысын көрсету(көп жарық,жылу,ылғал). Табиғатты эстетикалық  тұрғыдан қабылдауын дамыту,қорғауға ұмтылдыру.

 

Қимылды ойын

«Шегіртке»

Алға қарай екі аяқтап секіруді бекіту. Шапшаңдықты дамыту, тепе-теңдікті сақтауды үйрету.

Еңбек іс-әрекеті

Қураған бұтақтарды кесу,бұталардың түбін қопсыту. Қураған бұтақтарды кесу үшін балаларды қатыстыру(қураған бұтақтарды белгісі бойынша анықтау),өз еңбегінің мәнін түсіну. Үлкендерге көмектесу ықыластарын тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама.

«Ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін не керек?»

Ағаштарды отырғызу үшін керек заттар мен құралдар туралы білімдерін бекіту.(ойын үшін әр түрлі ойыншықтар шығару;қасық,кубик,қуыршақ және т.б еңбек құралдары: тырнауыш,күрек.)

«Қалай аталады?»

Берілген суреттердің арасынан ағаштарды, бұталарды және гүлдерді топтау дағдыларын арттыру.

Өз бетімен іс-әрекет

Балаларға өз рөлін және басқа ойыншылардың рөлдерінің мазмұнын

 есте сақтауға үйрету. Ойын барысында балалар ауысып 2-3 рөлді ойнау

алуы, ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынас ережелерін білу,

бой ұсындыру,теңдік басқару.

                

 

17.Шырша және қарағайды салыстыра бақылау.

 

Бақылау

Балалармен қарағайды қарау. Ағашты тауып атай білу. Қарағай мен шыршаны салыстыру;Ұқсастығы мен айырмашылығы. Ағаш биік, діңгегі тік, тегіс, қабығы сұр,қатпарлы. Ол ағаштың ішкі бөлігінің кеуіп кетуінен, зиянкестерден, әр түрлі зақымданудан сақтайды. Қабығы өсу барысында пайда болады. Ерте көктемде 2-3 күнде қарағайдың жіңішке бұтақтарында көк-жасыл түсті қылқан шоқтары пайда болады. Олардың арасында қызғылт немесе жасыл бүршіктер және сары масақтар көрінеді.  Көктемгі табиғаттың сұлулығын ұғына білу біліктілігін арттыру.

«Бүршіктен атта»

Бұйрықты орындау біліктіліктерін пысықтау-бүршіктен аттау,жүгіру(оң және сол жақпен),жүру-тоқтамау,кідіріссіз.Шыдамдылықтарын дамыту.

Еңбек іс-әрекеті

Қылқан жапырақты ағаштарды күту(қажетті жағдайда) балаларды діңгектің айналасын қопсытуға, қылқандарын жинауға қатыстыру.Еңбек құралдарына ұқыпты қарауды,іскерлік мәдениетті тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибе мен сараптама.

«Бұтағына қарай ағашты табу»

Бөліктерден бүтін құрау. Бұтақтарға қарап ағашты атауды үйрету.

Өз бетімен іс-әрекет

Ойынды ұйымдастыру барысында (қажетті жағдайда және оның

барысында )балалардың қарым-қатынастарының өнегелі болуын,

өз рөлдерінің орнын білуін,бір-біріне достық сезіммен қарауын, қиын

 жағдайда бір-біріне көмектесе алуын, қайырымдылық қасиеттерін

көрсете білуіне көмектесу.

 

18.Құстардың ұшып келуін бақылау

 

Бақылау

Балалардың назарын ең бірінші өз атамекеніне ұшып келетін құстың- ұзақ екеніне көңіл аударту. Олар суықтан қорықпайды, тамағын тауып алады. Жыл құстары туралы түсініктерін кеңейту. Жиі кездесетін жыл құстарының атауын, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айыра білу. Құстардың пайдасы туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарының арасындағы заңды байланысты көре білуге үйрету.

Қимылды ойын

«Лашын мен ұябасар»

Балалардың бірінің артынан бірі сап түзей қозғалу біліктіліктерін бекіту.Келесі шарттарды орындату: бір-бірінен ажырап қалмау, лашын соңғы ойыншыны ұстайды, ұябасар лашынды қолымен ұстамайды. Ойынды өз бетімен ұйымдастыру қажеттілігін дамыту.

Еңбек іс-әрекеті

Алаңдағы құстарды тамақтандыру

Балаларды топ алаңына ұшып келген құстарды тамақтандыруға қатыстыру. Құстарға деген адамгершілік –әрекеттілікті тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама.

«Сауысқан да ,қарға да емес»

Сурет бойынша әр түрлі құстарды балалардың тани білуі. Қыстайтын және жыл құстарын айыра білу біліктіліктерін бекіту. Балалардың назары мен тапқырлығының дамуына ықпал ету. Ойынмен балалардың көңілін көтеру.

Өз бетімен іс-әрекет

Ортақ ойында өз тәртібі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу,

ойынның түпкі ниетін іске асыруға құлшыну.

 

 

20.Ұяларды бақылау.

 

 

Бақылау

Балаларға көктемде көптеген құстар ұя  салатынын айту,бірақ ұя құсқа үй болмайтынын естеріне салу. Ұя жұмыртқа салу,оны басу және балапандарын өсіру үшін қажет. Құстарға биік шөптер, ағаштың басы пана бола алады. Ұя жасау үшін құстардың қандай материал қолданатынын бақылау. (қауырсындар, жүн шүйкесі,бұтақшалар және т.б)Ағаш басындағы қарғаның ұясы мен шатырдың астындағы торғайдың ұясын салыстыру. Балалардың бақағыштығын және білуге құмарлықтарын дамыту.

Қимылды ойын

«Ұшу»

Сапқа тұру біліктіліктерін бекіту; ойынның шартын орындап бір аяқтан екінші аяққа секіру. Ойынға барлық балалардың қатысуын қамтамасыз ету.

Еңбек іс-әрекеті

Құстарға ұя жасауға көмектесу. Балаларға құстарға көмектесуді ұсыну, жемсалғышқа тамақ қана емес, әр түрлі жүн-жұрқаларды салғызу. Құстар оған қуанады, жұмысқа деген жауапкершілік пен ұйымшылдықты тәрбиелеу. Балалардың құстарға деген қызығуышылықтары мен сүйіспеншілігін дамыту.

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.

Өз бетімен іс-әрекет

Балаларға ойынға керек құрылыстарды салуға үйрету.

(үй,кеме және т.б) Ойын барысында табиғи заттарды

қолдану(құм,су және т.б) Балалар ойынының мазмұны мен

тақырыбын толықтыру және дамыту.

 

 

21.Суда жүзетін құстарды бақылау.

 

Бақылау

Балалардың назарын өзендегі мұз кетпесе де шағалалардың ұшып келгеніне назарын аудару. Одан кейін жабайы үйректер де ұшып келеді.

Болжам

Егер жабайы үйректер күндіз қопа жағалауына кетсе-жаңбырға не желге.

Қимылды ойын

«Үйрек»

Алаң бойында қозғалыста жүріп белгі бойынша «ұяға кіру» алаңқайдағы бар балалар үйрек болып жеңіл ұшып жүреді.

Еңбек іс-әрекеті

Суда жүзуші құстарды көпірде тұрып тамақтандыру. Жем мен өсімдік тұқымдарын жемдеу үшін алдын ала дайындау.Суда жүзуші құстарға өз бетімен жем беру әдеттерін тәрбиелеу,

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.

«Кімге не дәмді?»

Суретке қарап әр құстың тамағын тауып,көрсету. Шағала-балық,үйрек-балдыр,көкқұтан-бақа,торғай-жем,жапалақ-тышқан және т.б

Тәжірибе. «Суда жүзетін құстардың тұмсығы неге осындай?» Құстардың тіршілігі мен құрылысы арасындағы байланысты анықтау.

Қорытынды. Үйректердің, қаздардың және аққулардың тұмсығы жалпақ,

ұзынша болады:ол жемін ұстап алуға, сүзгіден өткізуге, суда өзжемін

табуға көмектеседі.

Өз бетімен іс-әрекет

Ойын таңдау барысында  балалардың дербестігін дамыту. Ойынның

мазмұнын құруда және барысында белсенділікті тәрбиелеу.

 

22. Жәндіктерді бақылау(қызылқоңыз, жазғытұрғы қоңыз,солдатиктер,маса)

 

Бақылау

Балалардың жәндіктердің тіршілік орны,қозғалу тәсілдері және сыртқы түрлерінің ерекшелігі туралы білімдерін пысықтау; Сараптама жасауға үйрету.Себеп-салдарлы байланыстарын анықтау,қорытынды жасау,байқампаздықтарын, қызығушылықтарын дамыту. Тақырып бойынша сөздік қорларын жинақтау.

Қимылды ойын

«Көбелектер, бақалар,көкқұтан»

Алаңқайда қолдарын жоғары-төмен қозғалыста көбелек болып айналу дағдыларын пысықтау; төрт тағандап секіру-бақа,бір аяқпен тепе-теңдіті сақтап тұру-көкқұтан. Тепе-теңдікті сақтап кеңістікте қозғалыс үйлестігін жетілдіру.

Еңбек іс-әрекеті

Гүлдің өсіндісін құмыраға отырғызу.

Тәрбиешінің тапсырмасын орындау дағдыларын пысықтау. Бастаған істерін аяқтау, жұмыс істеу ниеттерін тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.

«Төртінші артық»

Балалардың топтау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын дамыту; жәндіктер туралы білімін пысықтау.

Өз бетімен іс-әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынасын,өз іс-

әрекеттерін және қылықтарын көрсете білу, өз ойын,көзқарасын,

мүддесін қорғай алу;құрдастарының ұсыныстары мен

келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.

 

24.Шоқыларды бақылау.

Бақылау

Балалармен алыстан көрінген шоқыларды қарау. Шоқы –бұл дөңгеленген тау биіктігі екені туралы түсінік беру. Бұрынғы кезде шоқылардың орнында қатты шыңдар болған,бірақ уақыт өткен сайын табиғатта тастар бұзылады. Ол ауа райының өзгеруі,су мен өсімдіктердің өзгеруіне байланысты.Табиғат тудырған әр түрлі заттарды айыра білуді үйрету. Балалардың эстетикалық сезімдерін,отанға деген махаббаттарын дамыту.

Көркем сөз

Жұмбақ

Жерде тұрып бөркіммен,

Аспанға кебемін.    (шоқы)

Мақал-мәтел

Шыңды жүрген жеңеді.

Қимылды ойын

«Омпы»

Асық соғуда балалардың көз мөлшерін дамыту,ұйымшылдық және дербестігін тәрбиелеу.

Еңбек іс-әрекеті

Қажеттілігі бойынша

Балаларға тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйрету. Біріккен еңбек іс-әрекетінде ат салысу тілектерін тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама

Тәжірибе. «Су тасты қозғайды»

Қатқан су тасты қалай қозғайтынын білу. Балалар аузымен суды толтырып сабан талына құйып түбін ермексазбен жауып тоңазытқышқа қояды.

Қорытынды:тығын ермексазды су орнынан қозғалтып(сабан талындағы судың көлемі үлкейген тығынды орнынан жылжытқан)

Өз бетімен іс-әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынасын,өз ойын,көзқарасын,мүддесін қорғай алу;құрдастарының ұсыныстарымен келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.

 

25. Наурыз шешектерін бақылау( өгейшөп, інжугүл)

 

Бақылау

Балалардың көктемнің  алғаш гүлдері туралы түсініктерін бекіту. Бұл  көпжылдық өсімдіктер, яғни олар көп жыл бойы өседі және гүлдейді. Олар қыстың күні қардың астында сақталады,күн жылына олар оянады да олардың тамырынан сабағы және жапырақтары өседі. Ерте гүлдеуші өсімдіктерді ерекшеліктеріне сай анықтауды және атауды үйрету; өсімдіктердің ұқсастығын және ерекшелігін салыстыра білуді үйрету. Ерте гүлдеуші гүлдер өсуге қажетті жағдайлар болса тез өсетіні туралы түсініктерін бекіту. Алаңқайды күн әдемі қыздырса-жер еріп жылынады.

Болжам

Егер өгейшөп гүлі түнге қарай жапырақтарын тығыз жапса-ауа райы бұзылады.

Қимылды ойын

«Көктемгі гүлдер»

Екі топқа бөліне білу;гүлдердің атауын бекіту.(ойыншылар өздеріне ат таңдайды-гүл атауын);ауызша белгіні сезіне білу(бірінші топтың балалары гүлдердің атауын атайды;аталған «гүлдер» жан-жаққа қашады);ойын шартын сақтау. (барлық гүл атаулары аталғаннан кейін топтар орындарымен ауысады)

Еңбек іс-әрекеті

Гүлзарда,бақшада атыз қазу

Балаларды атыз қазуға қатыстыру,бұл жұмыстың маңыздылығын түсіндіру,әр баланың жұмысқа қатысуы жүйелі болуын қадағалау.

Дидактикалық ойын.Тәжірибе және сараптама

Тәжірибе. «Өсімдік өсу  үшін не қажет?»

Өсімдікке қажет сыртқы ортаның негізін көрсету.(су,күн,жылу)

Қорытынды:Күн қыздырады,қар еріді,жер жылынды,бірінші гүлдер пайда болды.

Өз бетімен іс-әрекет

Балалардың топқа бөлініп ойнауы,бір-бірімен дұрыс тату-тәтті қарым-қатынаста

болып балалар ұжымының бірлестігінің дамуына негіз болады.

 

26. Топырақты бақылау.

 

Бақылау

Алаңқайдың қай жерлері тез кебетіні жөнінде балаларға түсінік беру:құмды жер ме,әлде сазды жер ме. Сазды жерлерге су көп сіңеді,сондықтан көпке дейін кеппейді,ал құмды жер суды өткізеді,сондықтан тез кебеді.Қай жерде өскін тез өседі соны бақылату,соны көре білу.

Болжам

Сәуірдің суы болса, көк көп болар,

Жайылымда сәуірде су болса-мая-мая шөп болар.

Мақал-мәтел

Мал баққандыкі,жер баптағандыкі

Қимылды ойын

Балалар таңдауымен.

Қимыл әрекетін дамыту;бірлескен ойыннан қанағат алу.

Еңбек іс-әрекеті

Топырақты құнарландыру

Балаларды өсімдіктерді дұрыс және ұқыпты құнарландыруға үйрету;белгілі мөлшерде нәрлі ерітінділерді құю. Еңбек ету біліктіліктерін тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және сараптама

Тәжірибе «Топырақтағы ауаны анықтау»

Бақшадағы саз бен топырақтың қасиетін анықтау. (саз бен топырақтың бір-бір кесегін суға салу;топырақта көпіршіктер пайда болады, ал сазда ештеңе болмайды)

Қорытынды. Саз қатты тас сияқты онда ауа аз, ал топырақ тығыз емес, сондықтан өсімдік өсу үшін онда ауа бар.

Өз бетімен іс-әрекет

3-4 топтан тұратын ойыншылардың бастапқы затты кеңістіктегі ойындарының атауын алдын-ала келісіп ұйымдастыру,рөлін бөлісу іс-әрекетін балалардың өздері басқаруын қадағалау.

 

27.Балықтарға бақылау жасау

 

Бақылау

Өзен жағасында отырған балықшыларға балалардың назарын аударту. Олар немен айналысып жатыр? (балық аулап жатыр) Балықшының құрал-сайманын қарап алу(қармақ,балыққа арналған шелек,құрттар салынған бәнкі). Балықшылардың өзенге қармақ лақтыруын және оны тағатсыздана күтіп, балықтың қармаққа қабуын  бақылау. Балаларды табиғат байлықтарына  ұқыпты қарауға үйрету. Өзенде балық көп болған жағдайда, өзен суы таза, мөлдір болатыны жайлы түсінік беру. Байқампаздық пен сезімталдықты дамыту.

Қимылды ойын

«Қармақ»

Шыр айналған жіптен секіре білуді бекіту,жіп ұшына құм салынған қап байланады. Зейінді дамыту.

Еңбек іс-әрекеті

Гүлзарға гүл тұқымын отырғызу

Тұқым туралы түсінігін бекіту, өздерінің тұқымды еге білуін  жетілдіру. (тұқымды бармақтай шұңқырға  арақашықтығын 3 см етіп қайта топырақпен  көму,су құю. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.

«Біз қайда болғанымызды айтпаймыз,не істегенімізді көрсетеміз»

Тапқырлық пен байқампаздықты дамыту.

Өзіндік іс-әрекет

Бірлескен ойын барысында өз  тәртібіне жауапкершілікпен

қарау.Ойын іске асыру.

 

28.Ересектердің бақшадағы еңбегін бақылау

 

Бақылау

Балаларда көктемде топырақты дайындап, көкөніс егу науқаны басталатыны жайында түсінігін қалыптастыру.Тынымсыз еңбек ету нәтижесінде адамдар көкөністі өсіріп күтуде мол өнім алу мүмкіндігіне ие болатынын, балаларға түсіндіру.

Қимылды ойын

«Арқан тартыс»

Күш-жігерді дамыту,қарсыласын өз жағына тартуда шыдамдылық таныту.

Еңбек іс-әрекеті

Гүлзарға гүл отырғызу

Гүл отырғызатын орынды таңдап алып оны суару. Еңбек мәдениетін қалыптастыруды үйрету.(еңбек құралдарын қолданужұмыс орнын таза,ұқыпты ұстау).

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама

«Бауда не өседі,бақшада не өседі?»

Өсімдікті өсу орнына байланысты топтастыру.

Балалардың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту.

Өзіндік іс-әрекет

Ойыншық пен рөлдерді бөлісуде мәдениетті түрде

келіспеушілік тұстарын білдіріп, өз ойын іске асыра білу.

 

 

29. Үй құрылысын бақылау

 

Бақылау

Балалардың назарын құрылыс алаңына аудару. Үй құрылысында түрлі құрылыс машиналары қолданылады; Экскаваторлар,бульдозерлер,қада қағу жұмысында крандар, бетондық жұмыста бетон араластырғыш. Құрылыс алдында жерді қазып тұғыр орнатады. Құрылыс материалдары жоғарыға кран машиналары арқылы көтеріледі. Кран машинасының үлкен қолы бар,ол стрела деп аталады.Краншы кран машинасында отырып жұмыс басқарады. Ауыр жүкті қалың трос сымымен көтереді. Еңбекке деген құрметті тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Бояушы мен бояулар»

Тепе-теңдікті сақтау(ойын барысында гимнастикалық орындықта тұру); жүгіру, тез қимылдау, оқу іс-әрекетінен алған дағдыларын жүзеге асыру.

Күнделікті белсенді қимыл әрекетті қалыптастыру.

Еңбек іс-әрекеті

Алаңдағы құм мен қоқысты жинау

Қоршаған ортаны күнделікті мезгілмен жинап, жан-жағына

пайдасын тигізу.

Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама

«Ауылға үй құраймыз»

Балалардың құрастыру дағдыларын дамыту, кеңістікті

ағдарлай білуге үйрету,қиялын,жұмыс барысында құмды қолдана білу,құрылыс жиынын, безендіру элементтерін еңгізу.

Өзіндік іс-әрекет

Ойын барысында балалардың күнделікті алған білім дағдыларын іске асыра білу. Мәдени тәртіп пен ұжымдық байланысты жетілдіру.

 

 

жаз

 

1.Ауа - райын бақылау

 

Бақылау

Ауа -райына жүйелі түрде қадағалау жасау; маусымның сипатты белгісіне көңіл аударып және біріктіру; барлық жан жануарлардың белсенді өміріне, өсімдіктердің өсуіне және жарығына, жылудың төгілуіне байланысты орнату.

Маусым -жаз басы, алмалар гүлдеп болады, күннің төгілуі,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт- құмырсқалардың, құстардың келуімен байланысты; 22-маусым ең ұзақ күн, ең қысқа түн екенін атап өткен жөн.

Шілде - ең ыстық уақыт; күндізгі күннің ыстығы түн суығына ие болады да, жиі күн күркіреу, жаңбыр болады.

Тамыз - күні ыстық, түні суық, температура азаяды. Суыту алғашқы қатуға  әкеледі.

Балаларға жаз табиғатының өзгерісі жөніндегі білімін нығайту.

Қимылды  ойын

«Тату, барлығы бірге»

Алаңның қарама қарсы жағына тепе теңдікті сақтай отырып, бір жолға қозғалуға балаларды үйрету; бір жылдамдықпен бірін бірі қуып жетпей, жүгіруді үйретіп дамыту.

 

Еңбек іс-әрекеті

Құмның үстіне құм себу және суару

Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.

 

 

2.Күнді бақылау

 

 

Бақылау

Күннің көзі  жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру; күннің қозғалысымен шығуын қадағалауды жалғастыру, күннің ұзаруымен жылынуын  белгілеу күн ұзын, күннің көзі ұзақ тұрады, жоғары көтерілсе ыстық болып, онан сайын ысиды. Күнің төгілуі ,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт- құмырсқалардың, құстардың пайда болуымен

байланысты орната білу.

 Қимылды  ойын

«Ақ сүйек»

Өз бетінше ойынды ұйымдастыра білуге дамытуды жалғастыру, ереженің нормасын және тәртібін орындау.

 

Еңбек іс-әрекеті

Гүлді күту

Учаскеде өсетін өсімдіктерді өз бетінше қорғауға үйрету.

Гүлге ұқыпты қарауға және сүюге тәрбиелеу.

 

 

3. Желді бақылау

 

 Бақылау

Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.

 

 

Қимылды  ойын:

«Қол ұстасып жүру»

Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге  үйрету(орталар қарама қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына) . Ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

Еңбек «іс-әрекеті»

Үй өсімдігін отырғызу

Үй өсімдігін отырғызуға қатысу. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауға үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Ойлан, асықпа»

Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне- айқын, ыстық,жарық...;

«аспан» сөзіне- бұлт,көгілдір,жаңбыр сәйке келетін сөз табу.

Тапсырма. Су бойынша желдің күштілігін анықтау.

 

Өзіндік іс-әрекеті.

Ойында балалардың өз бетінше бір бірімен араласа білуін, өзінің іс әрекетімен қылығын білдіруге, өз пікірінде тұруға, құрдасының ұсынысымен келісе алмайтынын көрсетуге үйрету.

 

 

3. Желді бақылау

 

Бақылау

Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.

 

 

Қимылды  ойын:

«Қол ұстасып жүру»

Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге  үйрету(орталар қарама қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына) . Ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

Еңбек «іс-әрекеті»

Үй өсімдігін отырғызу

Үй өсімдігін отырғызуға қатысу. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауға үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Ойлан, асықпа»

Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне- айқын, ыстық,жарық...;

«аспан» сөзіне- бұлт,көгілдір,жаңбыр сәйке келетін сөз табу.

Тапсырма. Су бойынша желдің күштілігін анықтау.

 

Өзіндік іс-әрекеті.

Ойында балалардың өз бетінше бір бірімен араласа білуін, өзінің іс әрекетімен қылығын білдіруге, өз пікірінде тұруға, құрдасының ұсынысымен келісе алмайтынын көрсетуге үйрету.

 

 

 

4.Аспанды бақылау

 

 Бақылау

Балаларға аспанның әсемдігін көруге үйрету; қадағалау барысында бұлтты ажырата білу, аспан бұлтты, бұлтсыз екенін айту керек. Табиғатта судың ауыспалы айналымы жөнінде түсініктемені толықтыру және  бекіту; ең бастысы желдің  бұлтты қалай қалыптастыратыны жөнінде түсініктеме беру. Бұлттың қозғалысы   және өзгерісі жөнінде бақылағанда қадағалауды дамыту. Ашық аспанда бұлтты байқау жеңілірек, оның баяу қозғалатынын, бірте- бірте көбейіп, өзінің түрін өзгертетінін,мақтаға ұқсайтын массаға айналатынын, немесе, керісінше,азайып және еритінін атап өтуге болады.Табиғаттың әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу.

 Қимылды ойын

«Дөңгелек лапта»

Екі топқа бөліне білуге үйрету, ойыншыларға допты лақтыру, ойын тәртбін сақтай отырып(сызықты баспай).Қозғалыс координациясын дамыту.

 

Еңбек әс-әрекеті

Атыз арасындағы шөптерді отау және жинау

Атыз маңайындағы жолдарды өз бетінше тәртіпке келтіру, тазалықты сақтау.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Не жөнінде айтылады»

Сипатты белгісі бойынша табиғат құбылысын шеше білу(жарқырайды, аспан, бұлыңғыр найзағай ойнайды).

 

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды өз бетінше  ойын тақырыбын таңдауға, қоршаған ортаның жағымды жақтарын қадағалау кезінде алынған тәжірибе кезіндегі сюжетін дамытуға үйрету. Ойынның бірыңғай сюжетінде бейнеленген, әр түрлі қайнар көздерінен алынған білімдерін  ұштастыруға үйрету.

 

 

5.Жауын, бұршақты бақылау

 

 

Бақылау

Жауынның алғашқы белгілерін байқау: бұлттар бұл  қараңғы, қалың бұлттар. Жауынның қалай құрылатыны жөнінде түсініктемені бекіту(су тамшысынан құрылатын бұлт аспанда ұзақ тұрмайды, жерге жауын болып құлайды; егер тамшылар кішірек болса -жауын сіркірейді,ірі тамшылар - жауын жиі құяды; әр бағыта болса- тікелей, қисық).Жазда жауын әр түрлі болатынын түсіндіруді қалыптастыру. Жылдың жылы уақытында жауынның орнына бұршақ жаууы мүмкін –бұл мұз жауынның қатқан тамшылары. Егер бұршақ өте ауыр болса, олар жерге түседі. Қорытындылай келе, бұл ауа температурасына байланысты болатынын атаған жөн. Жерден жоғары ауа өте суық,   ол жер буынын суытады. Жазда жансыз табиғат құбылысына қызығушылығын дамыту.

Қимылды  ойын      «От- су»

Жүргізушінің есептеуді таңдау талабын нығайту; белгі бойыша әрекет етуге үйрету«От» бәрі  отыра бастайды, «Су»

айналым бойынша бір  жаққа ағады.

Ойында жолдастарының және өзінің ойын нәтижесін дұрыс бағалауға үйрету.

Еңбек іс-әрекеті

Қажеттілік бойынша(аквариумда судың ауысуы)

Аквариумдағы  суды ауыстыруда ересектерге көмектесу.қолайсыз жұмыстан қашпай, белсенді орындау.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Қайсысы ұқсайды»

Белгісі мен айырмашылығы бойынша пәндерді топтастыру; өз жауабын  түсіндіре білу.

Эксперимент.Құм мен балшықтың су өткізуін көрсету.

Қорытынды. Құм арқылы су тез өтті және балшық арқылы өтпеді,

 Өзіндік іс-әрекеті

3-4 адамнан құралатын ойын тобының  бастапқы кеңістікті жағдайды ұйымдастыруға, рөлді бөлуге, ойын

тақырыбын алдын ала келісуге балаларды дайындау.  

 

 

6.Кемпірқосақты бақылау

 

 

Бақылау

Көкжиектегі әр түрлі иінге-кемпірқосаққа көңіл бөлу керек; кемпірқосақтың қалай құралатынын түсіндіріп толықтыру керек(аспан төңірегінде  қарама қарсы орналасқан  күннің көзі жауынның пердесін жарқыратқанда); кемірқосақты қарастыру, түрін атау, иіннысанды формасы бар екенін атау.Көңіл блуін және талғампаздығын дамыту. 

Қимылды ойын

«Кім алысқа секіреді»

Ұзындыққа орнынан секіруді нығайту; жарысқа қызығушылығын дамыту. Жолдастарының сәттілігіне қуану. 

Еңбек іс-әрекеті

Бөлімшеде ағып кетуді тазарту

Өз бастамасымен балаларды үлкендерге бөлімшедегі ағып кетуді тазарту кезінде көмектесуге үйрету;  орнына өз бетінше еңбек құралдарын жинау. 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Болады -болмайды»

Жанды және жансыз табиғат өзгерісі жөнінде, әр маусым жөнінде біріктірілген түсініктемені қалыптастыруды жалғастыру.

Эксперимент.Кемпірқосақтың құрылуы.Күннің көзіне арқамен тұрып, суды бүркіп шашу.

Қорытынды. Кемпірқосақ , күннің көзі жауын пердесін жарқыратқанда, ал адам қарама қарсы жағында

болғанда құрылады.

Өзіндік іс-әрекеті

Ойынның ұйымдастырушылық мерзімінде (ойын барысында және қажеттілігі кезінде) рөлмен байланысты ,

балаларға бірбеттілік қатынастар мағынасын бөлуге көмектесу, бір -біріне көмектесуге талаптану,

лтипаттық білдіру,күтпеген жағдайдан алып шығу, қиыншылықтарды жеңу сияқты ойын рөлдеріне

бейімдеу.

7.Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау

 

 

 Бақылау

Найзағайдың жарқылдауын  бақылау, найзағай- бұл бұлт пен жердің арасында, бұлт арасында пайда болатын үлкен электр шашуы.Найзағайдың жекеленген  гуілін тыңдап, ысқырыққа айналатынын байқауға болады; күннің күркіреуін елестетуді нақтылау, күннің күркіреуді табиғат құбылысы екенін түсіндіру, яғни қалың аспанда найзағай пайда болады, ол одан соң күн күркіреуге ұласады. Күн күркіреу әрбір найзағайдан соң болып отырады, одан кейін жауынның құюына ұласады, одан соң табиғат жанданады, ауа тазарады, ал өсімдіктер таза және жарқырайды. Қауіптіліктен құтылу үшін, күн күркіреу кезінде балаларға өздерін қалай ұстау керек екенін  түсіндіру керек.

 

Қимылды ойын

«Бір аяқта секіру эстафетасы»( тәжік халық ойыны)

 Сап түзеп, екі топқа бөліну. Бір біріне эстафетаны тапсыра отырып,бір аяқпен қуып жетуге қозғалуға үйрету.Сыпайыгершілікке, тартысты шын шешуге тәрбиелеу.

 

Еңбек іс-әрекеті

Тотықұс үшін бақажапырақ тұқымын жинау

Тотықұсты тамақтандыру үшін тұқымды  өз бетінше жинауға тәрбиелеу. Табиғат бұрышында мекендеушілерге сезімін тәрбиелеу.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Ең алдымен не, одан соң?»

Өсімдіктерді күту жөнінде балалардың білімін нығайту(суару, отырғызу кезектілігі); құстардың көбеюі(жұмыртқа, құс, балапан).

 

Өзіндік іс-әрекеті

Әр балаға оларды қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.

 

 

8.Өзенді бақылау

 

 

Бақылау

Су айдынының өмірін бақылауға үйрету(бақалар қатты бақылдайды, суда кіщкентай балықтар көрінеді, судың бетінде суөлшеуіш қозғалады, өсімдік пайда болады,құстар жүзеді,қанаттарын тазалайды,  дәндерді тереді ); су айдынының әсемдігін тамашалауға болады(су көп, күннің көзіне су  жарқырайды, өзеннің айналасында шөптер, гүлдер өседі, олар өзенді жарқыратады, ағаш бұтақтары өзенге иіліп, оның бейнесі түседі). Жаздың басында су таза, көгілдір, өсімдік көп болатынына назар аудару керек, ал жаздың аяғында бұлдыр, өсімдік аз.Көгілдір суда құм, тас, өсімдік және шағын балықтар көрінеді. Су айдынына ілтипатты қарауға тәрбиелеу.

Қимылды  ойын

«Қарғы және бұрыл»

Орнынан жоғары секіруге үйрету. «Хоп!» белгісі бойынша кеңістікке бейімделу.

Еңбек іс-әрекеті

Тотықұс, аквариум үшін құм жинау

Балаларды ең үнемді жұмыстарға үйрету.

Еңбек қызметінің мәдениетіне тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Ұшады, жүзеді, жылжиды»

Құстардың, құрт құмырсқалардың, жануарлардың қозғалысы жөніндегі түсініктерін ұлғайту.  

Өзіндік іс-әрекеті

Дәлізде ауа- райының жағдайын ескере отырып, сабақ және ойын үшін жағдай құру.

Жағымды әдет ғұрпын қалыптастыру.

 

 

9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея

 

 

Бақылау

Өмірде көптеген өсімдіктер үшін ылғалдың қажеттілігі жөнінде түсінігін қалыптастыру, себебі олар көлдің жағасында өседі: қамыс(ұзын және төзімді сабағымен өсімдік), қураған шөптер, элодея,тал; Сипатты белгілерін бөлуге және өсімдіктерді салыстыруға үйрету; жағада, су айдынында өздерін ұстай білуге үйрету: ересек адамдарсыз  суға жақындамау, ағаштарды сындырмау, өзінен кейін шашпау.

Қимылды ойын

«Орман, батпақ, өзен»(белорус халық ойыны)

Қоршаған әлем жөнінде білімін нығайту; белгі бойынша әрекет етуге үйрету: тәрбиеші  жануар, құс, құрт- құмырсқа аттарын атағанда балалар олардың мекендейтін жерлерін көз алдарына елестетіп, сол маңайға жүгіреді; ойын дамыту(әр ортаны еске сақтау керек- орман, батпақ, өзен). 

Еңбек іс-әрекеті

Ұқсатып жасау үшін  жағада ұлутас, тастарды жинау 

Ұқсатып жасау үшін, ұлутас, тастарды жинауды  өз бетінше орындау. Жұмысты жоспарлауға

, ұжымда еңбектенуге қалыптастыру.  

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Бөліктері бойынша біл»

Жағада өсіп тұрған өсімдіктер атауын нығайту, атын атау, суреттің бөліктерін

қарастырып(мысалы, тек жапырақтар бейнесімен)атын атау. 

Өзіндік іс-әрекеті

Өз ойын жүзеге асыруға , бірлескен ойында өз тәртібіне жауап беруге талаптандыру.

 

 

 

10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).

 

 

Бақылау

Бөлімшеде өсіп тұрған ағаштарды ажыратуға және атын атауға үйрету(жапырағы,түбірі, тұқымы бойынша); жазда ашық жасылды бұтақтардың көбейгеніне көңіл аудару керек, көлеңке түседі, сондықтан  ыстық күндерде орманда салқын; Ағашты ұрығымен салыстыруға үйрету(мысалы, алма бағымен), бала бақшаның территориясында өсіп тұрған, айырмашылығын атасақ жемісі бар. Бұтақтың иілуіне қарай,ағаштағы жапырақтар бояуы мен  түрлерінің әр түрлілігін салыстыру кезінде көрсету керек.Туған өлкесінің табиғатына сүйіспеншілік танытуға тәрбиелеу.

 Қимылды ойын

«Атам, менің атам»( армян халық ойыны)

Өз бетінше сергектік  ойынын, физикалық сапасын, шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру.

 Еңбек с-әрекеті

 Ұқсатып жасау үшін мақта, бұтақ, түбірлерді жинау

Өз бетінше бұтақ, түбірлерді ұқсатып жасау үшін әдетке айналдыруды жалғастыру. Жинақталған материалдарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Жапырағы бойынша ағашты таны»

Ағаш туралы білімін нығайту, жапырағы бойынша оларды тануға және ажыратуға  үйрету.

Эксперимент.Екі өсімдікті қадағалау: біріншісін тыңайтқышпен тамақтандыру, екіншісін суғару.

Қорытынды. Өсімдіктер өсу үшін тыңайтқыш қажет.

Өзіндік іс-әрекеті

Ойын барысында балаларды ойыншықтарын айырбастауға, жинақтауға, ойын сюжетімен таңдап алынған тақырыпқа сәйкес әр түрлі қосымша материалдардың көмегіменойын үшін жағдай туғызу,өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды қолдану.

 

 

11. Терек бүршігін бақылау

 

 

Бақылау

Табиғаттың ең жақсы құбылыстарын бақылаудың бірі – терек бүршігінің пайда болуы. Терек бүршігінің пайда болуы жаздың басталуын білдіреді. Ағаш тұқымы – терек деген пікірді қалыптастыру;  толықсыған кезде желмен, сумен шайылады, жануарлардың терілеріне жабысып басқа жерде өскендіктен бүршік – тұқым деген білімді жетілдіру. Терек бүршігі пайда болған кездегі өзін далада қалай  ұстаудың ережелерімен таныстыру.  

Қимылды ойын

«Ақсақ үйрек» (украин ұлттық ойыны)

Алаңда бір аяғымен жүре білуді жетілдіру, мына сөзден кейін осындай қозғалыс жасау: «Күн шықты, ойын басталды»; ойын шарттарын сақтау(екі аяғын қатар жерге қоймау керек).

Еңбек іс-әрекеті

Алаңды терек бүршігінен тазарту

Балаларды алаңда тазалықты және тәртіпті  сақтауға, қоғам мүддесіне жұмыс істеуге үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Қайсысы жеңіл?»

Қоршаған орта жайлы білімді жетілдіру; сұрақтарға жауап беру: Қайсысы жеңіл: капуста немесе қияр?

 т.б 

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды құрастыру ойынына қажеттілерді жинастыруға; ойында табиғи заттарды қолдануға үйрету.

 

12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.

 

 Бақылау

Балаларды ағаштардың құрылымын салыстырумен қарастыруға қызықтыру – шырша мен қарағай; олардың белгілерін ажыратуға үйрету: бұтақтардың қалыңдығы мен орналасуы (қарағайда бұтақтары жоғары, шыршада төменіне дейін); олардың бояулары (қарағай – ақшыл, шырша - жасылдау);  жапырақты және жөке ағаштарын салыстыру, ерекшеліктерін көрсету: жөке ағаштары жіңішке, ұзын және жапырақтары ине тәріздес қатты келеді.

 Қимылды ойын

«Шәпкеңді тап»

Жоғарыға секіруге үйрету; физикалық сапасын шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру

 Еңбек іс-әрекеті

Жөке ағаштарының маңайын қазу

Жөке ағаштарын жинастыруға, ағаштарға жақсы қарауға шақыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Бір сөзбен айт»

Заттарды жинақтауға үйрету, оларды өз сөздерінде қолдануды жалғастыру.

 

Эксперимент. Өсімдіктердің суға түрлі талаптарын көрсету. Әр түрлі өсімдікке бірдей деңгейде су құю.

Қорытынды. Әр түрлі өсімдікке әр түрлі деңгейде су қажет.

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды  өзінің орнын сақтауға үйрету. Ойын жүрісінде қажет болған жағдайда 2-3 рөлдерді де орындауға

үйрету; қарым-қатынас ережелерін білу – бірдей құқықты болу, басқару.

 

 

13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.

 

Бақылау

Балалардың бұта жайлы білімдерін бекіту және жетілдіру. Олардың жапырақтары, түстері, жемістері арқылы атауға үйрету. Салыстыру кезінде жұпаргүлдің жемісі болмайды, ал долана мен балмұрынның жемістері денсаулыққа пайдалы. 

Қимылды ойын

«Жылдам орамал» (қазақ ұлттық ойыны)

Ойында өз ісінің және қалған ойыншылардың тәртібін дұрыс және әділ бағалауды үйрену. Балалардың күнделікті белсенді қозғалысқа деген қажеттеліктерін қалыптастыру. 

Еңбек іс-әрекеті

Бақшаны суару

Балаларды өсімдіктерге жақсы қарауға үйрету. Жұмыс уақытында талпынуға, талаптылыққа, өсімдіктерге деген сезімталдылықты тәрбилеу.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Орын алған сұрақтар»

Сұраққа жауап беру, бұта жайлы көріністерід кеңейту, ойлау қабілетін дамытуды жетілдіру.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды ойын уақытында бір-бірімен араласуды, ойыншылардың тәртібіне өзінің қарым-қатынасын білдіруге машықтау. 

 

 

 

14. Шөп-шалаңды өсімдіктерді бақылау

 

 

Бақылау

Балаларды алаңда өсетін шөп-шалаңды өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктің дамуы мен өсуі жайлы көріністерді қалыптастыру; өсімдіктің жеке құрылымымен таныстыру (тамыр, жапырақ, гүл), олардың әр өсімдікте әр түрлі екендігін түсіндіру: шөп-шалаңды өсімдіктер гүлдейді.

Қимылды ойын

«Құлындар»

Белгі бойынша бірінің артынан бірі болып дөңгеленіп жүруге үйрету. Шыдамдылыққа үйрету. 

Еңбек іс-әрекеті

Атыздардың арам шөбін отау.

Балаларды атыздардың арам шөбін отауға , жұмысты өз еркімен ықыласты жасауға  үйрету.  

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер 

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды құрастыру ойынына қажетті лерді жинастыруға; ойында табиғи заттарды

қолдануға үйрету.

 

15. Емдік өсімдіктерді бақылау (жусан, қалақай, түймедақ)

 

Бақылау

Балаларды бала бақша алаңында өсетін емдік өсімдіктерді дұрыс тану мен білуге үйрету,  ауруларға емдік өсімдікті қарапайым жолмен қалай қолдануды үйрету. Қай мезгілде өсімдіктерді жинау керек екенін,  оларды қалай кептіру керектігімен таныстыру. Осы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасап, дәріханаларда сататынын түсіндіру.

 

Қимылды  ойын

«Кім алда?»

Белгі бойынша бірінің артынан бірі болып дөңгеленіп жүруге үйрету. Кеңістікте орналасуды қалыптастыру.

 

Еңбек іс-әрекеті

Емдік өсімдіктерді топтастыру

Балаларды емдік өсімдікті жинауға шақыру, оларды табу. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйрену.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Таңда болмаған не жаңалық бар?»

Емдік өсімдіктер жайлы білімдерін жетілдіру. Бақылаушылық қасиеттерін дамыту.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды ойын уақытында бір-бірімен араласуды, ойыншылардың тәртібіне өзінің қарым-қатынасын білдіруге машықтау. 

 

 

16. Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру

 

Бақылау

Балаларды  балабақша алаңында өсетін жидектермен таныстыру, олар жайлы білімдерін жетілдіру. Жидектердің ақшыл түстісін жұлуға болмайды ,себебі олар әлі піспеген, ал қызылдары – піскен, оларды жинауға болады, бірақ үлкендердің рұқсатымен. Жидектерді дұрыс үзуге үйрету. Жабайы өсетіндер – тауда, далада өсетін жидектер екендігін түсіндіру.

 

Қимылды ойын

«Кім дөңгелекті тез айналдырады»

Топта ойнаудың әдістерін, белгі бойынша ойнауды түсіндіру. Ұжымдық қасиеттерін қалыптастыру.

 

Еңбек іс-әрекеті

Құлпынай атызын қопсыту.

Өсімдіктерді өз еркімен күте білу. Өсімдікке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

 «Бұтадағы балалар»

Ағашта өсетін жемістерді ажырата білу.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Балаларды  өзінің орнын сақтауға үйрету.

 

 

17. Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау.

 

Бақылау

Бұл өсімдіктердің шалғындарда өсетінін, сол себепті жарықты жақсы көретінін түсіндіру. Балаларды алаңда өсетін шөп-шалаңды өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктің дамуы мен өсуі жайлы көріністерді қалыптастыру; өсімдіктің жеке құрылымымен таныстыру (тамыр, жапырақ, гүл), олардың әр өсімдікте әр түрлі екендігін түсіндіру: шөп-шалаңды өсімдіктер гүлдейді.

 

 

Қимылды ойын

«Шалғындағы ешкі мен қойшы» (өзбек ұлттық ойыны)

Екі топқа бөліну, ойын ережесін сақтау (ешкіні ұстап, бір аяқта қозғалу, жүргізуші сенің нөміріңді атаған кезде ғана жүгіру). Шыдамдылыққа үйрету.

 

Еңбек іс-әрекеті

Емдік өсімдіктерді кептіру

Өсімдіктерді жинауда жинақылыққа үйрету, айналаға пайдаңды тигізу, өз еңбегінің өлшемін білу.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

 Шатасу «Жидек – жапырақ», «Гүл-жапырақ».

Әрбір жидекепен гүлге келетін жапырақты таңдау,  бастаған істі соңына жеткізуге үйрету.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Әр балаға өзіне ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік беру.

 

 

18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру

 

 

Бақылау

Бақта  және жазықта өсетін гүлдер туралы  білімін жүйелеу және бекіту.Гүлдің құрамы неден тұратынын түсіндіру:Сабағы, түбірі, жапырағы, гүлденуі; гүлдер қалай көбейеді. Жаз басында гүлдер сары болады, содан соң ақ, жаздың аяғында ақшыл көк, қызыл болады; тәңертең гүл түбірі ашылады,кешке жабылады; түстердiң молшылығы және алуан түрлiлігiн меңгерту. Мәдени және жабайы өсетін гүлдердің ұқсас белгілерін байқап, тәрбиешінің басқаруымен балалар мынадай қорытынды жасауы мүмкін:гүлдің мәдени формасы ірі,бақта өсетін гүлдер түстері жағынан әр түрлі,себебі оларды адамдар күтіп,баптайды.Гүлдердің әсемдігін қызықтай білуге тәрбиелеу және топты безендіруге қанша гүл керек болса,сонша жинау.

 Қимылды  ойын

  «Аю және ара»                                                                                                      

  Белгіні естіп тапсырманы жылдам орындай білуге,шыдамдылыққа ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

  Еңбек іс-әрекеті

    Топты әсемдеу үшін гүлдерді жинаймыз.

Әсемдікті сезіне білуге,гүлдерді түбірсіз жұлуға,бірлесіп еңбектенуге тәрбиелеу.

 

Дидактикалық ойындар.

«Қандай гүл екенін ойлап тап ?»           

   Балаларды сипаттама бойынша гүлдерді ойлап табуға; гүлдерді айыра білулерін бекіту.

 

Өзіндік іс-әрекеті:

Өздерінің еріктері бойынша ойын түрлерін таңдау.Ойын ойнау кезінде белсенділік таныта білуге тәрбиелеу.

 

 

19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау:
(ақ,  саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек
жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)

 

Бақылау

    Саңырауқұлақтардың  атауын толықтыру және нығайту (бөлімшеде өсетін улы саңырауқұлақ,сурет бойынша және қозықұйрық орманда өсетін саңырауқұлақ); құрылысына көңіл бөлу керек (шәпкесі әр түрлі, аяғы- ақ),саңырауқұлақтар нақты орындарда өседі, яғни нақты ағаш және қуыстарда өсуге бейімделген(терекқұлақ көктеректе, маслята қарағайда, ақ саңырауқұлақ қайыңда); зиянды және жейтін саңырауқұлақтарды ажырата білу керек. Ережесімен таныстыру: саңырауқұлақты, егер білмесең жұлмау керек; қажет болмаса жұлмау керек( тіпті зиянды саңырауқұлақты аңдар жейді); түбіріне зақым келмеу үшін саңырауқұлақты пышақпен кесу керек. Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

 

 

 Қимылды ойын

   «Адымдарды сана»

Адымдарды санауды бекiту; (адымдардың санын аз жасай отырып) тапсырма бойынша алаңда қозғалу. Кеңiстiкті бағдарлай білуге бекiту.

 

Еңбек іс-әрекеті

Қажеттілік бойынша

Учаскіде үнемі тазалықты сақтауға қоқыстарды жинауға тәрбиелеу (бұтақша және тағы басқалар.).

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.                                                                    

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Саңырауқұлақты кім бірінші жинайды?»                                                                                                   

Жеуге келетін және жеуге келмейтін саңырауқұлақты ажырата білу және тани білу; өз таңдауын негіздеу.

 Өзіндік іс-әрекеті

Ойын кезінде балалар іс-әрекеттерін бір-бірімен келісе отырып жетiлдiру.

 

 

20. Құрт- құмырсқаларды бақылау
(инелiк, ара, маса, шыбын, көбелек)

 

Бақылау 

Шабындықта, бала бақша учаскесінде, ағаштарда, өзеннің айналасында шыбын-шiркейлердiң алуантүрлілiгі туралы балалардың ұсынысын біріктіру, көп түрлi қоңыздар, көбелектер, инелiктер, шыбын,  ара, масалар өмiр сүретiн тағы басқа жерлерде; ашық белгісі бойынша құрт- құмырсқалар топтарының көрсетілген жиі кездесетін өкілдері бойынша атауында және айырмасында жаттығу(көлемі, бояуы, дененің жеке бөлігінде); құрт- құмырсқалар пайдасы жөнінде ұғымды толықтыру(аралар бал жинайды, өсімдіктерге зиянын тигізетін  құрт- құмырсқаларды инеліктер жейді); «құрт -құмырсқа »түсінігін қалыптастыру,құрт- құмырсқаның мәнділік жалпы белгісін ажыратуға үйрету.

 Құрт- құмырсқаларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

 Қимылды  ойындар                                                                                                                                   

 «Шалғындықта үш сайыс»

 Бастапқы стартта орынды сақтап, жерде жатқан доға арқылы аттап өтуге үйрету; шыдамдылық және күштiң әсер етуiне мүмкiндiк туғызу.                                                                     

  Еңбек іс-әрекеті                                                                                                                                                   

   Гербариды жинау. Құрғату.    

      Ересектердің тапсырмасын жауапты және өз бетінше орындауға үйрету.

Өсімдіктерге сүйіспеншілігін туғызу.

   Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер                                                                                                                                                                                                                                                                                                «  Кім  қайда тұрады?»                                                                                                                                                           

  Учаскеде қоректенетін шыбын-шiркейлер, жануарлар  мекендерінің өмiр сүру ортасы туралы бiлiмдерін

кеңейтiп бекiту; әуесқойлықтарын тудыру                                                                                                              

Өзіндік іс-әрекеті                                                                                                                                                                    

Ойын түрін таңдауындағы дербестiк, әрекеттiн жетiлдiру.

 

21. Зиян келтiрушi құрт-құмырсқаларды бақылау

 

 

Бақылау :

Шыбын-шiркейлердiң алуантүрлiлігі туралы балалардың ұсынысын жалпылау. Зауза қоңыз бақша және бөлiмшеде үлкен зиянды қандыағаштардағы жапырақтарда  жиi кездесетiн зиян келтiрушiлер мен шыбын-шiркейлерді танып бiлiп және атау( құрт, шынжыр табан көкөнiс өнiмдерiнiң зиян келтiрушiлер болып табылады; қырыққабат жейтін ақ- көбелек  қырыққабаттың жапырақтарын жейдi). Сырт пiшiнi ерекшелiктерi және тiршiлiк әсер етулер туралы өнер-бiлiм және ұсынысты кеңейту. Зиян келтiрушiлермен күрестiң әдiстерiмен көздестiру: сарымсақ тұнбасымен, күлмен суару,  толарды жинау. Өсiмдiктер және шыбын-шiркейлердiң  өмiрлері аралығында өзара байланыс пен өзаратәуелділікті  орнатуға үйрету.                         

Қимылды ойын  «Ұшқалақтар»                                                                                                                                                                  Балаларға (сол аяқты сілки отырып, оң аяққа алға секіру,одан соң оң аяқты сілки отырып, сол аяққа, ал қорытындысында сол аяқпен жылжу және біруақытта екі аяқпен жерге түсу) үш дүркін секiрудi орындауға үйрету.Сапаның адамгершiлiктi-ерiктiсiне тәрбиелеу:оң нәтижелердiң табысындағы шыдамдылықты, табандылықты  көрсету.                                                                                                Еңбек іс-әрекеті

Зиян келтiрушiлермен күрес (күлмен, сабын ерiтiндiсiмен жапырақтарды бүрку)                                                                                                             

Тапсырманы  ынталы, ұқыпты орындауға үйрету; ниет- нәтиже шығаруға тәрбиелеу. Еңбек құралдарын жұмыстан соң орнына қоюға үйрету.                                                                                                                        

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

 «Жұмбақтарға шешулер»     «(құрт-құмырсқалар )                                                                                                                                         

Жұмбақтарды шешуге талаптандыру, шешуін табу кезінде белсенді болу.

Өзіндік іс-әрекеті

Балалардың ойынының мазмұнын және тақырыбын біріктіру және дамыту. Ойын мағынасын жүзеге асыру

және құру кезіндегі белсенділігіне тәрбиелеу.

 

 

22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау

 

 Бақылау                                                                                                                                                              

Құмырсқалар және құмырсқа илеуiмен балаларды таныстыруды жалғастыру; бақылау кезінде құмырсқалардың  үлкен жанұялармен өмiр сүретiніне  көңiл аудару, сүйiр үйлердi салады - бiр тал шөптер, қылқан жапырақ, тағы басқа материалдардан (балапан құрттарды асырайды), (минутына 100 шынжыр табандары) зиянды шыбын-шiркейлерді құрта отырып, пайда әкеледі.Ауа райын құмырсқа илеуi арқылы болжауға болатын балаларға көрсету: егер барлық жолдары ашық және еркін жүрсе, онда жақсы ауа райының нысанын білдіреді.Балаларға   құмырсқа илеуiн қоруы керек болатыны жөнінде қорытынды жасау. 

 Қимылды ойын

  «Бота»                                                                                                                                                                     

   Шығармашылық, ұйымдастырушы және бастамашылық қабiлеттiлiктердi жетiлдiру.Қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға тәрбиелеу.                                                                                             

 

Еңбек іс-әрекеті

«Құмырсқа илеуi үшiн қоршаулар»                                                                                                                              Құмырсқа илеуiн  балаларға қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; жануарларды  күту талабын жетiлдiру. Еңбек дағдыларын  жетiлдiру.                                                                                             

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Болмаған нәрсені кім көбiрек байқайды»                                                                                                                             Табиғатта маусымды құбылыстар туралы ұсынысты бекiту; елестету, ықыласты жетiлдiру.

 

Тапсырма. Қант шақпағын қою. Минуттан соң ештеңе қалмайды.                                                                                      

 

Қорытынды. Құмырсқалар тәттiні жақсы көредi.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Игерілген норма мен ережелерді орындауға балаларды ойын барысындағы қарым қатынастарға икемдеу(тәртіп мәдениеті, достық сезім, ұжымдық қарым қатынастар).

 

 

23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)

 

Бақылау

Бақаларды бақылау үшін банкіге салады. Бақылау барысында байқауға болады,бақаның терісі жұмсақ, жасыл түсті, оның тісі бар,олардың қосмекенділерге жататынын  айқындау қажет, яғни ол суда да , құрғақта да өмір сүреді, бірақ уақыттың басым көпшілігін суда өткізеді- жүзеді,жерде секіреді, тамақтану барысында ол тілін бірнеше сантиметрге жібереді.

 Тiлі сұйық  кілегейімен жабылған, оған  шыбын, масалар  жабысады, құрттармен және шынжыр табандармен қоректенедi. Артқы аяқтары,алдыңғы аяқтарынан әлдеқайда ұзындау, сондықтан ол жүре алмайды, ол секiредi. Балаларға бақаның пайда әкелетiнiн атап өту: зиян келтiрушi- шыбын-шiркейлерді жейді. Бақаның пайда әкелетінін, құрт құмырсқаларды жейтінін, өсімдік жапырақтарын және сабағын жейтінін атап өту керек. 

 

   Қимылды ойын                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        «Бақалар»                          

Алаң бойынша алға секіре, төрттағандап қозғалуға  үйрету, орыннан ұзындығына секiре білуге үйрету. Секiрулердi табиғилық, жеңiлдiк және жаттығуларды орындауды дәлдiк дегенiне жете жетiлдiру.

 

Еңбек іс-әрекеті

«Құм салғыштан шашылған құмды учаскеден жинастыру»                                                                                                                                                    Учаскеде құмды  өз ынтасымен жинастыруға  үйрету; тазалыққа және ретке келтіру әдеттiн қалыптастыру.

 

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Кім бұл тап?»                                                                                                                                                                         

Сипатты белгілері бойынша учаскеде қоректенетін , құрт құмырсқаларды, құстарды, өсімдіктерді бейнелеп айтуға үйрету; заттың белгісі мен әрекетін білдіретін сөз құрамын ұлғайту.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Балалардың ойын кезінде бір бірімен араласа білуін жетілдіру, өз әрекетімен қылықтарын көрсете білуге үйрету, өз пікірінде тұруға; өз қатарласының ұсынысымен келіспеушілігін дұрыс жеткізе білуге, оның рөлді, ойыншықтарды, міндеттерді дұрыс бөлуін қадағалау.

 

 

24. Кесiрткені  бақылау

 

 

Бақылау

Кесiртке туралы ұғымды балаларға қалыптастыру,оның  сыртқы бейнесінің ерекшеліктерін байқауға және қадағалауға үйрету(сұр, жанарларында қара оюы бар, шағын мөлшерде, ұзын денелі; басы кішкентай, мойны қозғалыста, аяғы қысқа, жіңішке,  икемді құйрығы бар,  қауіпті жағдайда сынып кетуі мүмкін; шағын жануарлармен қоректенеді: бақа, құрт-құмырсқа, кейде өсімдіктермен); тәртібінің ерекшеліктері жөнінде елестетуге болады(тез жүгіреді, жерде тұрады, бірақ біраз уақытын суда өткізеді).Бақыланатын обьектіге қызығушылығын арттыру.

 

Қимылды ойын

«Керме ау» (якутия халықтық ойыны)                                                                                                       

Балаларды екі топқа бөлінуге үйрету(керме ау, балық),  «Керме ау» белгісі бойынша қолды жібермей әрекет ету керек, балықты қоршайды, балықтар «көлде  жүзеді. Ойын тәртібін сақтау керек: тізбекті үзбеу керек, тек «көлде» ғана балықты аулау керек , «.балықтыңүйінде» емес.

        

Еңбек іс-әрекеті

Көкөнiстерді тыңайтқыштармен суару                                                                                                                                     

Өз еңбегiнiң маңыздылығын бiлу,нәтижеге жету талпынысын дамыту.Жұмысты ұқыпты,мұқият орындауға тәрбиелеу.

        

Дидактикалық ойындар.Тәжiрибе және эксперименттер.

 

«Кім ұшады,жүгіреді,секіреді?»

Жәндіктердің өмірі туралы балалардың түсініктерін кеңейту және тереңдету.Олардың қозғалыс ерекшелігін

білу;білуге құмарлығын дамыту.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Бірлескен іс-әрекетте белсенді тәртіп және мінез-құлық ережелерін қолдануға себептесу.

 

 

25.Құстардың  (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай)  ұяларын және ән салуын бақылау

 

Бақылау.

Телімде жиі кездесетін құстардың атауларын анықтау және тіркеп отыру, құстар дәл осы уақытта ұя салуын, жұмыртқа салуын, отыруын, жылытуын-балапандарды басып шығаруын;ұшуға үйрету, өз бетімен азық табу; балапандарды жаулардан қорғауын және тамақтандыруын белгілеп отыру. Олардың ұшып жүріп жәндіктерді ұстауына, ұяға балапандарға азығымен-жәндіктермен оралып келуіне назар аудару. Құстар өсімдіктерді сақтауға көмектеседі деген қорытындыға келтіру.Олардың дене пішіндерін салыстыру негізінде дауыстарын ажырата білуге үйрету, үстіңгі қабатында өзіне тән ерекшеліктерін айыру.Қозғалу әдісі олардың аяқ, қолдарының құрылысына байланысты екенін құстардың негізгі сезім мүшелері және олардың қызметі туралы ұғымды анықтау.Бақылау кезінде құстардың жаздың аяғында ұяларын тастап кететінін,алаңқайға тамақ табу үшін ұшып кететінін,жылы жаққа ұшуға дайындалатынын, үлкен топтарға жиналатынын анықтау.Құстарға ұқыпты қарым-қатынаспен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

 

Қимылды  ойын

«Ұшатын тәрелке»

Балалардың көзбен шамалауын,дискіні лақтыруда және ұстауда қолдарын белсенді қимылдату мақсатына жету, кімнің тәрелкесі алысырақ ұшады немесе тәрелкесін көпке дейін түсірмеген жұп жеңеді.Ойында өзін және жолдастарын әділ және дұрыс бағалауға үйрету.

Еңбек іс -әрекеті

Қыстайтын құстарға бүршікті бұтақтарды,тұқымдарды жинау.Қыстайтын құстарға қамқор болуға,еңбектенуге

тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

 

«Бәрі үйлеріне»(белгілер бойынша үйді табу)

Жануарлардың мекенін суреттеуге үйрету,сипаттау бойынша табу.Әртүрлі сөз таптарларын тікелей мағынасымен

қолдану ептілігін жетілдіру.

Өзіндік іс-әрекеті

Ойын кезінде балалардың өз әрекетерін басқа ойын әріптестерімен келістіру ептілігін дамыту.

 

 

26.Көкөністерді (қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ) қадағалау, оларды салыстыру.

 

Бақылау.

Бақшада өсіп жатқан көкөністер туралы түсініктерін анықтау және кеңейту , сыртқы келбетіне қарап тануғажәне оларды атауға үйрету. Негізгі өсу кезеңдері(дән , өскін , жетілген өсімдік , гүлшанақ ,гүл, жеміс), бірақ барлығында емес:бұршақ – бұршаққын,сәбіз гүлдемейді – жемісі жер астында және т.б.;өсу үшін қажетті жағдайлар туралы білімді бекіту(жылу,жарық,ылғал,күту,құнарландыру) өсімдіктердің нақты ерекшеліктерін атау арқылы сөз байлығын белсендету,салыстыру ептілігін дамыту.Балабақша жүйегінде өсіп жатқан көкөністерге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Ырымдар.

Сәбіз шөбі иіліп тұрса, жаңбыр болады.

Егер өсімдік баданаларының қабығы жұқа болса ,жұмсақ қыс болады.Қалың және қатқыл болса, қатал қыс болады.

Қимылды ойын

 «Таяқ тастау»(башқұрт ойыны)

Бастапқы қалыпты сақтай отырып,таяқ лақтыру шеберлігін бекіту.

Еңбек іс-әрекеті.

Көкөніс жинау.

Көкөніс жннауда белсенді ат салысу,үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Тұтам немесе тамырша»

Жеуге жарамды өсімдік бөлігін атауға үйрету(мысалы,сәбіз – жеуге жарамды тамырша және т.б.)

Тапсырма.Қызанақтың,қиярдың жапырақтарын санау.

Қорытынды.Жапырақтар саны әртүрлі болуы мүмкін.

Өзіндік іс-әрекеті.

2-3 рөлден тұратын құрбылармен бірлескен ойындарда бірігу ептілігін жетілдіру,рөлдерді бөлу,

ойындық әрекеттерді орындау,ойынға сәйкес әрекет ету.

 

 

27.Термометр көмегімен ауа температурасын бақылау.

 

 

Бақылау.

Балалардың термометрді қолданып ауа температурасын өлшеу ептілігін бекіту,сынап бағанасы қызыл сызықтан жоғары болған кезде жылы екенін білдіретініне назар аудару. Қаншалықты бағана жоғары болса,сонша жылы болады; цифрлар неше градус жылы болып тұрғанын анықтауға көмектеседі; әрбір сызық бір градусты білдіреді.Даладағы және топтағы ауа температурасын өлшеу.Жазда далаға қарағанда топтағы температура төмен деген қорытынды жасау.Балалардың қызығушылығын,ақылды белсенділігін ояту.

Қимылды ойын

«Дөңгелек бойынша пас беру»

Әртүрлі әдіспен бір-біріне доп лақтыру және ұстай білуді бекіту.Физикалық қасиеттерін – шапшаңдылық,икемділікті дамытуды.Үйлестіру қимылдарын жетілдіру.

 

Еңбек іс-әрекеті.

Қысқа көкөністерді  тұздау.

Қысқа көкөністерді дайындау барысында үлкендерге шамасына қарай көмек көрсету.Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын өз бетінше жинай білуін бекіту.

 

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Не жылы,не суық?»

Күннің көзінде әртүрлі заттар түрліше қызатыны туралы ұғымын кеңейту,себебі-олар әр түрлі

материалдан жасалған,қызығушылығын дамыту.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Ойын барысында балалардың бір-бірімен қатынаса білуін жетілдіру.Өз қылықтарымен іс-әрекеттерін

көрсету,өз пікірлерін қорғау.Құрбыларының пікірлерімен келіспейтінін әдепті түрде айта білуін дамыту.

 

 

28.Заттардың көлеңкесін бақылау.

 

 

Бақылау.

Күннің жоғары тұрғанын анықтау, заттардың көлеңкесін,таңертең балалардың өздерінің көлеңкесін күн әлі жоғары шықпағанда және күндіз,ол әлі бастан жоғары тұрғанда бақылауға болады,көлеңкенің ұзындығын өлшеу,көлеңкеде заттар  суығырақ, күннің көзінде жылырақ болатынына көңіл аудару.Балаларды күн аспанда қозғалады деген қорытындыға келтіру.Бақыланған затқа қызығушылығын ояту.

 

Қимылды ойын

«Қақпашы»

Жарысу элементтері бар спорттық ойындарға қызығушылығын дамыту.

 

Еңбек іс-әрекеті.

 

Жиналған табиғи материалдардан панно құрастыру.

Белсенділігін дамыту,жұмыстың үнемді әдістерін үйрету,Еңбек қызметінің мәдениетін тәрбиелеу,өз еңбегінің нәтижесіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

 

 

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Жануарды тамақтандыр»

Аталған жануарлар,жәндіктер,құстар қалай,немен тамақтанатыны туралы балалардың білімдерін бекіту.Жарысқа қатысу ықыласын,сұраққа тез жауап бере білуін дамыту.

 

Эксперимент. Таңертең және түсте көлеңке биіктігін өлшеу.

 

Қорытынды.Күн аспанда жылжығандықтан көлеңке биіктігі өзгереді.

 

Өзіндік іс-әрекеті.

Балалардың өзіндік ұжымының даму негізі ретінде дұрыс нысанды қарым-қатынас топтарын пайдалану.Ұялшақ,жасқаншақ балаларға ойынға кірісуге көмектесу,өте белсенді балалардың

өзінің серіктестерінің ынтасын баспауын қадағалау.

29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.

 

 

Бақылау.

Жайылымдағы өсімдіктер туралы білімді анықтау және бекіту,шөпті шауып жатқан бағбанды қадағалау,жайылымдағы шөп биік және шүйгін екенін және де оны үй жануарларына қысқа азық үшін шауып алатындығын атап өту;шабылған шөптен кепкен хош иісті пішен шығады.Адамдардың еңбек маңыздылығы туралы,азық өсімдіктерінің құндылығы туралы түсінікті қалыптастыру.Бұрын шөбі болған алаңқайды салыстыру,шөп қайтадан өскені,гүлдердің пайда болғаны туралы қорытынды жасау.Еңбек құралдарының атауларын анықтау:тырнауыш,айыр,пішен шабатын машина.Үлкендердің еңбегін құрметтеуді тәрбиелеу.

Ырым.

Егер шөп шуласа – ашық ауа райы болады.

Қимылды ойын

«Чехарда»

Аяқтарын екі жаққа созып, сүйіліп төрт аяқтап тұрған серіктестерінен секіріп өту шеберлігін бекіту.Күш-қуатты,шыдамдылықты дамыту.

Еңбек іс-әрекеті.

Шамаға шақ бағбанға көмектесу

Еңбек қызметі процесінде балаларда еңбекті сүю ,ортақ пайдаға еңбек ету ынтасын,жауапкершілікті тәрбиелеуді жалғастыру.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Сипап,иіскеп біл»

Көкөніс,жемістерді сипап ажыратуды,гүлдерді иіскеп білуді үйрету;ойын ережелерін орындау.Адалдыққа тәрбиелеу.

Эксперимент.Шабылған шөпті күннің астында және көлеңке жерде қалдыру.

Қорытынды.Күннің астындағы шөп көлеңкедегі шөпке қарағанда тезірен құрғап қалды.

 

Өзіндік іс-әрекеті

Балалар қоғамы өмірінің ұйымдастыру нысаны ретінде тұрақты балалар ойындарының біріктіруін пайда болуы мен балалардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру сияқты ойын дамуына үлес қосу.

 

30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.

 

Бақылау.

Балалардың үлкендер еңбегі туралы – жұмысшылардың жолды жөндеуі,еңбек мөлшері туралы ұғымдарын кеңейтуді жалғастыру(асфальттың ескі қабатын алу,ұсақталған тас қабатын төсеу,құм,катокпен тегістеу,ыстық смоланы құю,асфальт қабатын төсеу),механикаландыру рөлі(адамның ауыр еңбегін машиналар ауыстырады- каток,жүк машиналары және т.б.).Машиналар адам еңбегін жеңілдетеді қорытындыға келтіру.Еңбектену қажеттілігіне және еңбек адамдарын сыйлауға тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Өрт сөндірушілер жаттығу үстінде»

Эстафетаны беру,колоннаға тұру,екі топқа бөліне білуді бекіту.Бір баспалдақ аралығынан екінші аралыққа өту,гимнастикалық қабырғаға шыға білу.Өзара көмектесуді өз бетінше дамыту.

Еңбек іс-әрекеті.

Көкөністерді жинағаннан кейін жүйелерді қазу.Көкөністерді егуге жерді дайындауға үйретуді жалғастыру,көкөністерді күте білуді жетілдіру.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Неге»

Сұраққа дұрыс жауап беруді үйлестіруді бекіту,қоршаған әлем туралы білімдерін

тереңдетужәне кеңейту.

Өзіндік іс-әрекеті.

Балалар ойынының мазмұны мен тақырыбын байыту және дамыту.Өз пікірін қорғай білуді жетілдіру,құрбыларының пікірлерімен келіспейтінін әдепті түрде білдіруді дамыту,

 рөлдерді бөлу қызметін,ойыншықтарды, міндеттерді бөлісуді дамыту.

 

 

31. Кішкентай балаларды бақылау .

 

 

  Бақылау.

Балалар бөліміне бару. Балалардың жазда қалай киінетіндеріне назар аудару:жеңіл көйлектер,шолақ шалбар, бас киімдер – орамалдар, жеңіл қалпақтар(күннің көзі басты қыздырмас үшін), жазғы киімдер ашық түсті болуға тиіс екеніне көңіл аудару(қошқыл киімдер күн сәулесін тартады). Өлі табиғаттың жазғы құбылыстары туралы білімін бекіту, ауа райына, кезеңге байланысты киімдер, жыл мезгілдерінің киімдерін салыстыру,еске алу.Балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру.Ізгілік және қамқорлық сезімін тәрбиелеу. 

Қимылды ойын

«Жұппен жарыса жүгіру»

Белгі бойынша қолдарынан ұстасып жұппен жарыса шапшаң жүгіруді бекіту.Күнделікті белсенді қозғалтқыш қызметінің қажеттілігін қалыптастыру. 

Еңбек іс-әрекеті 

Ойыншықтарды жөндеудің жеңіл жұмыстарын өз ықыласымен жүргізуге балаларды үйрету,басталған істі соңына дейін жеткізу ықыласын тәрбиелеу.

 

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Салыстырулар»

Тәрбиеленушілермен ұсынылған пәндерді салыстыра білуді бекіту;пәндер туралы әңгімелерді

құрастыра білуді жетілдіру.

 

Өзіндік іс-әрекеті.

Балаларда өз іс-әрекеттерін ойын бойынша әріптестерінің іс-әрекеттерімен келісе білуді дамыту.

 

 

КҮЗ

№1

 

Бақылау:Жаңбырды бақылау.

Мақсаты:Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан  жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Еңбек:Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.

Жеке жұмыс:  Ал керемет бұл қандай?

                          Төгіледі төбеден.

                          Көк теңізден құйғандай

                          Көл-көсір су не деген?                  (Жаңбыр)

Мақсаты:Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Ойын: «Айгөлек-ау айгөлек».

Мақсаты:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Сұр қоян».

Ойын барысы:Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады.Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.Балалар  тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:                    

 Бармақ болып тоғайға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағына жуды-түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын, құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.

2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік.

Тренинг: «Қолшатыр».

 

№2

 

Бақылау:Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату.

Еңбек:Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты:Балаларды  қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс:  Аспанға ұшар бу болып

                          Жерге қайтар су болып.           (Бұлт)

Мақсаты:Жұмбақ жаттата   отырып, балалардың  тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Ойын: «Кімге қандай құрал керек?»

Мақсаты:Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Соқыр теке».

Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға  болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның  ортасына көзі байланған «соқыртеке» жіберіледі.Қалғандары оны «соқыртеке бақ-бақ»,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер  соқыртеке ойыншылардың  бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса  ұсталған адамның көзі байланып «соқыртек»  болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.

Дербес ойындар:

1.Әткіншектебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

Тренинг: «Біз тату баламыз».

 

                                  №3

 

Бақылау:Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

Мақсаты:Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға  соғатындығын түсіндіру.

Еңбек:Құстарға жем сауыт жасау.

Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:   Сап-сары боп келе жатқан ,

Сезді мекен күзді олар .

Қарлығаштар ұшып  кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Мақсаты:Балалардың сөздік  қорларын молайтып , тілдің грамматикасы  дұрыс  сақтау дағдысын  қалыптастыру.

Дидактикалық ойын:  «Күзде не киеміз?»

Мақсаты:Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру.

Қимылдық ойын: «Аттамақ».

Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.

Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп  ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

1.Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.

2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік.

Тренинг: «Тырналар болып ұшайық»

 

№4

 

Бақылау:  Желді бақылау.

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып   соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.

Еңбек: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты:Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Жеке жұмыс:  Тақпақ. «Жел»

Мақсаты:Балаларға  жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.

Жел улейді у-у-у.

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Қимылдық ойын: «Айгөлек-ау, айгөлек».

Мақсаты:Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Орамал  тастау».

Ойын барысы:Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе  әңгіме айтып отырғанда  бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің  сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам  өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.

Дербес ойындар:

1. «Желмен жарысайық»

2.  «Менің әдемі үйім»(құрастыру)

Тренинг: «Қолшатыр астында».

 

№5

Бақылау:Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту, су құю.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.

Жеке жұмыс:  « Алтын күз» тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша  әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.

 Қимылдық ойын: « Ақ қояным»

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты»

Ойын барысы: « Осы кезде  ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты  қабан ұшты»,- дейді. Осы  кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын  және ұшпайтын  нәрселер жұртты жаңылту  мақсатында  әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып   айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік  ұшты  деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады.

Дербес ойындар:

  • «Тәтті тоқаштар» пісірейік
  •  «Мені қуып жет».

Тренинг:  «Шаңырақ»

 

№6

 

Бақылау:Құстардың қысқы тіршілігін бақылау.

Мақсаты: Құстардың күзгі тіршілігін қадағалай отырып, кейбіреуінің жылы жаққаұшып кететіндігі, ал кейбіреуінің қыстап  қалатындығы туралы түсінік беру.

Еңбек: «Біздің ойыншықтар».

Мақсаты:Ойыншықтарын ұқыптап таза ұстауға, мұқияттылыққа үйрету.

Жеке жұмыс:   Тақпақ: «Құстар қайтып барады».                  

Мақсаты:Балаларға тақпақ жаттату арқылы сөздік қорларын молайту, дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету.

Қазан  толы

Дәулет  қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

 Қимылдық ойын: «Жүзік салу»

Мақсаты: Зейін қойып тыңдауға  үйрету.

Қимылдық ойын: «Сымсыз телефон».

Ойын барысы:  Балалар сап  түзеп тұрады.Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға  құлағына сыбырлап, сөз немесе сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, солай соңғы адамға  дейін жалғасады.Ал енді  ойын басқарушы соңғы адамнан бастап әлгі айтылған сөзді сұрайды.Бастапқы айтқан сөзі кейде өзгеріп кетуі мүмкін, соны қате естіп өзгерткен адам айып  өтейді.Айып  түрлері: Ән салу, би билеу т.б

Дербес ойындар:

1.Тығылыспақ

2. Әткеншек тебу.

Тренинг: «Құс болып ұшайық».

 

 

№7

 

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді  үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі  қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Ойын барысы:Тымпи-тымпи ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи-тымпи»,- дейді.Осы сәтте  қалған адамдар үндемеуге тиіс.Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады.Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдірте алмаса, жеке адамның жанына барып , соны күлдіртуге күш салады.Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі  ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрағына жауап бермеуге тырысады.Ал, сөйлеп , күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып би  билейді.Айбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Әткеншек тебу.

2. Допты қуалау.

Тренинг: «Біз біргеміз».

 

 

№7

 

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді  үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі  қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Ойын барысы:Тымпи-тымпи ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи-тымпи»,- дейді.Осы сәтте  қалған адамдар үндемеуге тиіс.Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады.Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдірте алмаса, жеке адамның жанына барып , соны күлдіртуге күш салады.Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі  ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрағына жауап бермеуге тырысады.Ал, сөйлеп , күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып би  билейді.Айбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Әткеншек тебу.

2. Допты қуалау.

Тренинг: «Біз біргеміз».

№9

 

Бақылау:  Алтын күзді  бақылау.

Мақсаты: Күзгі  алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Қимылдық ойын: «Жылғадан қарғып өтеміз», «Қоян мен қасқыр».

Мақсаты:Ептілікке, жылдамдыққа  бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек: «Таза алаң»

Мақсаты: Ойын  алаңындағы  ағаш  бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған  ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: «Отбасы мүшелері»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс  атай білуге үйрету.

Қимылдық ойын: «Көрші».

Мақсаты:Балалардың ептілікке , сезімталдық,кеңістікті  бағдарлай білуге үйрете отырып, батылдық сияқты  қабілеттерін одан  әрі  дамыту.Шапшаң қимылдап,  жылдам жүгіруге үйрету.

Ойын барысы: Балалар  екі-екіден  қол ұстасып , бірінің артына бірі тұрады.Олардың  алдынан 3- 8 метр жерден сызық жүргізіледі.Ол сызықтың бойында торуылшы бір бала  тұрады.Тәрбиешінің белгісімен ең артында тұрған бала, балалар тобының  екі жағымен  жүгірген бойы сызықтан  өтіп қайтадан  қол ұстасуы керек. Егер  ұстап алса , қолынан жетектеп әкеліп , топтың  алдына келіп  тұрады.Ал қалған біреуі  торуылшы болып, сызықтың үстінде қалады.

Балалар жүгіріп келе жатқанда  торуылшы оларға  арқасын беріп , теріс қарап тұрады.Ортасында тұрған  қасқыр қуып береді.Қолға  түскен балалар  ойыннан шығып қалып, келесі ойынға кіреді.Қасқырларды ұсталып қалған балалардың арасынан сайлайды.

Дербес ойындар.

Тренинг: «Біз татумыз».

 

 

   №10

 

Бақылау:  Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты:  Күзде  жәндіктер қысқа қалай  дайындалады?Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.

  «Қыстың қамын жаз ойла».

Еңбек:Біздің алаң.

Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете  білуге үйрету.

 Жеке жұмыс:   Тыйым сөздерді жаттату.                  

Мақсаты:  «Суға түкірме «, «Нанды баспа», «Дастархан басында   кекірме» т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.

Қимылдық ойын:  «Итеріспек»

Ойын барысы: Ойын көгалда өткізіледі, үлкен  шеңбер  сызылады, ортаға екі ойыншы шығады.Егер бір аяқпен секіріп жүріп , екі  баланың біреуі екінші аяғын  жерге  тигізбестен қарсыласын шеңберден  итеріп шығарса жеңгені.

Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені.Ойын жалғаса береді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Тығылыспақ.

2. Тартқышқа  тартылу.

3.Допты қуалау.

 

№11

Бақылау:  Күнді бақылау.

Мақсаты:  Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да  қажеттілігін ашу.

Қимылдық ойын: «Таяқшадан аттап өт», «Қуаласпақ»

Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.

Еңбек: Гүл  шоғы.

Мақсаты:  Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл  шоғын жасау.

Жеке жұмыс:  Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»                  

Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Е.Өтетілеуұлы «Бағдаршам»

 Сақта  көше тәртібін

Бағдаршамның ал «тілін»

Біліпт алдым мен де:

Жасыл жанса,  демде

Алға кетем  лезде.

Сары  жанса , сабыр

Сақтай  тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Қимылдық ойын: «Үрпек төбет»

Мақсаты: Тез жүгіре  білуге  үйрету, жылдамдыққа , батылдыққа  тәрбиелеу. Ойын барысы:

Балалардың біреуі  төбетті бейнелейді; ол ортада отырады.Қалған  балалар оған жай ғана жақындай түседі, ал тәрбиеші  осы кезде  былай дейді:

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,      

Әнекей жалбыр төбет  жатыр сұлық,

Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки  қалғып,

Момақан, сырт пішіні  жуас салғырт

Ояталық жақындап барайық та,

Қайтер екен содан  соң-қарайық та.

Төбет орынан  ұшып тұрып үре бастайды.Балалар  қаша жөнеледі.Төбет  оларды  қуа жөнеледі.Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады.Төбет қайтадан ортаға отырады .Ойын  жаңа бастаушымен қайта басталады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Төбешіктен-төбешікке секір.

2.Күн мен түн

Тренинг:  «Күн шуағы».

 

 

№12

 

Бақылау:   Тұманды бақылау.

Мақсаты:  Күздегі  тұманды  бақылау , тұманның  қайдан пайда болатынын түсіндіру.

Еңбек: Ағаштардың түптерін қопсыту.

Мақсаты:  Табиғатты  аялай  білуге , өсімдіктерге  қамқор  болуға , оларды күтіп –баптауға  тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Мақал-мәтел.

Таза  болса- табиғат,

Аман болар –адамзат.                    

Мақсаты:  Мақал жаттату арқылы баланың сөздік қорын жетілдіріп, сөйлеу мәдениетін, ойлау  қабілеттерін дамыту, балалардың табиғат , денсаулық туралы түсініктерін  тереңдету.

Ойын: «Біз кішкене отбасы»

Мақсаты:  Үлкенді  сыйлауға тәрбиелеу.Отбасы мүшелерін   дұрыс атауға үйрету.

Қимылдық ойын:  « Шымшық доп» 

Ойын барысы: Алаңның ортасындағыбір  тағанның үстіне ұзындығы 30 см, ені 6-7 тақтайшаны қисайтып қояды.Оның төменгі жағына  кішкене доп қойылады.(Доп дұрыс  орналасу ұшін тақтайға  ойыс  жасап қою қажет).Ойнаушылавр тақтайшадан айналып тұрады.Басқарушы  таңдап алынады.Ол тақтайшаның жоғарырақ тұрған бос шетін аяғымен теуіп қалғанда, доп жоғары секіріп кетеді.Ойнаушылар  оны ұстап алады.Допты  ұстап алған бала  басқарушы болады да, ойын қайталанады. Ойынға бір мезгілде  5-6  баладан қатыса алады.

Балалардың өз бетімен ойынын ұйымдастыру:

1.Жарысу.

2.Төбешікке секіру.

 

 

№13

 

Бақылау:  Шықты  бақылау.

Мақсаты: Күз ерекшеліктерін көрсете түсіндіру, шықтың пайда болу жолы.

Еңбек:Ағаш бұтақтарын жинау.

Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған  істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету.

Жеке жұмыс:    «Менің Отаным» өлеңін жаттату.

 Отан –менің ата-анам,

Отан-досым , бауырым.

Отан-өлкем, астанам,

Отан-туған ауылым.                  

Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Ойын: «Қояндар секіреді».

Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Қаздар мен бақташы».

Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап  алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар, қаздар!?

Қаздар: га,га,га

Бақташы:тамақ жейсіңдер ме?

Қаздар: иә, иә, иә.

Бақташы: Ендеше ұшыңдар.

Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар

Жібермейді ол жолда

Бақташы: тез ұшыңдар қалайда !

 Осы  кезде қаздар  қанаттарын қағып ұшып  бақташыға  қарай жүгіреді.

Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет оянғандарында ауысып басқа балаларға кезек береді.

Еркін  ойындар.

Тренинг: «Қаздар болып ұшайық».

 

№14

 

Бақылау:    Өткінші жаңбырды бақылау.

Мақсаты:  Өткінші жаңбыр туралы  түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс –жидек  бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру.

Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты:  Ағаш  түптерін қопсыту арқылы балаларға өсімдіктерге  тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.

Жеке жұмыс:    «Еңбекпен  ел көгерер,

                               Жаңбырмен жер көгерер».              

Мақсаты:  Мақал үйрету  арқылы балаларға  өсімдіктерге  тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.

Қимылдық ойын:  «Допты  қуып жет».

Балаларды тез жүгіруге  үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке  тәрбиелеу.

Қимылдық ойын: «Кім тезірек?»

Мақсаты:  Секіргішпен секіруге үйрету, секіру қабілетін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар қолдарындағы секіргішпен алаңның бір жағына, бір-біріне бөгет жасамай сапқа  тұрады.Олардан 15-20 қадам қашықтықта сызық сызылады немесе жалаушалар байланған жіп тартылады.

Балалар келісілген сигнал бойынша бір мезгілде сызыққа бағыттала секіреді.Тәрбиеші сызықтың үстіне түскен баланы белгілеп алады.

Тренинг: « Қолшатыр».

 

 

№15

 

Бақылау:   Күздегі өсімдіктердің  түсін бақылау.

Мақсаты: Күзде  өлі  табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге  деәсер  ететіндігін түсіндіру.

Еңбек: Біздің ойын алаңы

Мақсаты:  Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс : Жел тынымсыз гуілдеп,

                           Болып кетті тым бұзық

                           Шуылдайды тал терек,

                           Жапырағын жұлғызып.

Мақсаты:  Тақпақ үйрету арқылы балалардың  есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету..

Қимылдық ойын:  «Айгөлек-ау, айгөлек».

Мақсаты:  Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Қимылдық ойын:  «Фигура жасап шық»

Ойын барысы: Ойнаушылардың арасынан бастаушы  таңдалынып алынады.Ол шеткірек тұрады. Балалардың қалғандары жүгіреді , бір аяғымен екінші аяғын шалыс баса ( ирек  жүріспен) алаң бойы секіреді. Тәрбиешінің сигналынан, дабыл қағу  немесе «тоқта» деген сөзден  кейін   барлығын орындарына  барып  қозғалмай тұрады.Басқарушы барлық «фигураларды» айналып шығып , ең ұнайтынын таңдап алады. Енді  басқарушы бала беруші болып  саналады да, ал алдыңғы басқарушы қалған балаларға қосылады да  , ойын қайталанады.

Балалардың өз бетімен ойын ұйымдастыру:

  • Қуаласпақ.
  • Тығылыспақ.

Тренинг:  «Киіз үй».

 

№16

 

Бақылау:   Кемпірқосақты бақылау .

Мақсаты:  Күз ерекшеліктерін түсіндіре  отырып , жаңбырдан  кейін аспанда  әшкейленген кемпірқосақ шығатыны туралы түсінік беру. Түстерін ажыратып  айту.

Еңбек:  Біздің аула

Мақсаты:  Ауладағы ағаш бұтақтарын жинау .Балаларды еңбексүйгіштікке баулу.

Жеке жұмыс:    Жұмбақ:

 Алдым да әр түрінен  жібек жіптің ,

Аспанға әшекейлеп

 Кесте тіктім.

    (Кемпірқосақ)

 Мақсаты:  Түстерді ажырата білу.  Балалардың ой –өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты:  Балаларды ептілікке , шапшаңдыққа   үйрету.

Қимылдық ойын: . «Қимақ».

Ойын барысы: Бұл  ойынды жіп керіп , сол керілген  жіпке әр түрлі  ұзындықта кішкентай ойыншықтар байлап қояды.Ойын көңілді болу үшін ойыншының көзін байлап қояды.Ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, «осы ойыншықтан барда қалағаныңды қиып ал»,-дейді.Ойыншы қиып алған ойыншығын алады.Егер бірінші рет қия алмаса , екінші рет әрекеттенуге болмайды.

Дербес ойындар:

1.Әткеншек тебу.

2.Ирек жолмен жүру.

 

 

№17

 

Бақылау: Ауа-райын бақылау. 

Мақсаты: Күннің  қанша градусқа төмендегенін бақылау. Күзгі табиғат құбылыстарын түсіндіру.

Еңбек: Гүл тұқымдарын жинау.

Мақсаты:  Гүлдің тұқымнан өсетінін түсіндіру, көктемде  тұқымды гүлзарларға себетіндігіміз, тұқымнан гүл өсетіндігін түсіндіру.

Жеке жұмыс:    Сипап өткен самалға,

Тербеледі сары алма.

Көз салып едім бақшаға,

Қауын біткен сары ала.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер».

Мақсаты:  Жемістер мен көкөністерді  ажырату.Олардың адам ағзасына  тигізер пайдасын түсіндіру.

  Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық»

Мақсаты:  Балаларды тату ойнауға үйрету .Тез жүгіруге , ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қимылдық ойын: . «Доппен ұрып алу».

Ойын барысы:Балалар дөңгеленіп тұрады.Тәрбиеші  жүргізушіні таңдап алады да , допты береді. «Бір, екі , үш» дегенде балалар жан- жаққа қашады.

Жүргізуші доппен ұрады.Кімге тисе сол ойыннан шығады:Ойын осылай жалғасады.

 Еркін ойын:

  • «Қуыршақты киіндіреміз».
  • «Отбасы»

Тренинг: «Біз көңілді балалар».

 

 

№18

 

Бақылау:  Көгершінді бақылау.

Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Еңбек:Ауладағы   құстарға жем беру.

Мақсаты: . Табиғатты  аялай білуге , құстарға қамқор болуға  тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:    Жылы  жаққа ұшпайтын  

 Біздің жақта  қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

Мақсаты:  Балаларға тақпақ  жаттата отырып , есте сақтау қабілеттерін  дамыту, тілдегі  дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу.

Ойын: «Шымшық доп».

Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қимылдық ойын:  «Ұстаушы, лентаны ал».

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , тапқырлыққа , жылдам шешім қабылдауға  үйрету.

Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады, ұстаушыны таңдап алады.Ұстаушыдан басқасы түсті  матаның немесе лентаның қиындысын алады да, оны мойынынан  айқара айналдыра байлайды.

     Ұстаушы шеңбердің ортасында  тұрады.Тәрбиешінің  «Жүгір» деген  сигналы бойынша балалар бет-бетімен алаңға кетеді.Ұстаушы ойнаушылардың соңынан жүгіріп, біреуінің лентасын суырып алуға тырысады.Лентасынан айрылғандар  уақытша  бір жаққа  шығып тұрады.Тәрбиешінің: «Бір, екі, үш, тездете шеңберге  жүгір!» деген сигналы бойынша  балалар шеңбер құрып тұрады. Ұстаушышы  алынған  ленталардың санын есептеп, оны  балаларға  қайтып береді.Ойывн жаңадан ұстаушы  тағайындаудан басталып , қайталанады.

        

Тренинг:  « Құс болып ұшайық»

 

№19

 

Бақылау:   Күзгі көріністі бақылау.

Мақсаты:   Күз ерекшеліктерін айыра ьілуге ; күннің   салқындауы, жаңбырдың жиі жаууы, жапырақтардың сарғаюы, адамдардың жылы киінуі туралы  түсінік қалыптастыру.

Еңбек: Ойын алаңы.

Мақсаты:  Ойын алаңындағы  ағаш   бұтақтарын жинау.Балаларды  еңбексүйгіштікке баулу. Өз алаңдарын таза ұстауға үйрету.

Жеке жұмыс: «Күз» өлеңі.

Мақсаты:  Күз мезгілінің ерекшелігін айтып, тақпақ жаттатқызып, сөздік қорын молайту, есте сақтау  қабілетін дамыту.

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақтар төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

Қимылдық ойын: «Қашпа, доп».

Мақсаты:  Ойын  шартын сақтай отырып, топ  болып  ойнауға, қимыл-қозғалысын дамытуға , ептілікке, шапшаңдыққа  үйрету.

Қимылдық ойын:  «Жүгіріп өтуге үлгер».

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа , батылдыққа тәрбиелеу, тез секіруге үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балалардың  біреуімен жіптің екі ұшын (ұзындығы 3-4м.) ұстап, оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады.Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде жіптің  астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет.

   Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады.Ол әрбір жүргізушіге:

 «Жүгір!» деген сигнал береді.Әрі қарай жіптің өтуге тырысулары қажет.

 Дербес ойындар:

  • Қуаласпақ
  • Қояндар секіреді.

Тренинг: «Қолшатыр».

 

 

№20

 

Бақылау:   Күз мезгіліндегі адамдардың  киім киісін бақылау.

Мақсаты:   Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ  киінетіндігін балаларға   айтып түсіндіру.

Еңбек:  Біздің ауламыз.

Мақсаты: Ауладағы түскен жапырақтарды  жинауға балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс: «Күзгі киім».

Мақсаты:  Күзгі  киім  атауларын үш тілде  үйрету.

Қимылдық ойын: « Күн мен түн».

Мақсаты: Балаларды әр түрлі  қимыл-қозғалсын  дамыту, шапшаңдыққа, ептілікке , ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Қимылдық ойын:  « Ортасына дейін кім бұрын жетеді?».

Мақсаты:  Балалардың қимыл- қозғалысын дамыту, шапшаңдыққа , ептілікке , ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Ойын барысы:  Екі қысқа жұмыр таяқ алынады. Ұзындығы  8 м жіпті  екі шынан байлайды.Оның қақ ортасына лентемен байлап белгілейді. Балалар  таяқтарды алады да, бір-бірінен алшақтап, екі жаққа  қарай  жіпті  таяққа орап, екі  қолдарымен таяқты  айналдыра бастайды да , алға қарай жылжиды. Жіпті  лентаға дейін кім бұрын  ораса , сол жеңген болып есептеледі.

Тренинг: «Бір шаңырақ астында».

 

 

ҚЫС

 

№ 1 Қар үстіндегі іздерді бақылау

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.

Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?

Көркем сөз:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті – басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                                                                  (Абай)

 

Еңбек: құс тар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.

Мақсаты: қыстаған құстарға, хайуанаттарға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты: балаларды ептілікке баулу.

Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру.

Мақал:

Жемберсең құсқа қыста, сауабы тиер оның жазда.

 

 

 

№ 2 Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.

 

Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.

Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауғаұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.

Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.

Көркем сөз:

Жазда көлге мұз қатты,

Табанымды мұздатты.

Мұз ойылып кетті тез,

Күліп едік, біз қатты.

Қимылды ойын «Ортаға түспек»

Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету.

Еңбек: қар атжалдарын жасауға балаларды үйрету.

Жеке жұмыс: шаңғыда жүре білуге машықтану.

Мәтел:

Қар көп болса, астық көп болады.

Жұмбақ:

Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады.

 

№ 3 Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.

 

Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.

Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну.

Көркем сөз:

Тазалашы мұз болған,

Есік алды тайғанақ жата берсін.

Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,

Шыға беріп жалтақтай,

Ұшып түсті қалпақтай.

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»

Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.

Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сиақты ұсақ болғанымен,

жер бетін жауып үлгереді.    (қар)

 

№ 4 қырауды бақылау.

 

Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.

Көркем сөз.

Тазартып бар кір шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

Қимылды ойын: «Суыққойлар»

Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.

Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.

Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы)

Жорамал:

Ағашқа қырау түссе, аяз болады.

Тұман болса, күн жылынады.

Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.

Жұмбақ:

Қанат сияқты ақ,

Ұлпа боп жерде жатады.

 

 

№ 5 Мұз сүңгісін бақылау.

 

 

Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?

Ол қандай? Сәбіз сияқты

Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?

Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?

Олар қайдан пайда болады?

Осыдан қандай қортынды жасауға болады?

Көркем сөз:

Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,

Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.

                                      Мұзафар Әлімбаев

Қимылды ойын: «»Үйсіз қалған қоян

Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.

 

 

№ 6 Қайың ағашын бақылау.      (Қиялдау)

 

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға суреттер таратылады.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі. 

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:  

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

                                                          Ағаш

 

№ 7 Терезедегі өрнектерді бақылау.

 

Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектерді бақылау.

Тапсырма: трафареттің көмегңмен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.

Көркем сөз:

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артта қыр қалып.

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»

Мақсаты: оңды – солды жалтырап жүгіруге жаттығу.

Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Мақсаты: күрекпен қарды ойып, үй салуды, бекет тұрғызуды үйрету.

Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.

Жорамал: қыз аязды болса – жаз ыстық болады.

Жұмбақ:

Отта жанбайды

Суда батпайды.        ( Мұз)

 

 

№ 8 Желді бақылау.

 

Мақсаты: желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.

Сұрақтар:

1.   Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен т.б. жорамалдарынан анықтап білуге болады.

2. Қыста жел қандай болады?

Көркем сөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.

Қимылды ойын: «Әткеншек»

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек: алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.Мақсаты: суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру.

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.

Жорамал: қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса – күн желді болады.

 

 

№ 9  Аула сыпырушы еңбегімен танысу

 

 Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбег, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тапсырма «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Көркем сөз

Қолынамкиіп қолғапт,

Ауланы ағай сыпырды.

Тазалап қарды мұздарды,

Бәрімізге ол жол ашты.

  Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу.

Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдап, еңбекке баулу.

Қимылды ойын: «Сауыққойлар» (қысқы спорт ойындары.)

Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Жаңылтпаштар:

Қаңтар айы болды, күн суытты

Қалың қар жауды, боран соқты.

Жапалақтап ақ жауды

 

№10 Алаңдағы ағаштарды бақылау

 

Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру.

Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз» тақырыбына сурет салу.

Ағаштарды сыртқы түсінен, түрінен, бұтақтарынан қалай орналасуынан танып, айыруға үйрету.

Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.

 

Сұрақтар:

1.   Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?

2.   Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?

3.   Ағаштар бір біріне немен ұқсас?

4.   Ордың айырмашылығы қандай?

 

Дидактикалық ойын: «Сөзбен суреттеп айт» ағаштың түрін таны.

Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»

Мақсаты: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.

Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.

Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.

Жеке  жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау: екі аяқпен кезек-кезек оңға, солға.

 

 

№ 11 Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.

 

Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру.

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Сұрақтар:

1.   Бұл машинаның аты  қалай?

2.   Ол не істейді?

3.   Ол қарды қалай жинайды?

4.   Балалар сендер адам еңбегін жеңілдететін тағы қандай машиналарды білесіңдер?

Көркем сөз:

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол поездың.

Қатар-қатар тұратың

Поезды біз құрайық.

 

Қимылды ойын:       «Аңшы мен коян»

Мақсаты:нысаңаға  затты лақтырып тигізу, жугіру,өрмелеп жоғары шыға білу.

Еңбек:гүлзарға,ыдысқа түрлі-түсті мұзды қатырып қою.

Мақсаты:балалардың эстетикалық танымдарын арттыру.Айналаны әсем етіп көріктендіру.

Жеке жұмыс: шанғы тебе білуге үйрету.Шанғы жолымен сырғанай отырып жүру.

Жорамал:Қыс қарлы болса-Жаз жаңбырлы болады.

 

№12 Саябаққа саяхат.

 

Мақсаты: қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап, толықтыра түсу.Балалардың сөз құрамында:қыс,қар, мұз, аяз,қар қырш-қырш еттеді,жалтырайды,жылтылдайды басқа қысқа байланысты сөздер қолдану.Балаларды табиғаттың қамқоршысы,жанашыры етіп тәрбиелеу.

Тапсырма: «Қыс кемпірдің бқзықтығы» атты тақырыпта шағын әнгііме қүрастыру,қыстың жағымды,жағымсыз құбылыстары туралы.

 

Көркм сөз:

Ақ қар жауды,

Енді аппақ жер өңі

Қардаң таулар

Көлеңкесін көреді.

 

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Мақсаты: тез жүгіруге,жүгірген баланы тез ұстап алуға  жатықтыру.

 

Жеке жұмыс:жүгіріп келіп қарды алысқа лақтыруға жатықтыру.

Кім бәрінен алысқа лақтырса-сол жеңімпаз.

 

Жұмбақтар:                                    Мәтел:

 Қанаты жоқ ұшады,                      Қыстағы қар,жаздағы жаңбыр-

Аяғы жоқ желеді,                            Жерге жауған нұр.

Аузы жоқ ұлиды.

                     (боран)

 

 

№ 13 Күн көзін бақылау.

 

Мақсаты: күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру.Күн қысқарады-желтоқсанның 22-сі ең қысқа күн  болып есептеледі. Күннің көзі «ұясынан» сәл ғана көтеріліп, біраздан соң кешкі ұясына  барып  қонды.

Күн қысқа әрі суық .Көлеңке ұзарды.

 

Көркем сөз:

Батар күннің атар таңы бар.

Қимылды ойын: «Жұп болып эстафета ойының жүргіжу»

Мақсаты: шанамен сырғанақ тебу.Балаларды эстафета бір-біріне беруге үйрету.Жолдасы үшін жанашыр,жақсы жолдас болуға  тәрбиелеу.

 

Еңбек: Аққала жасау.

 

Мақсаты: қармен жұмыс істеуге үйрету.

Жеке жұмыс: өз қиялдарымен әнгіме-салаттарды құрату.

 

Жұмбақ;                                                             Мақал:

Таңмен көзін ашады,                                        Мезгіл жетсе,

Әлемге нұрын шашады.                                   Мұз да ерір.

 

 

№ 14 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.

 

Мақсаты:  Балаларға ауа райының  жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты желге  назар аудару. Қатты жел әсіресе  ақпан айында  жиі болады,

ұйтқыған  боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.

 

Көркем сөз:

Қыстсың кенже баласы ақпанбысың,

Аспан астың ораған ақ ьқармысың.

Алай-түлей бораның, язында,

Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!

 

Қимылды ойын: «Үшінші артық»

Мақсаты:Шапшандыққа баулу.

 

Еңбек:Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.

 

Қимылды ойын: Денені тік ұстап, жатығуларды дұрыс білу.

 

Жаңылпаштар:

Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....

Қыс қыспаса, қыс па? Құс ұшпаса, құс па?

 

 

№ 15 Саябаққа саяхат.

 

Мақсаты: балалардың қыс жөніндегі түсініктерін  толықтыра түсу.

Туған табиғатқа деген балалардың сүіспеншілігін қалыптастырып,арттыру, оның ғажап сұлуғын балаларға сүйсіндіру.

Сұрақтар:

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Жердің беті қандай?

3.Күн көзінің нұры қандай?

4.Жылуы қандай, жылыта ма?

5.Сендер аязды сезінесіндер ме?

6.Бұрынан таныс ағаштардың, құстардың атын еске алып, олар туралы сұхбат жүргізу.Саябақты аралап,оның гүлденгенін сүйсіне білу.

Көркем сөз:

Күн мейрімін төгеді,

Жазаламай ешкімді

Сәулесімен өбеді, кәрі еменді, өскінді,

Жаз құшағы шуақты, күн анамыз сияқты.

Қимылды ойын: «Суық аяз»

Мақсаты: тез жүгіруге жүгірген баланы ұстап алуға жаттықтыру.

Жеке жұмыс: алға қойылған тосқауылдардан екі аяқпен бірдей секіріп, өте білу. (айналадағы жатқан заттарды да пайдалануға болады)

 

 

№ 16 Қыстың негізгі белгілерін бақылау.

 

 Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

Көркем сөз:

 

Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын?

                                     (Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.

 

 

№ 17 Қала көшелерін бақылау

 

Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.

Сұрақтар:

Көшедегі үйлер қандай?

Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?

 

Көркем сөз:

Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.

Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.

Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.

 

Жұмбақтар:

 

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді

                                                      (Бағдаршам)

 

 

№ 18 Өзен, көл, су тоғандарына саяхат

 

 

Мақсаты:   Балаларды өзен, көл, су тоғандарының қыстағы өзгерістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен, қалпымен жете таныстыру. Мұз қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру?

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

1.   Өзендегі суға не болды?

2.   Су неге қатты?

3.   Өзеннен нені көруге болады?

4.   Қай кезде мұздың үстімен жүріп, коньки тебуге болады?

Көркем сөз:

Тез қарасын батырды,

Қар жаңбырлы сиқыр бұлт.

Жел көк мұзды қатырды,

Жердің бетін типыл ғып.

Балалардың берген жауабын қорытындылау: Мұздың жұқа кезінде оның үстімен жүгіруге, коньки тебуге болмайтынын балаларға айту.

Қимылды ойын: «Шортан мен табан балықтар»

Мақсаты: тез жүгіруге, жүгірген баланы тез ұстап алуға жаттықтыру, айналаны бағдарлай білуге үйрету.

Жеке жұмыс: денеңді тепе тең ұстап, мұз үстімен сырғанай білу.

Жұмбақтар

Отқа жанбайды,

Суға батпайды.       (мұз)

 

 

№ 19       Қардың қасиетін бақылау
 

 

Мақсаты қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды. 

Көркем сөз:

Аққала

Аула сырты баққа да,

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айналып,

Ойлаймыз біз шаттана.

 

Қимылды ойын: «ұстап ал»

Мақсаты: белгі берілісімен бірден іске кірісіп, жаттықтыру.

Еңбек: қарды күреу.

Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысу.

 

Жұмбақтар:

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

 

Мақал:

Сыртта «тау» болып жатса,

Үйде су болып тұрады.

 

Далада қар болса,

Қамбада астық болады.

 

 

№ 20 Құстарды бақылау

 

 

Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.

Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»

 

 

№21  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

 

Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

1.   Сық па, жылы ма?

2.   Күн желді ме, жоқ па?

3.   Балалар қалай киінген?

4.   Ауа райының жайы қалай анықталады?

5.   Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?

6.   Қар жауып тұр ма?

7.   Жуырда қар жауып, өттіме ме?

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

Тапсырма: бұлттың суретін салу.

Көркем сөз

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.

 

Қимылды ойын: «Арқан тарту!»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, еңбектеп жүгіруге, секіруге жаттықтыру.

 

 

№22 Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау

 

 

Мақсаты: өткен күндердегі дей ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу. Күзде олар қандай болғанын еске түсіру. Қандай өзгеріс бар? Бір ағашты анықтап, суретін салып, оны күнтізбеге сақтау.

Балалар бала бақшада тәрбиешінің көмегімен ауа райының жағдайын күнтізбеге белгілеу.

Тапсырма: «Ашық аспан» тақырыпта сурет салу. Қағаз түстерінің бояуын түстеп, бір бояудың үстіне екінші бояуды жаға отырып, түсін келтіруге үйрету.

Көркем сөз:

Бүрсең қағып жапырақтар,

Көше кезіп көшіп жатыр.

Тыныш қалған атыраптар,

Аппақ қарға тосып жатыр.

Қимылды ойындар: «Соқыр теке».

Мақсаты: шеңберде тез жүгіруге жаттықтыру, ептілікке үйрету, ойынның сөздерін дұрыс айтқызып жаттату.

Еңбек: қатқан мұз жолын тазалап, су құйып ретке келтіру.

Мақсаты: алаңшада тазалық, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп, қызықтау...

Жеке жұмыс: «Кім алысқа лақтырады?». Қар түйіршіктерін алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Жорамалдар:

1.   Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.

2.   Қыста қар мол болса – жазда жаңбыр мол болады.

3.   Ағашқа қырау тұрса – күн жылы болады.

НОВОГОДНЯЯ ПРОГРАММА
Новогодняя программа по номинациям
Фестивали
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Электронные курсы
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
Международная научно-практическая интернет конференция "АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОВРЕМЕННЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ"
NEV! "Снежная нежная сказка зимы"
NEV! Зимние забавы
Наверх
Товар добавлен в корзину