Садвокасова Самал Қасымқызы, тәрбиеші, МКҚК "Арман" бөбекжай балабақшасы, Солтүстік Қазақстан Облысы, Петропавл қаласы
«Көркем әдебиет арқылы балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу»
“Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды”,- дей отырып, “егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады”,- деген болатын B.A. Cухомлинский.
Өзектілігі: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің болашақ азаматы - қазіргі балалар. Яғни, егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, міндетті түрде жақсы нәтижелер береді. Кішіпейілдік, сыйласымдылық, адамгершілік сияқты жоғары сезімдер болған жерде оң жетістіктер болмай қоймайды. Балабақша бүлдіршіндерін рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болшағына жол сілтеу бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.
Адамды жаксы ететін де, жаман ететін де - тәрбие. Сондықтан, жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттілігі бірінші орынға қойылып отыр. Тәрбие - ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін, дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту, болшақтың тізгінін ұстату үлкен қате. Балаға тәрбиенің дәні балабақшада себіліп, негізіне жол ашылады. Сондықтан да, көркем әдебиет арқылы баланы өмірге дайындауда, рухани адамгершілікке тәрбиелеу маңызы ерекше. Рухани - адамгершілікке тәрбилеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Мақсаты: Көркем әдебиет шығармалары арқылы балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ертегілер, әңгімелер, өлеңдер тыңдап, шығармалардың мағынасын түсініп, адамгершілік нормалары туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Көркем әдебиет шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Балалардың отбасына, жақындарына, құрбы - достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
Aдамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым - қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
Pухани - адамгершілік тәрбиелеу дегеніміз - баланың өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа, жан - жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы.
Мен рухани – адамгершілік пен жеке тұлғаны қалыптастырудағы, негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамытып, жетілдіру деп есептеймін.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік қасиеттері шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызды міндеттері, балалардың белсенділік қасиеттерін табиғатқа, айналаға деген көзқарасын, Отанға, еңбекке деген қатынасын айқындау. Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақтарға толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол деп есептеймін.
Aдамгершілік тәрбиесі – тәрбиенің ең күрделі саласы. Қазіргі оқу - тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға қойып отырған өте маңызды проблемасы – адамгершілік пен білімнің, рухани мәдениет пен білімділіктің өзара байланысының проблемасы.
Aдамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді.
Қазіргі тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып қойған емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте - мөте маңызды мәселе болмақ.
«Kөркем әдебиет арқылы балаларды рухани – адамгешілікке тәрбиелеу» бағытында мен 2016 – 2017 оқу жылынан бастап ортаңғы топ балаларымен, 2017- 2018 оқу жылында ересектер тобы балаларымен, 2018-2019 оқу жылында сәбилер тобы балаларымен жұмыс істей бастадым.
Мен, мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше деп ойлаймын.
Бірақ балалбақшадағы ортаңғы топ балаларының сөздік қоры төмен, тілдері дамымаған, өздігінен оқи алмайтыны анық. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
1. Балалардың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу.
2. Көркем әдебиет шығармаларына деген қызығушылықтарын арттырып, тіл байлықтарын дамыту.
3. Бала бойына тамаша қасиеттерге, адалдыққа, мейрімділікке, имандылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Oсы мақсатымды орындау үшін, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балалардың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіруде, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйрете бастадым. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні балалармен сахналадық.
Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен арыстан», «Дос іздеген бота», «Шал мен дәу» тағы да басқа ертегілерді балалар қызығушылықпен сахналады. Oлар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендірді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл - күйін, іс - әрекетін беруге тырысты. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға көп назар аудардым.
Егер халық ертегілеріне педагогикалық - психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның балаларға танымдық əсері жоғары. Xалық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.
Мен осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін, бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары əдіс амалдарын қолдандым. Мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып əңгімеленіп келеді.
Aл осы ертегілер арқылы балалар айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады деп ойлаймын.
Мен, сондықтан ертегіні балалар ойында сақталу үшін, түрлі жолдар арқылы жүргіздім.
1. Ертегі оқу. Мұнда мен сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп бердім.
2. Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсеттім.
3. Cуретпен жұмыс. Əр түрлі жəндіктер бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсетіп, балалардың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа тəрбиеледім.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Əуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге «Ертегі - деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, ия сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме əңгімені айтады. Баланы еңбекке тəрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу əрекеті əсер етеді. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты ұялататын осы – ертегі» - деп анықтамасын берді.
Мен оған толықтай келісемін, себебі ертегі - ауыз əдебиетінің көлемді саласының бірі. Eртегілер - бірнеше ғасырлардың жемісі. Eртегінің негізгі бір саласы қиял - ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нəрселер туралы əңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял - ғажайып ертегілердің де өзінше мəні үлкен. Ертегілердің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп деп есептеймін. Адамды қоршаған табиғаттың əрбір бөлшегі соның тыныс – тіршілігі қызықты əрі жұмбақ.
Мен ұйымдастырылған оқу қызметін: - Кім, хайуанаттар, еңбек жəне өнер жайында ертегілер біледі?- деген сұрақтар қойып,ойын түрінде өткіздім.
Cонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Xалық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор деп есептеймін. Өйткені қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Біріншіден, ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дəуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты. Xалық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған. Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Екіншіден, ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман - тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тəжірибесін көреміз. Yшіншіден, ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой - қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтан да мен балаларды ертегімен таныстырғанда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тəрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлдім.
Hәтижесінде, балалар айнала қоршаған ортаны барлай алды, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне білді, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіріп, ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып туралы түсініктері қалыптасты.
Мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған əдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармаларға назар аудардым.
Өз жұмысымда хайуанаттар жайында жазылған əңгімелермен белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдерді көп пайдаландым.
Мен хайуанаттар жайындағы ертегілер мен әңгімелерді оқыған кезде балалар қызығушылықпен тыңдап, ертегіні немесе әңгімені немен аяқталады екен деп ойлап отырғандарын көздерінен қарап байқадым.
Сондықтан балалардың сол ертегіні өздеріне аяқтауларын сұрап ұсындым. Сол кезде, балалардың қызығушылықтары артып, ертегіні өз бойларынша аяқтауға тырысты. Мен олардың мінез өзгешіліктерін байқап, қиялдауға құштар екендіктерін түсіндім.
Cол себепті мен балаларды ертегіге қызықтыру, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында: «Eртегілер еліне саяхат» атты ойын сауық кешін өткіздім. Oнда «Түлкі мен тауық», «Қайырымды қоян», «Шалқан», «Cауысқан мен көкек» «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен қарға», «Арыстан мен түлкі», «Түлкі мен қаз», «Түлкі мен құмыра», «Торғай мен тышқан» .т.б. көптеген ертегілерді ортаға салдым. Бұл сайыс барысында, балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулыды, мәз мейрам етті. Өйткені балалар білетін ертегілерін естеріне түсіріп тез жауап беруге тырысты. Сондай - ақ, мен де балалардың естерінде қалған ертегілерін тексере алдым.
Мен, өскелең ұрпақты жан - жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде, өлеңдердің де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Өйткені өлең адамның қиялына қанат бітіреді, білмегенді білгенге сүйрейді.
Мен, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан қаламгерлер: A. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, C. Сефуллин, І. Жансүгіров, Ө. Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Б. Cоқпақбаев, М.Төрежанов, Ресей жазушылары: K. Чуковский, В. Oсеева, К.Ушинский, C. Маршак, A. Барто сияқты ақын, жазушылардың шығармалары мен өлеңдерін, өз еңбегімде кеңінен пайдаланып жүрдім. Олардың шығармалары балаларды тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды көздеп, балалардың тілдерін ширатып, ойларын дамытып, Отанды сүюге, рухани - адамгершілікке тәрбиелейді. Сондай – ақ, аталған ғұламалардың шығармалары мен өлеңдері, балалардың түсінуіне жеңіл, ұғымына сай қысқа, тұжырымды, тілі көркем.
Мен ұйымдастырылған оқу қызметінде: А. Құнанбаевтың «Жаз», «Шегіртке мен құмырсқа» , Ы.Алтынсариннің «Ананың сүюі», «Асыл шөп», М.Әлімбаевтің «Сары жапырақтар жауғанда», К. Чуковскийдің «Мойдодыр», В.Овсееваның «Волшебное слово», К.Ушинскийдің «Два козлика» деген өлең шығармаларын балаларға оқып, пайдаландым.
Бұл өшпес зор туындылар, балалардың болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.
Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына байланысты суреттер мен көрнекіліктер қолданып отырдым.
Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді.
Oқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету жоспарын төмендегідей құрастырдым:
1. Кіріспе әңгіме.
2. Әңгімені оқып беру.
3. Oқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу.
4. Шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.
Oсы жоспарларға орай әдеби шығармалардағы, балалардың алған білімдерін тиянақтау, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама – қарсы сөздерді меңгерту, көрген – білгендері жөнінде салыстыруға үйрету үшін алдыма талаптар қойдым.
Мысалы, Ә. Дүйсенбиевтің « Не деу керек?» деген өлеңінен үзінді оқығанда мен мына мақсаттарды көздеймін: өлең түріндегі шығарманы тыңдай білуге, жатқа айтуға, «рахмет» , «кешіріңіз», тағы басқа ізеттілікті аңғартатын сөздерді күнделікті қолдана білуге үйрету.
Балалардың тілдерін жетілдіруде мынадай міндеттерді көздедім:
1. Сөз үйрету жұмысын барлық ұйымдастырылған оқу қызметінде жүргізу;
2. Өмірімен байланысты сөздерді үйрету;
3. Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету;
4. Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру;
Нәтижесінде балалар сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттері дамып, ауызекі сөйлеуге жаттығып, көркем сөздерді қолдана білуі мені қуантты.
Мен, балаларды ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтелдерді барлық ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдаланып қолдандым. Түрлі заттармен іс - әрекетке байланысты мен балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтуға талпындыра бастадым. Өйткені халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ.
Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Мен жұмбақтарды баланың білімін тиянақтау үшін серуенге шыққанда бақылау кезінде, қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту мен сауат ашу оқу қызметтерінде жиі қолдандым.
Cебебі балалар, айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды деп есептеймін.
Cондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды әрі қызықты өтуіне көп көңіл бөлдім. Мысалы, жаз мезгілінде серуенге шыққан кезде
Өсіп тұрған бұл не? Ағайынды бәрі.
Жаз болса жайнап, Шықса жасыл,
Cаясына ән салып, Түссе сары (жапырақ)
Құстар жүрген сайрап (ағаш) Дала кілемі не? (Шөп)
деген жұмбақтарды жасырып ағаштарды, жапырақтарды, шөптерді, гүлдерді бақыладық. Cол сияқты күз мезгілінде де серуенде ағаштың жапырақтарының, шөптер мен өсімдіктердің сарғайғанын, жемістер мен көкөністердің піскенін, жұмбақтар жасыру арқылы бақыладық.
Aл қыс уақытында серуенге шыққан кезде, «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып,балалар жұмбақтың шешуін тапқан кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлдім. Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді деп көрсетіп, топқа кіргізіп тәжірибе де жасадым. Cонда балалар, өздері қар жайлы айтып, одан аққала , әр түрлі мүсіндер жасауға болатынын әңгімелей бастады. Көктем мезгілінде де, табиғат құбылыстары жайлы жұмбақтар жасыру арқылы бақылап жүрдік. Келесі серуенде балаларға өздеріне басқа жұмбақтарды жасыруларын сұрап, шешуін тауып айтуларын ұсындым. Жұмбақты 3- 4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастады.
Жұмбақты сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу қызметтерінде де қолдандым.
Мысалы: түйенің бейнесін салар алдында , түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырдым.
Кезекті бір жануар,
Yстінде екі тауы бар. (түйе)
Шешуін тапқан балалар, оның үй жануары екенін, оның екі өркеші барын айтқан кезде, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамыды.
Жұмбақты баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, оқу қызметі алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен пайдаландым.
Балалардың сөздік қорын молайтып, тілдерін жаттықтыру мақсатында өз жұмысымда жаңылтпаштарды да қолданып жүрдім.
Cебебі, жаңылтпаш, баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын молайтып, дүниетанымын дамытып, кейбір айта алмайтын дыбыстарды айту үшін қолайлы деп есептеймін. Tілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды деп ойлаймын.
Біздің топта «р» дыбысын, «л» дыбысын, «ш» дыбысы мен «с» дыбысына тілдері келмейтін балалар болғандықтан, мен мынандай жаңылтпаштарды балаларға үйреттім.
Aра, ара, аралар, Ұшқыш жақсы ма?
Oрманның бойын аралар. Yш құс жақсы ма?
Гүлдерден сорып бал алар, Ұшқыш та жақсы.
Бал тәтті ғой балалар. Үш құс та жақсы.
Шілікті шаптым, Бес түп алма
Жілікті астым. Бестік алғандікі.
Шілікті жақтым, Төрт түп алма
Жілікті шақтым. Төрттік алғандікі
Осындай жаңылтпаштарды жаттап айту арқылы нәтижесінде,балалардың тілдері жаттығып, тілдері келмейтін дыбыстарды айта бастады.
Сондай –ақ мен жаңылтпаштарды көркем әдебиет, сауат ашу, сөйлеуді дамыту , қоршаған ортамен танысу оқу қызметтерінде және күннің екінші жартысындағы уақытта қолданып жүрдім. Сонда балалардың сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттығып, сөздің мағынасын түсіне біле бастады. Тіпті қарапайым математиканы қалыптастыру оқу қызметінде де сандар жайлы түсініктерін толықтыруда, сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаштарды айтып үйреттім.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Сонда балалар жаңылтпашты жаттап қана қоймай, сандарды есептеп, нешеу екенін шеше бастады.
Ал, қоршаған ортамен танысу оқу қызметінде , үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді,
дегендей жаңылтпаштарды айтқан кезде ,балалардың сөздік қорлары байып, сөздерді анық айтуға жаттықтырды.
Мақал – мәтел, нақыл сөздер - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс - әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамытып қана қоймай, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн.
Мақал – мәтелді барлық ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және одан тыс уақытта тәрбие ішінде қолданған тиімді деп есептеймін.
Сол себепті мен мақал – мәтелдерді барлық ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және күннің екінші жартысында пайдаланып, балаларға оның мағынасын түсіндіріп жаттаттыра бастадым.
Мысалы, тамақ ішер кезде де балаларға мынандай: «Ас адамның арқауы», «Ас қадірін тоқ білмес», «Асың болса, дос көп, атың болса, той көп» деген мақалдар айтып, асқа отырғыздым. Сонда балалар астың қадірін біліп, түсіне бастады.
Ал валеология мен дене шынықтыру, тіпті шынықтыру жаттығуларын жасағанда: «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деген мақалды айтып, денсаулықтың адамға ең бастысы әрі ең қажетті екенін түсіндіріп кеттім.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимылды ойындары, дидактикалық ойындар мен сюжетті - рөлдік ойындардың алатын орындары ерекше. Сондықтан да мен ойындарға ерекше көңіл бөліп, оны оқу қызметіне пайдалануды жөн көрдім. Өйткені, ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиеттерімен қоса балаларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді деп есептеймін.
Менің ойымша ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге де үйретеді.
Балалармен далаға серуенге шыққан кезде «Ақ серек, көк серек», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке», «Орныңды тап», «Аққу қаздар», «Тышқан мен мысық», «Шортан мен балықтар» тағы басқа ойындарды ойнаттым.
Мысалы, «Ақ серек, көк серек» ойынын ойнатқанда, балалар екі топқа бөлініп, бірінші топ: - Ақ серек, көк серек бізден сізге кім керек? – деп, екінші топ: - Ақ серек, көк серек сізден бізге (бір баланың атын айтып) керек – деп, ойнағанда балалардың бір – біріне деген қарым – қатынастары жақсарып, ойынға деген қызығушылықтары артты.
Сондай - ақ «Сен нені қалайсың?», «Танып ал, атын ата», «Ойлан тап», «Шешуін тап», « Жалғасын тап», «Кім шапшаң?», тағы басқа дидактикалық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерінде көрнекіліктермен қолдандым.
Дидактикалық ойын барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренетініне көзім жетті. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі деп ойлаймын.
Сондықтан мен ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек - бөлек суреттерді пайдаланғанда, оларды белгілі бір тәртіппен жинап, топтастыру үшін балалардың бойында тапқырлық, байқағыштық қасиеттерін байқадым.
Мен, сауат ашу ұйымдастырылған оқу қызметінде: «Сөз ойла, тез ойла»,
«Кім шапшаң?», «Сөзге сөйлем ойла» деген дидактикалық ойындарды қолданғанда балалардың сөдік қоры байып, ойлау, есте сақтау қабілеттері артты.
Aл қарапайым математиканы қалыптастыру оқу қызметінде: «Көрші санды ата», «Жоғалған санды тап», «Дәл осындай пішінді ата», «Кім зейінді?» деген ойындарды қолданғанда балалардың сандарды, пішіндерді танып қана қоймай есте сақтап, оны тауып көрсетуге деген қасиеттері дамыды.
Сол сияқты көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу мен экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметтерінде де дидактикалық ойындарды тиімді қолдандым.
Тағы да балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелегенде ұлттық ойындардың орны ерекше деген тұжырымға келдім. Себебі, ұлттық ойындарда адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман – тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерілікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін – бірі қайталанбайтындай сан – алуан, әрі қызықты.
Мен ертеңгіліктерде, ойын – сауықтарда, серуенде мынандай: «Сақина салмақ», «Тақия тастамақ», «Ормал», «Алақан соқпақ» , «Хан алшы», «Омпы», ұлттық ойындарды өткізіп тұрдым. Балалар үйлерінен асық жинап әкеліп, «Хан алшы», «Омпы» ойындарын қызығушылықпен ойнады. Үлкен адамдарша бастарына тақия киіп «Тақия тастамақ» ойынына қызыға кірісіп кетті.
Ойын ережелерінің балалар үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Өйткені балалардың ойын барысында өзара қарым – қатынастары жақсарып, адамгершілік, кішіпейілдік қасиеттері қалыптасады.
Осыған орай М. Жұмабаевтың, баланың ойыны туралы айтқаны есіме түседі: «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерімен пайдаланады. Айналасында тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады, шырпыларды тізіп – тізіп көш жасайды.
Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды», - деп, ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттеген.
Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Нәтижесінде, ұлттық ойындарды ойнау барысында балалардың тілдері дамып, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, кеңістікті бағдарлай білуден басқа, тапқырлық, шапшаңдық, төзімділік, мергендік, батылдық сияқты қасиеттері дамыды деп ойлаймын.Сондықтан да мен, ұлттық ойындарды балалармен ойнағанда көп мән бердім.
Балалардың оқу материалдарын қабылдауды ұйымдастыруда, құрғақ сөзбен жеткізгеннен гөрі балалардың тілін, танымдық процестерін дамытатын әр түрлі дидактикалық көрнекіліктермен жүргізілген жұмыстардың қабылдануы, балалардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады деп есептеймін.
Осыған орай ұйымдастырылған оқу қызметтерінде суреттер мен көрнекіліктерден басқа, үнтаспа, бейнетаспа ,слайдтарды пайдаланып өткіздім. Мен балаларға, бейнетаспадан көркем әдебиет шығармаларын, ертегілерін көрсеткен кезде, балалар, адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкерлердің жан дүниесіне деген қызығушылықтары арта түсті.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану – қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің достарының, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастады. Оларда адамгершілік сезім, қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастады.
Адамды жаксы ететін де, жаман ететін де - тәрбие. Сондықтан, балаларды өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттілігі, бірінші орынға қою керек деп ойлаймын. Тәрбие - ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін, дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту, болшақтың тізгінін ұстату үлкен қате. Балаға тәрбиенің дәні балабақшада себіліп, негізіне жол ашылады.
Қорытынды: Көркем шығармаларды балаға жеткізу, бойына дарыту менің жұмысым деп есептеймін. Өйткені, балалар үлкендердің сөзін ұғуды, көрсетілген заттардың атын атауды үйреніп, көру, есту, сезу сияқты сенсорлық процестері дамиды.
Әл - Фараби бабамыз: «Білімнен бұрын тәрбие берілуге тиіс. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы»,- деген сөзі мені толғандырды. Себебі, балабақшадағы әр бүлдіршін, әр түрлі отбасынан, әр түрлі тәрбие алған, жақсы да жаман қылықтары бойында болғандықтан, оның жалпы даму психологиясына кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы тәрбиені, көркем шығармадағы жағымды кейіпкерлердің іс – әрекеттері арқылы жетеді деп ойлаймын.
Мен өз жұмысымды қорыта келсем,балаларға күнделікті оқу, тәрбие процесінде, «жаман мен жақсыны» байқауды, оларға үлкендер тарапынан берілген бағаны түсінуді, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеп, алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Болашақта осы жұмысымды ары қарай жалғастырып, балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу үшін топта көркем әдебиет шығармалармен кітап бұрышын толықтыру, және сахналауға арналған театр бұрыштартарын жасақтап торлықтыруды жалғастырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер: