ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
13 августа 2021 г.

Жармуханбетова Асия Майдановна, тәрбиеші, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімнің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" Балабақшасы" МКҚК, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Сауат ашу. Жазу-оқу еліне саяхат.

Сауат ашу. Жазу-оқу еліне саяхат.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөліміі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Жазу-оқу» еліне саяхат

Мақсаты: Балаларға түрлі ойындық тапсырмалар арқылы сауат ашу оқу қызметінде өткізілген әріптерді қайталату, сөйлем құрау, дыбыстық талдау; дене жаттығулары мен ойлау қабілеттерін ұштастырып, тапсырмаларды толық, дұрыс орындау дағдыларын шыңдау.

Міндеттері:

Білімділік: Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық:  Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Тапсырмалық ойындар барысында есте сақтау, көру, қиялын, сезіну, қабылдау, жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. 

Билингвалдық компонент:  гүл - цветок-flower; машина­ машина, а car; қалам- ручка, a pen; алма­ яблоко, apple; кітап ­книга- a book.

Көрнекі құралдар: Қиынды әріптер, презентациялық слайд­шоу, бірнеше ойыншық түрлері, спортық жаттығу кубиктары.

Сәлемдесу.

Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы
Сәлем - сөздің анасы
Жүрекке қолды қояйық
Сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Good morning!

­-Тамаша, балалар! Балалар, таңертең ертемен біздің тереземізге мына бір шар ұшып кіріпті. Балалар қараңдаршы онда хат байланған.Хатты оқиын, не жазылды екен? Хатта былай жазылған «Сәлеметсіңдер ме, құрметті балалар! Сендерге «Жазу-­оқу» елінің ханшайымы хат жазып отыр. Біздің патшалық қиындыққа тап болды. Еліміздегі әріптер орындарын ауыстырып алыпты. Сөздердің де орны аусып кеткен. Сендерден өтінерім менің еліме келіп, осы әріптерді орналастыруға көмек көрсетсеңдер! Менің патшалығыма келу үшін сендер түрлі сауатты кедергілерден өтесіңдер! Жолдарың болсын!»

-Балалар, бұл патшалыққа көмек көрсету үшін әріптерді жақсы білуіміз керек. Және сауат ашу оқу қызметін жақсы оқуымыз керек. Біз көмектесе аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар?

­-Олай болса біз сауат ашу оқу қызметінен білімімізді пысықтап алайық. Ол үшін, слайдтан көріп тұрған суреттеріңнің бірін таңдап ашасыңдар, мен сол суреттегі сұрақты оқып беремін.

Сұрақтар:

1. Сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеміз?

2. Әріп дегеніміз не?

3. Дыбысты біз не істейміз?

4. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

5. Қандай болып бөлінеді?

6. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

7. Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?

8. Дауыссыз дыбыс қандай түспен белгіленеді?

9.Сөздер неден құралады?

 

-Жарайсыңдар, балалар! Саяхат жасауға әзір екенбіз! Олай болса, бірінші тапсырмамызды орындауға жолға шығайық. Ол жолда біз «жылан жүріспен» жүреміз.

1 тапсырма: «Қай дыбыстан басталады?» ойыны:

Балаларға ойыншықтар беріледі. Олар сол заттың атын атап, қай әріптен басталғанын тауып, сөйлем құрауы қажет. (Гүл, машина, қалам, алма, кітап)

-­Балалар ал гүл сөзі орысша және ағылшын тілінде қалай болады?

­-Ал машина сөзін екі тілде айтып көрейікші?

-Қалам сөзі орыс тілінде және ағылшын тілінде қалай айтылады?

-Ал алма сөзін екі тілде айтып көрейікші?

-Кітап сөзін екі тілде айтып көрейікші?

­Жарайсыңдар! Біз дұрыс жолда келе жатырмыз. Әлі ұзақ жол бар алдымызда. Әрі қарай жалғастыру үшін сергіп, демалып алайық:

 

Сергіту сәті (музыкамен)

­-Жарайсыңдар! Денемізді сергітіп алдық, білім әлеміне саяхатты жалғастырамыз. Келесі тапсырмамыз қандай екен?Оны білу үшін мына жақта жатқан кедергілі жолмен өтейік. Жолдағы жатқан іздердің үстін басып өтуіміз керек. Бұл «Бақай-өкше» жаттығуы. Алдымен бақаймен кейін өкшемен жүріп өтеміз.

 

2 тапсырма. «Сиқырлы текше» ойыны:

­-Бұл тапсырмада бізге дыбыстар текшесі берілген.Текшеде сәйкес әріптер бар, кезектесіп лақтырады. Қай әріп түседі, сол әріп кездесетін сөз айтуларың керек.(Ойын 2-3 рет ойналады) (а, ә, е, о,б, н, т,)

­-Тамаша, балалар! Біз «Жазу-оқу» еліне жетіп қалдық. Соңғы тапсырма орындауға жолымызды жалғастырайық. Бұл тапсырманы орындау үшін тағыда кедергілер күтуде бізді. Бұл жолда бізді биік көпір күтіп тұр. Бұл көпірдің үстінен қолымызды екі жанымызға жазып, тіктеліп өтеміз.

 

3 тапсырма. «Сөздер құра»

­-Жарайсыңдар! Балалар, біздің тіліміз бүгін бізге үлкен көмек көрсетіп жатыр. Ол шаршап қалған болар. Оған көмек көрсетіп,тілімізге дыбыстық жаттығу жасап алайық. Мына жерде сондай таза шөп бар екен. Осы шөпке отырып, жаттығу жасап алайық. Мен сендерге бір әңгіме оқып беремін, ал сендер сол әңгіменің арасында маған демеу көрсетіп, ондағы естілетін дыбыстарды сендер айтып, маған көмек көрсету керексіңдер.

К.Ерешовтың «Ала бұзау» әңгімесі оқылады.

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Қалай уілдейді?(у-у-у...)
-Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды. Қандай дыбыстар естіледі? (ш-ш-ш...)

-Тоғайда жүру өте қиын болды. Маса ызыңдап, мазасын алады. Маса қандай дыбыс шығарады?(з-з-з...)
-Ескедір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Ит қандай дыбыс шығарады?(р-р-р...)

-Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.  Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. Жылан қалай ысылдайды?(с-с-с...)
-Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар екен. Олар қандай дыбыс шығарады?(ж-ж-ж...)
-Ескендір ала бұзауын шақырады. Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші.(әукім-әукім)

-Жақын жерде бұзаудың мөңіреген дауысы естілді. Ол қалай дыбыстайды?(мууу…)

-Сөйтіп, Ескендір бұзауын тауып, үйіне қайтыпты.

­Балалар қараңдаршы біз «Жазу-оқу» патшалығына келген сияқтымыз. Бізді осы елдің ханшайымы күтіп алуы керек еді.

Үшінші үстелдің жанында «Жазу-оқу» елінің ханшайымы тұрады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы «Жазу-оқу» елінің ханшайымымын! Маған көмекке келгендеріңе рахмет! Менің сендерге арналған тапсырмам бар. Ол тапсырма мына үстелде. Көріп тұрғандарыңдай, әріптер сөздегі орындарын жоғалтып алыпты. Маған осы әріптерден бірнеше сөздер құрап беріңдерші.

­-Жарайды, ханшайым! Біз сізге көмектесеміз!

­ -Қане балалар үстелге тақалып, мына шатасқан әріптерден сөздер құрап көрейік.

 

Қорытынды.

Ой, қандай ақылды балаларсыңдар! Рахмет сендерге! Сендердің көмектеріңмен сөздерді де таптым.

-Сізге де рахмет, Ханшайым!

 Балалар, біздің осы «Жазу-оқу»еліне саяхат жасағанымыздан естелік болсын, Ханшайымға сыйлық тастап кетейік. Ол сыйлықты мына қағазға әдемі тілек жазып, тапсыруымызға болады.Бір-­бірден қағаздың жанына келіп, тілектеріңнің суреттерін салып, төменгі жағына жазуларыңа болады.

-­Рахмет, балалар! Мен бұл сыйлықты өз еліме алып қайтамын! Сендерге де менің әзірлеген сыйлығым бар! Мына қораптың ішінде сендерге арналған медальдар бар!

«Жазу-оқу» елінің ханшайымы балаларға сыйлығын табыстайды.

­-Рахмет, ханшайым. Біз енді өз тобымызға қайтайық!

­Қонақтармен де қоштасайық!

Источник:Сауат ашу. Жазу-оқу еліне саяхат.|
13 августа 2021 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину