ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Аймақтық компоненттерді география және биология сабақтарында пайдалану. Тәжірибені жалпылау

11 ноября 2018 г.

Тастанбекова Бибігүл Төлегенқызы, учитель географии и биологии, КГУ «Средняя школа имени Базылбека Ахметова», Казахстан, ВКО, Уланский район, село Ново-Одесское

 

 

 

Аймақтық компоненттерді география және биология сабақтарында пайдалану. Тәжірибені жалпылау

Аймақтық компоненттерді география және биология сабақтарында пайдалану. Тәжірибені жалпылау

2017-218 оқу жылы

Табиғат – бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Алайда уақыт өткен сайын, ғылым мен техниканың үздіксіз дамуы адамзаттың өміріне үлкен жеңілдік әкелгенімен табиғаттың тозуына теріс әсер тигізуде. Өзен-көл, теңіз, ауа, су ластанып, орман-тоғайлар кесіліп, жасыл алқап шөл далаға айналуда. Ол – үлкен экологиялық дағдарыс, ғаламат опат десек те болады. Ал одан құтылудың бірден-бір жолы – адамның санасыз әрететінен бүкіл табиғаттың тозуына қарсы бірлесіп күресу. Ол үшін отбасындағы тәрбиеден және мектеп қабырғасынан бастау керек. Сондықтан да география және биология сабақтарында аймақтық компоненттерді қолдану арқылы дәріс өткіземін.

Өзектілігі: География және биология сабақтарында аймақтық компоненттерді оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру. Оқыту  барысында оқушыларды табиғатты, туған жерді, қоршаған ортаны қорғауға баулу. Туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Аймақтық компонент туралы мәліметтер жинақтау кезінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысы қалыптасады. Оқушылардың ізденісін арттырып, олардың шығармашылық жұмысын дамыту.

География және биология сабағында туристік-өлкетану және  жобалау  зерттеушілік жұмыстарын қолданамын. Жобалау – оқушының өз бетінше ойлау, ақпараттарды жинау дағдысын, оны өңдеп, болжам жасау және шешім қабылдау қабілеттерін дамытады. Жобалау әдісі теория жүзінде алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша оқушының қызығушылық ынтасы туындайды. Мысалға, оқушылардың жоба жұмыстары: «Гүлдердің күнделікті өмірдегі маңызы», «Дресвянка өзенінің қазіргі және болашақ жағдайы», «Гидрология малых рек Калбинского Алтая на примере реки Дресвянка».

Әр жаз уақытында оқушылармен Сібі көлдеріне, Шыбындыкөл, Дресвянка өзеніне, Ақбауыр өлкесіне демалыс ұйымдастырылады. Оқушылар тек демалып қана қоймай туған жерлерінің табиғаты туралы білімдерін толықтырады. Түрлі өсімдіктер мен ағаш гүлдерді суретке түсіріп, география және биология сабақтарында алған білімдерін тәжірибе жұмыстарымен ұштастырады, өсімдіктердің жапырақтарының құрылымына, топырақтың жай-күйіне зерттеу жасайды, маршруттық картаны жобалап сызады. Зерттеушілік жұмыстардың маңызы өте зор, себебі ол оқушының алған білімі мен дағдысын іс жүзінде қолдануға, танымдылық, ізденушілік қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаздың ыстық күнінде күн өтуден қорғану, суға түсудегі ережелер сияқты алдын ала сақтық шаралары жүргізілді. Үлкен сыныптың оқушылары жасы кіші оқушыларға қамқор болуды, ал кішілері улкендерді сыйлауға, ортақ тіл табысуға, тату болуға, табиғатты аялауға, оны қорғауға уйренді.

Осындай өлкетану бағытындағы зерттеушілік жұмыстар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады; география және биология пәндері бойынша үлгермеушілердің болмауын қамтамасыз етеді; туған өлкенің табиғатын қорғауға баулыйды.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину