ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
22 августа 2021 г.

Жакупбекова Гульмира Кариевна, тәрбиеші, "Ақбөпе" балабақшасы, Қазақстан, Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласы

Ұйымдастырылған оқу қызметі «Армысың, ару жаз!»

Ұйымдастырылған оқу қызметі «Армысың, ару жаз!»

Күні айы жылы: 25. 05. 2021 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Әлеумет»

Бөлімі: сурет салу, қоршаған ортамен танысу 

Тақырыбы: «Армысың, ару жаз!»

Мақсаты: Маусымдық сипаттық ерекшеліктерін бере отырып, жазғы табиғаттың әсемдігін салуды үйрету.

Білімділік:Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.. Балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту, қылқаламмен түзу,бастыру, сызықтарды дұрыс бойяуды және түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Коррекциялық: Балалардың ұсақ қол моторикасын сөздік қорын,  есте сақтау қабілетін арттыру,зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.: Қажетті құралдар мен материалдар:Үлгі табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған  суреттер, бояулар, фон қағаз, сүлгі, қылқалам, слайд  презентация,

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, тақпақтар айтқызу,шаттық шеңбер, сергіту сәті, сұрақ – жауап, мадақтау

Билингвальді компонент:қыс –зима, көктем –весна, жаз –лето, күз – осень, күн-солнце, ыстық –жарко,

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

        Арайлап таң атты

        Күн шуағын таратты

        Армысын шапағатты кун

        Армысын мейірімді жер

        Армысындар достарым

        Армысыздар апайлар!!!

2. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі:

Балалар бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Тәрбиеші: Балалар тақтаға назар аударайықшы

Қараңдаршы сендер суреттен нені көріп тұрсыңдар?-Ненің суреті?
Балалар: Жыл мезғілдері.

Т:- Балалар жылдың неше мезгілі бар, олар қалай аталады?

Б:- Жылдың төрт мезгілі бар, олар : қыс,көктем, жаз, күз

Т.- Әр жыл мезгілінің өзіне  тән қаңдай ерекшеліктері бар?

Б.- Күзде: жапырақтар сарғайып түседі.Көкөністер жемістер піседі....

   - қыста: қар жауады, шана тебеміз, қар лақтырып ойнаймыз....

  - көктемде: ағаштар бүршік жарып,жапырақ ашады.....

  - жазда: күн ыстық болады, суға шомыламыз, демаламыз......

Т:- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Б:-  Көктем айы

Т:- көктем айларын білеміз бе?

Б: - наурыз, сәуір, мамыр
Т: - көктемнің казір каңдай айы?( Мамыр айы)

Т: балалар көктем айынан кейін қаңдай жыл мезгілі келеді?

Б: - Жаз мезгілі.

 Т:- Балалар сендер жыл мезгілдері туралы тақпактар білесіндерме?

Б:-    1.Келді көктем

           Жылу өткен,

           Қырға гүлдер

           Қаптап кеткен. (Адлан)

  1. Жаздың күні шуақты

Ой да,

Қыр да тамаша!

Сағым перде сияқты.(Жанболат)

  1. Сарғайыпты атырап

Қыс күні де жақын-ақ.

Түсіп жатыр секіріп,

Ағаштардан жапырақ. ( Абилмансур)

  1. Шаңғы теуіп барады,

Калай-қалай самғайды.

Міне, мұндай баланы,

Аяз тістей алмайды. (Нурасыл)

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Біп биік боп өседі.

Т:- Сурет бойынша әңгімелеу.

- Өте жақсы балалар. Енді балалар, жаз мезгілі туралы тақтадағы суретке   қарайықшы.

-Балалар жаз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Б:- күн ыстық болады. ағаштар, теректер жасыл желек жамылады, гүлдер каптайды, суға, шомылуға барамыз.

Т: Балалар, кәне бір сәт өзімізді далада, таза ауада тұрғандай елестетіп көрейікші.

Т: Балалар енді қәзір сендермен , мыңа қағазға жаз мезгілін саламыз.

Тәрбиеші сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен, дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіреді.

 Тәрбиеші балаларға жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді. Балалар сызықтарды түрлі бояулармен  орындап жаттығады.

- Қылқаламды алып қоныр бойяумен түзу сызық төменнен жоғары карай саламыз, бұл ағаштың діні, енді жан жағына тармақтарын саламыз, ол бұтақтары. Бұтақтарға  жасыл жапырақтарын қылқаламмен бастырып саламыз.

- Енді гүлдерді саламыз. Мынау гүлдің сабағы.

- Мынау гүлдің жапырақтары, гүлдің қауызы, содан кейін күлтелері өседі.

- Балалар  аспанға күнді, бұлттарды саламыз.

- Сөздік жұмыс: қыс –зима, көктем –весна, жаз –лето, күз – осень, күн-солнце, ыстық –жарко,

. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қорсетеді.

Оқу қызметін қорытындылау. Оқу қызметі соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. орындалған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жыл мезгілдерін атын атайды, олардың ерекшеліктері туралы түсініктерді игереді, ағаштар, гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету;

Қандай түсініктерді игерді: Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін жетілдіреді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину