ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
13 августа 2021 г.

Мейрамова Толкын Мухамеджановна, тәрбиеші, "Ақбөпе" балабақшасы, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы 

"Бала шығармашылық әлемінде"

"Бала шығармашылық әлемінде"

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттңн дамыту, олардың практикалық дағдыларды иемденуі сәбиліккезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізінде құрылуының және талапты бірте бірте, жүйелі күрделендіру, әртүрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принціпін сақтап, өнердің әр түрінің қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор.

Мектеп жасына дейіңгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық  жас топтарда өткізіледі. Мектеп жасына дейіңгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы толық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда баланың шығармашылықтарын қолдап отырады. Іс әрекеттің түрлеріне ұңілсек, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – баланың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтарының бірі. 

Балабақшаларда бейнелеу сабақтарында дәстүрлі техника мен қатар дәстүрлі емес техниканы да қолданады. Оның 30дан астам түрлері бар. Дәстүрлі емес техниканы қолдану балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Бұл бағытта жұмысты бастау ең алдымен саусақпен, қағазды себуден басталса, ал үлкен топтарда бұндай техникада кляксография, монотипия сияқты көркем образды бейнелеуі қосылады.

Техниканың түрлері:

Сасақтармен сурет салу.

Бұл әдіс бала саусағының көмегімен салады. Қолын бояуға малып, саусатың ұшымен, немесе саусақты қатты басып салады, немесе алақанның көмегімен салады. Саусақтармен салу арқылы бала салатын материалды сезеді, бояудың сұйық не қоюлығын, қағаздың қатты не жұмсақтығын.

Түрлі-түсті борлармен сурет салу.

Ақ қағаздың бетіне бормен сурет салынады. Ол сурет қағаздың бетінде көрінбейді. Кейін қылқаламды бояуға малып, қағаздың үстіңгі жағынан толығымен қағазды бір түспен бояп шығу қажет. Осы кезде бормен салынған сурет пайда болады. Осындай әдісті сабынмен жасауға болады.

Жіптермен сурет салу.

Ең алдымен болашақ суретіміздің контурын қарындашпен саламыз. Одан кейін, оның үстінен пва желімді жағамыз. Желімнің үстінен жіптерді орналастырамыз. Желім кепкеннен кейін, суретті бояп шығуға болады.

Қатты қылқаламен салу.

Керек бояуларды алдын ала ыдыстарға езіп аламыз да, ескі тіс тазалайтын щетканы сол бояуға малып аламыз. Содан кейін, қағаз бетіне апарып, қарындаштың көмегімен бояуды шашыратамыз.

Граттаж.

Ақ қағаз бетіне свечка жағамыз. Оның үстіне біріңғай түспен гуащьпен бояймыз. Қағаз кепкеннен кейін, үшкір затпен керекті суретімізді салуға болады.

Осындай дәстүрлі емес техниканы қолдана отырып, біз баланың шығармашылық қабілетін одан әрі жалғастырып, дамытамыз. Баланың шығармашылық қабілетін тек қана бейнелеу өнерінде ғана емес, сонымен қоса, музыкалық сабақтарда, көркем әдебиет сабағында дамытамыз. Баланың жеке басын жан-жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудамын.

Қолданылған әдебиеттер:

«Отбасы және балабақша» №5, 2009ж

Давыдова Г.Н. Нетрадиционные техники рисования в детском саду. 2007 – 80 бет.

Источник:"Бала шығармашылық әлемінде"|
13 августа 2021 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину