ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
16 января 2020 г.

Мухамедеева Айымгуль Айткожакызы, бастауыш сынып мұғалімі, "Родина жалпы білім беретін" КММ, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Родина ауылы

"Бастауыш сыныптарда жаңа технологияны қолдану тиімділігі"

"Бастауыш сыныптарда жаңа технологияны қолдану тиімділігі"

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.

Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.

Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда.

Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.

«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері – 7 модульді оқып келген әріптестерімнің сабақтарына қатыса отырып, өз сабақтарымда іс жүзінде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.

Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру

Курсының бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына жеті модульді

Қамтыған:

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
  4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

  1. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
  2. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған.  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше .

Менің өзекті тақырыбым – оқытудың жаңа технологиялары мен аймақтық компонеттерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Негізгі көздейтін мақсатым:

Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру

Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету

Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту

Міндеттері:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу

Күтілетін нәтиже:

Қызығушылықты оятады

Сабақ беру әдісі өзгереді

Оқушылар ізденуге үйренеді

 

Уақыт тиімді пайдаланылады

Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз

Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

Ең алдымен жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді:

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да, оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм, дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына, синквин, т. Б.

Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Бастауыш сыныптарда оқытуда мына төмендегі айтылып отырған оқыту қағидаларын қажет етеді.

  1. Оқушылардың оқудағы белсенділігін, десбестігін, инициативасын арттыру
  2. Оқу іскерлігі мен дағдыларын, зерттеушілік, рефлексивті, өзін-өзі бағалауын дамыту

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту

  1. Өмірмен байланысты оқыту қағидасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі:

Бастауыш сыныптағы оқытылатын пәндердің негізгі ерекшеліктері

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілігін, азаматтық тәрбие беру,

Оқушының логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру

Жазушы туындысына бейнеленген дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауға қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру;

Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақта Сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабаққта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті».

Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Оқушыларымыз мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі де жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмегендіктен, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Себебі, бала алдымен өзіне-өзі баға беріп үйренуі керек. Алдымен «Өзін-өзі бағалау» тестын жүргіздім. Сыныптағы 21 оқушының біреуі ғана өзін-өзі жоғары бағалайтыны, өзіне сенімді екені анықталды. Оларды психологиялық тұрғыдан дайындадым. Сыныпқа көп уақытымды арнадым. Ал сабақтарда оқушылар өзін-өзі бағалауда қиналғандары байқалды. Менің қуанғаным, олар өздері туралы көп ойланды, өздерінің іс-әрекеттеріне есеп бере алды, яғни бұл жерде өзін-өзі реттеу әрекеті де көрініп жатты. Өзін-өзі реттеу әдісі оқушылардың өздері топтық ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, белсенділіктерінен, сабақтан жиі қалатын оқушының да мектепке тартылғанынан, «үнсіз» оқушының сөйлегенінен, топтағы өздерінің рөлдерін жауапкершілікпен орындағанынан көрініп жатты.

3-сыныпта «Күз-береке бастауы» тақырыбындағы Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңі мен Міржақып Дулатовтың «Күз» әңгімесін оқыған кезде де Вен диаграммасын қолданып тиісті нәтижеге жеттім деп ойлаймын.

Вен диаграммасы-ақпаратты есте сақтау, таңдау және оқушының деңгейін көрсетеді. Ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу кезінде тақырыпқа тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

Кубизм – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолданады. 3-сыныпта Әдібай Табылдиевтің «Дақылдар әні» өлеңін оқыған кезде, бидай, тары, күріш, сұлы сияқты дақылдармен тереңірек танысу мақсатында осы стратегияны қолдандым.

Суреттеңіз: Бидайдың түсі сары, бір сабақта бірнеше дән болады, өзі кішкентай болғанымен өмір нәрі.

Салыстырыңыз: Бидай тарыға, күрішке, арпаға ұқсас. Моншаққа да ұқсайды.

Байланыстырыңыз: Бір алқапта өскен бидай алқабы бір елді көз алдыңа елестетеді. Бір түп бір жанұя сияқты, сабақта тұрған дәндер ағайынды бауырлар сияқты.

Қолданыңыз: Арпа, бидай ас екен

Алтын, күміс тас екен,- дегендей, нансыз тіршілік жоқ. Одан тәтті тоқаш, бөлке нан, печенье, макарон өнімдері жасалады.

Саралаңыз: «Ақ бидай» ертегісіндегі нанның қалай келетіні жөнінде айтып берді.

Талқылаңыз: Қолдануы туралы айтқан топқа қосарымыз бидайдан спирт жасалады.Бидайдың бірнеше сорты болады.

Оқушы бұл сабақта аз ғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсе ала алады деп ойлаймын.

Осы сыныпта Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы», Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» шығармаларын оқыған кезде Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді стратегиясын қолдандым.

«Дүниетану» сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні зор. «Дүниетану» пәні негізінен үш блокты: «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бірлестіретін пән болып табылады. Яғни «өмір әліппесі» болып саналған «Дүниетану» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын дүниетану сабақтарында қолдану, оқушылардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытады. Сабақта сөйлемейтін оқушының да өз пікірін ашық, еркін түрде баяндап беруі қуантады

Әр сабақтарымда оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ –ны да қолдануды әр сабағымда ескердім.

Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық

Ақпараттық технология

Әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу

Оқушының пәнге деген қызығушылығының артуы

Жылдамда, тез керекті мағлұматтарды алуы

 

Қағазды үнемдеп экологиялық тазалықты сақтауы

Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі.

Практикалық дағдыларды игеруі

Тексеру түрлерімен бағалануы

Білім, білік, дағды деңгейінің қалыптасуы

Білімнің тереңдігі

Сабақ уақытын тиімді қолдану

 пед технологияны игеруі

Оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеуінің артуы

Тиімділігі:

Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады.

Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.

Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.

Оқытудың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.

Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап. Дәлелдейді.

Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру, жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Соңғы кезде «Қарасам – көремін, тындасам – естимін, ал әрекет жасасам – білемін» деген қағида педагогикалық қауым ортасында жиі айтылуда. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Оқушылардың білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпаратгық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Осы жаңа технология стратегияларын интерактивті тақтаға енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан көрсетіп, оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. 

Алдын-ала слайд түрінде жасалған сабақтың мүмкіндіктері де молшылық. Мұның барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты деп есептеймін. Мысалы, деңгейлік үлестірмелі тапсырмаларды оқушыларға ұсынатын болсақ, бірінен екіншісіне ауысқанша біраз уақытты қажет етеді. Ал оларды интерактивті тақтаға алдын ала енгізген жағдайда оқушылардың көз алдында үлкен көлемде көрсетіліп тұрады

Сабақтың соңында сабақтан алған әсерлерін білемін.

Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялар оқушының мұғалімнен қабылдаған білімін шығармашылықпен жеткізуге үйрететін әдіс болып табылады. Эмоциялық сезімге бойлап, әсерлі сезімде болуға жетелейді; ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытады, зейінін тәрбиелейді, халықтық педогогикамен қаруландырады, терең білім береді; оқушылардың   сөйлеу дағдысын қалыптастырады, осы сатыға жеткізуші дәнекер-ойдың модулі деп түйіндеуге болады. Бұл әдіс оқушыны ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге баулып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Бастауыш сынып –оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының басты баспалдағы.  Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.

Сабақ беруде пәндерді оқыту технологиясын жан-жақты қолдану- ұстаз білігі мен шеберлігі. Яғни, тәуелсіз елдің талапты ұрпағын тәрбиелеудегі жауапкершілік.

Ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину