ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

«Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері» атты оқу-әдістемелік құралы

27 апреля 2021 г.

Дуйсенбина Гулбакыт Аманжоловна, бастауыш сынып мұғалімі, А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия, Қостанай облысы, Арқалық қаласы

«Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері» атты оқу-әдістемелік құралы

«Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері» атты оқу-әдістемелік құралы

Арқалық қаласының А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия мұғалімі Дүйсенбина Гүлбақыт Аманжолқызының «Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері» атты оқу-әдістемелік құралына

ПІКІР

ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап етеді. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше. Жаңа педагогикалық технология балаларды сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап тұрғысынан алғанда «Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері» шешуші орын алады. Егерде сабақ үстінде балалар мен тәрбиешілердің арасында тығыз қарым-қатынас орнатылса және ұтымды нәтижеге жетсе,бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз. Мұндай қарым-қатынас балалар өз ойларын талқылап, шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Осыдан ізденушінің тақырыбының өзектілігін көреміз.

Шетелдік және отандық ғалымдардың азаматтық ұғымын зерттеудегі көзқарастарына талдау жасап, отандық ғалымдардың азаматтық ұғымын зерттеудегі көзқарастары негізінде өзіндік тұжырымдар жасай білген.
Мұғалім өз жұмысының нәтижесін педагогикалық-тәжірибелік эксперимент  және қорытынды көрсеткіштері, салыстырмалы көрсеткіштер арқылы берген бірнеше үлгі сабақ жоспарларын ұсынған.Баланың тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгертуде әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануға болады. Қорытындылай келе, әдістемелік нұсқаулықты жариялануға тұрарлық деп есептеймін.

Дүйсебекова А.Е.

филология  ғылымдарының

кандидаты,  доцент

 

ҚАЗАҚ  ТІЛІН  ОҚЫТУДАҒЫ  САТЫЛАЙ  КЕШЕНДІ  ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге оқыту әдістерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады. Біз қолдайтындардың барлығы үшін қашық-тықтен оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз»,– деп білім беру саласына ерекше көңіл бөледі [1].

Елбасы Жолдауында баса назар аударылған инновация – педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту деген мағынаны білдіреді.
Инновация – жаңаша ойлау. Сондықтан да бүгінгі білім беру жүйемізге ұлттық дәстүрлерімізді сақтай отырып, өз бетінші ізденіп, жаңаша ойлайтын, бүгінгі ақпараттық технологияның қыр-сырын жете меңгерген, оны тек сапалы білім алу мақсатында қолдана білетін, елінің тарихын жастайынан қызыға оқып, әдебиетімен сусындаған, ана тілінің терең қатпарлары мен бүгінгі жаңа бағыттарын және бірнеше тілді жете меңгерген дара тұлға қалыптастыру басты бағыт болып отыр. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру.

Осы орайда Елбасының: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу...

...Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...» деген пікірлерін басшылыққа ала отырып, білім беру технологияларын жоғары оқу орындарына мақсатты түрде енгізуге міндеттіміз.

Кез келген технологияны білім беру үрдісіне енгізуде міндетті орындалуға тиісті бірнеше шарттар бар. Тікелей қазақ тіліне байланысты мынадай шарттар болуы қажет:

а) нысанаға алынып отырған технологияның теориялық және әдістемелік мәселелерін жан-жақты ашып көрсететін ғылыми-әдістемелік еңбек;

ә) технологияны сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасайтын бүгінгі күн талабына сай компьютер, аудио-визуалдық құралдармен жабдықталған лабораториялар;

б) сол технологияға бейімделіп жазылған оқу кешендері: бағдарлама, оқулық, оқу құралдары, әдістемелік және көрнекілік құралдар;

в) ең басты шарттың бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Себебі, кез келген технологияның білім беру үрдісіне дендеп енуіне тікелей қызмет ететін – мұғалім. Ол үшін мұғалім жаңа технологияны мең-геріп қана қоймай, өзі меңгерген технологияны өз іс-әрекетіне байланысты қолдана алуы, жетілдіре білуі, сондай-ақ, өзінің анализі, рефлекциясы арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының: «...егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды
сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек», – деген тұжырымының дұрыстығын, бүгінгі күні білім жүйесінде тереңдеп еніп, Қазақстанның әр облысында, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының
іс-тәжірибесінде қолданылып, сапалық нәтижесін беріп жүрген, өзінің бастау көзін кешегі алаш зиялыларының зерттеулерінен алған «Сатылай кешенді талдау» технологиясының ұлттық менталитетімізді ескере отырып жасалғандығына
көз жеткіземіз. Яғни, ұлттық төл технология дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде,
өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. Атап айтар болсақ, теориялық негізіне А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамалары басшылыққа алынса, ағартушылық негізі – Ыбырай, Абай, Шоқан т.б. еңбектерінен бастау алады.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу. Осы міндетті жүзеге асыру барысында бүгінгі педагогикада технология және инновация ұғымдары терең тамыр жаюда. Әсіресе, тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Жаңа формацияның мұғалімі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс – бұл уақыт талабы», - деген  сөзі мұғалімдерге жүктелген үлкен аманат іспетті.

Тілді тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңда Қазақстандық ғылымдардың озық технологиясымен жете танысып, меңгерудеміз, солардың бірі ғалым Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы».

Грамматикалық талдау – тіл сабақтарында берілетін білімді жүйелеумен қатар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттырып, танымдық дүниесін байытып, шығармашылық ойлауға дағдыландыратын ұтымды тәсілдердің бірі. Сондықтан сатылай кешенді талдау технологиясының басты нысаны – грамматикалық талдау. Тіл білімінің әр саласы жоғарыдағы көрсетілген деңгей бойынша жүйелі талданып  отырады.

Қазір заман талабына сай «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем? Сабақ кезінде оқушының жетістігін туғызсам, өмірге құштарлығын арттырсам деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Себебі әрбір жаңашыл ұстаз шәкіртінің шығармашылық жетістіктерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. Бүгінгі таңда алдына мақсат қоя отырып әрбір ұстаз «жай мұғалімді ұлы ұстаз деңгейіне көтеру. Себебі жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді,
ұлы ұстаз шабыттандырады». Әрине, бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығы
мен инновациялық технологияларды күнделікті іс-тәжірбиесінде тиімді де ұтымды қолдана білгенінде.

Жалпы, Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізі сатылай, жүйелі меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге машықтандыра оқыту. Аталмыш технология оқушыларға қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құралы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.

«Сатылай кешенді талдау технологиясының» мақсаты:

Барлық оқушыны табысты оқыту, білім – білік дағдысын қалыптастыру.

Білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін арттыру;

Шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми ізденіске жетелеу;

Тілдік материалды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту;

Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаға таныта, бағалай білуге баулу.

Талдау түрлерін үйрене отырып, оқуға қызығушылығы артады.

«Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, Н.А. Оразахынованың өзі айтқандай, бұл талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір-қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына үлкен ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, Сатылай кешенді талдау төл технологиясын сабақта тиімді пайдаланса, оқушылар көптеген білім-білік, дағдыларды игеріп, ана тілдің ұлттық құндылықтарымыздың бірі екендігін жете танып, оқулықта берілген лексикалық материалдар арқылы ана тілінің қадір-қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенемін. Себебі, «Сатылай кешенді талдау технологиясы» - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі».

Сонымен, сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.

Сатылай кешенді талдау – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту.

Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі.

“Сатылай кешенді талдау” технологиясының мақсаты: Қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру.

Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясының міндеттері:

  • Тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту.
  • Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру.
  • Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру.
  • Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.
  • Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.
  • Өз ана тілінің грамматикасын сауатты игеру.
  • Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп, терең меңгеруге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру.
  • Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу.
  • Талдаудың он деңгейін рет-ретімен жүргізе отырып, сатылай кешенді талдаудың түрлі амал-тәсілдерін меңгерту.
  • Интерактивті тақта, компьютерлік талдау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру.
  • Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау.
  • Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

Сатылай кешенді талдау технологиясының ерекшелігі:

  • Оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі.
  • Табиғилығы.
  • Дағдыға басым бағыт беруі.
  • Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі.
  • Оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру.
  • Оқушыларға берілетін білімнің саралануы.
  • Оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай міндетті деңгейде білім алуға еріктілігі.
  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
  • Ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі;
  • Оқу үрдісінде пәнаралық байланыстың мақсатты енгізілуі.
  • Барлық оқушыны табысты оқыту.
  • Оқу-танымдылық белсенділігін арттыру.
  • Білім-білік дағдысын қалыптастыру.
  • Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету.
  • Оқуды жеделдету.
  • Шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Ғылыми ізденіске жетелеу.

Сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытудың тиімділігі:

  • Мұғалім: мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетелейді.
  • Оқушы: белсенді субъектіге айналады.
  • Оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бақылау, бағалау, сын, пікір айтуға үйренеді.
  • Комплекс жүйесімен оқытқанда, пәндер бірігіп бір жолмен, бір арнамен ағып, араласып оқытылады.
  • Бірлескен ұжымдық әрекет етуге баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясымен оқытуда білім берудің он деңгейі басшылыққа алынады.

Олар: Бірінші деңгей. Тілдік бірліктерді толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау. Бірінші деңгейде оқушы:

Сауатты жазып, оқып, айтуға дағдыланады;

Тіл білімінің әр саласынан өтілген материалдарды жүйелі түрде түсініп, ғылыми тілде баяндауға машықтанады;

Сөйлеу мәнері белгілі жүйеге түсіп, әуезді сөйлеуге үйренеді;

Өзі талдап тұрған сөздің құрамын, құрылысын, буынын, дыбыстардың өзіндік ерекшелігін дұрыс ажыратып, жолдастарына, мұғалімге нанымды түрде жеткізуге бейімделеді;

Тыңдаушы оқушылар да назар қойып, жолдасының жауабын мұқият тыңдауға дағдыланады.

Екінші деңгей. Тілдік бірліктерді қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдау.

Тілдік бірліктерді қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдауда – айтылым g тыңдалым g жазылым түрінде жүзеге асады. Тыңдалым жайлы ғалымның пікіріне жүгінсек, тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын алғы шарттар:

1. Тыңдауға ұсынылатын мәтінде әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болу керек.

2. Үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет.

3. Тілді жақсы үйрену үшін тыңдалым бірінші сабақтан бастап, үздіксіз жүргізілуі тиіс.

4. Оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жөн.

5. Тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрысы.

Үшінші деңгей. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық сатылай кешенді талдау. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша ықшамдау принципімен өрнектеу айтылым бойынша ауызша толық сатылай кешенді талдау.

Бұл деңгейде де тілдік қатынастың бірінші – айтылым; екінші – жазылым; үшінші – тыңдалым әрекеттері қатар іске асады. Бұл талдау – күрделілігімен ерекшеленеді. Мұнда бірнеше сөз немесе сөйлем алынып, әр саты бойынша ұқсас ұғымдар жинақталып, талдау арқылы дәлелдеме жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ талдаудың бұл деңгейіндегі көзделетін мақсат оқушыларды ой ұшқырлығына баулу, танымдық дүниесін байыту.

Төртінші деңгей. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау. Тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципімен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау. Төртінші деңгей – оқушылардың алдыңғы игерген білім-білік, дағдыларын жинақтап, сауатты әңгіме әдісі қолданылады. Әңгіме әдісі туралы ғалым Т.А. Ильина былай дейді: “Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың сұрақ-жауап әдісі.
Ол оқу үдерісінің барлық буындарында қолданылады.

Бесінші деңгей.  Диалог арқылы талдау.

Бесінші деңгейдегі талдау үлгілері көбінесе ауызша орындалады. Бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын әрі жалғастырып кетуге машықтанады. Әрі мұндағы іс-әрекет көбіне ойын түрінде жүргізіледі.

Ұлы педагог В.А. Сухомлинский: “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды” дейді. Демек, оқушының ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Адамның жан-дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әртүрлі. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбиелік психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаны тани біледі.

Алтыншы деңгей. Жат жазу. Оқушылардың сатылай кешенді талдау арқылы меңгерген теориялық білімдерін жатқа жаздыру арқылы:

а) теориялық білімді меңгеру деңгейін;

ә) талдауды сауатты жүргізу машығын;

б) орфографиялық сауаттылығын;

в) тыныс белгілерді дұрыс қою дағдысын байқаймыз, қорытынды шығарамыз, келесі сабақтарда қатемен жұмыс жасалады. Осы арқылы мұғалім әр оқушының тілдік материалдарды талдау деңгейін анықтайды. Ең бастысы, келесі уақытқа талдау деңгейіне берік негіз қаланады. Өйткені уақытқа талдаудың негізгі қағидаларының бірі – сауатты талдау.

Жетінші деңгей. Уақытқа талдау: а) Өте жылдам – 3 минутта; ә) Жылдам – 5 минутта; б) Баяу – 7минутта.

Бүгінгі қоғам автоматтандыру кезеңінде өмір сүріп жатыр. Сондықтан білім беруде де жылдамдық, қарқынды оқыту, техникалық, аудио-видео құралдарды кеңінен қолдану өріс алуда. Бұл тұста да халқымыздың біртуар азаматы Ж.Аймауытовтың дидактикалық ұстанымдарына жүгінеміз: “Оқыту жігерлі болсын, жігерсіз, жосық жұмыстан жайда да, бала оқытқанда татымды береке шықпайды. Әсіресе бала оқыту жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс. Оқыту баланың ішін пыстырмаса, тез қажытпаса оқушы жұмысты ынтамен істесе, оқытудың ширақ болғандығы. Баланы қажытпау үшін берілетін мағлұматтар, ұқтырмайтын заттар алмасып отыру керек. Мұғалімнің басқасын кешуге болса да, баланы болжырап, еңсесі түсіп оқытқанын кешуге болмайды. Жігерлі болу – мұғалімнің сүйегіне біткен сипаты. Туыста жігерсіз, отсыз мұғалім сыртқы түрінде қандай оңтай, қандай әдіс қолданып оқуын түрлендірем дегенмен мәз береке шықпайды. Үйтсе де, оқытудың әдістерін дұрыс қолданса, сабақты едәуір ширатуға болады. Сондықтан мұғалім сөзін де, сыртқы әдістерін де сабақты қыздыру жағына орайлау тиіс. Мұғалімнің есінде болатын нәрсе, өтінумен, жалынумен яки күшпен баланың мінезін тәрбиелеу мүмкін емес. Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында ғана жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуаттарын жетілтіп, тәрбие де бере алмайды”.

Сегізінші деңгей. Компьютерлік талдау.

Тоғызыншы деңгей. Ашық тест. Бақылаудың бірнеше түрі бар. Солардың бірі – тест. Тест – оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың тиімді әдісі.
Тест – белгілі бір деңгейдегі әрекетті орындауға арналған тапсырмалар жүйесі. Тест жұмысы – оқушылардың игерген білімін тексеру мен бағалау, танымдық әрекетін, ізденімпаздық деңгейін, оқу әрекетіндегі әдістер мен тәсілдердің тиімділігін анықтау жолы ретінде қарастырылады. Бұл – оқушының білімін, біліктері мен дағдыларын тексеріп, бағалауда, сондай-ақ олардың шығармашылық
қабілеттерін анықтаудағы ең тиімді әдіс.

Тест жұмысын ұйымдастыруда мына төмендегідей дидактикалық шарттар орындалып отыру керек:

1. Тест мұғалім өткен материалды оқушылардың толық меңгергендігіне көз жеткізген кезде өткізіледі. Егер тақырыпты немесе бағдарлама бөлімін толық игермеген болса, онда бақылау жұмысын алмай, оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырып, бағыт-бағдар беру керек.

2. Оқушыларға тест болардан бір-екі апта бұрын хабарлап, соған байланысты дайындық жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушының тестке дайындық дәрежесін анықтау үшін алдын-ала тексеру жұмысын өткізген пайдалы.

3. Тест өтілген материалдың негізгі мазмұнын қамтып, берілген сұрақтар олардан тапқырлық пен шығармашылық талап ететіндей болғаны өте маңызды.

4. Тест өткізу барысында оқушылардың өз бетінше орындауын қадағалап, бір-біріне көмектесуге жол бермеу керек.

5. Тест аптаның бірінші бөлігінде және екінші, үшінші сабақтарда өткізіледі. Аптаның соңғы күндері немесе соңғы сабақтарда өткізу дұрыс емес. Себебі оқушылардың сабақ соңында шаршауы тестің төмен нәтиже көрсетуіне әкеліп соғады.

6. Мұғалім тесті сол өткізген мезетте тексеріп, оған дұрыс баға беруі керек, оқушылардың жіберген қателерін классификациялап, келесі жұмыс-тарда ол қателердің қайталанбау жолдарын қарастырады.

Білімді бақылауда тестің мынадай түрлері қолданылады:

1. Қолданылу мақсатына қарай диагностикалық, прогностикалық (алдын ала қабілетін таныту) болып бөлінеді.

2. Бақылау түріне қарай күнделікті, қорытындылау, аралық болып бөлінеді.

3. Құрылысына қарай бақылаушы, анықтаушы және үйретуші болып бөлінеді.

4. Тапсырмалардың сипатына қарай күрделі және жылдам орындалатын тестілер.

5. Жүргізілу, орындалу түрлеріне қарай дербес және топтық тестілер.

6. Жауаптарын таңдау қабілетіне қарай таңдаушы және еркін жауап түрінде болады.

7. Тест мазмұнына қарай тілдік, сөйлеу, коммуникативтік болып бөлінеді.

Тәжірибеде көбірек қолданылып жүрген тест жабық және ашық тестер. Ал біздің технологиямыздың талаптарына ашық тест сәйкес келеді.

Оныншы деңгей. Шығармашылық жұмыс. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығын өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да, ал өзін-өзі шынайы болмысында бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жетілдіруге, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Қорыта келгенде, білім сапасын арттырудағы педагогикалық техноло-гиялар туралы айтылған ой-тұжырымдарды саралай келе, төмендегідей тұжырым жасауға болады:

- білім алушыларға сапалы білім, білік берудегі педагогикалық технологиялардың түрлері сан алуан, оларды өз тәжірибесіне енгізуді таңдау және одан нәтиже алу оқытушының кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты;

- педагогикалық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана нәтижеге жетуге болады;

- білім беру үдерісіне мақсатты түрде педагогикалық технологияларды енгізу материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай болуын қажет етеді.

Сатылай кешенді талдау − қазақ тілін оқыту технологиясы болып табылады.

1. Сатылай кешенді талдау технологиясының теориялық негізі ретінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады; 2. Ыбырай, Абай, Шоқан т.б ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді; теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш. Оразбаеваның тілдік қатынас (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) теориясына негізделеді; 3. Ұрпақтың тілін дамытуда ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеу ге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын жаттату, ьәтін, тіл дамытуі тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пайдаланылады;
4. Педагог-ғалым Г.К. Селевко ұсынған педагогикалық технологияларды талаптарына сүйенеді. Сатылай кешенді талдау технологиясының авторы — белгілі ғалым Н.А. Оразахынова. Н.А. Оразахынованың пікірінше, сатылай кешенді технологиясы дегеніміз − оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыра оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жұйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі − жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты ерекшелігі төмендегілей болып сараланады: оқу материалының жүйелігі, бірізділігі; табиғилығы; білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі; оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру; оқушыларға барілетін білімнің саралануы; оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі.

Сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты:

Тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту; Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру; Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру;
Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе бңлуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдыретін басқаларға таныта , бағалай білуге баулу; Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру; Өз ана тілінің грамматикалық ерекшклігін өзге тілді үйренуде тірек етіп алуымен қатар, салысьтыруға, ерекшелігін сауатты түрде ажырата білуге үйрету; Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп; терең меңгепуге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру;

8. Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу; Талдау деңгейңн рет-ретімен жүргізе отырып, сатылай кешенді талдауды түрлі амал-тәсілдерін меңгерту; Компьютерлік талдау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру. Сатылай кешенді талдау технологиясы − дамыта оқыту идеясына негізделген. Ғалым Н.Оразахынова зерттеуіне сүйенсек, сатылай кешенді талдау технологиясы төмендегідей ұстанымдарға негізделген:

1. Ғылымилық ұстаным дегеніміз − жеке пәндер бойынша мектепте оқытылатын ғылымды фактілер, ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуда көрінеді.

2. Жүйелілік ұстанымы. Ұлттық білім беру жүйесінің басты мақсаты-оқушыға терең, мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім беру. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелібілім берудің басты мақсаты-адамды ғылыми ойлауға, болмысты тануға, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін жетік білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттіліктер туғызу. Осының нәтижесінде оқушы бір ғана салалық білім алумен шектелмей, жан-жақты білім алуға, өзін қоршаған дүниенің зандылықтарын тұтастықта қабылдауға қалыптасады.

3. Деңгейлік ұстаным − сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлік ұстанымы он деңгейден тұрады:

Бірінші деңгей − тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау. Бұл деңгейде мұғалім тіл салаларының әртүріне негіз етіп алынатын сызбаларды басшылыққа ала отырып, тілдік анықтамаларды оқушының ұғымына сай, түсінігіне жеңіл дәлелдемелер түрінде қатесіз жазбаша түрде ұсынады.

Екінші деңгей − тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдау.

4. Саналылық ұстанымы − талдауға берілген материалды оқушының құрғақ жаттамай, терең түсініп, саналы меңгеруі, Саналылық ұстанымы оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу мүмкіншілігімен тығыз байланысты.

5. Белсенділік ұстанымы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің бірі-оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Белсенділік ұстанымының негізгі бір үдерісі − есте сақтау.

6. Сабақтастық ұстанымында сатылай кешенді талдау тіл білімінің барлық салаларымен сабақтаса жүргізіледі. Сабақтастық − үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі сипаттамасы болып табылады. Сатылай кешенді талдаудағы сабақтастық − оқушылардың сатылай кешенді талдауды біртұтас қабылдауы.

7. Шығармашылық ойлауды қалыптастыру ұстанымы − бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыны меңгңртіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаналықтар ашатын, біртума қабілетімен ерекшкленетін жеке тұлға қалыптастыру ұстанымы.

8. Тәрбиелік ұстаным. Талдаудың лексикалық бөліміне ұлы ғұламалар сөздері мен нақыл сөздер, осы заманға әйгілі адамдар өмірі мен істеріне арналған тәрбиелі сөздер алынады. Мұндай даналық сөздер оқушыларды халқының өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып сараптай білуге жетелейді.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы сатылай кешенді оқыту технологиясының маңызы.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру  кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі – білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып,  білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.

Осы міндетті жүзеге асыру барысында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары жасалып, оның мақсаты, міндеттері айқындалды.

Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.

  • Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламаларды ұлттық сипатқа сай жасау.
  • Білім беру үдерісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді әзірлеу.
  • Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
  • Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі жаңа ағымға қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың   негізгі жеті тетігін (механизмдерін) бөліп көрсетеді.

Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының меңгерген теориялық білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді  сіңіруі керек. Олар: басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштауы); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның  өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын.

Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің  бастысы екендігі алаш арыстарының ой-пікірлерінен де анық аңғарылады. Атап айтар болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптары кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне сүйеніп жазылу керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады.

Кітап жазушылар ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына сай кітап шығуы қиын». «Пән сөзін пән маманы, кітапты жазушы шығару керек. Бір ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді.Сондықтан да жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай, оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың талаптарына сай жазылуы тиіс. Оқулық оқушының білім, тәрбие алатын басты құралы болғандықтан жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығы да баланың жас ерекшелігі ескеріле отырып қамтылуы тиіс. Авторлар оқулықты жазарда оқушының зерттеп, зерделеп, олардың түсінігіне, қызығушылығына сай болатындай, функционалдық сауаттылықтың тетіктері орындалатындай етіп жазулары тиіс.

Жалпыға білім беретін орта мектеп стандарты негізінде жазылатын мектептердегі оқулық негізгі құзіреттіліктерді басшылыққа ала отырып дайындалуы қажет.

Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі (механизмі) – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің  оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни білім беру технологияларын мақсатты түрде оқу үрдісіне енгізу арқылы жаңа бағытта жұмыс жасауға міндетті. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Қазіргі күнде  мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде  шетелдік, отандық технологиялардың қолданылып жүргендігі баршаға аян. Солардың бірі – жалпы білім беретін орта мектептерде мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар тарапынан қолдау тауып келе жатқан профессор,педагогика ғылымдарының докторы  Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы.

Сатылай кешенді оқыту дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді оқыту оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – бұл қазақ ұлтының төл туындысы деп айта аламыз. Себебі, ұлттық төл технология дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын, т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар, Алаш арыстары мен қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады.

«Сатылай кешенді оқыту» төл технология деп атауымызға, біріншіден, Алаш арыстарының психология, педагогика, әдістеме ғылымдарындағы ұлттық құндылыққа негізделген пайымдаулары ықпал етсе, екіншіден, ресейлік технолог-ғалым В.М. Монаховтың мына бір пікірі осы технологияны жасауға басты түрткі  болды: «Егер сіздер өзге елдің технологиясын білім саласына енгізсеңіздер, онда өздеріңіздің ұлттық құндылықтарыңыздан айырыласыздар».

Бұл технологияның мақсаты – қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген  жан-жақты білімді,  мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру.

Осы мақсаттың орындалуы үшін төмендегідей міндеттер басшылыққа алынады.

- Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен  қолданыстағы ерекшелігін, сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық  дүниесін  қалыптастыру.

- Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол  арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

- Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

- Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп, терең меңгеруге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру.

- Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа  баулу.

- Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау.

- Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

- Сатылай кешенді оқыту арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру.

- Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету.

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы алғаш қазақ тілінен бастау алғанымен бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің қолдауымен он үш пәнге енгізіліп отыр.

Оның дәлелі «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен білім алып отырған оқушылар мен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің жыл сайынғы жетіп отырған жетістіктері, яғни мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестте жоғары пайыздық көрсеткішке жетуі және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының республикалық ауызша командалық олимпиадасына республиканың әр өңірінен бірінші сыныптан бастап, орта, жоғары буын сынып оқушыларымен қатар колледж және жоғары оқу орындары  студенттері  қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Ол туралы республикалық және әр өңірдегі баспасөз құралдары мен теле-радио хабарларынан мағлұматтар беріліп тұрады.

Ал, функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне (механизміне) тоқталар болсақ, оған қосымша білім және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функционалдық сауаттылықтың төртінші механизмі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, олар баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенін өмірде  пайдаланатын болады.

... Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,– деп бүгінгі заманауи білім беру талабына сай  функционалдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егер де біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функционалдық сауаттылықтың төртінші механизмі өз дәрежесінде жүзеге асады.

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі (механизмі) –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Мұндай мектептерді басқарумен қатар ондағы атқарылатын жұмыстардың да өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үдерісрдістен шығуы тиіс. Сонда ғана ол мектептердің өзіндік ерекшеліктері айқын көрінеді.

Алтыншы тетігі (механизмі) – барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі  жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісім шартқа отырып, оқушылардың мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын  анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.

Функционалдық сауаттылықтың жетінші – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни, ата-ана баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Ол үшін ата-ана баласының сабақ үлгерімін, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігін, қосымша білім алу жолдарын үнемі қадағалап отыруға міндетті. Сонда ғана мұғалім мен ата-ананың бала тәрбиелеудегі алға қойған мақсаттары орындалады.

Бірақ өкінішке орай біріншіден, көп ата-аналарымыз жұмыс бастылықты сылтау етіп, бұл мәселелерге немқұрайды қараса; екіншіден, балаларына жарқ-жұрқ еткен әдемі дүниелер әперсек олар жақсы оқиды, тәртіпті, ақылды  болады деп ойлайды. Көп жағдайда мұның бәрі ата-ананың өзін-өзі алдаусыратуы болып жатады. Ал, мектеп болса ата-ананы тек жиналысқа емес, ашық сабақтарға, балалардың арасында өткізілетін түрлі шараларға келулерін міндеттеп отыруға тиіс. Сонда ғана екі жақты тәрбие мен білім беру жүйесі жүзеге асады. Бұл жағынан біз, қытай халқының бала тәрбиесіндегі өнегесін алуымыз керек. Олар баланың біліміне, тәрбиесіне  мектепті, мұғалімді  емес ата-ананың өзін жауапты етеді. Егер баласы үй тапсырмасын  мезгілінде және дұрыс орындамаса, оған тікелей ата-ана жауапты. Осы мәселе шектен шығатын болса,  мектеп басшысы баланы ол мектепке қабылдамауға толық құқылы.

Сондай-ақ ата-ана өзі қызмет ететін орында бала тәрбиесіне тікелей жауап беруге мәжбүр болады. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

Қорыта келе, Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алынуы қажет.

Әлемдік даму бәсекелестікке негізделген. Шынайы жарыс, адал бәсеке Әлемнің бейбіт дамуының кепілі. Ендеше, білімнің сапасы − өмірдің сапасы болып табылады.

Ғалым Н.А. Оразахынова сатылай кешенді талдаудың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтеді: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Білімді жүйелеу. Жекелеп оқыту. Ынтымақтастық қарым-қатынас. Жаңа тақырып бойынша. Талдаудың түрлерін, ерекшелігін білуге ұмтылады, талдаудың қызықтығы, еркіндігі, аясының кеңдігі оқушының білім алуға деген ұмтылысын ұлғайтады. Тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті артады. Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді. Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс − орын алады. Көрнекілік және техникалық құралдарды пайдалану. Сатылай кешенді талдаудың өзегі − тірек-сызбалар.
Тіл білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылған. Әр саты бір-бірімен үндесіп, бір-біріне сілтеме жасап, бір-бірін толықтырып, тұтас кешенді береді. Сатылай кешенді талдау технологиясы тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық даьуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық қасиеттерінің жан-жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрі. Оқушы − білім алуда негізгі психологиялық үдерістерді басынын кешуші субъект. Қазіргі кезеңде педагогика-психологияның өзекті мәселелері қатарында оқу-танымдық қызмет жүйесінің маңызды екі компоненті − мұғалім мен оқушының «субъект − субъектілік » қарым-қатынасы мәселесі қойылып отыр. Оқу үдерісінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға ерекше орын беріледі.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде тіл білімі салаларын оқыту − тілдің ең кіші бөлігі фонетикадан басталатыны белгілі. Сатылай кешенді талдау технологиясы да бұл дәстүрді сақтайды. Сондықтан да сатылай кешенді талдау қазақ тілінің төл технологиясы екендігін айта келіп, жас мамандарға көмек ретінде тіл білімінің фонетика саласы бойынша өтілген сабақ үлгісін ұсынып отырмын.

 

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ПӘНІ: ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Қазақ тілінің төл технологиясы сатылай кешенді талдау арқылы фонетикадан алған теориялық білімдерін қайталау. Сөздерге ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімді бекіту, тиянақтау.

2. Дамытушылық. Тіл байлығын ауызша, жазбаша арқылы дамыту. Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. Ана тілін құрметтеуге, ұлы тұлғалардың өсиеттерін бойына сіңіре отырып адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау, жинақтау сабағы.

Әдісі: Тілдік талдау, тест жұмыстары, ойын элементтерін пайдалану.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта материалдары, үлестірмелі қағаздар,
                                        ұялы телефондар.

Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ жабдықтарын бақылап, назарларын аударту.

2. Сабақтың негізгі бөлімі:

 

1 - тапсырма. Диалогті талдау «Телефон» ойыны арқылы жүргізіледі.

 

Жүргізуші: Қожабекова Айнұр.

 

«Отқа күйгеннен де, ұятқа күйген жаман» мақалындағы «Отқа» сөзіне фонологиялық талдау жасау.

 

- Эльдар, сәлеметсің бе? Мен үй тапсырмасын орындап отыр едім. Көмек бересің бе?

- Иә, көмектесемін.

- Отқа сөзі қандай буынды сөз?

- Бұл сөз айтылу, жазылу, жасалу жолдарына қарай жуан буынды сөз.

- Неге?

- Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

- Бұл сөзде қанша буын бар?

- Бұл сөз от - қа болып екі буынға бөлінеді.

- Неге?

- Себебі сөз құрамында екі дауысты дыбыс бар. - от буыны тұйық буын.

- Неге?

- Себебі буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

- Қа буыны ашық буын.

- Неге?

- Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.

- Бұл сөз қалай тасымалданады?

- Бұл сөз от - болып 1 жағдайда тасымалданады.

- қа

- Неге?

- Себебі сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.

- Екпін сөздің қай дыбысына түсіп тұр?

- Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбысына қарай ығысып отырады. Сондықтан екпін қа буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.

- Бұл сөзде буын үндестігі бар.

- Неге?

- Себебі түбірі от жуан болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның қа жуан нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның ке жіңішке нұсқасын алмаймыз.

- Бұл сөзде түбір мен қосымшаның арасында дыбыс үндестігі ілгерінді ықпал бар.

- Неге?

- Себебі түбірдің соңғы дыбысы т қатаң болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының қ қатаңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның ға ұяңнан басталатын нұсқасын алмаймыз.

- Рахмет, сау бол.

- Сау бол.

 

2 - тапсырма. Сұлу, гүлдер сөздеріне қысқаша жазылым бойынша фонологиялық талдау жасаңыздар.

1. Жуан. б. с.

2. Сұ - лу

    а. б а. б

3. Сұ - лу

4. Сұ - лу/

5. + -

6. С + л - 0

 

3 - тапсырма. Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» - ой толғау.

Сергіту сәті. Кім жылдам? Дүниежүзілік сөзінен бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздер шығару.

 

4 - тапсырма. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беріңіздер.

Астана сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

 

5 - тапсырма. Тест жұмысы.

 

Сабақты бекіту: Нені үйрендім?

Бағалау.

Үйге тапсырма: Өнеге сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

Қорыта айтқанда, сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ өткізу барысында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді. Яғни, бір сабақ үрдісінде бүкіл тарау бойынша берілген білім түгелімен қайталанып, қорытылады; сабақ барысында бүкіл сынып оқушыларының белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі; оқушылардың ізденісі артады, түрлі әдебиеттер мен сөздіктер, анықтамалар және мерзімді басылымдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игеруге көмектеседі; оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді; көп сөзділіктен аулақ болады; оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды; шығармашылық қабілеті артып, оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Жаңа және пайдалы әдістердің бірі – қазақ тілі пәнінде жүзеге асырылатын сатылай комплексті талдау әдістемесін қазақ тілінің барлық салаларын (фонетика, лексика, морфология, сөзжасам, синтаксис) жүйелі әрі сапалы меңгерумен қатар басқа пәндермен тығыз байланысты оқытуды да көздейді.  Оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығы мен әдеби тіл формасын үйрете отырып, шығармашылық жұмыс істеуге баулу – осы әдістің басты міндеті.

Сатылай комплексті әдісін жүргізуде әр сатылардың көрсетілген жүйесін қатаң сақтау керек. Өйткені талдау сатысы теориялық материалдардың оқулықтарда берілу жүйесі мен педагогикалық жүйелілік – бірізділік принципіне негізделіп жасалынған. Сондай-ақ, оқушының теориялық материалды үнемі бір жүйеде баяндауына лайықталып берілген. Бұл үнемі жүйелі баяндалған білім дағды арқылы оқушының есінде ұзақ сақталады. Белгілі дағды арқылы оқушы ұғымында тұрақтаған білім оқушы жадында ұзақ сақталып, қажет болған жағдайда оңай естеріне түсірілуіне болады. Қалыптасқан сызба бойынша теориялық білімді баяндауға дағдыландыру үшін логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында белгісіздік пен өрнектелген түрлі сызбалар, кестелер ұсынылады. Ол үшін оқушы теориялық білімді сызба арқылы баяндауға жаттығу – басты шарт.

Тілдік материалды сатылай кешенді талдай меңгерту – тіл білімі салаларын толық игеруіне мүмкіндік беретіндігін өзім сабақ беріп жүрген
3 сынып оқушыларының қызығушылығынан байқадым. Оқушылар талдау жұмысын жүргізуге жеке дәптер арнаған. Әр материалды меңгерте отырып, практикада қолданып, оқушылардың теориялық білімі мен практикалық біліктілінің ұштасатындығын тәжірибемде байқауыма мүмкіндік туды.

Бастауыш сыныпта тіл білімінің фонетика сабағын оқытуға бірнеше сағат бөлінеді. Негізінен, дыбыстардың жіктелуін, тасымал, екпін, үндестік заңын толық оқып болған соң, сөзге фонетикалық талдауды сатылап жүргізуде фонетикалық талдаудың сызбасын басшылыққа алып, сызбада көрсетілгендей рет-ретімен талдаудың тәртібін үйретуден бастадым.

Фонетикалық талдауды сатылай кешенді түрде жүргізгенде жеңілден күрделіге қарай ең әуелі түбір сөз, онан соң бір қосымшаны, одан кейін екі қосымшалы сөзді талдауды үйреттім.

Фонетиканы өткенде дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру оқушылардың қызығушылығын оятады.

Мысалы:

Берілген сөз: кітаптар

- дыбыс белгісі = о

- дауысты дыбыс белгісі

- дауыссыз дыбыс белгісі

Дауысты дыбыстарды талдау

1) Тілдің қатысына қарай

2 (а, а) жуан

3 ----------------------------

1 (і ) жіңішке

 

2) Жақтың қатысына қарай

2 (а, а) ашық

3 ----------------------------

1 (і ) қысаң

 

3) Ерін мен езудің қатысына қарай

3 (а, а, і) езулік

3 ----------------------------

еріндік

 

Дауыссыз дыбыстарды талдау

1) Үн мен салдырдың қатысына қарай

4 (к, т, т, п) қатаң

5 ----------------------------

1 (р ) үнді

 

Морфологиялық талдау үлгісі:

Берілген сөз: дәптер

1) Бұл сөз бір құрамнан тұрады

2) Тұлғасына қарай: негізгі

3) Құрылысына қарай: дара

4) Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар

5) Лексикалық мағынасы − оқу құралының атауы

6) Грамматикалық мағынасы − зат есім

7) Сұрағы: не?

8) Мағынасына қарай: жалпы зат есім

деректі зат есім

 

Бұл технологияны сабақта пайдаланудағы күтілетін нәтиже:

1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

2) Ойлау қабілеті артады

3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.

Қорыта айтқанда, сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ өткізу барысында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді. Яғни, бір сабақ үрдісінде бүкіл тарау бойынша берілген білім түгелімен қайталанып, қорытылады; сабақ барысында бүкіл сынып оқушыларының белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі; оқушылардың ізденісі артады, түрлі әдебиеттер мен сөздіктер, анықтамалар және мерзімді басылымдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игеруге көмектеседі; оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді; көп сөзділіктен аулақ болады; оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды; шығармашылық қабілеті артып, оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

 

ПӘНІ: ДҮНИЕТАНУ

 

Тақырыбы: Топырақ

Мақсаты: Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу.

Міндеті: Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе білу қабілетін дамыту.Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулу. Өзіне деген сенімділікке баулу.

Нәтиже: Топырақ жайлы және оның құрамы туралы біледі, тәжірибе арқылы көз жеткізе біледі.

Сабақтың типі: тәжірибелі, жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: ана тілі, география.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы.

Ресурстар: тәжірибе жасауға қажет заттар, физикалық карта, суреттер,

 

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топтарға бөліп алу. Оқушылардың қолына суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша «Туған жер», «Туған тілім», «Туған ел» топтарына бөлінеді.  Әр топ өз топтарына байланысты өлең шумақтар оқиды.

Психологиялық дайындық: Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады.
Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.

Яғни, мен ақылдымын.

Білімділік деген мен,

Күш деген мен

Табиғатты сүюші мен

Отанды қорғаушы мен

Сауаттылық деген мен

Жастық шақ деген мен

Денсаулық деген мен

Бәрі біздің қолымызда,

Үй тапсырмасын тексеру: Судың маңызы.

Үш топтан үш оқушы шығады. Мәтінді бөлімдерге бөліп мазмұнын айтады.

1. Суға байланысты жазған шығармасын, мақал-мәтелді, жұмбақтарын оқыту.

2. Судың қасиеттері жайлы, оларды қалай байқауға болатыны туралы жеке-жеке мысалмен дәлелдету арқылы сұрап өту.

Өткенді пысықтау.

- Қазір балалар, қай жыл мезгілі?

- Қыс айларын атайықшы?

- Қандай еңбек түрлері атқарылады?

Ребус шешу. Ребусты шешу жауап арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады.

Жауабы: Топырақ

Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Балалар, осы топырақ дегеніміз не? Әрбір оқушының ойын тыңдау.

Қортынды шығару.

Мұғалім түсіндіруі:

Топырақ дегеніміз − жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты. Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан-жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады. Топырақ − құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен. Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.

Кітаппен жұмыс. Іштей оқу

Топтар бөліп оқиды. Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту.

Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.

Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?

- Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?

(Қорытындыны тақтаға іліп отыру)

 

«Туған жер» тобы

1 - тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?

Бұл ауа. Ол қайдан шықты?

А У А

 

«Туған тілім» тобы

2 - тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?

Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.

С У

 

«Туған ел» тобы

3 - тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?

Өсімдік қалдық, тамыр жанды.

Ш І Р І Н Д І

 

3 Топпен жұмыс

4 - тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.

Лайланған суды тұндырып қойдық.

Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.

Қ Ұ М

С А З

 

Дәптермен жұмыс. Топырақ құрамын жазғызу.

Сабақты бекіту. Венн диаграммасы бойынша Су мен топырақты салыстыру. Қорек көзі Топырақ, Тіршілік бесігі, Жер.

Картамен жұмыс:

- Балалар қарайықшы, картадан қандай түстерді көруге болады?

Жасыл, сары, қоңыр, көк, т. б.

Олар нені білдіретінін сұрау.

- Бұл біздің жеріміздің кең екенін, алуан түрлілігін, табиғатымыздың әсемдігін көрсетеді.

Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап, сүйіп өтуіміз керек.

Құмды сазды, шіріндіні тұрмыста пайдалануды әңгімелеу. (Әр топтан бір оқушы)

Бағалау. Өзіндік бағалау.

Үйге тапсырма:Шығармашылық тапсырма

ПӘНІ:  ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Тақырыбы:  Сұраулы сөйлем

Мақсаты:сұраулы сөйлем туралыбілімдерін толықтыру керек, тиянақтауға мүмкіндік жасау.

Міндеті: өзбетінше жұмыс жасауға баулу; оқушылардың оқу- әрекетіменшұғылдануы арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттеріндамыту; кез келген уақытта бір- біріне көмекке келуге тәрбиелеу.

Нәтиже: сұраулы сөйлем туралы білімдері толығады, тиянақтауға мүмкіндік болады.Сауатты жаза біледі..

Әдіс- тәсілдері: танымдық ойлау әдістері, көрнекілік, сұрақ- жауап.

Ресурстар: жеке суреттер, тірек- сызба, кесте.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі .Сыныпты қапшықтан асықтарды таңдап алып, сандарға сәйкес 3 топ үстеліне /А, Ә, Б үстелдері/ бөліп отырғызу.

Үй тапсырмасын тексеру:  Сурет бойынша құраған сөйлемдерін оқыту. «Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқылады. /Сұрау белгісін бала қолына ұстап көрсетіп оқиды./

Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,

Саған осы не керек?

Сұрау белгісі: Маған ең алдымен, сұраулық шылау керек.

Олар жазылуға тиіс бөлек, екіншіден,

Сұраулық есімдіктер керек.

Олар қатысқан сөйлемдер соңында

Ойлашы өзің, не келеді?

«Киноға барамысың? Жаңа газет аламысың?»

Деген секілді сөйлемдерде, кей оқушы сен секілді,

Тыныс белгісін қоймай кетеді. Өзің айтшы білсең,

Осылардың соңында, қандай белгі келеді?

Дауыс ырғағын да ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тескер деймін!

Мұны білмесең, бала, онда ісің шала!

(«Қызықты грамматика», 1984)

— Сұраулы сөйлем болу үшін қандай сұраулық шылау, сұраулық есімдіктер керек? /3 топтан мысал келтірту арқылы жауапты қорытындылау/

 

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары

Дауыс кідірісі

Сұраулық шылау

Сұраулық есімдігі

 

ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою: Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарымен танысамыз.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Кітаппен жұмыс, жаттығуларды орындау барысында сұраулы сөйлемде «неге, қандай, қалай т.б.» сұраулық мағына беретін сөздер қолданылатыны, сұраулы сөйлемнің өзіндік интонациясы болатыны меңгертіледі.

Дәптермен жұмыс (Дәптермен жұмыс ережесін еске салу)жаттығу

Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалыңжауды ма?

Терме диктанты. Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз. Сұраулық есімдік пен шылауды тап. /әр үстелден 1 оқушы түсіндіріп талдайды/.

Шегене деген немене?

Соны білгің келе ме?

Шамалы, азды, шағынды

Бабалар деген шегене.

(М. Әлімбай)

 

Сергіту сәті:

Күннің көзі біздерді,

Жаттығуға тұрғызды.

«Бір» дегенде қолымыз,

Көтерілсін жоғары.

Ал төбеде көк шалғын,

Сыбдырлайды көңілді.

«Екі» деген кезде сен,

Түсіре қой қолыңды.

ІV. Бекіту:

 

А үстелі

Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Ақсары

Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.

 

Ә үстелі

Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Әншi

Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.

Б үстелі

Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Қараторғайлар

Жер тез кептi Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.

 

Ребус:  жаттығу

Жауабы: Кітапхана, қамқорлық. Сөйлемдер құрату.

 

Графикалық диктант. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.

 

V. Қорытынды:

Сұраулы сөйлем

Сұраулық шылау

Сұраулық есімдігі

   

VІ. Бағалау

Әр топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні

№1

№2

№3

Қорытынды баға

1.

2.

       

 

VІІ. Үйге тапсырма

 

 

 

ПӘНІ: МАТЕМАТИКА

 

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: білім, білік, дағдыны,  іскерлікті  қалыптастыру, қосу және азайтудың ауызша тәсілдері тарауындағы алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, тиянақтау.

Міндеті: Оқушылардың есеп шығаруға деген  ынтасын, қызығушылықтарын арттыру. Әр оқушының қабілеті мен білім деңгейін анықтай отырып, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттеріндамыту. Өздігінен жұмыс жасауға, тазалыққа, ұжымдық жұмысқа, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Нәтиже: өткенді еске түсіре есептер шығара біледі, сауатты жаза есептей біледі.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, есептерді шығару

Ресурстар: Анықтамалық кесте, топшама....

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

  1. Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

(құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.)

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мысал:  4 (Теңдікті толықтыр)

 

100-7= 93                  93+7=100                  48+2=50               90-7=83

100 -5=95                  95+5=100                  50-8=42                88+2=90

 

Есеп: 5 (қысқаша белгілеп шығару)

Болғаны - 85 теңге

Қалам - 30 теңге

Альбом - 40теңге

Қалды - ?

Шешуі: 85-(30+40)=85-70=15

Жауабы: 15 теңге қалды.

 

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. Қызығушылықты ояту

«Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақты еске түсіру.

Оң жақтағы  -   60       1 сағатта неше минут бар?  (60 минут)

Ортадағы      -   50       1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)

Сол жақтағы -  70        1 дм неше см бар? (10 см)

Оң жақтағы   -  30        1 аптада неше күн бар? (7 күн)

Сол жақтағы -  10        1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

Ортадағы       -  40        1 жылда неше ай бар? (12 ай)

 

ІV. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

Оқулықпен  жұмыс

Мысал:2  (Жазбаша тақтаға орындату)

23+7=30                 67+3=70            48 см + 2 см = 50 см

56+4=60                 94+6=100          88 см + 2 см = 90 см

30-7=23                  100-6=94             9 дм – 2 см = 88 см

Есеп: 2

1. Есептің мазмұнын оқыту.

2. Талдау  (Не белгілі, не белгісіз)

3.  Қысқаша белгілеп шығарту.

а) 1-вагонда - 35 ж.

2-вагонда-?,  5 ж. артық      ?    Шешуі: 1) 35+5=40    2) 35+40=75

Жауабы: 2 вагонда 75 жолаушы

ә) 1-вагонда - 35 ж.

2-вагонда - ? ж.       75ж.        ? артық       

Шешуі:  1) 75-35=40    2) 40-35=5

Жауабы: 2 вагонда 5 жолаушы   артық

Мысал:6

Өрнектерді оқу, олардың мәнін табу.

Тақтаға топшамалар ілінеді, реті бойынша өрнекті тауып, мәнін шығару.

а) 83-(45+5)=33

ә) 37+(26-6)=57

б) 50+25+5=80

в) 35+5-20=20

г) (82-13)+3=72

 

Ой толғау. Ауызша сұрақтарға жауап беру. №-5

А) Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?

Ә) Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?

 

VІ. Қорытынды: Шығармашылық есеп, оқулықтан орындау. Тест сұрағына жауапты парақшаға белгілеу.

 

VІІ. Бағалау

 

VІІІ. Үйге тапсырма: Есеп: 3,4

 

Оқушының аты-жөні

№1

№2

№3

Қорытынды баға

1.

       

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

6.

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні

№1

№2

№3

Қорытынды баға

1.

       

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

6.

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні

№1

№2

№3

Қорытынды баға

1.

       

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

6.

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Ақсары

Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары – жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ә үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Әншi

Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты. Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Б үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Қараторғайлар

Жер тез кептi Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.

 

 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

А үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Ақсары

Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары – жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ә үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Әншi

Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты. Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.

 

 

Б үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Қараторғайлар

Жер тез кептi Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.

 

 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

А үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Ақсары

Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары – жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ә үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Әншi

Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты. Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Б үстелі.

Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Қараторғайлар

Жер тез кептi Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.

 

ПӘНІ: ӘДЕБИЕТ

Тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туралы алған білімдерін бекіту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу. Туған жеріміз туралы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Жазба тілдерін дамыту, сауаттылыққа қалыптастыру. Туған жерді сүйе білуге, байлығын қорғауға, болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мәтін

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың әдістері: түсініп оқу, сұрақ-жауап, толықтыру, талдау, баяндау, АКТ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру

 

Мазмұндама "Ғарыш айлағы"

І. Тірек сөздер мен сөз тіркестері

Негізі қаланған, қашық болуы, елді мекен, ұшыру қауіпсіздігі, жасанды серігі, Камчатка түбегі, иелігіне өтіп, түскен қалдықтар.

 

ІІ. Оқылым

- Мұғалімнің мәтінді оқуы

 

Ғарыш айлағы

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған. "Байқоңыр" ғарыш айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары ескерілді.

Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.

Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды.

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, Ресей Федерациясына жалға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

ІІІ. Тыңдалым.

- Мәтінді түсініп тыңдау

ІV. Мәтін мазмұнына жоспар құру

І. Ғарыш айлағы, ғарыш айлағын салу себептері

ІІ. Тұңғыш ракетаның сәтті ұшырылуы

ІІІ. Ең ірі ғылыми ғарыш полигоны

ІV. Байқоңырдың экологиялық зардаптары

ІV. Жоспар бойынша мәтінді оқу

V. Жазылым

VІ. Бекіту кезеңі. Тілдесім

- Сұрақтарға жауап беру

Қорытынды.

Бағалау.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.,17.02014 ж.
  2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 201
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, 2012.
  4. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
  5. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
  6. Оразахынова.Н.А.Сатылай кешенді оқыту-Монография.Алматы,2013.
  7. Оразахынова Н.А. Қазақ тілі (сөз мәдениеті). Жаратылыстану-математика бағытының 10-сыныбына арналған оқулық–Алматы: Мектеп, 2006. –235 б.
  8. Оразахынова Н.А. т.б. Сатылай комплексті талдау (фонетика, сөзжасам, морфология, лексика, синтаксис). Оқу құралы. –Алматы: 2006. – 302 б.
  9. Оразахынова Н.А. Практикалық қазақ тілі. –Алматы: 200
  10. Әбдрейімова К.Ә., Сәкенова Р.Б., Оспанов А.А., Ниязқұлова Ж.Ө. Қазақ әдебиеті. –Алматы: 2012.
  11. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  12. Кусаинов Г.М. Теоретико-методологические основы прогности-ческой модели новой педагогической технологий: автореф… – Усть-Каменогорск: 1999. – 348 с.
  13. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі: дисс….00.02. – Алматы. 2001.– 374 б.
  14. Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологий обучения: дисс ... д.п.н. –Алматы. 1994. –345 с.
  15. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Алматы, 2004. –207 б.
  16. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Монография. – Алматы: ТОО Фирма «Дайыр», 2007. – 289 б.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину