ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
21 мая 2021 г.

 Жусупбекова Анар, тәрбиеші, «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті  «Золотой  ключик» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі "Алтын сақа"

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі "Алтын сақа"

«Қуыршақ»   мектепалды топ (5 жастан бастап)

Күні :   18.02.2021.

Тәрбиешінің аты жөні : Жусупбекова А. 

Білім беру саласы: «Коммуникация»; «Таным»;

Бөлімдері: «Сөйлеуді дамыту»; «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»;

Тақырыбы: «Алтын сақа»

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды:  1-10 дейінгі сандарды үштілде тура және кері санауды, сөздік жұмыстарды;                                   

 Түсінеді:  асық технологиясы арқылы сандарды санауды, ажыратуды, түстерді салыстыруды, сандар құрамын  ажыратуды, салыстыруды;  

Қолданады: Луллия ойын технологиялары арқылы сандар құрамын анықтауды,

Үштіліділік :  бір -один- one                  алты-семь-six

                       екі-два-two                        жеті-семь-seven

                       үш -три- three                    сегіз-восемь-eight

                      төрт-четыре-four               тоғыз-девять-nine

                      бес-пять-five                      жеті-семь-ten

Сөздік жұмыс:  асық, жетіген, сан құрамы.

асық  терапиясын қолданып  тапсырмаларды  орындауды;

Педагогикалық технологиялар: Асық технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету:   «Луллия шеңбері», үлгілік кескін, мальберт, интерактивті тақта, слайд суреттер, үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастырулы оқу қызметінің  өткізілу  барысы:

  1. Ұйымдастырушы  қозғаушы қызмет. Түрі.

Мақсаты. Балалардың қызығушылығын асықпен санау арқылы, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, көңіл күй сыйлау..

Сәлемдесу.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!

-Good morning!

-guten Tag!

-안녕하세요

Жұмбақ: 

Орай бұты, бөкен сырты,

Іші бар, ішегі жоқ (асық)

 -Балалар, не  көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, түрлітүсті асықтар, ал бұл, «Алтын сақа»

-Сақа және асық дегеніміз не? Мен сендерге түсінік берейін, алдымен интерактивтік тақтаға назар ауларайық!

  1. Ұйымдастыру іздестіру.

Мақсаты. Асық ойын технологиясы  арқылы балаға сандарды салыстыру, ретімен қоя білуді үйретіп, зейін, ынталылық пен ойлау үрдісін дамыту.  Берілген санның құрамын таба білуге үйрету.  Ойлау қабілеттерін , есте сақтау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын арттыру. Балалардың асық  терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік , сөздік – логикалық , көрнекі , шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын  дамыту. 

 Кіріспе: Асық туралы мағлұмат беру.

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қойешкісиыртүйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Ал, асық ойыны –қазақ халқының ұлттық ойыны,

Сақа- арқардың асығы

Топай-сиырдың асығы

Интерактивті тақтадан сандар ұғымына шолу жасау.

Сандарды үштілде тура және кері санау.   

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10       

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

«Көршісін» тап

 

hello_html_m7630ff43.jpg

 

 

 

 

 

Теңдік , теңсіздік таңбаларын («=», «>», «<»)қою арқылы сандарды салыстыру.

5 ?7       5?5

4? 2       9?7

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосамыз,

Болып шықты он саусақ.

Ал, енді балалар, мына «Алтын сақаның» ішіндегі тапсырмаларды орындау үшін мен сендерді  сиырдың топай асығының көмегімен төрт топқа бөлейін.

Қызыл,сары, жасыл, көк асықтарға байлаеысты асықтар таңдап топтарға бөлініңдер!

Егерде барлығын дұрыс жасасаңдар, сендер осы «Алтын сақаға» ие болады.

  1. «Қызыл асық» тобы
  2. «Жасыд асық» тобы
  3. «Сары асық» тобы
  4. «Көк асық» тобы

1-сұрақ: «Санамақ айту»
2-сұрақ: Бір аптада неше күн бар? (7 күн) «Апта күндерін» ата «Жетіген» аспабының шегіне апта күндерін ретімен орналастыру.

3-сұрақ: «Жыл мезгілдерін» ата, әр мезгілде неше ай бар?

4-сұрақ: «Жұмбақ есеп» шығару

1.Табақта бес алма,

    Қолымда екі алма,

    Қосқанда барлығын.

    Болады неше алма?

2. Бұтақта 3 торғай отыр еді.  2 торғай ұшып кетті.  Нешеуі қалды?

3. Аулада 6 балапан жүр еді,2-еуі кетіп қалды. Аулада неше балапан қалды?

4.Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өгіріп тастады. Үстелде неше май шам жанып тұр?

Үштіліділік :  

бір -один- one                    алты-семь-six                    екі-два-two                       

жеті-семь-seven                үш -три- three                    сегіз-восемь-eight                                                                      төрт-четыре-four               тоғыз-девять-nine             бес-пять-five                     жеті-семь-ten

 Сөздік жұмыс:  асық, жетіген, сан құрамы.

Дидактикалық ойын: «Луллия шеңбері»                                                           Шарты: Луллия шеңбері арқылы сандардың құрамын анықтау.                               

Тапсырмалар:

1-«Қызыл асық» тобы: Заттың санына қарай асықтарды қою.

2-«Жасыл асық» тобы: Асықтарды 1-ден 10-ға дейін ретімен тізу.

3-«Сары асық» тобы: Сандарды салыстыру.

4-«Көк асық» тобы: Сан құрамын анықтау.

Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу. Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

 -Балалар, сенның құрамын, сандарды ненің көмегімен санап тапсыпманы орындадыңдар?

-Балалар, тапсырмаларды жақсы орындап шақтыңдар!

Балалардан бүгін қандай  тапсырмалар орындағанын сұрайды.

Балаларды мадақтау. Смайликтермен көңіл күй сыйлау «Алтын сақаға» ие болғандарын айтып көңілдерін көтеру.

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину