ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Мектеп жасына дейінгі баланы ойын арқылы оқыту және тәрбелеудің маңызы

11 июня 2021 г.

 Базарова Молдир Толендиевна, тәрбиеші, Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Ақбота" балабақшасы, Казакстан, Костанай облысы, Аркалык каласы

Мектеп жасына дейінгі баланы ойын арқылы оқыту және тәрбелеудің маңызы

Мектеп жасына дейінгі баланы ойын арқылы оқыту және тәрбелеудің маңызы

Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін,іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды,қайталанбайтын мезгіл.Бұл мезгілде балаларға берілетін білім еңң алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс.

Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы,бала өз тәжіребиесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үрдісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін,құрылымын таниды.баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен оның сезінуімен байланысты. 

Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі,баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты,бала заттың санын,затты салыстыру,теңестіру,орналасуын,саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.Осы орайда баланың толық қанды өсіп,жетілуіне,дамуына үлкен әсер етуші құрал-ойын болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланы ойын арқылы оқыту және тәрбелеудің маңызы өте  жоғары.Себебі,балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі-ойын болып саналады.Ойын ойнау арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алады.Ойын арқылы бала санасы дамиды,өседі,жетіледі.Сонымен қатар өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Ойын ойнау арқылы бала білім алады.Ойынның өз мақсаты,міндеті,шарты және  қажетті пайдаланылатын көрнекі құралдары,заттары т.б ерекшеліктері болады.

Балалға таңдалған білім баланың ақылына,жас ерекшелігіне сай,талабын шабыттандыратындай,ойлау қабілеттін арттыратындай,ойын жетілдіретіндей,нәтижеге жетуге тырысарлықтай нәрлі болы керек.

Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін,айналадағы дүниеге,іс-әрекетке көзқарасын:көмек көрсетуге,нәтиже шығаруға,құрбыларына қамқорлық жасауға,рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады.Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді.

Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін,адамгершілік тәжірибесін,дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді

Балалардың шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойындар болып саналады.Балалардың бірігіп жұмыс жасауына бағыт береді,қалыптасуына дұрыс білім алуына,айналаны танып білуіне мүмкіндік туғызады.

Ойын арқылы бала түрлі логикалық тапсырмаларды,жаттығуларды орындауға жаттығады.Ойын ойнау барысында балалар әртүрлі рөлдерде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға,ойланып жауап беруге,ойлануға,еслестетуге қабілеттері қалыптасады.

Сөздік ойындар балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытады.Арнайы ойындар ұйымдастырылған оқу қызметінде мазмұнына қарай танымдық,дамытушы ойындарды,тапсырмаларды қолдану,заттарды бір-бірімен салыстыруға,оларды қасиеттеріне қарай салыстыруға,ажыратуға,танып білуге үйретеді.

Ойындарды ұйымдастыру барысында балаларға жетекші бола отырып,балалармен бірге ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға,оларды ойната отырып,ойлануға бағыттайды.

Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино,лото,суреттер қолданылады.Мысалы:«Көршісін ата», «Қайсысы артық», «Қандай пішінге ұқсайды?» т.б. Дидактикалық ойындар-балаларды ұстамдылыққа,іздемпаздылыққа,материалдарды меңгеруге ықпал етеді.

Әр түрлі көрнекіліктермен ұйымдастырылған ойындар балалардың есте сақтау қабілеттерін арттырып,қызығушылықтарын тудырады.

Математика негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі барысында ойналатын ойындардың маңызы өте жоғары.Алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштасыруға қолайлы.Математикалық ойындар оқу қызметінің мазмұнын аша түседі,балалардың қиялдарын қозғап,зейіндерін кеңейте түседі.Түрлі санамақтар,саусақ жаттығуларын жаттатау арқылы баланың тілін дамытып,ойлау қабілттерін қалыптастыра аламыз.Балалардың қызығушылығын одан әрі арттыру үшін,ойындарды әр уақытта түрлендіріп отыру орынды.

Қызығушылықты туғызу үшін,тиімді қолданылатын ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын,балалардың үлкен ынтамен тыңдап,берік меңгеруіне көмктеседі. 

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балаладың сөздік жұмысын жүргізу ісі - сөйлеуді дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас  жасай білуге үйретеміз. 
Бала саусағын ойната отырып, сөйлеу тілін дамытамыз.Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Балабақшада балалармен жүйелі жұмыс жасау арқылы әр баланың жеке даму ерекшеліктерін ескру негізінде,саусақ моторикасын дамыту мақсатында саусақ ойындарын,тапсырмаларын беру арқылы тәрбиелеудіңде маңызы ерекше.Бұл саусақ ойындары баланың еркін сөздік қорын жоғры деңгейде дамытады.

Ойын барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалап,олардың ойын барысында шешім қабылдай білуіне,ойлана білуіне жетелеу керек.Ойын мазмұны мен түріне қарай:мазмұнды-бейнелі,қимыл-қозғалыс,дидактикалық және кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

Мектеп жасына дейінгі баланы ойын арқылы оқыту және тәрбелеудің маңыздылығы бойынша күтілетін нәтиже

 -балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылады

 -ойын арқылы баланың тілі,ой-өрісі,зейіні қалытасады

 -ойын арқылы дамытатын оқу ортасы құрылады,

 -ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланады

 -ойын арқылы жақсы-жаманады ажырата алады

  -ойын арқылы шыдамдылыққа,ізденімпаз болуға,тиянақты болуға үйренеді.

Қорыта келе, балаларды ойын арқыла тәрбиелеу мен оқыту барысында жақсы нәтиже көрсетіп,мақсатқа жете білуіміз үшін,тәрбиеші балаларға жақын болуға,олардың ойынының сүйікті қатысшысы бола білуіміз керек. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де,білікті зейінді ұрпақ тәрбиелеу. Балабақшаларда балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас  қалыптастыруда түрлі дамытатын ойындар,міндеттер,ойын-сауық шараларына көп  мән беріледі.Тәжірибеде аңғарғанымыздай,ойын балалар үшін

Қызықты әрі олардың көніл-күйін жаулап алады.

Оқыту мен тәрбиелеге бағытталып ұымдастырылатын ойындар балаларға таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі, баланың танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен еркешеленеді.Ендеше,жаңа технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мұратымыз.

Бала тәрбиесінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз енбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину