Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
ФИНАНСОВЫЕ ПЕРЕМЕНЫ
Нужны финансовые перемены
Финансовые перемены за 2,5 месяца для тех, кто хочет выйти из денежных рамок, повысить доходы и быстрее достичь жизнь мечты.
Анкета для записи на бесплатную консультацию к Ольге Ахидовой
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 
Формативное оценивание: от теории к практике

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
НОВОГОДНЯЯ ПРОГРАММА
Новогодняя программа по номинациям
Фестивали
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Электронные курсы
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
Международная научно-практическая интернет конференция "АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОВРЕМЕННЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ"
NEV! "Снежная нежная сказка зимы"
NEV! Зимние забавы

Заманауи педагогтың үздіксіз кәсіби дамуындағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері

26 октября 2021 г.

Қален Нұрдана Сейітжанқызы, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, "№2 Новоишим орта мектебі" КММ, СҚО, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы

Заманауи педагогтың үздіксіз кәсіби дамуындағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері

Заманауи педагогтың үздіксіз кәсіби дамуындағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері

Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі-өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-қлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезде білім ғылым саласында заманауи педагогикалық техналогиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техналогиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналады. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, ол үшін мектепке дейін білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагоктардың педпгогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.  Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайды. Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманғасай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – педагогтар еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшінжаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.

Жаңа заман баласы-ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырыолллллп, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырынаныңтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай түзету қажет. Әрине ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педпгогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педогогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау – қазіргі таңдағы әрбір педогогтың міндеті.

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – бастыт мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде педогогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуынағ жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педогогтың міндеті болып табылады. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде: ынтымақтастық педогогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педогогикалық әдістемелік білімді, педогогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын заманауй педогогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталсам. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балалардың шығармашылығын дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану бірнеше міндеттердішешуге мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістер тәрбиешілердің басқа балалармен, тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен, оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Педогогтың ұстанымы ауысады: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Бала тұлғасын әлеуметтендіру үдерісінің ең басында туындайтын интербелсенді оқыту баланың интелектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін заттақ-дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.

Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымыздығ ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу қызметін жүгізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италияндық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісімен жұмыс жасауда . мемлекттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридың әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауға, топтп да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына , өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарндылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С.Альтшуллирдің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын республикамыздың мектепке дейінгі мекемелерді қолдауда. Шығармашылықты зеттеген ғалымдардың бірі Г.С. Альтшуллер 50 жылға жуық шығармашылығ тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.

Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, түпнұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты – ойлаустилін жетілдіру, ереже қылу. Яғни адамның өмірге деген көзқарасын аншығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады.

Мектепке дейінгі балалық шаұұа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім мақсатының біріне жатады. Бүгінгі күні осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орын алатыны айқын. ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жктіледі.

Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» жолдауында білім-ғылым саласында ерекше көіәл бөлінді. Елбасы алдағы уақытта осы салаға айрықша назар аударуды, әсіресе оқу-ағарту саласын заманауи әдістемелік жағынан жарақтандырып, толық қамтамасыз етуге тапсырды.

Бүгінгі күннің заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі-балаларды ғана емес, педагогтардың да, кәсіби құзіреттілігінің дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі педагогтардың тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі біліктілік арттыру жүйесіндегі білім беру ісін үздіксіз жаңаша ұйыдастыруды талап етуде. Осыған орай, біліктілік арттырудың курс бағдарламаларында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары модульдік оқу бағдарламалары болып негіздерген. Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттырудың мазмұнына әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңалықтар енгізуде. Біліктілікті арттыру жүйесінің басты функциясы педагогтардың заманауи технологияларды пайдалана білу қабілеттерін дамыту ғана емес, олардың жаңа әдіс-тәсілдерді өздері таба алатын, жаңарту мен даму тенденцияларына сай өзінің кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатын кәсіби құзіреттілігін дамыту болып табылады.

Қорыта келгенде оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину