ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
2 ноября 2021 г.

Сарсебеков Батырбек Жаксылыкович, Қосымша білім беру педагі "Вокал", Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  "Жігер" БЖК КМҚК, Қазақстан,Павлодар қаласы 

Вокал үйірмелеріне арналған "Әдістемелік  әдіс тəсілдер"

Вокал үйірмелеріне арналған "әдістемелік әдіс тəсілдер"

Казіргі заманда инновацияның, техниканың,интернет жүйесінің дамуына байланысты халқымызға музыка, өткен ғасырларға қарағанда өте  кең және тез тарала бастады. Көптеген тыңдарман,өнер сүйер қауым танымал әлемдегі әндерге,күйлерғе, шығармаларға қолы жете бастады. Нәтижесінде сол өнерлерді үйренуге балалардың, жеткіншектердің талпынысы белсенді түрде байқала бастады. Жалпы білім беру мектептерінде және музыка мектептерінде бұрынғы жүйемен, әдіс-тәсілдермен музыка және өнер саласымен таныстырылады. Бірақ бұл жерде баланың құштарлығына, қызығушылығына, қабілетіне көп көңіл бөлінбейді. Олар қалыптасқан дәстүрлі бағдарламамен, әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуді талап етеді. Ал қосымша білім беру саласында мұғалімдерге өз шығармашылық қабілетіне қарай, тек дәстүрлі бағдарламаға ғана сүйенбей,өз шығармашылық методикасын сабақтастыра отыра сабақ беруіне болады. Бұл жерде әр мұғалім өз шәкірттерінің қызығушылығын арттыруын тырысады. Бұл заманда өнер алды эстрада болғандықтан көбі эстрадалық әндер айтқысы келеді. Қосымша білім беру жүйесі бұған көптеген мүмкіншіліктер береді.

Қосымша білім беру мұғалімі, жұмысын оқу жылының ең алғашқы күндерінен бастап оқушыларды қабылдаудан бастайды.Оқушыларды  қабылдау барысында бірқатар қабілеттеріне назар аударуы қажет.Ең алдымен,баланың ән айтуға деген,жалпы өнерге деген сүіспеншілігін,қызығушылығын байқау.Баланың ата-анасының қалауы ма,жоқ әлде,шын мәнінде баланың өз қалауы ма екенін анықтау.Тек осы мәселені анықтап алған соң ғана баланың қабілетін тексеруге кірісу керек.Ол үшін:1)тілдің дамуы 2)ырғақ сезімін тексеру 3)дыбыстарды айыра білу қабілеті.Егер осы қойылған талаптардан бала сүрінбей  өтсе,онда үйірмеге қабылдай беруге болады.Ал егер баланың  құштарлығы  қабілетінен әлде- қайда артып жатса,ондай жағдайда оған  мүнкіндік беріп сынақ ретінде белгілі бір мерзімге қабылдап көруге болады,бәлкім ұйқыда жатқан бір дарыны болуы  әбден мүмкін.

Ең алғашқы сабақты дұрыс тыныс алуды үйретуден бастаймыз.Тыныс алу әдіс-тәсілдерін әншіге жетік меңгеру өте маңызды.Сондықтан да бұл тақырыпқа уақыт бөле отыра,асықпай тоқтала кеткен абзал.

Тыныс алудың үш түрі болады:1)ішпен 2)кеудемен 3)иықпен.Көбінде балалар кеудесімен немесе екі иығымен дем алып кете береді.Осы түрде тыныс алу қате боп саналады.Дұрысы  диафрагмамен дем алу,бірақ балалар бұл сөздің түп мағынасын түсіне қоймайды.Яғни,ұстаз, жаттығулар арқылы балаға дем алудың әдісін түсінікті жеткізу керек.Ол қандай жаттығулар?

•        Ең алдымен демді алудан емес,керісінше шығарудан бастау керек.Себебі жәй тұрған адамның өкпесінде белгілі бір мөлшерде ауа болады.Оны ең әуелі әбден шығарып алмай үстінен қосымша ауа алатын болса,баланың кеудесі мен екі иығы көтерілген жағдайда,миына шамадан тыс оттек барып,басы айналып,қолайсыздық тудыруы мүмкін.

•        Демді «С» әрпін айтып,ауамен бірге ұзаққа созып шығару керек,бұл өте тиімді де ұтымды тәсіл,себебі «С»әрпі шығар ауаға кедергі келтіріп, диафрагманы мәжбүрлі түрде жұмыс істеткізеді.

•        «Ц,Ч»әріптерін айта отыра ауаны шұғыл,жедел түрде шығару.Ауаны мұрнымен алып «һа» буынын қолдана отыра, дауысты қаттырақ шығарып айту.

•        «Ма,да,ба,та»буындарына дыбысты ұзаққа создыру,тіпті арасында ойын ретінде жарыс ұйымдастырып жіберуге де болады. Оқушылар жаттығулар арқылы бұл бағытта нәтиже көрсете бастаған кезде,оқулық бағдарламасының келесі кезеңіне көшуге болады.

Жалпы «Диафрагма» дегеніміз не? Қысқаша тоқтала кетейік.Диафрагма-бұл негізі,ішкі құрылысты екіге бөлетін және қабырғаларды керіп,өкпе кеңінен ауа ала алатындай жағдай жасайтын жұқа бұлшық еті.Егер өкпе өз-өзін ауаға толыққанды толтыра алмаса,онда әнші ән айтқанда дыбыстың ұзақ созатын жерін соза алмай,демі жетпей қиналады.Бала тональностьтан ауытқып,ұстап тұрған дыбысы төмен ғарай кетіп қалып,музыкалық ойды,фразаны аяқтай алмай жатады.

  «Жезтаңдай» үйірмесінің оқулық бағдарламасының  келесі кезеңіне көшейік.

Бұл кезең оқушының дауысын қою мен есту қабілетін арттырудан тұрады. Оқушыға өзі қалаған тек бір дыбысты ғана ұзаққа созғызып айтқызу керек.Бұл біршама уақыт алуы мүмкін.Себебі бала аузын ашқанда тілін артқа қарай,яғни тамағына қарай тартып алады,өзіне бағынбайды,сол үшін де тілге жасалатын арнайы жаттығулар беріледі.Сонымен қатар,жақты керетін,ерін мен езуді машықтандыратын жаттығуларын жасату керек.Дикциясына көңіл бөлу керек.Егер кей бір әріптерді бала айталмаса,ұстаз,логопедтің жұмысын мойнына алуға тура келеді.Павлодар облысы орыс тілді болғандықтан,кей балалар қазақ алфавитіндегі әріптерді мүлдем айталмай жатады.Бұл мәселе, оқушы,қазақ әндерін орындағанда үлкен қиындықтар туғызып жатады.

 Алғашқыда бала дыбысты бір қалыпты айталмай,тайғанақтап жарты тонға дейін ауытқуы мүмкін. Оның бірнеше себепбері бар:біріншісі,тыныс алу ережелерін сақтамау немесе оның әлі қалыптасып үлгермеуінен;екіншісі, бала зейінінің салғырттығынан,көңілі басқаға ауып кетуінен;үшіншісі,есту қабілеті қалыптаспағаннан немесе дауыс координациясының жоқтығынан болады.

Неге тек бір дыбысты ғана айтқызу өте маңызды? Осы сұраққа тоқтала кетуге тура келеді.Бұл сұрақтың  қойылуы осы бағдарламада өте орынды.Мысалы, адам баласы мүлдем танымайтын жаңа ортаға келіп,сол ортаның адамдарымен жақын қарым-қатынас орнатқысы келсе,ол ең алдымен сол топтың бір адамымен танысып алу қажет.Сол адам арқылы қалған адамдармен танысып,қандай екендерін біледі.Сол сияқты  музыка әлеміне жаңа келген оқушы да ең алдымен бір дыбыспен дұрыстап танысу керек деп санаймын.Оқушы бір дыбысты еркін,қысылмай жақсылап айта алмаса,қалған дыбыстарды  да айта алмайды.Тек бір дыбысты ғана айтудағы ұтымды жағы,бұл баланың ойы шашылмай,тек бір нәрсеге ғана бағытталады,яғни дыбысты жақсы шығарса немесе дұрыс шығара алмай жатса себептерін іздеп,зерттеу қабілеті қалыптасады.Оқушы машықтанып,дағдылана бастаған соң,ұстазы оның айтып тұрған дыбысын аспапта тауып алып,бірге ойнап,унисон ұстап тұру керек. Содан кейін келесі дыбысты жарты тон жоғары  немесе төмен айтқызу керек .Егер ол келесі дыбысқа көше алмай жатса,онда оның құлағы,есту қабілеті әлі өзгеріске дайын емес.Солай ақырындап,жайлап,асықпай  храматикалық гаммамен жоғары,төмен жүргізіп,әр дыбыспен таныстыру керек.Мажор-минор гаммалары емес,міндетті түрде храматикалық гамманы қолдану керек.Себебі музыкалық сауаттылық саласында дыбыс пен дыбыстың ең жақын қашықтығы жарты тон болып есептеледі.Ең жақын арақашықтықта орналасқан дыбыстарды құлағымен айыра алатын және еш қиындықсыз дауысымен айта алатын оқушы басқа гамма түрлерін де,жаттығуларды да  оңай меңгере береді.Жалпы,балалардың диапазоны  бір октава: кіші октаваның « ля» нотасынан бірінші октавасының  «ля» нотасына дейін.Уақыт өте келе жас ерекшелігіне қарай сапалы,жүйелі түрде дайындықтық арқасында диапазоны ұлғайуы мүмкін.Ғалымдардың зерттеуі бойынша, төменгі регистордағы жуан дыбыстар кеуде резонаторымен,жоғарғы регистордағы жіңішке дыбыстар бас резонаторымен,ал орта дыбыстар бас пен кеуде резонаторларымен  бірге жұмыс істеу арқылы айтылады. Төменгі дыбыстарды дамытатын жаттығуларды таңертең жасаған абзал,өйткені кеуде резонаторы сол кезде жақсы істеп босаған, бабында тұрады.Жоғарғы дыбыстарды айтқызғанда абай болу керек,себебі бала көп жағдайда дыбысты қатты айту арқылы шыңғырып,биік нотаны алам деп ойлайды да, тамағына зақым келтіруі мүмкін.Жалпы мұндағы негізгі мақсат диапазонды ұлғайту емес,дауысы  жеткен дыбыстардың сапасын жақсарту болып табылады.Жаттығулар мен әндер окушының дағдысының дамуына қарай  күрделене береді.

Қосымша білім беру педагогы:Сарсебеков Б.Ж

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину