Ахмерова Айжан Кабылмажитовна, педагого дополнительного образования по казахскому языку, г. Павлодар ГККП ДПК "Жигер", Казахстан, Павлодарская область, г. Павлодар
Шығармашылық белсенділікті дамыту - жеке тұлғаны тәрбиелеу құралы ретінде
Тәрбиеленушілер бізге көбінесе ешқандай шығармашылық білік пен дағдысыз келеді, бірақ, оқыту мен тәрбиелеу барысында көпшілігі өздерінің шығармашылық жолында алғашқы қадамдарын жасайды. Балалармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында олардың көпшілігі түрлі үйірмелер мен секцияларда балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін толық игергені байқалды.
Өскелең ұрпақты елжандылыққа және азаматыққа тәрбиелеу, жоғары рухани құндылықтарды қалыптастыру, білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып табылады. Балаларға қосымша білім беру – баланы рухани адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық тұрғыда және дене күшін дамыту, оның шығармашылық және білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.
Біздің клубтың ұзақ жылғы жұмысында өзінің педагогикасы, өзінің дәстүрі қалыптасты. Олар әр балаға шығармашылық, интеллектуалды және дене қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін, үлкендер мен балалардың бірлескен жұмыстарына негізделген. Шығармашылық дамуда, сүйікті ісінде оң жетістіктерге жетуде, қосымша білім беру ұстаздарының кәсіби біліктілігі үлкен рөл атқарады. «Жігер» клубының тәрбиеленушілері спорттық сайыстарда, туристік жарыстарда, конкурстарда жүлделі орындар алып келеді. «Жігер» клубының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей біздің қаланың тұрғылықты жері бойынша орналасқан аула клубтары – бұл қызығушылықтары бойынша біріккен, балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатында бірлескен сабақтар мен бос уақыт өткізу үшін құрылған тәрбиеленушілер мен ұстаздардың бірлестігі болып отыр.
Ахмерова Айжан Кабылмажитовна
«Жігер» балалар жасөспірімдер клубы, қосымша білім беру педагогы
Павлодар қаласы