Бейлова Маржан Серикбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Орал политехникалық колледжі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері
Оқу-әдістемелік құрал
Оқу сауаттылығын
арттыруда мәтінмен
жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Орал политехникалық колледжі
БЕЙЛОВА МАРЖАН СЕРИКБАЕВНА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Педагог-зерттеуші
УДК 37
ББК 74 Б94
Оқу-әдістемелік құрал/Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері/Бейлова М.С.,/«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» Ақпараттық, ғылыми, практикалық республикалық семинарлардың жұмыс бағдарламасы. Әдістемелік авторлық құрал. «ONLINE EDUCATION» Жасанды Интеллект-Антиплагиат-Әдістемелік тақырыбында педагогтың іс-тәжірибе материалдарын баспада жарияланым жобасы/ - Алматы: ИП BILIM-TV, 2025 ж. – 30 б.
ISBN 978-601-09-9916-9
Бұл Оқу-әдістемелік құралда білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің теориялық және практикалық негіздері жүйелі түрде ұсынылады. Құралдың мазмұны қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінді тиімді қабылдау, түсіну, талдау, интерпретациялау және бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қамтиды.
Әдістемелік құралда мәтіналды, мәтіндік және мәтінсоңы кезеңдерге сәйкес құрылымдалған оқыту стратегиялары (ой шақыру, болжам жасау, INSERT, кластер, Блум таксономиясы, графикалық органайзерлер, рефлексиялық тапсырмалар) нақты сабақ үлгілері мен практикалық тапсырмалар арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар оқу сауаттылығын қалыптастырудағы қалыптастырушы бағалау, критерийлер мен дескрипторларды қолдану жолдары әдістемелік тұрғыдан негізделген.
Құрал материалдары кәсіби және жалпы орта білім беру ұйымдарында қызмет ететін қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына, әдіскерлер мен педагог-зерттеушілерге арналған және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға, білім алушылардың функционалдық және академиялық оқу құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
ISBN 978-601-09-9916-9
УДК 37
ББК 74
Б94
© «ONLINE EDUCATION» жобасы - 2025 ж
Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесінің басты міндеті тек академиялық біліммен шектелмей, тұлғаның мәдени, тарихи және құндылықтық санасын қалыптастырумен тығыз сабақтас болуы тиіс. Осы контексте «Қазақ әдебиеті» пәні ұлттық дүниетанымды, тарихи жадты, рухани сабақтастықты және азаматтық жауапкершілікті орнықтыратын жетекші гуманитарлық пәндердің бірі ретінде айрықша маңызға ие.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ әдебиеті» оқулығының мазмұнына кешенді талдау жүргізуді тапсыруы білім беру саясаты аясындағы стратегиялық әрі идеологиялық мәні зор қадам болып табылады. Аталған бастама қазіргі қоғамдағы ұлттық бірегейлікті сақтау мен жаңғырту мәселесінің өзектілігін айқындай отырып, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыдан кемел, ұлттық құндылықтарды терең меңгерген тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» оқулығының мазмұнын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қайта зерделеу білім беру мазмұнын жаңғырту ғана емес, ұлттық идеологияның құндылықтық негіздерін жүйелеуге бағытталған маңызды тетік болып табылады. Бұл пәннің өзектілігі мен қоғамдық маңызы дәл осы мазмұндық және тәрбиелік әлеуетімен айқындалады.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу – өзектілігін күннен-күнге арттырып отырған маңызды мәселе. Әрбір халықтың рухани тірегі – ұлттық құндылықтары. Ұлттық құндылықтар – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, діл, дін, тарих және әдебиет арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын қазына.
Осы тұрғыда қазақ әдебиеті пәні – оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеудің бірегей құралы. Әдеби шығармалар – ұлттың жан-дүниесін, тарихи жадын, ойлау жүйесін, салт-санасын, арман-мақсатын көркем түрде бейнелейтін құндылық. Сондықтан да көркем әдебиет тек тілдік құрал емес, тәрбиелік, мәдениеттанушылық және этнопедагогикалық мазмұны зор тәрбие құралы болып табылады.
Қазіргі білім беру кеңістігінде оқу сауаттылығы білім алушының тұлғалық, академиялық және кәсіби дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу сауаттылығы — тек мәтінді дұрыс оқып, мазмұнын түсіну қабілеті ғана емес, сонымен қатар алынған ақпаратты талдау, интерпретациялау, бағалау және оны нақты өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу дағдысы. Осы тұрғыдан алғанда, оқу сауаттылығын Колледж пен колледждегі оқыту үдерісінің басым бағыттарының біріне айналдыру заманауи білім беру талаптарынан туындайды.
Еліміздің білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты дамытуға ерекше мән беріліп отырғаны белгілі. Бұл өз кезегінде пәндік білімді өмірмен байланыстыра отырып меңгертуге, білім алушылардың сыни ойлауын қалыптастыруға және дербес оқу әрекетін ұйымдастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдануды қажет етеді.
Әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыс жүргізу оқу сауаттылығын дамытудағы жетекші құрал ретінде ерекше маңызға ие.
Мәтін — тілдік білім мен мәдени құндылықтарды игертудің, дүниетанымды кеңейтудің, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі бірлігі. Сондықтан мәтінмен жұмыс тек мазмұндау немесе жаттап алу деңгейінде қалмай, оның мағыналық құрылымын талдау, идеялық бағытын анықтау, авторлық ұстанымды бағалау, мәтінге сыни көзқарас білдіру секілді кешенді әрекеттер арқылы жүзеге асуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқыту барысында ғылыми тұрғыда негізделген, практикалық нәтижеге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану өзектілігін арттырып отыр.
Осы Оқу-әдістемелік құралдың басты мақсаты — оқу сауаттылығын арттыру үдерісінде мәтінмен жұмысты кезеңдік, жүйелі және нәтижелі ұйымдастырудың жолдарын көрсету, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған тиімді әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды ұсыну. Құралда берілген теориялық тұжырымдар мен практикалық материалдар оқытушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, ал білім алушылардың функционалдық және академиялық оқу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Функционалдық сауаттылық белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.
Мақсаты: Білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмысты жүйелі, кезеңдік және нәтижеге бағытталған түрде ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негізін айқындау және қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдануға арналған тиімді әдіс-тәсілдер кешенін ұсыну.
Өзектілігі: Қазіргі білім беру үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Ақпарат ағынының артуы жағдайында білім алушылардың мәтінді терең түсінуі, талдауы және оны өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілетінің жеткіліксіздігі байқалады. Осыған байланысты мәтінмен жұмысты жаңаша ұйымдастыру оқу сауаттылығын арттырудың өзекті мәселесі болып табылады.
Ғылыми-әдістемелік деңгейі: Құрал қазіргі педагогика, лингводидактика және оқу сауаттылығын дамыту теорияларына негізделіп әзірленген. Мәтінмен жұмыс жүргізудің дәстүрлі және инновациялық әдістері үйлестіріліп, олардың тиімділігі тәжірибелік тұрғыда жүйеленген.
Жаңашылдық деңгейі: Әдістемелік құралда мәтінмен жұмыстың мәтіналды, мәтіндік және мәтінсоңы кезеңдері арасындағы логикалық байланыс сақтала отырып, оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи стратегиялар кешенді түрде ұсынылады. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау мен рефлексия элементтері әдістемелік жүйеге біріктірілген.
Ғылымилылығы: Құралда педагогикалық, психолингвистикалық және әдістемелік зерттеулердің нәтижелері сараланып, оқу сауаттылығы ұғымы ғылыми терминология негізінде ашылады. Ұсынылған әдіс-тәсілдер ғылыми тұжырымдар мен тәжірибелік деректерге сүйенеді.
Әдіснамалық негіз сипаттамасы: Әдіснамалық негізі тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, жүйелілік, әрекетке бағытталған және коммуникативтік тұрғыдағы оқыту ұстанымдарына сүйенеді. Сонымен қатар Блум таксономиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы және функционалдық оқу теориясы басшылыққа алынған.
Практикалық маңыздылығы: Әдістемелік құралда ұсынылған тапсырмалар, сабақ үлгілері мен бағалау құралдарын күнделікті сабақ барысында тікелей қолдануға болады. Құрал оқытушының әдістемелік қорын толықтырып, оқу үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтиже: Әдістемелік құралды қолдану нәтижесінде білім алушылардың мәтінді түсіну, талдау, интерпретациялау және бағалау дағдылары қалыптасады; функционалдық және академиялық оқу сауаттылығы артады; дербес ойлау және рефлексия мәдениеті дамиды.
Бағалау критерийлері:
мәтін мазмұнын дұрыс және толық түсінуі;
негізгі ойды, тақырып пен авторлық ұстанымды анықтай алуы;
мәтін бойынша дәлелді пікір білдіруі;
ақпаратты функционалдық тұрғыда қолдана білуі;
рефлексия жасау және өзіндік бағалау қабілеті.
Рефлексия: Сабақ соңында білім алушылар мәтінмен жұмыс барысындағы өз жетістіктері мен қиындықтарын саралап, алынған білім мен дағдыларға өзіндік талдау жасайды. Бұл үдеріс ауызша пікір, жазбаша кері байланыс немесе графикалық органайзерлер арқылы ұйымдастырылады.
Қазіргі заманғы білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелердің бірі - оқу сауаттылығының теориялық негіздері мен практикада оларды арттыру жолдарын анықтау. Зерттеу жұмысының міндеттері:
Зерттеу жұмысының нысаны Колледж студенттерінің оқу сауаттылықтарын дамыту үдерісі болып табылады.
Зерттеу пәні. Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттеу әдістері: баяндау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты. Зерттеу жұмысына байланысты арнайы, кең ауқымда қарастырған әсіресе, қазақ тілінде ғылыми еңбек болмағандықтан, еліміздің қазіргі білім беру үрдісіне жаңадан еніп келе жатқан функционалдық сауаттылық, оның ішінде оқу сауаттылығының практикалық және теориялық жақтары, оны арттырудың жолдары қарастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға, оқу сауаттылығы бойынша жұмыс жасауға арналған көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Колледж студенттерінің оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Функционалдық сауаттылықтың әлемдік және отандық білім беру мазмұнына ену тарихы, оның маңызы мен тиімді тұстары анықталды.
Оқу сауаттылығына байланысты мәтіндерді бір жүйеге келтіру,
Білім беру жүйесі - ең тұрақты және күрделі жүйелердің бірі. Функционалдық сауаттылық термині алғаш рет 1957 жылы сауаттылық және минималды сауаттылық ұғымдарымен қатар ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. 1958 жылы оныншы Бас сессиясында ЮНЕСКО халықтың сауаттылығын анықтау үшін санақ жүргізбек болды және мәтінді түсініп оқыған, өздері туралы шағын мәтін құра алған адамды ғана сауатты деп санады. Жартылай сауатты адамға тек оқи алатын азаматтарды жатқызды [1]. 1965 жылы Тегеранда өткен сауатсыздықты жоюға бағытталған Дүниежүзілік министрлер конгресінде бұл терминді ұсынды. Көп ұзамай функционалдық сауаттылық тұлғаның білім деңгейінің көрсеткіші және оқу мен жазуды игеру процесі еңбек өнімділігі, өмір сүру жағдайларының жақсаруы және білім беру сапасының артуымен байланысты деген тұжырымдама қалыптасты. Ал 1978 жылы ЮНЕСКО ұсынған білім саласындағы өзгерістерге бағытталған ұсыныстар қайта қаралды.
Сауаттылық - оқу-жазу, есеп және құжаттармен жұмыс жүргізе алу дағдысы. Ал минималды сауаттылық - қарапайым оқу-жазу қабілеті. Функционалдық сауаттылықтың түрлері: жалпы сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, коммуникативті сауаттылық, шет тілдерін меңгерудегі сауаттылық, тұрмыстық сауаттылық, төтенше жағдайда өзін ұстау сауаттылығы, әлеуметтік-саяси сауаттылық.
Сауаттылық - адамның одан әрі дамуын құруға негіз болатын іргетас. Сауаттылық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгерудің белгілі бір дәрежесі ретінде халықтың мәдени деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Оқу ұғымының функционалдық оқу ұғымынан айырмашылығы неде? Оқу - бұл интеллектуалдық даму технологиясы, мәдениетті қалыптастыру тәсілі, қарым-қатынастағы делдал, өмірлік мәселелерді шешу құралы. Оқусыз өмір бойы жалғасып келе жатқан зияткерлік даму мен өздігінен білім алу мүмкін емес. Мәтіннің мазмұны әрқашанда әртүрлі дәрежелеріне ие: әртүрлі адамдар өзінің жеке ерекшеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қарай бірдей мәтінді әр түрлі түсінеді.
Оқу процесі үш фазадан тұрады:
Біріншісі - мәтінді қабылдау, оның мазмұнын ашу, жеке сөйлемдерден жалпы мазмұн құру.
Екінші - мәтінді түсіндіру: салыстыру және талдау, жалпылау, өз тәжірибесімен байланыстыру, контекст пен тұжырымдарға мән беру.
Үшінші - бұл жаңа мағынаны құру, яғни, жеке білім ретінде алынған жаңа білімді қабылдау.
Оқуға гипотезалар, болжамдар ұсыну, модельдеу және жинақтау, өмірде, оқуда, кәсіби қызметте, практикада қолдану кіреді. Оқығанда оқырманда сезім, ой, бейнелер пайда болады. Бұл көптеген мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастар бар екендігін түсіндіреді.
Оқудың бірінші фазасында репродуктивті оқиды, фактілер мен фабуланы мамұндай алады. Алайда, бүгінгі күні оқу процесінде алынған ақпаратты түсінуді, оны түсіндіруді, бағалауды және өзіндік ойдың қалыптасуын талап ететін шығармашылық оқу бірінші орынға ұсынылады. Василий Александрович Сухомлинский былай деді: Оқу - бұл балалар әлемді көріп, білетін терезе.
Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері қандай? Тұлғаның тұрақты қасиеттері ретінде сауаттылықтан айырмашылығы, функционалдық сауаттылық - сол тұлғаның жағдаяттық сипаттамасы болып табылады.
Функционалдық сауаттылық:
Оқу сауаттылығы, жаратылыстану және математикалық сауаттылық оқушылардың тек білім алуына көмек ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік береді.
Оқырман сауаттылығы - функционалдық сауаттылықтың бірінші сатысы. Функционалдық сауаттылық - адамның әлеуметтік, мәдени, саяси- экономикалық қызметке белсенді қатысуына ықпал ететін іргелі негіз, әрине, оны өмір бойы жетілдіру керек.
Оқу сауаттылығы арнайы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы тексеріледі, оларды құрастыру кезінде мәтінді түсіну деңгейі ескеріледі PІSА аясында оқушылардың оқу саласындағы сауаттылығын бағалау үшін ересектердің сауаттылығын анықтау үшін жасалған халықаралық зерттеу әзірлеген көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер мәтінді түсінуден басқа, қолда бар идеялар мен тәжірибе негізінде оны ұғынуды да көздейді.
Оқу сауаттылығы оқушылардың әртүрлі мәтіндік формаларын (мысалы, бланк мәтіндері, диаграммалар мен кестелерде жасалған тізімдер, мәтіндер) және ересек өмірде жиі қолданылатын мәтіндерді баяндаудың әртүрлі формаларын (баяндау, сипаттау және ойлау) қабылдау және жұмыс істеу қабілеттері негізінде бағаланады.
Мәтіндегі қарама-қайшы ақпаратты қамтитын бір немесе бірнеше қарапайым идеяларды түсіну және іріктеу. Жеке тәжірибесі мен білімдеріне сүйене отырып, салыстыру мен байланыстыру негізінде қарапайым қорытынды жасай білу.
PІSА мәтіндерінің ерекшелігі - оларды баяндаудың шынайылығы (өмірден алынған мысалдар). Бұл ретте зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер де қолданылады.
Оқырман біліктерінің деңгейі бойынша PІSА тест сұрақтары ең қарапайымнан, үстіртін және ең күрделі сұрақтарға дейін өзгереді.
Мәтін хабарламаларын интерпретациялау және интерпретациялау дағдыларын анықтаудағы оқырмандық құзыреттілігі оқырман мен автордың ойы мен идеясын біртұтас көрініске байланыстыра білуін көрсету үшін қажетті ақпарат көлемімен анықталады. Бұл ретте мұндай мәтіндердің құрылымы бірдей емес - оқырман талқылау мәтінімен азырақ таныс болса, мәтін хабарламаларын жалпы бейнеге біріктіру қиынға соғады. Мәтін хабарламаларын түсіну және бағалау қиындықтарының деңгейі фактілерді салыстыруға ғана емес, ұсынылған ақпарат негізінде болжамдар құруға бағытталған мәселелерді қамтиды.
Барлық аталған оқырман дағдылары өзара байланысты және олардың сәтті, табысты орындалуы бір-біріне байланысты. Бірінші әрекетті орындау кезінде оқырман ең алдымен, мәтін ақпаратының жеке фрагменттерінде тоқталады. Екінші әрекетті орындау кезінде (түсіндіру және біріктіру) оқырман бұл фрагменттерді біріктіреді. Оқушы мәтіндегі хабарды мәтін және мәтіннен тыс ақпаратпен байланыстыру арқылы ұғыну дағдыларын көрсетуі тиіс.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ал білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым өзгеріп отырады.
Студенттер оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі.
Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде? деген сүрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет. Осыған орай 12 жылдық білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндері білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығын іске асырудың негізгі жолдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады.
Білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіздеп құру тиімді болмақ.
Білім беруді жетілдірудің жоғарыда көрсетілген бағыттарын жүзеге асыру білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады.
Білім беpу мазмұнындағы іс-әpекеттік компоненттеp оқушының адамзат қоғамының өpкендеуі үшін ғылыми жетістіктеpді пайдалану аясы мен ғылым негіздеpі бойынша жүйелі білімді меңгеpуін; ғылыми ақпаpатты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуін; таным, жобалау, құpастыpу, зеpттеу және шығаpмашылықпен қолдану әдістеpін меңгеpуін; заманауи ақпаpаттық- коммуникациялық технологиялаpды меңгеpуін; жоғаpы деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді.
Осы талқылаулаpдан білім беpу мазмұнындағы аксиологиялық және іс- әpекеттік компоненттеp білім жүйесіндегі негізгі құзыpеттіліктеpді дамытуға бағытталып отыpғанын көpуге болады. Оқушылаpдың алған білімдеpін пpактикалық жағдайлаpда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдеpісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беpетін негізгі құзыpеттіліктеp жүйесін меңгеpуі олаpдың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін беpеді.
Оқушылардың әртүрлі мазмұндағы және форматтағы мәтіндерді түсіну қабілеті оқырман сауаттылығының әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану, соның ішінде өз мақсаттарына қол жеткізу, білім мен мүмкіндіктерді кеңейту үшін білім берудің маңызды нәтижесі болып табылады. Қоғам соңғы онжылдықта адам өмір бойында қызметтің бірнеше түрін ауыстыру қажеттілігіне байланысты үздіксіз білім берудің маңызын түсінді. Оқу қабілеті ерте Колледж жасында пайда болған қабілет деп саналмайды, ерте жаста тек оқу техникасын меңгеруге болады.
Бүгінгі күні біздің білім беру жүйесінің алдында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның өмірлік шындыққа бейімделуі мәселесі тұр, өйткені қазіргі қоғамда адам жоғары кәсіпқойлықты және әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау үшін елеулі зияткерлік күш-жігерді талап ететін жағдайларда өмір сүреді және әрекет етеді. Соңғы онжылдықта адам өмірінде қызметтің, мамандықтың бірнеше түрін ауыстыру қажеттілігіне байланысты қоғам үздіксіз білім берудің маңызын түсінді. Енді оқи білу ерте Колледж жасында қалыптасқан қабілет, оқу техникасы ғана болып саналмайды. Енді бұл білімнің, дағдылар мен іскерліктің үнемі дамып келе жатқан жиынтығы, яғни әр түрлі қызмет пен қарым-қатынас жағдайларында өмір бойы жетілдірілетін адамның сапасы.
Сауаттылық сөзі оқушылардың оқуды одан әрі жүзеге асыру құралы ретінде меңгеруінің табыстылығын білдіреді: білім алуды жалғастыру, еңбек қызметіне дайындық, еңбекке және қоғам өміріне қатысу. Түсініктің мәні мынадай белгілерді құрайды: түсіну, рефлексия және пайдалану.
Олар өзара байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады. Рефлексия мәтіннің мазмұны (немесе құрылымы) туралы ойлануды, оны жеке санасына көшіруді көздейді.
Тек осы жағдайда ғана мәтінді түсіну туралы, адамның оның мазмұнын түрлі қызмет және қарым-қатынас жағдайларында пайдалану мүмкіндігі туралы айтуға болады.
Мәтіндерді белгілі бір санаттар немесе критерийлер бойынша нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір мәтін, әдетте, әртүрлі белгілері болуы және бірден бірнеше топтарға жатқызылуы мүмкін. Әдістемелік мақсатта PІSА тестін құрастырушылар әзірлеген мәтіндердің жіктелуін пайдалану ыңғайлы. Олар мәтіндерді тұтас және тұтас емес деп бөледі.
Оқушылар күнделікті өмірде, соның ішінде Колледжте оқитын тұтас мәтіндерге жатады:
сипаттама (әңгімеден үзінді, өлең, адамның, орынның, заттың сипаттамасы және т. б.);
әңгімелеу (әңгіме, өлең, әңгіме, әңгіме, хат, газет немесе журналдағы мақала, оқулықтағы мақала, нұсқаулық, жарнама, фильмнің, спектакльдің қысқаша мазмұны, блог посты, әртүрлі сайт материалдары);
ойлау (шығарма, пікір, өз пікірін дәлелдеу). Тұтас емес мәтіндерге жатады:
графиктер;
диаграммалар;
схемалар (кластерлер); oo кестелер;
географиялық карталар және жергілікті жердің карталары; oo үй- жайдың, жердің, құрылыстың жоспары;
кіріс билеттері;
көлік қозғалысының кестесі; oo сайттар картасы.
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырманы орындау барысында оқушы мәтін мәзмұны мен басқа да дереккөздерден оқыған, басқа пәндерден оқыған, жадына сақталған ақпаратты ұштастырып, дұрыс жауабын таба білуі керек. Яғни оқушы мәтінде не туралы айтылғанын түсінбесе дұрыс нәтижеге жете алмайды. Сұрақтар әр деңгейде беріледі.
Оқыған мәтінді түсіну үшін оқушы алдымен көз жүгірте оқиды, қысқаша мазмұнын түртіп отырады, сұрақ қояды, сын тұрғысынан оқып, ойланады. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Оқушыға еркіндік беріледі.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш Колледж деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді.
Сауаттылық мазмұнының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. Яғни,
«функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты ісәрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.
Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Сұхбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. Студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты таңдауымыздың себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі.
Диалогтың жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескерілді.
Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынады. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып, диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады.
Мысалы:
Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің осындай түрлері де ұсынылды.
Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір-бірімен әңгімелесе білу, мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.
«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды. Тапсырманың мақсаты: оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу,
құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу.
Мәтін №1 «ЕМ»
Демалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып,
құстардың түрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап,соларға жауап беріп келе жатқанбыз.
Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр.
Әке мына шайырды қарағайға кім жақты-дейді».
-Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой. Демалуға келген,
табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң,біреу ағашқа пышақ шанышқан.
Пышақты суырып алғаннан кейін,әлгі жарияланған жерден хош иісті шайыр ағып,жараны бітеп,иіскеген.
Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, -деді әкесі.
Сұрақ 1: Ем
Әкесінің: «Қарагым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта
мұндай іс істемеңдер», - деген сөзді айтуының мәнісі неде?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Сұрақ 2: Ем
Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?
_____________________________________________________________________________
_____
_____________________________________________________________________________
_____
Сұрақ 3: Ем
Ретімен жазып сәйкестендір
1 Есептік сан есім Екінің бірі ән айтады
2 Реттік сан есім Бес – алтыдан бөлінді
3 Жинақтық сан есім Бесеуі жолға шықты
4 Болжалдық сан есім Бір сағат өтті
5 Топтау сан есім Жетпістей адам келді
6 Бөлшектік сан есім Екінші үйде тұрады
Дауысты дыбыстар
Сұрақ: Неліктен дауысты дыбыстар /түсіндір/
1 тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді?
2 жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді?
3 еріннің қатысына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді?
----------------------------------------------------------------------------------------------------
-----
----------------------------------------------------------------------------------------------------
-- Мәтін №2 Дегелеңдегі жарылыс
-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара!
Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де
жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл
күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды.
Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер
бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара
жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай
отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл
тұрды.
Дауысты дыбыс
өкпеден шыққан ауаның
еш кедергіге ұшырамай,
еркін шығуынан
жасалады.
А, Ә, И, Е, Ы, І, О,
Ө,У,Ұ,Ү,Э
Тілдің
қатысына
қарай
ЖуанЖіңішке
Жақтың
қатысына
қарай
АшықҚысаң
Еріннің
қатысына
қарай
ЕріндікЕзулік
Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі
Алматыға емдетуге көшіп кетіпті.
Қара жер қандай күйге енді?
A) Жылады
B) Солқылдады
C) Қайғырды
D) Еңіреді
Дұрыс жауабы: B)Солқылдады
Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?
A) Қажымұрат
B) Айтуған
C) Алпамыс
D) Айтуар
Дұрыс жауабы: D)Айтуар
Төңіректі қандай сәуле шарпыды?
_____________________________
Мәтін Иә Жоқ
1 Қажымұрат өзінің соқыр болып
қалғанына кінәлі ме?
2 Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?
3 Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс
бар ма?
Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды
дәлелмен келтіріңіз.
_________________________________________________________________-
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
-----------------
Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз
қандай?
_______________________________________________________________
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
------------------
Мәтін № 3 Тұмау
Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл
өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға
қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және
жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.
Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз.
Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон
дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы
емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің
«Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11
түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.
Тұмау қай кезде қозады?
A) Жаз айында
B) Ауа райының суық кезінде
C) Жаздың қапырық кезінде
D) Жауын- шашынды күндері
Дұрыс жауабы: B)Ауа райының суық кезінде
Бетпердені күніне неше рет ауыстыру керек?
_____________________________________
Дұрыс жауабы: 8
Тұмау кезінде қабынатын ағзаларды атаңыз:
_____________________________________
Дұрыс жауабы: Өкпенің қабынуы, отит, гайморит, жүрек аурулары
р\
с
Мәтін Иә Жоқ
1 Тұмаудың алғашқы белгілері пайда
болғанда дәрігер шақырту керек пе?
2 Бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдету
жеткілікті ме?
3 Тұмау кезінде сұйықтықты ішуді шектеу
қажет пе?
Тұмауға қарсы екпені алу тиімді ме, тиімсіз бе?
_______________________________________
Жұқпалы тұмаудың жыл сайын жаңа түрлері пайда болуда. Сонда
адамзаттың тұмауға қарсы күресі өз нәтижесін бермеді ме?
_______________________________________
Мәтін № 4 «Тулардың да тарихы бар»
Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен
шыққан, вексиллология –ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы
Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57
делегат қатысты. Кнгрестің төрағасы болып вексиллология институтының
директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі
басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор интуиазммен
хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті
институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік
тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік
алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс
деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның
туларына ұқсас болып кеткен.
Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан
жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері
бейнеленсін» деген үндеу жарияланады.
«Табиғат ғажайыптары» кітабынан.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін,жоғарыда келтірілген «Тулардың
да тарихы бар» мәтінін пайдаланыңдар.
Сұрақ 1: «Тулардың да тарихы бар»
Егер мәтінге сенетін боласақ «Барлық мемлекеттердің туларынан
жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері
бейнеленсін» деген үндеу жарияланған. Үндеуді жариялауға 14 елдің
делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.................................................................................................................................
Біздің Мемлекеттік Ту халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы баға
алған. Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу
институтының директоры Р. Климеш мырзаның 1992 жылы жазған хатында
біздің Мемлекеттік Туға жоғары баға берген көрінеді. Осындай жақсы
лебіздер АҚШ, Германия, Ресей елдерінің тутанушылар тарапынан да
айтылған.
«Алтын бесік» журналы
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді
пайдаланыңдар.
Сұрақ 2: «Тулардың да тарихы бар»
Вексилология –ту туралы ғылым. Қалай ойлайсың, вексикология
институты қазір жұмысын жандандырып жатыр ма? Жауаптарыңызды
растайтын мысалдар келтіріңіз.
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
.................................................................................................................................
Әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз
баяуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған.
Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әріден бастау алатын төл
тарихы болады.Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте
бойынша, ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны,
әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады
деген ойға жетелейді.
«Қазақстан рәміздері» кітабы
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді
пайдаланыңдар.
Сұрақ 3: «Тулардың да тарихы бар»
Бұл мақалада не айтылды?
А. Вексиология институты
В. Рәміздердің тарихы
С. Мемлекеттік туға жоғары баға беріді
Д. Ұлттық бояу
Е. Тутанушылар
4. Есімдіктің мағыналық түрлерін жазыңыз.
Есімдік
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
1-тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз.
2. оқушы ойы
2-тапсырма.
Мысалдар келтіру
3-тапсырма
1. Дұрысын табу
Жауаптары:
1 Жауап: Үндеуге 14 елдің делегаттарының қатысуына мемлекеттік тулар
мәселесіндегі қиындықтарды шешу. Тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің
туларынан бейбіт өмірдің нышаны айқын сезілуін және бір үлгіде
жасалынып кетпеуін, бір жерден басқарылуын дұрыс деп есептейді.
2 Жауап: Вексилология институты 1973 жылдан бері өз жұмысын
жалғастырып жатыр.
3 Д. Ұлттық бояу
4 Жіктеу, Сілтеу, Сұрау, Өздік, Жалпылау, Белгісіздік, Болымсыздық.
Бағалау кестесі.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Көрген экспонат, мұралардың ішінен қажеттісін екшеп бөліп алып, сол туралы ақпарат беру біліктерін қалыптастыру көзделді.
Жұмыс кезінде коммуникативтік, мәселелердің шешімін табу құзыреттіліктері тапсырмаларын орындау ұсынылды.
Колледж студенттерінің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда қатысымдық әдіс функционалдық сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қатысым әдісі бойынша оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, тілді үйретуді күнделікті өмрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескерілді. Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері арқылы іске асады. Бұл қатысымдық бағытта дайындалған тапсырмалардың мәні оқушыларды ана тілінде қарым- қатынас үдерісіне дайындау, сыныпта қарым-қатынас жасауға жағдай тудыру болып табылады. Қатысымдық әдіс ұсынылған тапсырмалардың бәріне ортақ, әсіресе жағдаяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің функционалдық сауаттылықпен байланысы жағдаяттық, сұхбаттық тапсырмалардағы тілдесімде ерекше басымдылыққа ие болады. Рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.
Мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді; мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; берілген мәтінге жоспар құруды; қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; диктант (көлемі 6575 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150- 200 сөз), көлемі 50-60 сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды; бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан; алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет; өз ана тілін жетік білуі және құрметтеуінен.
Стратегия белгілі бір реттілікпен құрылған және белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған әдістердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Ғылыми әдебиеттерде «мәтінмен жұмыс істеу стратегиялары», «түсіну стратегиялары» және «оқу стратегиялары» сияқты бірқатар терминдер бар, оларды синонимдік ұғымдар деп санауға болады. Оқу стратегиясы бірлескен әрекетті білдіреді. Оқу стратегиясы мәтінмен жұмыс істеудің белгілі бір әдістерін немесе оқудың әрбір кезеңінде мәтіннің мағынасын толық меңгеру үшін қолданылатын әрекеттер тобын білдіреді. Мәтінді түсіну стратегиясы әрекетті қажетті бағытқа қояды, көздеген мақсатқа жету үшін іс-әрекеттегі кездейсоқтыққа жол бермей, тәртіпті қамтамасыз етеді.
Мәтін келесі қызметтерді атқарады: оқушыға білім береді, оқуға үйрету құралы, оқушының ойын дамытады, тәрбиелік міндеттерді шешеді, оқушылардың тіл байлықтарын дамытады. Ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз. Сондықтан оқытуда мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Мәтінмен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады.
Мәтіннің мазмұнын түсіну дәрежесін әртүрлі әдістерді қолдану арқылы анықтауға болады: бөліктерге бөлу, түйінді сөздерді іздеу, тақырыпшаларды анықтау, жасырын сұрақты анықтау, мәтіннің тақырыбына қарап, мазмұнды болжау, оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату және т.б. Оқудың әрбір түрінде оқушыларға өздерінің оқу траекториясын барынша ұтымды түрде құруға мүмкіндік беретін мәтіндік (мәтінге алды, мәтінмен жұмыс кезеңі және мәтіннен кейінгі) және когнитивтік стратегиялар (ойлаумен, түйсікпен, пайымдаумен байланысты) қолданылады.
Когнитивті стратегиялар оқытылатын материалды түсінумен, оны жадында сақтаумен, үйренген ақпаратты қайта жаңғыртумен және оны түрлендіруде шығармашылықты көрсетумен байланысты.
Когнитивті стратегиялар келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Аталған оқу стратегияларының әрқайсысының мазмұны жеке сипатқа ие. Когнитивті стратегияларды қолдану ақпаратты түсіну, оны табу, жүйелеу, түсіндіру және ақпаратпен алмасу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Колледжте оқу стратегияларын меңгеру шартты түрде үш топқа бөлінген маңызды коммуникативті, сөйлеу және оқу дағдыларына негізделген.
Бастапқы оқу дағдыларын дамыту үшін оқу үрдісіне мәтіннің әр түрімен жұмыс істеу кезінде оқу іс-әрекетінің келесі түрлерін енгізген жөн.
І. Ақпаратты іздеу және мәтінді түсіну:
ІІ. Ақпаратты түрлендіру және интерпретациялау:
III. Ақпаратты рефлексиялау және бағалау.
IV. Мәтіндегі ақпаратты пайдалану:
Мәтінмен тікелей жұмыс мәтінге дейінгі жұмыс, мәтінмен жұмыс және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін қамтиды.
Мәтінмен жұмыстың кезеңдерін және мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу формаларын тізіп көрейік.
I. Мәтінге дейінгі кезең.
Мәтінді оқуды бастамас бұрын қолдануға болатын оқу стратегиялары: Кесте «Плюс минус қызықты», «Плюс минус сұрақ», «Шын-жалған ақпараттар», «Мозайка», «Миға шабуыл», «Сұрақты бөлшектеу», «Алдын ала сұрақтар», «Сұрақтар батареясы», «Глоссарий» т.б.
ІI. Мәтінмен жұмыс кезеңі. Кезеңнің негізгі міндеті – ақпаратты оқу және өңдеу
Мәтіндік тапсырмалар қабылдауды бағыттайды, оқу процесінде мағыналық ақпаратты түсіну және сақтау қабілетін қалыптастырады.
«Көпіршіктер», «Таймаут», «Ескертумен оқу», «Шеңберде оқу»,
«Микрофон жанындағы театр» (рөлге бөліп оқу) т.б.
III. Мәтіннен кейінгі кезең. Бұл кезең мәтін мазмұнын терең түсіну үшін қажет.
Мәтіннен кейінгі кезеңде келесі стратегияларды қолдануға болады:
«Бес сұрақ», «Жалғасын тап», «Сұрақтар батареясы», «Жауап қайда?»,
«INSERT» әдісі, «Тексеру парағы» т.б.
Мәтіналды жұмыс, мәтінді оқу және мәтіннен кейінгі кезеңдердің кез келген кезеңінде кластер, «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Тіркеу журналы», «Күнделіктер», «Синтез кестесін» қолдануға болады.
Мәтінмен тікелей жұмыс мәтінге дейінгі жұмыс, мәтінмен жұмыс және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін қамтиды.
Мәтінмен жұмыстың кезеңдерін және мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу формаларын тізіп көрейік.
I. Мәтінге дейінгі кезең.
Мәтінді оқуды бастамас бұрын қолдануға болатын оқу стратегиялары: Кесте «Плюс минус қызықты», «Плюс минус сұрақ», «Шын-жалған ақпараттар», «Мозайка», «Миға шабуыл», «Сұрақты бөлшектеу», «Алдын ала сұрақтар», «Сұрақтар батареясы», «Глоссарий» т.б.
ІI. Мәтінмен жұмыс кезеңі. Кезеңнің негізгі міндеті – ақпаратты оқу және өңдеу.
Мәтіндік тапсырмалар қабылдауды бағыттайды, оқу процесінде мағыналық ақпаратты түсіну және сақтау қабілетін қалыптастырады.
«Көпіршіктер», «Таймаут», «Ескертумен оқу», «Шеңберде оқу»,
«Микрофон жанындағы театр» (рөлге бөліп оқу) т.б.
III. Мәтіннен кейінгі кезең. Бұл кезең мәтін мазмұнын терең түсіну үшін қажет.
Мәтіннен кейінгі кезеңде келесі стратегияларды қолдануға болады:
«Бес сұрақ», «Жалғасын тап», «Сұрақтар батареясы», «Жауап қайда?»,
«INSERT» әдісі, «Тексеру парағы» т.б.
Мәтіналды жұмыс, мәтінді оқу және мәтіннен кейінгі кезеңдердің кез келген кезеңінде кластер, «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Тіркеу журналы», «Күнделіктер», «Синтез кестесін» қолдануға болады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым- қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін Колледжтерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу;
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. функционалдық сауаттылыққа мынадай деректер келтіруге болады.
Ресми дерек бойынша, Колледж жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар Колледжтен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен іс- қағаздардың бланкісін толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар жарақат алулар көбейіп кеткен.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Сол себепті келешек ұрпаққа жалаң білім беріп қана қоймай саналы, сапалы білім беру басты мақсатымыз.
С.И.Ожеговтың сөздігінде «функция» сөзінің мәні «Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн)» – деп анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады»– деп сипаттама беріледі.
Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады.
Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілін оқытудың тұлғалық-әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені сауаттылыққа оқушы өз әрекетінің иесі – Субъект дәрежесіне көтерілгенде толық қол жеткізеді.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр. Орыс тілінде білім беретін Колледжтегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың қазақ халқының көркем әдебиет туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан- жақты тәрбие бере отырып, әдебиетіміздің үздік туындыларымен, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды», ол, түсіндіріп айтқанда білімді, адам гершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани- адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз.
Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, Колледж, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, Колледжтен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез- құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.
Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және
жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын студенттерінің арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс.
Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады. Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық,сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет.
Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалықмәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылықжұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы,ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын студенттерінің арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері,хронологиялық кестелері болуға тиіс.
Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазыпалып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қысаәңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.
Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар Колледжтің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру.Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды.
Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оныңеркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдылан
Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін.Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсендіоқыту,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы,Блум таксономиясы,сатылай кешенді талдау,мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.
Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасызжақтарын анықтап.баға бере алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін.
Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында
Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқыныңтарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын тереңмеңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалдысауаттылығын көрсете алады.
Функционалдық сауаттылық – бұл адамның сыртқы ортамен қарым- қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құрылады.
Колледжде құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны бөлек. Өйткені, мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асыруының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді Колледжтердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.
Функционалдық сауаттылығын қалыптастыру – оқушының танымдық- қатысымдық қабілеттерін дамытып, ішкі мүдделерін әлеуметтік сұраныммен үйлестіру жолы. Сондықтан да, орыс тілді Колледжтерінде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұхбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани- адамгершілік, этикалық-эстетикалық және тағы басқа тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдарының бірі ретінде пайдалану – яғни бұл әдебиет пәнінің басты мақсаты болады. Ал, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жеке танысып, білімін кеңейтеді.
Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін тәжірибелік жағдайда тиімді пайдалана отырып негізгі құзіреттіліктерін енгізу керек.
Олар:
-басқарушылық (мәселені шешу қабілеті);
-ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін арттырып, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
-коммуникативтік (қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-қатынас жасау);
-әлеуметтік (қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
-тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
- азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі)
-технологиялық (ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану);
Оқушы осы аталған негізгі құзіреттіліктермен қатар пәндік құзіреттіліктерді әр пәнінің мазмұны арқылы меңгеруі тиіс.
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сосын ұстаз, Колледж, қоршаған орта. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, Колледжтен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді.
Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.
Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс- тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.
Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақша тіл және сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту арқылы қазақша тілдік тұлға қалыптастыру – қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады .
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек. Қазіргі қазақ Колледжтеріндегі қазақ тілі әлі де болса, формалдық грамматика логикасы негізінде оқытылып келеді. Оның салдары – меңгертілетін таза грамматикалық ережелер мен сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр.
студенттерінің функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін мұғалімнің алдынан шыққан оқушы – өмірбойында өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады.
Бүгінгі қоғамның талабы оқушының пән арқылы Колледжтен тыс өмірде қолдана алатын құзіреттіліктерді меңгеруін қажет етуде. Осыған байланысты орыс тілді Колледжтердегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушының әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін өз қажетіне қарай қолдана алуын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып белгіленді.
Бұл мақсатқа жету үшін жаңа бағыттағы білім мазмұнының макромоделі анықталды. Мұнда лингвомәденитанымдық аспектілерге ерекше көңіл бөлінді. Онда тіл – мәдениет – білім үшеуі бірлікте ұсынылады. Пәннің білім мазмұны үлкен 3 аяға бөлінді: әлеуметтік-тұрмыстық ая, әлеуметтік- мәдени ая, оқу-еңбек аясы болып анықталды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері ретінде оқытудың қатысымдық әдісін, рөлдік ойын әдісін, дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісін, сұрақ-жауап әдісін атауға болады.
Осындай сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіруге көмектеседі.
Қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:
8. Қазақ халқының салт –дәстүрін, мәдениетін, тарихын құрметтеу;
Ортақ Отанымыз – Қазақстанның одан әрі, Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып және мұғалімдер тек қана адал еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығаруға керекпіз.
«Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» дегендей оқушылар алған сапалы білімдерін, тәрбиесін, бойға дарыған өнерлерін үнемі жаңғыртып, жетілдіріп оны ғылыми жетістіктермен толықтырып отыруы тиіс.
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады.
тілінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған практикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға болады:
● "Тақырыпқа қатысты сұрақтар":
Оқушыларға мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, жауап беру талап етіледі. ● "Жарнама құрастыру": Белгілі бір өнімге немесе қызметке жарнама дайындау.
● "Диалог құру": Оқушылар екі кейіпкер арасында әңгімені өздері құрастырып, оны сахналауы керек.
● "Күнделікті тапсырмалар": Магазинге бару, жол сілтеу немесе туристік маршрут жасауға арналған тапсырмалар берілуі мүмкін.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың нәтижесі Функционалдық сауаттылықты дамыту оқушылардың мынадай нәтижелерге қол жеткізуіне көмектеседі:
● Мәтіндерді терең түсіну және талдау қабілеті.
● Өмірлік жағдайларда тілдік құралдарды тиімді қолдану.
● Ақпаратты іздеу, жүйелеу және өз көзқарасын білдіру дағдыларының дамуы.
● Коммуникативтік қабілеттердің артуы және топта жұмыс істей білу.
Бұл әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығы артып, олардың күнделікті өмірдегі белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды.
Қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту – заманауи білім беру үдерісінің маңызды бөлігі. Бұл бағыт оқушылардың күнделікті өмірде қолданылатын тілдік дағдыларын қалыптастырып, олардың коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыруды көздейді.
Функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы оқушылар тек грамматикалық білімді меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларда тиімді пайдалана алуды үйренеді. Сабақ барысында заманауи технологияларды, мәтінмен жұмыс істеудің креативті тәсілдерін, интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятады. Мұғалімдер үшін басты міндет – әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, оларға жан-жақты тілдік қолдау көрсету.
Болашақта функционалдық сауаттылықты дамыту оқушыларды тәуелсіз ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге және сын тұрғысынан талдауға үйретіп, олардың бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан бұл міндет әрбір қазақ тілі пәнінің мұғалімінің күнделікті тәжірибесінде басымдыққа ие болуы қажет. Тіл – ұлттың жаны, білімнің кілті. Тілді меңгеру арқылы біз тек ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, қоғамның жан-жақты дамуына үлес қосамыз.
Қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың әдістері Қазақ тілі пәнінде функционалдық сауаттылықты дамыту үшін келесі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
Мәтінмен жұмыс: Мәтіндермен жұмыс істеу – функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың басты құралы.
● Мәтіннен негізгі ойды табу.
● Ақпаратты талдау, өз пікірін білдіру.
● Мәтінге негізделген сұрақтарға жауап беру. Мысалы, "Экология және табиғат" тақырыбы бойынша мәтінді оқып, оның мазмұнына талдау жасау және экологиялық мәселе туралы өз ұсыныстарын айтуға тапсырма берілуі мүмкін.
Өмірлік жағдайларға негізделген тапсырмалар: Сабақ барысында оқушыларға күнделікті өмірге байланысты тапсырмалар беру арқылы олардың білімін қолдануға жағдай жасау керек.
● Ресми хат немесе өтініш жазу.
● Хабарландыру құрастыру.
● Әңгімелесу барысында мәдениетті сөйлеу дағдыларын дамыту. Бұл тапсырмалар оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне және күнделікті өмірде қолдана алуына ықпал етеді.
Интерактивті әдістер: Қазіргі технологияларды пайдалану функционалдық сауаттылықты дамытуға тиімді әсер етеді.
● Kahoot, BilimLand, Quizizz сияқты платформалар арқылы интерактивті тапсырмалар беру. ● Видеоматериалдармен жұмыс істеу.
● Онлайн тесттер арқылы өз білімін тексеру. Мысалы, "Тарихи тұлғалар" тақырыбына байланысты онлайн-викторина өткізу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады
Шығармашылық тапсырмалар:
● Эссе немесе пікір жазу.
● Постер немесе буклет дайындау.
● Топтық жобалар жасау. Мәселен, "Менің туған өлкем" тақырыбы бойынша оқушылардан туған жері туралы шағын эссе жазуын сұрап, оны сыныпта талқылауға болады. 5. Топтық және жұптық жұмыс: ● Оқушыларды жұпқа немесе топқа бөліп, оларға өзара пікір алмасуға мүмкіндік беру. ● Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Мысалы, "Қоғамдағы ең маңызды мәселе" тақырыбында топтық талқылау ұйымдастыруға болады.
«Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ
ӘДІС- ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
Заманауи оқу орнының ең басты міндеті білім алушы- өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады.
«Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның мақсаты-білім алушылардың салалық сауаттылығын дамыту арқылы, тиiмдi қызмет түрлеріне бейімдеу. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Білім алушылардың фунционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында өз тәжірибемде атқарылып жатқан істер біршама, соларға тоқтала кетейін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, сыни ойлауына, кез-келген тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындауға, мәтіндерді редакциялауға, еркін жазуға, зерттеуге, тәжірибе жасауға, жұппен, топпен жұмыс жасауға бағытталған. Әр сабақта оқытушы оқытудың тиімді әдістерін, рефлексия мен кері байланыс жасаудың тиімді әдістерін қолданады. Пәнді оқытуда тілдік мақсаттар мен Мәңгілік Ел құндылықтарын, алдыңғы білімге оралу сияқты басымдықтарға назар аудару қажеттігіне көңіл бөлінеді.
Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыру мақсатында, Абайды –әлемдік поэзия алыбы, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы, суреткер, ойшыл ақын, аудармашы, ұстаз ретінде таныту басты мақсатымыз болып табылады. Жас ұрпақтың бойында Абай атамыздың, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті ұрпақтың бойына сіңіру - ұстаздардың міндеті екені даусыз.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы білім алушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолдану-ұстаздың шеберлігі.
Қолданылатын әдістердің оқу мақсатына сәйкестігін, оқуда көзделетін критерийлерге сай келетіндігін, сабақ мақсатына жетуге ықпал ететініне, білім алушының оқу мүмкіндігі мен жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай келетін әдістерді таңдап алу қажет.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сауаттылықтарын арттыруда, Абай шығармаларын оқытуды ұтымды ұйымдастырудың бірнеше әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтпекпін.
Орта буын оқушылары үшін, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өскен ортасы туралы өткен кезде, оқулықпен немесе қосымша деректерді, мәтіндерді беру арқылы, INSERT (түртіп алу жүйесі) стратегиясы тиімді.
Білім алушылар материалмен танысу барысында V-«білемін», -« мен үшін түсініксіз», + «мен үшін жаңа ақпарат»,? –«мені таңқалдырды» белгілерін қойып отырып оқиды, соңынан түсініксіз тұстарымен жұмыс жасайды, бір -біріне түсіндереді. INSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуіне, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. «Семантикалық карта» немесе «Графикалық органайзер» әдістері, «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесі тақырыбын өткенде, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне мысал келтіре отырып, картаға, әр түрлі сызбаларға, кестеге түсіру арқылы оқулықпен жұмыс жасайды.
«Терминдер сөйлейді» әдісінде, Абай өміріне қатысты бірнеше терминдер ұсынылады, жаңа тақырыпты болжауға, анықтауға бағытталады. «Әдеби үйірме» стратегиясы, әр тақырыпты зерттеуге, өз бетінше ізденуге бағытталған әдіс. Топтық жұмыс жасау кезінде, Баяндап беруші міндеті – өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, оқиғаның мазмұнын айқындау.
Зерттеуші – басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау, жаңа сөздерді меңгеру, суреттеу, өткен тапсырманың қалған бөлігін қамту. Сұрақ құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе шығарманың жалпы мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, бастысы оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғарғы деңгейлердің бөлінуі туралы ескеру керек. Сілтемелер табушы- шығарманың тақырыбын, руханилығын ашатын сілтемелер табу, афоризмдер мен мақал –мәтелдерді жинақтау. Бейнелеуші-суретші – шығармадағы кейіпкерді немесе оқиғаны ауызша суреттеу Дәнекер – идеяларды оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Осы рөлдерге бөліну арқылы топпен жұмыс жасайды. «Идеялар жинау»- тақырып бойынша сұрақтар қою, ой шақыру тәсілінің бір түрі, немесе идеяларды тез жинау әдісі. Білім алушылардың алдағы талқылауға арналған тақырыптар бойынша бұрынғы алған біліміне шолу жасауына мүмкіндік береді. Абай өлеңдерін оқытудағы ең соңғы қорытынды сабаққа қолдануға тиімді. Ағылшын ғалымы Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін анықтады, олар: Әңгіме-дебат (мәлімдеу және қарсы мәлімдеу) Топтық (қайталау, мақұлдау, түсіндіру). Зерттеушілік (сыни әрі сындарлы) Бұл әдістер оқушылардың эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады.[4] Бұл әдіс -Абайдың қарасөздерін оқытуда тиімді. Де Бононың қалпақтары: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі.
Қызыл қалпақ – Түйсік. Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз. .
Ақ қалпақ – Фактілер. Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? Білетіңізді ғана жазыңыз. Жаңа ақпараттар, деректермен толықтыруға болады.
Сары қалпақ – Позитив. Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз.
Қара қалпақ – Жағымсыз. Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? Жағымсыз тармақтарды жазыңыз. Сабақтағы кездескен қиындықтарды айтыңыз?
Жасыл қалпақ – Креатив. Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.
Көк қалпақ – шолу. Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.
Бұл әдіс- «Ақылдың алты қалпағы» деп те аталады, топтық жұмыс жүргізген кезде қолдануға тиімді.
Жаңа тақырыпқа немесе қорытындылау сабақтарында қолдануға болады, әр қалпақтың шартын оқушы білу шарт. Кезбе тілші»
Топтарда « Абай-Табиғат-Қоғам-Адам» тақырыбындағы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет. 1-студент : телефон соғылып жатқанға ұқсатып, сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. Мысалы: Абайдың табиғат лирикасына тоқталады, Адам-табиғат-қоғам проблемасының көтерілуі туралы хабарлайды. 2-студент : Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді, Абай лирикасындағы табиғаттың сұлу, таза да дархан, бай көрінісінің жанды тіршілікпен, адам сезімімен үндесе суреттелуі туралы ақпар береді. 3-студент: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады. Ақын жаңалығы, шығармаларының идеялық –көркемдік құрылысы, шеберлігі туралы 454 ақпарат ұсынады. 4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер. Ақынның жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерін қалған білім алушылардан жатқа сұрайды, мәнерлеп оқытады, сұхбат алады. «Әліпби желісі» әдісі -әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша Абайдың әндерін, өлеңдерін дауыстап атайды. Мысалы: А-«Айттым сәлем, Қаламқас», Ә-Әбішке, Б-«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында», деген сияқты жалғастырып кетеді. Әліпби желісінің ретімен орындайды. «Он сұрақ», әдісінде мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ», не «ЖОҚ» деп беріледі. Бұл әдіс -тақырыпты қорытындылау кезінде қолданған тиімді. Білім алушылар ашық және жабық сұрақтар құрастыра алады. Ұлы Абайдың шығармаларын оқыту барысында ең қажетті сыналған әдістерді әр сабаққа түрлендіріп, жаңалап жетілдіріп отыру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Еліміздің ертеңі- болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де сапалы білім берудің әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: ғылым, білім, тәрбие, иман, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы болмақ.[5] Жас ұрпақтың дүниетанымына, заман дәрежесіндегі азамат болып қалыптасуына, интеллектуалдық танымына, функционалдық сауаттылықтарының артуына, «толық адам» болып жетілуіне Ұлы Абай шығармалары бірден бір рухани азық болып табылары сөзсіз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ
ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп көрсетілген.
Тек білім иесі болу бүгінгі күні жеткілікті емес. Жас ұрпақтың өмір бойы білім алуын тиімді ету үшін олардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін дамыту қажет екені сөзсіз. Сондықтан да білім беру ұйымдары білім алушыларға бар білімді үйіп-төгіп берумен ғана шектелмей, оларды өз бетінше алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуға үйрету керек. Жаңартылған білім мазмұны білім алушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын дамытуға бағытталған.
Білім алушылар білім алу барысында өмірде кездесетін түрлі мәселелерге қатысады. Олар комплексті ойлануды талап ететін жоспарлау жаттығуларын, дәлелдемелер келтіруді және шешімдер қабылдауды қажет ететін тапсырмаларды орындайды. Қазіргі маңызды проблемаларды шешуде қазақ тілі мен әдебиеті пәні айырықша орын алады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында студенттерге нақты мысал келтіре отырып, алған білімдері өмірлік мәселерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет.
Білім алушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. «Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!» демекші білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, ой қорытумен келеді. Осы тұрғыда оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады. Функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы -сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі.
Сындарлы оқытудың мақсаты –білім алушы пәнді терең түсіну , қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Орыс топтарына қазақ тілін оқыту оқытушылардан көп дайындықты талап етеді. Өзге ұлт өкілдерін тілге үйретуде оқытушы білім алушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды есепке ала отырып оқытады, түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды тиімді қолданады.
Оқыту барысында қолданылатын жаңа технологиялардың түрлері жақсы нәтижеге жеткізеді және студенттердің тілге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді.
Мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлерін бағалау үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз. «Кластерлер» «Жүзімнің шоқтары» - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
1курста «Салауатты өмір салтын ұстанамын» тақырыбын өткенде 1 топқа бірінші кестені, келесі топқа екінші кестені толтыру арқылы мәтінді түсіну деңгейін анықтауға болады. Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді. 11-сынып оқулығын өткенде «Қазақ тілі – қандай тіл?»тақырыбын өткеннен кейін
Білім алушылар тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарды. «Синквейн» әдісі тілдік қорды байытуға, қысқаша мазмұндауға, ой-пікірді қалыптастыруға үйретеді. Синквейнмен жұмыс жасау барысында әр түрлі лексикалық тақырыптарға сай сөздік қорын толықтырады.
11-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Қазақ поэзиясының сұлу сарайы. Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы (үзінді)
Сабақтың тақырыбы: «Қоғамның әлеуметтік құрылымы ». Проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылатын әдістің бір түрі – «Балық қаңқасы». Осы тұрғыда білім алушылардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан «ТӨДК» әдісі бойынша әр студент топтастарының пікірін тыңдай отырып, берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек. «Телебағдарлама жүргізушісі» әдісі. Оқытушы бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Ол жерде студенттер өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға мүмкіндіктері болатынын айтады. Мысалы:«Айтуға оңай» бағдарламасында «Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу керек. Сонымен қатар, оқу процесінде топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу–оқушының ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастырады. Үлгерімі жақсы студент көбіне «РАФТ» немесе «Кейіпкерге хат» стратегиясын жиі қолдануға болады, өйткені ол студенттің қиялын өрбітіп, тілін дамытады. В.А.Сухомлинскийдің «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына ойландырып қоймас үшін оны ойланту керек» деп айтқан сөздерін негізге ала отыра, заман талабына сай жаңа заман білім алушының функционалдық сауaттылығы жоғары болуы тиіс деп ойлаймын.
Ал білім алушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды болып табылады. Яғни, студент колледж қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана ол табысты бола алады. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы.
Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. «Қыран - түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,- деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ, жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстасақ қателеспеспіз
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Қазіргі уақытта еліміздегі мектепте,колледжде білім беру жүйесі біздің қоғамымыздағы, сондай-ақ әлемдік кеңістіктегі терең мазмұн мен құрылымдық өзгерістерге байланысты бетбұрыс кезеңді бастан өткеруде. Соның бірі ретінде функционалдық сауаттылықты алсақ болады. Қарапайым сөздермен функционалдық сауаттылық дегеніміз – мектепте,колледжде алған білімдері мен дағдыларын өмірде қолдана білу. Бұл оның әр түрлі салаларында өмірлік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін мектепте,колледжде қол жеткізуге болатын білім деңгейі. «Функционалдық сауаттылық» түсінігінің басқа да ғылыми анықтамалары бар - мысалы, адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу, оған тезірек бейімделу және қызмет ету қабілеті. Біз ақпараттық технологиялардың қарыштап дамыған дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл біздің қазіргі заманғы болмысымыз. Бүгінгі күні ақпараттың шексіз ағыны күн сайын және сағат сайын бізге түседі, ал егер бұған дейін оның көзі тек газет, журналдар мен теледидарлар болса, онда бүгінде дүниежүзілік ғаламдық желіні пайдаланбайтын адамды елестету қиын. Функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөліктерінің бірін қарастырайық. Мысалы, оқу сауаттылығы колледж білім алушыларының функционалдық сауаттылығының негізгі дағдылары болып саналады. Бұл адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және қолдану, оларды өмірлік мәселелерін шешу үшін талдау, зерттеу қабілеті. Оқырман мәтіннен алатын ақпарат оның білімін және өмірдегі мүмкіндіктерін кеңейтуі керек.
Мұғалім балаларды оқуға және оқылған мәтіннің мағынасын түсінуге үйретеді. Мұғалім балаларды мәтінмен жұмыс істеуге - қайта айтуға, бөліктерге бөлуге, жоспар құруға, тірек сөздерді бөлектеуге, кейіпкерлерді анықтауға, олардың жеке басы мен іс-әрекеттерін сипаттауға үйретеді. Мұғалім балаларды ақпарат табуға, оқығанына өзіндік баға беруге, мәтіндегі негізгі және қосымша ойларды бөліп алуға, сенімдерін кейіпкерлердің өмірлік позицияларымен салыстыруға, мазмұнын болжауға, сұрақтарды өз бетінше тұжырымдай білуге үйретеді. , мазмұны ұқсас әр түрлі жанрдағы мәтіндерді салыстыру.
Өзімнің жұмысымның негізі ретінде функционалдық сауаттылықты игеруге бағыт-бағдар ала отырып, мен оқытушы ретінде мәтінді оқудың әр түрін үйренуге, оқушылардың сөздік қорын байытуға, пассивті сөздікті белсенді сөздік қорына айналдыруға ықпал ететін жаттығуларға, тапсырмаларға ерекше назар аудардым. Мақсаты - оқушыларға мәтіндерден ақпарат алу және мәтіндерді ауызша және жазбаша түрде құру үшін оқу мен жазу дағдыларын қолдануға көмектесу, орфографиялық дағдыларды, дыбыстардың айтылу нормаларын сақтай отырып сөйлеу және оқу қабілеттерін дамыту. стресс, дұрыс интонация; Ауызша сөйлеуді дамытуға арналған келесі тапсырмалар түрлері: мәтінге сұрақтар қою, грамматикалық тақырып бойынша әңгіме жоспарын ауызша құру, оқу және ғылыми мәтінді ауызша қайталау, ауызша толық жауап; Кез-келген мәтінді қабылдау - бұл шығармашылық процесс. Тілдің қыр-сырын түсінуге үйрету сауатты жазуды білдіреді.
Сабаққа қызығушылық тудырып, функционалдық сауаттылықты дамыта алатын тиімді құралдардың бірі - дидактикалық ойындар немесе үзінділер. Білім алушыларды белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқытқанда, оқу іс-әрекетіне деген қызығушылық күрт артады, зерттелетін материал балаларға қол жетімді болып, олардың жұмыс қабілеттілігі артады. Олар: «Ойлан,тап,жұптас», «Қосымша сөз табыңыз», Сөйлемді аяқтаңыз» сияқты әдістері болуы мүмкін. Функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөліктері: -ақпаратты, ережелерді, принциптерді білу; өмірдің түрлі салаларында стандартты мәселелерді шешудің когнитивті негізін құрайтын жалпы түсініктер мен дағдыларды меңгеру; -өзгермелі әлемге бейімделу мүмкіндігі; жанжалдарды шешу, ақпаратпен жұмыс жасау; іскери хат-хабар жүргізу; өмірде жеке қауіпсіздік ережелерін қолдану; - қазіргі әлемнің құндылықтары мен нормаларына бағдарлауға дайын болу; олардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өмірдің ерекшеліктерін қабылдау; саналы таңдау негізінде білімді жетілдіру.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге арнайы белсенді дамушы білім беру технологияларын қолдану қажет, мысалы: -ұйымдастырушылық, интеллектуалды және басқа да дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оның ішінде оқу қызметін өз бетінше жүзеге асыра алатын жаңа білімді игерудің проблемалық-диалогтық технологиясы; -маңызды коммуникативтік дағдыларды дамытуға жағдай жасайтын дұрыс оқу іс-әрекетінің түрін қалыптастыру технологиясы; -ұйымдастырушылық, интеллектуалдық, коммуникативті және бағалау дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін жобалық қызмет технологиясы; - тәрбиелік міндеті балалардың іс-әрекетін қоздыратын жағдайларды ұйымдастыру болып табылатын «оқу жағдайларына» негізделген оқыту; - пайдалану және салыстыру, жинақтау, талдау және синтездеу сияқты маңызды интеллектуалды дағдылардың негізін құруға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту: -орфоэпиялық дағдыларды дамыту; -сөздік қорын байытуға жұмыс жасау; -оқушылар сөйлеуінің грамматикалық құрылымын дамыту және жетілдіру; -ауызша, оқу, ғылыми, көркем сөйлеуді дамыту; -жазбаша ауызекі, тәрбиелік және ғылыми, көркем сөйлеуді дамыту. Қазіргі жаңартылған білім мазмұн аясында функционалдық сауаттылық дамытуға арналған әдіс тәсілдер көп. Соны оқытып, дамытып ең бастысы оқытушы өзінің сабағына, тақырыпқа өзінің сынып ерекшелігіне, деңгейіне жұмыс жасау барысында дарынды, орташа, төмен балалар.
Жақсы оқитын студенттер мәтінді зуылдатып оқып береді,бірақ ойын қағазға түсіре алмайды. Сол балаға бағыттап сюжеттік мәтінді беремін. Ал кейбір балалар үндемей жаза береді, сөйлей алмайды, кейбіреуі құрастыра алмайды, кейбіреуі тіпті берген ақпаратты оқып түсіне алмауы мүмкін соған байланысты топты деңгейлеп аламын да тапсырма беремін. Сонда жүйелі болады.
Оқу машығын жақсы оқи алады,бірақ мазмұнын түсінбейді. Мазмұнын түсінбейтін балаға кілт сөзді тап? Негізгі ойды та?. Сол кезде ол кілт сөзді тауып, негізгі сөзді тауып, негізгі сөзден мазмұнға қарай сатылап барады. Кейбір балалар оқиды да, ойын жүйелеп айтпайды. Ол балаға мәтінге қарап отырып, жоспар құрып кел деп тапсырма беремін. Жоспармен сөйлеген бала ол сайрап айтады. Сюжеттік мәтінді оқу үшін, талдау үшін оқуға зейіні төмен машығы балаларға оқытудың түрлерін беремін. Кейбір балалардың айтылым, тыңдалым дағдысы жетіспейді. Ол балаларды жұптастырып, бір-біріне сұрақ қояды.
Сол кезде тексеріп алуға болады. Сюжеттік мәтінде балалар жоспар құру білу керек. Сол жоспармен бала сөйлей білу керек. Негізгі ойды анықтай білуі керек. Мәтіннің негізгі ойын таба білуді, проблемалық сұрақ қойғызып үйрету керек бірбіріне. Мәтін бойынша жұмыс түрлерін бөліп беремін. Балаларды конкурсқа дайындағанда еске сақтау қабілеті балаларды «Оқу айнасының» проектісі аясында балаларды көркем сөз оқуға дайындаймын.
Мәнерлеп оқуға көңіл бөлемін. Осы тәсілдерді қолдана отырып ,семестрде осындай нәтижеге жеттім. 1 семестрде– 32 % 2 семестрде-59% Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заман талабы. Жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз, тұлғаның сөздік қоры молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау қабілеті артады, шығармашыл жұмыс істейді, қиялы ұшталады, тапқырлыққа үйренеді. Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТАПСЫРМАЛАР ДАЙЫНДАУ
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойылды.. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр.
Адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін,тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті біліммен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, қалыптастыру, меңгерту.
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Қазақ тілі пәнінің білім мазмұны құзіреттілік бағытына сай тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін, практикалық маңызы, қатысымдық қызметін танытатын материалдар мен жұмыс жасайды; оқушының оны өздігінен әрекет ете отырып игеруіне қажетті оқу жағдаяттары мен өмір шындығына сай құрылған қатысымға жетелейтін жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылады; қазақ тілін оқытудың түпкі нәтижесі оқушыға ақпараттық, қатысымдық және проблеманы шешу құзіреттіліктерін меңгертуге бағытталған, онда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қол жеткізіледі. Өйткені білімнің оқушының өмірлік дағдысына айналуына бірден-бір мүмкіндік беретін жол функционалдық сауаттылық болып табылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру– оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын.
Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. «Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау» (PISA,2009). Оқу сауаттылығының 3 құрамдас бөлшегі бар.
Олар: жағдай, мәтін, аспект. Мәтін, жағдаят және сұрақ–оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында. Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену белсенділігін арттыру үшін интернет-технологияны қазақ тілін оқыту әдістемесінің орнықты бір компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің бүгін үшінде, болашақ үшінде маңызы зор. Интернет-технологияны енгізудің қаншалықты маңызды екендігін соңғы жылдары барлық білім алушыларда, білім берушілерде анық түсінді деп айтуға болады.
Интернеттік коммуникацияның көптеген түрі қазіргі кезде еркін және үйреншікті түрде қолданысқа еніп кетті. Олар: электрондық пошта, чат, форум, веб-конференция т.б. Интернеттен тікелей алынатын мәліметтер немесе интернет ресурстар-қазақ тілін түрлі бағытта, түрлі салаға үйрету үшін мол әрі құнды мәліметтер бере алады, соның негізінде заманға сай оқу материалдарын жүйелеуге бастау көзі ретінде сенімді тірек болады. Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ)- күн өткен сайын адамдардың өзара қарым-қатынас жасайтын қажетті де қолжетімді құралына айналып келеді. Әлемдік Интернетстатистика орталығының 2008 жылғы желтоқсан айындағы мәліметінше, қазіргі кезде 1,5 млрд. адам, немесе Жер бетіндегі әрбір төртінші адам ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу, кәсіби, тұрмыстық, ғылым т.б.салаларда кең қолданып отыр.
Интернет -технологияның қазіргі кездегі даму барысын қадағалай отырып, онда әлеуметтік сервистермен кызметтердің кеңтарап келе жатқанын көре аламыз. Олар: блог, уики, докаст, твиттер, ютуб, қыстырма (закладки) т.б. Оларды кең арналы жүйеде қолдануға қазақ тілін оқытудың кейс-стади, квест-сабақтар, электрондық-виртуалдық сабақтар, қашықтан оқыту т.б. сияқты заманауи жүйелерді қолдану әдістемелері арнайы зерттелуі керек «Тулардың да тарихы бар» Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология – ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты.
Конгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зоринтуиазм мен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен. Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады. «Табиғат ғажайыптары» кітабынан. Сұрақ1: «Тулардың да тарихы бар» Егер мәтінге сенетін болсақ, «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланған.Үндеуді жариялауға 14 елдің делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар? ___________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Біздің Мемлекеттік Ту халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы баға алған. Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш мырзаның 1992 жылы жазған хатында біздің Мемлекеттік Туға жоғары баға берген көрінеді. Осындай жақсы лебіздер АҚШ, Германия, Ресей елдерінің ту танушылар тарапынан да айтылған. «Алтын бесік» журналы Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді пайдаланыңдар. Сұрақ2: «Тулардың да тарихы бар» Вексилология–ту туралы ғылым. Қалай ойлайсың, вексикология институты қазір жұмысын жандандырып жатыр ма? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз. 170 _____________________________________________________ _____________________________________________________ Әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз баяуы, өз түсіде болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әрі ден бастау алатын төл тарихы болады. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша, ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалықпен бейкүнә пәктіктің нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді. «Қазақстан рәміздері» кітабы
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді пайдаланыңдар.
Сұрақ3:«Тулардың да тарихы бар» Бұл мақалада не айтылды?
А. Вексиология институты В.Рәміздердің тарихы С.Мемлекеттік туға жоғары баға беріді
Д. Ұлттық бояу Е. Ту танушылар
Есімдіктің мағыналық түрлерін жазыңыз. Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар: 1-тапсырма 1. Мәтінді оқыңыз. 2. оқушы ойы 2-тапсырма. Мысалдар келтіру 3-тапсырма 1.Дұрысын табу Жауаптары: 1 Жауап: Үндеуге 14 елдің делегаттарының қатысуына мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу. Тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларынан бейбіт өмірдің нышаны айқын сезілуін және бір үлгіде жасалынып кетпеуін, бір жерден басқарылуын дұрыс деп есептейді. 2Жауап: Вексилология институты 1973 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып жатыр. 3Д. Ұлттық бояу 4 Жіктеу, Сілтеу, Сұрау, Өздік, Жалпылау, Белгісіздік, Болымсыздық
Тапсырма.Пиза тапсырмалары арқылы да білім алушылардың оқу,жазу функционалдық құзіреттілігін дамытуға болады.Пиза тапсырмаларын орындатып отырамын.
ҚАН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанынтолық алмастыра алатын зат жоқ. Сондықтан қан тапсырудың адам өмірін құтқаруда маңызы зор.
Францияда қан құю арқылы жыл сайын 500 мың науқастың азабын жеңілдетеді.Қаналу үшін стерильді бір рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылады (шприц, түтіктер және контейнерлер).
Қан тапсыра отырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсындар.
Қан тапсыру – тегін көмек көрсетудің ең көп тараған түрі және оған небәрі 45минуттан 1 сағатқа дейін ғана уақыт кетеді.
Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қаналады.
Ер адам жылына бес рет, ал әйел адам үш рет қан тапсыруына болады.
18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донор бола алады.
Әрбір қан өткізу арасындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.
«Қан тапсыру тұралы хабарландыру» мәтіні Интернеттегі француз сайтынан алынған. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін«Қан тапсырутуралы хабарландыру» мәтінін пайдаланыңдар.
Сұрақ-1: Қан тапсыру туралы хабарландыру.
Соңғы он екі ай ішінде екі рет қан өткізген он сегіз жастағы қыз қайта қан өткізгісі келеді. «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні бойынша оған қандай жағдайда қайтадан қан тапсыруға рұқсат беріледі? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма
МЕН ШЕТЕЛДІК ОТБАСЫНДА ТҰРЫП, ОҚИ АЛАМЫН БА?
Мен шетел отбасында тұрып, оқи аламын аламын ба? Бұл ой мені көп мазалайды, деген мен өте қызығарлық жағдай. Егер сіз еш қорықпастан шешім қабылдасаңыз, бұл жағдай басқаларға ерекше таңданыс тудырар еді. Ең бастысы – сіздің жеке қалауыңыз бен күткен үмітіңіздің толық орындалуы.
Үміткерден не талап етіледі? Оқушылармен алмасу бағдарламасымен жұмыс істейтін түрлі ұйымдардың талаптарының арасында аз ғана айырмашылық бар, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сыныбына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне қатысты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейінгі негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітірген оқушылар оқуға қабылданады.
Оқушылармен алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда орташа үлгеріммен де қабылдануға болады. Оқушының үлгерім деңгейі біршама төмен болғанымен, әңгімелесу кезіндегі оның эмоционалды жақсы әсер қалдыруы көбірек ескеріледі. Көп жағдайларда мектеп немесе мұғалімдер тарапынан берілген мінездеме қажет болады. Өтінішіңізге қоса сіздің мектептегі бағаларыңыз көрсетілген көшірмені қосу керек.
Тілді білу деңгейі көбіне жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша емтихан арқылы бағаланады. Жалпы, үміткерден шет тілінде еркін сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігімен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелесу барысында үміткерлерден күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі.
Оқушының денсаулығының мықты болуы міндетті шарт болып есептеледі. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда басқа елдегі отбасында тұрып оқуыңызға да ештеңе кедергі бола алмайды. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, аллергия, сізбен бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын ұзартуы мүмкін. Бірақ бұл сізге кедергі болмауы тиіс. Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады, Әсіресе, баланың қарым-қатынас жасай білу қабілеті, басқа ортаға бейімделе алуы, ұжымда жұмыс істей білуі, оқуға деген ұмтылысы және ой-өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиетттердің барлығы үміткер мен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.
Сұрақ-2:Мен шетелдік отбасында тұрып, оқи аламын ба?
Бұл мақаланың басты ойы неде?
А) Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау.
В) Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру.
С) Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу.
D) Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау.
Сұрақ-3:Мен «алмасу оқушысы» бола аламын ба?
А) Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы).
В) Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оныңстилі туралы).
С) Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай стильде жазуға тырысты.
D) Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.
Сұрақ 4: Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?
А) Оқу жетістіктері.
В) Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.
С) Шет тілін ете жақсы меңгеру.
D) Мықты денсаулық.
Сұрақ 5: Мақаладағы мәліметті пайдаланып, неліктен сіздер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін маңызды екенін түсіндіріңіз.
Пиза тапсырмаларын қашықтан орындату тиімді.Білім алушылар бос уақытында тапсырмаларды орындайды.Нәтижесін шығару да уақыт алмайды.Үнемі,халықаралық Пиза тапсырма орындату ,білім алушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.
«Қатысушылардың деңгейі бойынша жинақталған нәтижелері» кестелерін
Толтырыңыз.
Тест өткізілген күні:16.09.25ж
Қатысушы саны:11
|
Танымдық деңгей |
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
|
Оқу сауаттылығы |
47 |
45 |
30 |
|
|
|
|
|
Білім алушылардың көпшілігі оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыстануға қиналған. Жалпы балл - 32балл. қатысу пайызы -92пайыз
2.Білім алушылары төменгі деңгейде көрсеткіш көрсеткен мұғалімдердің кезіккен қиындықтар мен мәселелері.
Жалпы топтарда пиза тапсырмаларының мазмұнын толық түсініп қарамайды сонымен қатар тапсырмаларды орындамайды.Мәтін тапсырмаларының сұрақтарының мазмұнына түсінбеген.
«Қатысушылардың деңгейі бойынша жинақталған нәтижелері» кестелерін толтырыңыз
Тест өткізілген күні:12.10.25ж
Қатысушы саны:
|
Танымдық деңгей |
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
|
Оқу сауаттылығы |
70 |
40 |
31 |
|
|
|
|
|
1.Мәтіндік есеп:
1.Төменгі деңгейде көрсеткіш көрсеткен білім алушыларға кезіккен қиындықтар мен мәселелері.
RISA тапсырмаларын білім алушылар барынша орындады.Оқу сауаттылығын арттыруға мәтінмен жұмыс болды.Білім алушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді.Тапсырмалар талапқа сәйкес тексерілді.Тапсырманы орындаған білім алушылар төмендегідей нәтижеге қол жеткізді.
Қатысу пайызы-83%Білім сапасы-53%.Ең бірінші өткізілген Пиза тапсырмаларынан ілгерлеушілік бар.Бірінші Пиза тапсырмасын орындауда білім сапасы-32пайызды көрсетсе,екінші Пиза тапсырмаларын орындауда-53% пайызды көрсетіп отыр.Бұдан шығатын қорытынды:Білім алушылардың тапсырма орындауға,мәтіндік тапсырмаларды тұжырымдауға дағдыланғанын байқауға болады.Білім алушыларды оқу сауаттылығына көбірек даярлауды қажет етеді.Қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп,жұмыстансақ білім сапасы арттырылады.
Әрбір жұмысқа есептік талдама жүргіземін.Оқу жетістіктерін салыстырмалы арқылы нәтижеге жету болып табылады.Білім алушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуға жақсы нәтиже береді.Қазіргі білім алушылардың өзін-өзі дамытуға ,алған теориялық білімдермен өмірмен байланыстыруға,оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға қатты көңіл бөлінуде.Теориялық білім мен практикалық білімд дәрежесін теңестіру осы күнгі маңызды міндеттердің бірі.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. PISA халықаралық зерттеуіне Қазақстанның қатысудағы мақсаты - оқушылардың оқу жетістіктерінің бақылау-бағалау жүйесін реформалау, халықаралық стандартқа сәйкес білім мазмұнын оңтайландыру, қазақстандық білім сапасын бағалау жүйесін құру болып табылады. 2013 жылы PISA - 2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан қарастырылып, 65 мемлекет қатысуымен Қазақстан Республикасы математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша - 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленгені белгілі болды. Еліміздің төменгі деңгейде болуы білім беру жүйесіндегі талаптарды өзгертуге, стандарт талаптарын қайта қарауға итермелейтіні сөзсіз. Ол үшін білім саласының мамандарына жоғары білімді берумен қатар, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу құзыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді.Бұл әсіресе мұғалімдердің жауапкершілігін, міндеттерін күшейтеді. 2015 жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың жаратылыстану бағытында оқушының функционалдық сауаттылығы тексерілді, сондықтан жас ұрпаққа теориялық мәліметтермен қоса әлеуметтік ортада алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейде жеткізу – педагогтардың басты міндеті.Егер оқушылардың белгілі бір тапсырмаларды ой елегінен өткізуге ықпал ететін, осы жағдай проблемаларын зерттеуге және одан шығу жолдарын көрсететін жаңа мәтіндер мен тапсырмалар құрастырылса, жеке шешім қабылдай алатын, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді тұлға қалыптасады.
Білім алушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзіреттілік түрлері
Осы біліктер анық ғылыми білімдер мөлшерінде негізделмей, сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет ету қабілеттілігінің, және сол тілде түсіндірме және сипаттама беріледі.Үшінші құзіреттілікке тиісті тапсырмалар бар мәліметтер негізінде қорытынды алуға біліктілікті алуды қалыптастырады. Осы тапсырмалар сандар, суреттер, кестелер, схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі.Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғандықтан, білім алушыларға о PISA тапсырмаларына қарай отырып, мәтіндерді өзім құрастыруға тырысамын.Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығында берілген мәтіндердің негізгі мағынасын қалдырып , мәтіндерді өмірге байланыстыра құруды екі апталық «РISAхалықаралық зерттеуі аясында білім алушылардың функционалдық граматикалық сауаттылығын қашықтан оқып,сертификатқа ие болдым.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА
КЛИШЕЛЕР АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей –жай қарап, немқұрайлылық танытатын болсақ,мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін... . Қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болу үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн [1]. Қазіргі әлемдік білім кеңістігінде білім алушылардың фукционалдық сауаттылығын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Функционалдық сауаттылық білім алушымен сыртқы ортамен қарым – қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алу деңгейінің көрсеткіші[2]. Қазақ тілін орыс топтарына оқытудағы басты мақсат коммуникативтік дағдыны қалыптастыруда функционалдық сауаттылықты дамыту болып табылады. Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру төрт сөйлеу әрекеті (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бірлігінде жүзеге асырылады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Күнделікті сабақ барысында барлық өтілген сөздерді студенттердің бәрі бірдей жаттап алып, есте сақтауы мүмкін емес. Тіл үйретуде сабақтағы типтік жағдаяттар, яғни клишелер үлкен рөл атқарады. Алайда оқытушылар тарапынан оған жете мән берілмейді.
Клишелер – дайын тілдік бірліктер. Клишелердің қолданыста екендігі бүгінгі күннің ақиқаты. Әдеби тіл дайын формалардың, дайын тілдік қолданыстардың қызметін қажетсінеді. Дайын қолданыстарға клишелер жатады және олар сөздік қорда аз емес. Клишелер сөз тіркесі, аяқталған ойды білдіретін сөйлем түрінде келеді [3].
Дайын тілдік бірліктерді қолдану мұғалімнің сыныпқа кіргенінен басталады: 1. Қайырлы таң! (Қайырлы күн! Қайырлы кеш!) Сәлеметсіздер ме! 2.Топта кім кезекші? 3. Сабақта кім жоқ? Сабаққа кім келген жоқ? Себебі не? Себебін кім біледі? Білім алушылардың тіл байлығын арттыруда екі адамның немесе бір адам мен топтың,бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынас, белсенді іс - әрекет маңызды рөл атқарады.Топта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында қолданылатын тренингтер, сергіту жаттығулары білім алушы мен оқытушының өзара түсінісуіне жол ашады. 1. - Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Күндей жарық, айдай арайлы, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастайық!
- Сәлем, достым! (амандасады). Қалың қалай? (Иықтарынан қағады) Қалай демалдың? (Құлақтарынан тартады) Мен сені сағындым! (Қолдарын жүректеріне қояды) Қош келдің! (Қолдарын жаяды) Күніміз сәтті болсын! (Құшақтайды). 3. Сегіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз бақыттымыз..[5]
Сабақтың басында қолданылатын клишелер: 4. Үйге қандай тапсырма берілді? Үй тапсырмасын кім айтады? Кім орындаған жоқ? Сабақ барысында қолданылатын клишелер: 5.Оқулықтың бетін ашыңыз. Жаңа сөздерді оқыңыз. Тапсырманың шартымен таныстырыңыз. Мәтіннен таныс емес сөздерді анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз. Жауап беріңіз. Жаттығуды жазбаша орындаңыз. Жұппен диалог құрастырыңыз. Топтық жұмыс. Болжам жасаңыз. Ойыңызды айтыңыз. Топтастарыңызға көмектесіңіз. Пікіріңізді білдіріңіз. Бұл сөздің мағынасы қандай? сөзден тура аударма жасамаңыз. Сіздің нұсқаңыз дұрыс болуы мүмкін. Сабақ соңындағы, үзілістегі клишелер: 6. Үй тапсырмасын жазып алыңыздар. Тапсырма шарты түсінікті ме? Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар. Үзіліске шығыңыздар. Тәртіп сақтаңыздар. Бөлмені желдетіңіздер. Терезені ашыңыздар. Тақтаны сүртіңіздер. Үй тапсырмасын тексеруде пайдаланылатын клишелер: 7. Үй тапсырмасы оңай болды ма, қиын болды ма? Үй тапсырмасын орындау үшін қанша уақыт жұмсадыңыз? Неліктен үй тапсырмасын орындамадыңыз? Не істеу керектігін білмейтіндігіңізді неге айтпадыңыз? Неліктен тапсырманы басқалар сияқты жазбадыңыз? Бұл сылтауыңыз жөнсіз. Үй тапсырмасын орындаңыз да, маған ертеңгісін бірінші болып тапсырыңыз. Сізге 36-беттегі үзіндіні оқу керек еді. Солай ма? Сіз бастайсыз ба, Максим? Сөйлемді қайтадан оқып шығыңыз. Мен бүгін сіздің дәптеріңізді көргім келеді. Сабақтың соңында мен сіздің дәптеріңізді алып кетемін. Мен оны тексеріп ертең қайтарамын.
Жаңа сөздерді меңгерту клишелері: 8. Менің бұл сөздердің мағынасын түсінгеніңізге көз жеткізгім келеді. Бұл сөздердің тура немесе ауыспалы мағынасы бар ма? Мына екі сөзді шатыстырмаңыз. Жаңа сөздерді сөйлемде қалай қолданасыз? Мына сөздің... антонимі кімнің есінде? Синонимін кім біледі? Өтінім клишелері: 9. Дәптерлерді жинап беріңізші. Тақтаны сүртіңізші. Үстелді, тақтаны таза шүберекпен сүртіңіз.Гүлге су құйыңыз. Кетер алдында орындықтарды көтеріңіздер. Дәптерлерді таратып беріңіз. Тақтадан көшіріп алыңыз. Мұқият тыңдаңыз. Назар аударыңыз. Маған бұрылыңыз, өтінемін. Сыныпта тәртіпке шақыру клишелері: 10. Алаңдамаңыз. Түзу отырыңыз. Шуды тоқтатайық! Сіз өз орныңызға отырасыз ба, Сергей? Сіз ол жерде отыруға тиіс емессіз. Алғакеліңіз. Енді сөйлесуге болмайды. Сабырлық танытайық. Тыныштықты сақтайық! Сағызыңызды түкіріңіз! Қаламмен ойнамаңыз!
Мадақтау, сын айту клишелері: 11. Жарайсыз! Өте жақсы. Сіз қазақ тілін өте жақсы меңгеріп келесіз. Мына жұмысты қатесіз орындапсыз. Мен сізге ризамын. Бүгін сіз көптеген жетістіктерге жеттіңіз. Мен сіздің оқығаныңызға онша қанағаттанбаймын. Сізге көп дайындалу керек. Мына тақырыптарды қайталау керек. Мәтін соңы жұмысы барысында оқу материалын талдау, жинақтау мақсатында қолданылатын әдіс – тәсілдерде клишелер аз емес. Мысалы, 10- сыныпта берілген «Сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдері» тақырыбы бойынша оқушылар «ПОПС» формуласын қолданып, дайын тілдік бірліктерге сүйенеді:
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, Қазақстанда жасалған жабдықтар шет мемлекеттерде сұранысқа ие». Екінші сөйлем: «Себебі мен оны қазақстандық өнеркәсіптер шетелдік нарыққа шыққысы келеді деп түсіндіремін».
Үшінші сөйлем: «Оны мен Ақтаудағы трансформатор зауыты жылына 6 миллиард теңгенің тауарын әзірлейді деген мысалмен дәлелдеймін». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен қазақстандық өнеркәсіп өнімдері сұранысқа ие деген шешімге келдім». Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, хат, өмірбаян, күнделік, түйіндеме жазу сияқты мақсаттарды қамтитын жұмыс түрлерін орындау да білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады. Бағдарламаға сәйкес студенттер хат жазып үйренеді, өмірбаян, күнделік, түйіндеме жазуға төселеді. Бұл ретте хат, өмірбаян, мінездеме, түйіндеме жазу ерекшелігін ескеру керек. Дайын клишелер арқылы орындалатын тапсырмалар білім алушылардың тек тілін дамытып қоймайды, сонымен қатар сауаттылығын да арттырады. Хат. Сәлем, Саша! Қалың қалай? Қандай жаңалықтарың бар? Ауа райы қандай? Сабақ үлгерімің жақсы ма? Менде бәрі жақсы. Ауа райы жылы. Кеше қар жауды. Сабағымды жақсы оқып жүрмін. Өткен аптада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық «Абай оқуларына» сайысына қатыстым. Жақсы нәтиже көрсеттім. Абай өлеңдерін жаттау қиын болған жоқ. Маған әлі де көп дайындалу керек. Екеуіміз кездесейік. Жақсы, сау бол! Хат күтемін. Сәлеммен Әлишер . 26.
Түйіндеме Аты – жөні: Батырхан Бауыржанұлы Мекенжайы: Орал қаласы, Абай көшесі, 15 – үй. Туған жылы: 2004 жыл, 6 қаңтар Ұлты: қазақ Жынысы: ер адам Азаматтығы: Қазақстан Республикасы Білімі: негізгі орта.. Тілдік дағдылары: қазақ тілі – ана тілі; орыс тілі еркін; ағылшын тілі орташа. Жеке қасиеті: адал, жауапты, тиянақты, көпшіл. Қосымша ақпарат: дене шынықтыру пәні бойынша қалалық қол күресінің жеңімпазы. Қызығушылығы: спорт (баскетбол,қол күресі, қазақша күрес), кітап оқу, музыка.
Өмірбаян. Мен, Бауыржанұлы Батырхан , 2004 жылдың 6 қаңтарында Орал қаласында тудым.Ұлтым-қазақ. 2011жылы Орал қаласындағы №25 мектептің бірінші сыныбына бардым. Қазір А.Иманов атындағы колледжде оқимын. Қазақ тілі – ана тілім. Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін. Колледжде қол күресі,баскетбол үйірмесіне қатысамын. «Қазақ тілі» пәні бойынша қашықтан олимпиадаларға қатысып, бірінші орын алдым. Ата- анам, әпкем және інім бар. Орал қаласы, Абай көшесі,15 үйде тұрамын. Сонымен қатар сабақта жүргізілетін кері байланыс тәсілі кезінде дайын тілдік қолданыстар (клишелер) молынан пайдаланылады. Мысалы, «Аяқталмаған ой», «Шығу парағы», «Мұғалімге жеделхат», «Рефлексиялық шеңбер», «Бес саусақ»тәсілдері арқылы сабақ үрдісінде күнделікті естіп, қолданылып жүрген сөз тіркестері, сөйлемдердің мағынасын түсіну арқылы ойларын еркін жеткізуге төселеді. «Аяқталмаған ой» әдісінің қолдану алгоритмі мынадай: Алдымен, біз былай деп ойладық... Одан кейін біз мына мәселеге тап болдық ... Мәселені шешу үшін мынаны ... жасадық. Бұдан біз ....көрдік. Демек, бұл мынаны білдіреді .... Сонымен біз.... деген шешімге келдік.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тұлғалық – әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Клишелер дұрыс сөйлей білуге төселдіреді, оқушылардың білімін жетілдіреді, білетіндерін ортаға салып, пікір алмасуға үйретеді. Білім алушылардың өзін қоршаған ортада тілдік қарым- қатынасқа түсуде, ойын сенімді, еркін жеткізуде клишелердің көмегі мол
Әлемдік білім кеңістігіне енуде өмірге бейім, өзгеріске икемді, өзіндік ой-пікірін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру заман талабы болып отыр. Осындай білім алушы даярлауда олардың функционалдық сауаттылығын арттыру маңызды орын алады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор нәтиже береді.білім алушылар күнделікті шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға дағдыланады.
Қазақ тілі мен әдебиеттен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының мақсаты: оқу сауаттылығы – мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
Міндеттері:
мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.
Пән мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру тәсілдерін жоспарлы түрде жүргізу тиімді. Жоспарлауды 3 бөлімнен құрастыру ыңғайлы:
I-бөлім: Сабақтарда мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру.
II-бөлім: Сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерде оқу сауаттылығын арттыру тапсырмаларын ұйымдастыру, таңдау курстарын жүргізу.
III-бөлім: Білім алушыларды интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға қатыстыру.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізу – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі шарты болып табылады. Тіл сабақтарында мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру мұғалімнен зор дайындықта қажет етеді. Сұрақтар жүйесі оқушылардың белсенді ойлауын, білімі мен білік, дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндейетіп құрылуы керек.
Мысалы: «Шығарманың басты ойы неде? Шығармада не жазылғаны туралы айтуға болады?(оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны туралы айтуға болады? (оның стилі туралы).» сұрақтары беріледі.
Сұрақтарға жауап беру арқылы білім алушылар рефлексия жасай отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды. Келесідегідей түрдегі сұрақтар «не мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» берілсе, білім алушылар мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға дағдыланады.
Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді. Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспектісін түсінуге бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты арттыруға бағытталады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін құрау» тәрізді тапсырмалар білім алушылардың өзіндік жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің біліктілігін арттыруына негізделген деңгейлі бағдарламалар мұғалімдерге үзіліссіз даму мен өзін-өзі жетілдіруге негізделген. Оларға сабақ беру мен оқытуда жаңа тәсілдерді түсінуіне, өздерінің жеке ойланулары мен тәжірибелеріне өзгерістер енгізуге бағытталған.
Қазақстанда педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бағдарламасымен оқу мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне, оқушылардың оқуына, жалпы алғанда мектептің жұмысына оң әсерін тигізуде. Бағдарламадағы модульдерді сабақтарға тиімді ықпалдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.
Модульдің бірі ретінде алынған сын тұрғысынан ойлау арқылы пәндік-білімдік парадигманы күрделі ой еңбегіне айналдыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдана отырып, оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болады. 7 модульдің сын тұрғысынан ойлау бағытын қолдану арқылы оқушылардың:
таным белсенділігін арттыруға;
өзіндік ізденуді жүзеге асыруға;
логикалық ойлаудың пайда болуына;
өзін-өзі дамытуға;
болжам жасай алуға;
іскерліктің пайда болуына;
шешім қабылдау әрекетінің дамуына жағдай туғызылады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы ғылыми ойлау, креативті ойлау, сыни бағалау, дәлелдерді пайдалану арқылы жасап қорытынды жасай алады. Оқушылар шешім қабылдаға, мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіруге тырысады, жаңа идеялар ұсынады. Сабақтарда студент сұрақ қоя білуге, әр кез сұраққа жауап іздеуге талпынады, екпінді іс-әрекетке түседі, әр түрлі идеялар мен пікірлерді сарапқа салады. Бұлардың барлығы білім алушыдан үнемі тілдік қатынасқа түсіп отыруға итермелейді, оқу сауаттылығын арттырады.
Білім алушы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы бір-бірінің пікіріне бақылау жасайды, айтылған ойға баға бере алады. Терең, тиянақты, сапалы білім беру мақсатында жүргізілген әдіс-тәсілдердің барлығы ауызша, жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Сын тұрғысынан ойлаудың ұтымдылығы сонда –қолданатын стратегиялар ғылыми-танымдық мәтіндермен жұмысқа да, көркем-әдеби мәтіндермен жұмыс жасауға да қолайлы.
Ендеше, қандай пән болса да мұғалімдер сабақ кезеңдерін басқаша құра отырып, оқытудың сапалы болуына қол жеткізе алады. Нәтижесінде, өз пікірін тұжырымдап айтатын, көпшілік ортада батыл сөйлей алатын, өзгемен еркін сөйлесім қарым-қатынасына түсетін тұлға қалыптастыра аламыз.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында диалогтік оқыту модулін жүйелі енгізсе, білім алушылар бірлескен оқу әдістерін қолдану арқылы білімді зерттей отырып игеруді қамтамасыз етеді; бірін-бірі оқыту арқылы топтық жұмыстың тиімділігін түсініп, білімді белсенді игеруді жүзеге асырады; оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім қарым-қатынасын дамыту тәрізді маңызды оқыту түрлерін жүзеге асырады. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда зор рөл атқарады. Себебі, сынып оқушыларының әрқайсысы оқу үдерісіне белсене қатысып, өз көзқарастарын, біліктерін ортаға салады. Бұл олардың әлеуметтік және эмоционалды тұрғыдан дамуына жағдай туғызады.
II. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерді жүйелі өткізу оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың бірден-бір жолы. Пәннен ұйымдастырылған мұндай сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету. Жан-жақты ойластырылған танымдық шаралар мен қызықты сабақтарда неғұрлым оқу сауаттылығын дамытуға негізделген жұмыстарды ықпалдастыру қажет. Сондай-ақ, «Біз таңдаған қаламгер», «Ең әлсіз топ», «Мәтінді бағалау», «Пікірлер білдіреміз» тәрізді сабақтар жүргізу оқушылардың шынайы танымдық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Пәннен ұйымдастырылған сыныптан тыс сабақтар келесідегідей сауаттылықты дамытады:
оқушы тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу, функционалдық сауаттылық дағдылары (тұжырымдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, дәлелдеу);
тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;
әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу;
стиль түрлерін ажыратып алу;
шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;
көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;
мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу, поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу;
жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қорытындылай алу.
Сондай-ақ, білім алушылар функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары аспектісін үйренеді, мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары дамытылады. Жұмыстар барысында бағдарламадан тыс көркем әдебиеттерге талдау жасалынады. «Кітаптың авторы кім? Не мақсатпен жазды? Басты ой неде? Кітапты басқаша қалай атауға болады? Неге?Тағы қандай тарау қосуға болады?» тапсырмалары білім алушыларды мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия жасауды және олардың бағасын шығаруды үйренеді. Сыныптан тыс сабақтарда білім алушыларды даяр мәтіндер бойынша тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуге төселдіру меңгерген дағдыны қолдана алуға үйретеді.
Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ түрлері қарастырылды. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті», «Поэзия тілінің құдіреті, «Әдеби тілдің қолдану аясы» тақырыптарында өткізілген үйірме жұмыстары жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап, олардың мазмұнын меңгеруге бағытталды.
III. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен интеллектуалды сайыстар мен қашықтық олимпиадаларға білім алушыларды жүйелі даярлау білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға әсер етеді. Себебі мұндай сайыстар қазақ тілінің бай қолданыстарын және астарлы ойды түсінуге, қабілетті ұштауға әсер етеді.Білім алушылар ойын жүйелі жеткізуге бейімделген сөз сазына зер салатын тұлғаны даярлауға бағытталды.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген тұлға тәрбиелейміз. Осы мақсаттағы жұмыстар білім алушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді.
Себебі, астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің міндетіҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың бастауында қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі халқымыздың руханилық дәстүрлерін кеңінен дамытып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей бағыт берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым- қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс.
Қорыта келгенде, оқу сауаттылығын арттыру — қазіргі білім беру үдерісінің маңызды стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыруда мәтінмен жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізу білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың функционалдық және академиялық құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Мәтінді түсіну, талдау, интерпретациялау және бағалау әрекеттері өзара сабақтасып, кешенді түрде ұйымдастырылған жағдайда ғана оқу сауаттылығының сапалық деңгейі жоғарылайды.
Ұсынылып отырған Оқу-әдістемелік құралда мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың ғылыми негізделген, тәжірибеге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдері жүйеленіп берілді. Мәтіналды, мәтіндік және мәтінсоңы кезеңдерге негізделген оқыту стратегиялары білім алушының мәтінмен саналы жұмыс істеуіне, сыни ойлау дағдыларының дамуына және алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау мен рефлексияны біріктіре қолдану оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, білім алушылардың өзіндік бағалау мәдениетін қалыптастырады.
Әдістемелік құралда ұсынылған теориялық тұжырымдар мен практикалық материалдар қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыс жүйесін жетілдіруге септігін тигізеді. Құрал мазмұны білім беру үдерісіне енгізілген жағдайда оқытушылардың кәсіби құзыреттілігі артып, білім алушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдылары тұрақты әрі нәтижелі түрде қалыптасады деп тұжырымдауға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған (өзгерістері мен толықтыруларымен). – Алматы: ЮРИСТ, 2022. – 46 б.
Білім туралы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (өзгерістері мен толықтыруларымен). – Электронды ресурс // «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2020.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 2022.
2. Негізгі әдебиеттер
Бір автордың кітаптары:
Әбдікәрімұлы, Б. Оқу сауаттылығын дамыту әдістемесі. – Алматы: Білім, 2021. – 240 б.
Кенжебекова, Г. Мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесі. – Алматы: Рауан, 2020. – 198 б.
Екі немесе одан да көп автордың кітаптары:
Сластенин, В. А., Исаев, И. Ф., Шиянов, Е. Н. Педагогика. – Мәскеу: Академия, 2014. – 576 б.
Выготский, Л. С., Леонтьев, А. Н. Психология развития личности. – Мәскеу: Просвещение, 2010. – 320 б.
Жинақтар мен әдістемелік құралдар:
Оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары: әдістемелік құрал / Құраст. А. Т. Нұрғалиева. – Астана: Фолиант, 2022. – 150 б.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мәтінді талдау: әдістемелік ұсыныстар. – Алматы: Мектеп, 2021. – 120 б.
Оқулықтар:
Қазақ тілі. 5-сынып: оқулық / Ж. Қ. Дәулетбекова, Г. Қ. Құлмағамбетова. – Алматы: Атамұра, 2022. – 200 б.
Әдебиеттік оқу. 4-сынып: оқулық / К. С. Рахметова, Т. А. Әбдікәрім. – Алматы: Алматыкітап, 2021. – 180 б.
3. Қосымша әдебиеттер
Журналдар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар:
Оразбаева, Ф. Ш. Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтіннің рөлі // Қазақстан мектебі. – 2023. – №5. – 15–20 б.
Конференция жинақтарындағы мақалалар:
Сейітова, А. М. Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2022. – 55–60 б.
Электрондық ресурстар (сайттар, порталдар):
ҚР Оқу-ағарту министрлігі: ресми сайт [Электрондық ресурс]. – URL: https://www.gov.kz
(жүгінген күн: 15.02.2024).
PISA халықаралық зерттеуі материалдары [Электрондық ресурс]. – URL: https://www.oecd.org/pisa
(жүгінген күн: 20.02.2024).
Бейнематериалдар мен цифрлық ресурстар:
BilimLand білім беру платформасы [Электрондық ресурс]. – URL: https://bilimland.kz
(жүгінген күн: 20.02.2024).
YouTube білім беру арналары (оқу сауаттылығы бойынша сабақтар) [Электрондық ресурс].
Оқу-әдістемелік құрал
Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен
жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Орал политехникалық колледжі
БЕЙЛОВА МАРЖАН СЕРИКБАЕВНА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Педагог-зерттеуші
Басуға қол қойылған күні: 02.12.2025 жыл Пішімі 60х84 1/16 Қағазы офсеттік
Офсеттік басылым. Баспа табағы 4.375 Таралымы 50 дана. Тапсырыс № 019
Кітап ИП «BILIM-TV» баспаханасында басылды. Алматы қаласы – 2025 жыл Телефон: 8 777 055 0590