НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
5 сентября 2019 г.

Кожанова Жанар Ануаровна, казахский язык и литература, Коммунальное Государственное учреждение "Средняя школа №39" акимата г. Усть-Каменогорска, ВКО, г. Усть-Каменогорск.

 

Қазақ тілі сабағындағы салыстырмалы грамматика  аясындағы зерттеу жұмыстары

 

Қазақ тілі сабағындағы салыстырмалы грамматика  аясындағы зерттеу жұмыстары

 

 

 

ҚАЗАҚ  ТІЛІ  САБАҒЫНДАҒЫ   САЛЫСТЫРМАЛЫ  ГРАММАТИКА  МЕН  ЭТИМОЛОГИЯ  АЯСЫНДАҒЫ  ЗЕРТТЕУ   ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ТИІМДІЛІГІ.

 

Қазақ тілі сабағындағы салыстырмалы грамматика  аясындағы зерттеу жұмыстары

 

         Бүгінгі таңда мектепте қазақ тілін үйретуге ерекше талап қойылған. Мұғалімдердің алдына нақты бір мақсат қойылған, ол оқушыларды тек сөйлеуге ғана емес сонымен қатар оларды сауатты жазуға үйрету. Өткеннен алыстамай бірнеше уақыт уақыт бұрынғы орта мектептердегі мемлекеттік тілді үйретуге арналған бағдарламаларды алайықшы, оның  жүйесіз, ретсіз болғандығын көреміз, ал қазір ше? Жоқ, әрине, қазіргі таңда бұл бағдарламалар қазақ тілін үйретудегі жолдардың мүлдем басқа ережелерін ұсынуда. Тілді меңгерту модульді жоспарлану бойынша қарастырылған, әр тақырып өз бетінше мейлі ол лексикалық яки грамматикалық болсын, әйтеуір бір нақты білімді талап етеді. Ал басқа қырынан қарайтын болсақ, әрбір мұғалім үшін бұл өте тиімді, өйткені ол үнемі ізденіс үстінде болып қана қоймай, сонымен қатар өз пәнінің қызығушылығын арттырудағы жұмысының әртүрлі әдістерімен қолданыстарын іздейді, бұның басты ізгілігі болып – жақсы сапалы білім табылады. Әлбетте мұндай бағыт оқушының пәнге деген қызығушылығымен ынтасын оятушы, білімінің сапасына ықпал етуші фактор болып табылады.

         Жоғарыда айтылғандарды таразыға сала отырып, өз басым қазақ тілін үйретуде салғастырмалы грамматиканың элементтерін қолдану қызықты әрі тиімді деп санаймын.

         Тілді игеруде салыстыру әдісінің жағымды жақтары жетерлік. Біріншіден, нақты сұрақ төңірегінде ана тілімен қоса шет тілін (бұған орыс тілін қоссақ) игеру өте ыңғайлы. Екіншіден екі тілді салыстыру кезінде оқушының көз алдына сол тілдердің ерекшелігін, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсететін кесте шығады және ол оның білімін нығайтуға зор үлес қосады. Үшіншіден, салыстыру әдісі – сараптауға, топшылауға, салыстыру қабілетін дамытуға арналған қызықты үрдіс.

         Салыстырмалы грамматиканың мәселесін тіл ғалымдары бірнеше рет көтерген. Мысалы үшін, В.А.Кудрявцева мен Ф.Р.Ахметжанованың «Қазақ тілі мен орыс тілдеріндегі лексикалық-сөз жасам парадигмалары» атты еңбектерінен «Сөз жасам», «Лексика» сияқты тіл білімінің тарауларының ұқсастығы мен айырмашылығын анық көруге болады. К.С.Бенсебинованың «Қазақ тілі мен орыс тілінің салғастырмалы грамматикасы» атты кітабында тіл білімінің барлық тараулары бойынша екі тілдің арасында өзара теңдік жүргізілген.

         Бүгінгі таңда салғастыру бойынша  тілді игерту мәселесі ең өзекті болып табылады. Әсіресе, біздің облысымызда бұл тілдердің функционерлену жағдайын алып қарайық. Біздің аймағымыздың тұрғындарының көпшілігінің орыс тілінде сөйлейтіндігін мойындаған абзал болар. Орыс тілі қазақ тіліне қарағанда бұл аймақта тарихи тұрғыдан алғанда да жақсы игеріліп, меңгерілген. Қазақ тілін үйретуде бұл фактор маңызды рөл атқармақ. Ал басқа жағынан алып қарасақ, орыс тілі мен қазақ тілі ағайындылар тәрізді қатар қол ұстасып, иықтасып бірге дамыған, әрдайым бір-біріне деген ұқсастығымен, ерекшелігімен, айырмашылығымен дараланып, орыс тілі мен қазақ тілінің тіл білімін өзінің пайдалы жақтарымен толыстыра түскен.

         Кез-келген тіл өзімен бірге  тарауланған жүйені ұсынады. Сондықтан да екі тілді салғастырмалы түрде  салыстыратын болсақ онда фонетиканы, сөздің құрамы мен оған қоса тілдің шығу тарихын да көруге болады. Мұндай жұмыстарды тілдің дамуы мен жасалуына әбден қанық болған жоғарғы сынып оқушыларына жүргізу өте қызық. Ана тіліңнің бай қоржынын иелене отырып, басқа тілдердің құрылымына үңілу әрине қызығырақ, сонымен қатар сол тілдің үйлесімділігін я болмаса айырмашылығын тауып ақыр соңында шешім шығаруға жол көрсетері айдан анық. Мұндай жұмыс үрдісін зерттеу жұмысы деп атауды ұйғардым. Дегенмен де оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, өздігінен салыстыру жұмыстарын жүргізіп, шешім шығарулары да әбден мүмкін екенін ұмытпайық.

         Мысалы, қазақ тілі мен орыс тілдеріне қатысты сұрақтарды алатын болсақ. Барлық тілдер туыстық белгілері бойынша әртүрлі топтарға бөлінеді. Түбінде қазақ тілі түрік тілдерінің қыпшақ тобына жатса, ал орыс тілі славян тілдерінің славяндық тобына жатады. Тілдер тарихының бұл мағлұматы өзінен өзі анықталған барлық айырмашылықтарды алдымызға жайып салады. Ал айырмашықтар болса, бірнеше деректерге негізделеді. Бұл тілдердің сөз жасам әдісі болып табылады.

         Сөз жасам әдістерін атау және оларға тоқтай кету әсте қиын емес. Бірақ бұл әдістерді мысалдармен айшықтап, дәлелдеп көрсету әлдеқайда қызығырақ болар. Ең керек шешімді балалардың өздері сол кезде ақ табар. Бар болғаны бір ғана сөз беріп іс-әрекетін бақыласа болғаны.

Мысалы:

 

Қазақ тілі

Орыс тілі

 

 

Үйлердің  - көптік жалғауы

                    Ілік септігі

 

 

 

 

 

Домов    мн.число

               Род.падеж

               Мужской род

 

1. Сөздерге сөз жасамы бойынша жіктеу жаса

2. Грамматикалық категорияларды анықтау

3. Салыстыр және қорытынды жаса

Берілген  жұмысты атқара отырып,  қазақ тілінде грамматикалық категорияға белгілі бір қосымша тіркелсе, ал орыс тілінде бір жалғаумен ғана бірнеше грамматикалық категорияны айқындауға болады екен. Тұжырымдай келе қосымшаның басымдылығына қарай орыс тілінің флективті («флексия» жалғау) тілге жататындығын, ал қазақ тілінің қосымшаны тіркеу жолымен бірінен екіншісіне жалғасатындығын және әрқайсысының нақты бір грамматикалық категорияны ұстанатындығын негізге ала отырып, қазақ тілінің аглюнативті (тіркеуші) тілге жататындығын көреміз.

Бұл көрсеткіш  қазақ тілінде сөздердің жеткілікті түрде ұзын болып келуіне себепші. Мысалы үшін, қазақ тілінің бір сөзін алсақ ол – «қанағаттандырылғандықтан». Осыдан кейін қазақ тілі сөз жасамының негізгі заңы – үндестік заңы туындайды, бұл заң қазақ тілін үйретуде маңызды буын болып табылады, яғни қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері дәл сонымен байланысты.

Жұмыстың әртүрлі әдістері мен қалыптарын қолдана отырып қызықты зерттеу жұмысын жүргізуге болады. Мысалы үшін, екі тілдің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік беретін диаграмманы алайық. Біз бұл диаграмманы қолдана отырып, қазақ тілі мен орыс тіліне жалпы түрде салыстырмалы талдау жүргізе аламыз.

Мәселен, оныншы сынып оқушыларының біреуінің ғылымы жұмысына тоқталайық:

 

« - »

 

33 буквы  Есть предлоги

Есть приставки

Гласные не подразделяются на мягкие и твердые

Прилагательные согласуются с существительными

Одно оканчание показывает несколько категорий

Нет специфических букв

3 рода: мужской, женский, средний

6 падажей

Неагглютинативный

 

« + »

 

Сонорные согл: л,м,н,ң

Согл:звонк., глух., сонорные

Есть вопросительн.частицы

« - »

 

42 буквы

Нет предлогов

Нетприставок

Глассные подразделяются на твердые и мягкие

Прилагательные не согласуются с существительными

Одно окончание показывает одну категорию

9 специфических букв

Нет родов

7 падажей

 Агглютинативный

 

 

« - » - бұл айырмашық белгісі, « + » - бұл ұқсастық белгісі.

Балалардың пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеуге, ойлау қабілетін кеңейтуге, сонымен қоса олардың ұлт арасындағы сезімдерін ояту мақсатында ең басты мақсат балалардың назарын басқа тілдерге де аударта білу. Мысалға, қазақ тіліне туыстас болып келетін түрік тілін алайық. Мұндай бағыт көптеген сұрақтарды туындатуы мүмкін, бірақ басқа қырынан алып қарайтын болсақ осы қызығушылықтың өзі оқушының зерттеу нысанасында оны ізденіске жетелейтіндігін ұмытпайық. Тағы бір мысал, балаларға қазақ тілінің түрік тілімен туыстас екендігіне дерек көзін табыңдар дейтін тапсырма берелік. Сол кезде балалар тілдің лексикасына ұқсас я болмаса оның сөз жасамына ұқсайтын ұстанымдардың бар екенін тауып беруі әбден мүмкін. Мәселен, балалардың өздері ойлана келіп қазақ тілінің барлық варианттарын басқа тілдермен салыстыра отырып татар, әзербайжан, түрік, тілдерінің лексикасын мысалға келтіреді. Бұған орыс тілі мен қазақ тілінің бағдарламаларындағы тақырыптардың игерілуін алуға болады. Мысалға, «Құрмалас сөйлем» мен «Құрмалас салалас сөйлем» тақырыптарымен танысу, бұл материал қазақ тілі бағдарламасы бойынша сегізінші сыныпта өтілсе, ал орыс тілі бағдарламасында тоғызыншы сыныпта өткізіледі. Екі тақырыптың жанасуын қырынан алып қарайтын болсақ орыс тілінде бұл материалды үйрету күрделірек болып келеді.

         Кез-келген тілді меңгерудегі басты нысана – бұл балалардың сөздік қоры. Сонымен қатар оқушылардың қаншалықты тез әрі мардымды игеріп алуларына, әрине бұл жерде мұғалімнің де сөздік материалды қалай жеткізетіндігіне байланысты екенін ескерейік. Сол үшін балаларды сөздердің шығу тарихымен (этимологиясымен) таныстыру тиімдірек деп есептеймін. Сөздің шығу тарихы сөздің түрлері мен көне мағынасын түсіндіреді. Әлбетте, бұл жерде тілдің тарихы мен қоғамның орны аса қажет. Дегенмен де, мектеп бағдарламасының деңгейінде , нақты сөздерді айқындай отырып, сөздіктің көмегімен олардың құрамын, мағынасын  жете түсіне отырып, оның нағыз лексикалық мағынасын ақыл-оймен тұжырымдауға әбден болады.

         Сөздерлің жасалуы мен оның мағынасын білу үшін бірнеше сөздерді мысалға келтірейік.

Мысалы: «елтаңба», «әнұран» сөздері

  1. Сөздің құрамына талдау жасау
  2. Сөздің түбіріне аударма жасау

Әнұран

Ән- песня, ұран – клич, рухты көтеруге, бірігуге, ортақ іске жұмылдыруға шақыратын шартты сөз

Елтаңба

Ел – народ, таңба (тамга)- ел көсемінің белгісі (Махмуд Қашқаридың «Түрік тілінің сөздігінен» алынған) немесе тайпалық елтаңбаны білдіреді.

3. Сөздердің аудармасына қорытынды жасау, түбірдің мағынасын қосу. Әнұран – песня – клич, ортақ іске шақыратын болса, елтаңба – халықтың тумысын білдіретін белгі – яғни герб. Осындай жолмен сөздерді теретін болсақ, балалар сөздердің түрлеріне яғни олардың жалғау, жұрнақтарына ғана емес, сонымен қатар сөздерді тере білуге, әртүрлі сөздіктермен жұмыс істей білуге, халқымыздың тарихымен  тереңірек танысуларына кеңінен жол ашылғанын көреді. Сондықтан да лексиканы меңгерудегі бұл бағыт пайдалы, қызықты, әрі қажетті болып табылады. Басты қиыншылық -  ол мектепте жеткілікті түрде сөздік түрлерінің болмауы, жетіспеушілігі.

         Сонымен қазақ тілін үйретуде оның қажетті, қызықты  және  оның ізденіске, талпынысқа толы болуына тек қана  мұғалімнің өзі гана кепіл. Ол өз ісіне шығармашылықпен, жан-жақты қарауы яки балалармен бірге шығармашылықтың жемісін, қызығын, белестерін бірге көруге батыл қадам жасауы ықтимал.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. В.А.Кудрявцева «Лексика- сөз жасам парадигмалары»
  2. Б.Х. Хасанов «Қазақстан халқының тілдері» Алматы, «Ғылым» 1976
  3. К.А.Бейсенбинова «Орыс тілі мен қазақ тіліныі салғастырмалы грамматикасы» Алматы,  1994
  4. А.С.Ахметов «ҚР мемлекеттік рәміздері» 1998
  5. Казақ-орыс сөздігі
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину