Бастауыш класс мұғалімі: Мусабаева Багдат Мухтаровна,І санатты ұстаз, еңбек өтілі, 11 жыл, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Аягөз аудандық, білім бөлімінің "№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп" КММ.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы. Жаңартылған сабақ жоспарын құру. Шеберлік сынып
Шеберлік сынып тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы. Жаңартылған сабақ жоспарын құру.
Мақсаты: Педагог кадрларға Жаңартылған білім беру бағдарламасын таныстыру, Жаңартылған сабақ жоспарын құру үдерісі жайлы, ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар түсінік беру.
І бөлім:
Таныстырылым арқылы ұстаздарға Жаңартылған білім беру үдерісінің негізгі ерекшеліктерінмен таныстыру.
ІІ бөлім:
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ айырмашылығы жайлы түсінік бере отырып, ҚМЖ құру үдерісін, ҚМЖ бөліктері жайлы түсінік беру.
Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолданылатын құжаттар:
Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.
ІІІ бөлім:
Ал, енді Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі ұғымдарымен таныссақ, алдарыңызға коуч ережесіне сәйкес, жұмыс түрін ұсынайын. Ол үшін Бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына зер салайық.
1 топ: Қазақ тілі
2 топ: Математика
3 топ: Дүниетану
4 топ: Жаратылыстану
5 топ: Әдебиеттік оқу.
Түсіндірме жазба, «-------------» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері,
Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері, -----------------пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (ҰМЖ, Ортақ тақырыптарымен) танысыңыздар.
КМЖ үш бөліктен тұрады десек, 1 бөлігі сабақтың негізі
2 бөлік сабақтың өтуі
3 бөлік сабақты талдау, рефлексия жасау деп те атауға болады.
ҚМЖ-ның әр бөлігі жайлы түсінік беру.
Бес топқа бес түрлі оқу бағдарламасы бойынша КМЖ шаблонын ұсына отырып, Қысқа мерзімді жоспар құрғыздыртып, қорғату.
Бағалау критерийлері:
1. Оқу мақсатының Сабақ мақсатына сараланып, сәйкес болуы;
2. Бағалау критерийі мен құндылықтардың , тілдік мақсаттың дұрыс жазылуы.
3. Сабақтың басы, ұйымдастырылуы;
4. Тапсырманы саралап ұсыну
5. Тапсырманың дескрипторы мен Қалыптастырушы бағалаудың ортақ тақырыпқа сәйкестігі;
6. Кері байланыс пен сабақтың әр кезеңін өткізудегі уақытын ескеруі
Әр күн сайын біз дұрыс ҚМЖ құра отырып:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана 2016 жыл
2. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық. Астана 2016 жыл
3. ҚР білім беру стандарты. Астана 2006 жыл