Тастанбекова Бибігүл Төлегенқызы, учитель географии и биологии, КГУ «Средняя школа имени Базылбека Ахметова», Казахстан, ВКО, Уланский район, село Ново-Одесское
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы география сабағында ойын элементтерін пайдалану
Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 14 жыл өтіпті. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.Мен география пәнін беру жолында қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Осы орайда Ұстаз-мектептің жүрегі,Мектеп-оның тірегі деп ата бабаларымыз тегін айтпаған.Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін ұстаз.
Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Педагогикалық процесте инновация — оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерін қолдана білсе, оқытушы азсөйлеп,көпбілімментәрбиебереалады.
Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді бірнеше түрлі өлшемменсипаттаймын
1.Инновациялықіс-әрекеттіңқажеттілігінсезіну;
2.Оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымныңболуы
3.Енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетінінесенімдіболуым;
4.Белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толықөзімеқабылдап,оныенгізебілуім.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның даму кезеңінде болып жатқан әртүрлі әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер көрсетіп отыр, білім беру мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі өздігінен туындайды.
Осы орайда мен жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қояп отырамын. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі география пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой — өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
«География сабақтарына ойын элементтерін қолдану арқылы инновациялық технологияларды енгізу» тақырыбын шығармашылық жұмысыма арқау етіп алдым. Шығармашылық тақырыбымның аясында жұмыс істеу нәтижесінде сабақтарымда ойын элменттерін көптеп пайдаланамын. География пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді.
Мектептегі географиялық білім берудің басты міндеттерінің бірі-жас ұрпақтың болашақ өмір және еңбек тәжірибесі үшін қажетті туған елдің табиғаты, халқы, шаруашылығы туралы білім жүйесімен қаруландыру болып табылады. Мектеп географиясының басты міндеттерінің бірі – оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастыру, географиялық атластармен, анықтамалармен, газет материалдарымен жұмыс жасай білу, өз еліндегі, шет елдердегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, т.б. құбылыстарды түсіне білу т.б.
Оқушылардың алған білім дәрежесін саралауға, өзі қызығатын пән төңірегіндегі білімін тексеруге, білмегенді білуге ұмтылдыратын, миды шынықтырып жаттықтыруға себепкер болатын ойын түрі танымдық ойындар деп аталады.Менің ойымша танымдық ойындарға сөзжұмбақтар, сауалнамалар, басқатырғылар ,шытырман жолдар,синквейн ,алма ағашынан алысқа түспейді,сәйкестіру, криптограмма, санжұмбақ, сандар сөйлейді,жұмбақтар т.б жатады. Көбірек ойнау қажет.
Қызықты, жағымды ойындар барысында оқушылар қызығып ойнайды.Әрбір сабағымда ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы білімге ынта-ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздеймін. Сонымен бірге оқушылардың география пәнінің ұғымдарын кеңей ту және карта мен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға, географиялық номенклатураны меңгеруге, тапқырлыққа, шығармашылыққа, ұйымшылдыққа баулимын.
Сол себепті сабақ мазмұнына, сынып ерекшелігіне қарай келесі ойын түрлерін жиі қолданамын: Мысалы: «Мен-Өзенмін» ойыны. Бұл ойынның шарты бойынша бір оқушы картадан өзенді көрсетіп, «Мен – Жайық өзенімін, қайда барып құямын?» деген сұрақ қояды. Қалған оқушылар «Мен – Жайық өзенімін, Каспийге барып құямын» деп жауап береді. Ойын осы ретпен жалғаса береді.«Зообақ» ойыны. Әр оқушыға жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген суреттер таратылады. Сол суреттегі жануарлар мен өсімдіктердің аттарынатап, қайбелдеуге, материкке жататынынаны қтап, айтып беруі қажет. Ойымды қорыта келгенде география сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын атттыру үшін сабақты түрлендіріп , өмірмен байланыстырып, қазігі заман талабына сай қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын, келешекте барлық қиыншылықтарды жеңіп шығамын деген сенімдемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – коммуникацикалық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми — әдістемелік негіздері»Алматы–2006
2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан,28желтоқсан,2003.
3. География анықтамалығы 2011жыл
4. «ҚР педагог қызметкерлерінің
Мұғалімдерге арналған нұсқаулығы
5. «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев, 2006ж
6. «География және табиғат» ғылым педагогикалық журналы №1, 2, 3, 2012.
7. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. Қ. Жүнісханов. 2008.
8. «Оқыту — тәрбиелеу технологиясы» журнал — 2010 №3, 5, 2011 ж. ж №5, 10