Сабыржанова Гулшат Ахановна, бастауыш класс мұғалімі, Аягөз аудандық білім бөлімінің "№4 аралас жалпы білім беретін мектеп" КММ, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
"Жиын дегеніміз не?", математика, 1 сынып
Сабақ тақырыбы: |
Жиын дегеніміз не? |
Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы Аягөз аудандық білім бөлімінің «№4 аралас жалпы білім беретін мектеп» КММ |
||||
Күні 23.04.18 |
|
Мұғалімнің есімі: Сабыржанова Г.А. |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: 27
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктейді; екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді; |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
Жиын |
|||||
Тірек сөздер |
жиын; элемент. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру; әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Жиын ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы немесе абстрактілі түсініктер (сандар, гео метриялық фигуралар, белгілер және т.с.с). Жиынды әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады. Мысалы: жемістер, дауысты дыбыстар, цифрлар. Жиын түсінігін сөзбе-сөз түсінуге және “көп” эле менттерді құрайтын жиынтық деп ұғынуға болмайды. “Жиын” ұғымы бір, екі және т.с.с. элементтерден тұратын нысандар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Сондай- ақ “бос жиын”, яғни бірде-бір элементі жоқ жиын да болады. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтың басында екі топқа бөлемін: ұлдар және қыздар тобы. Олардан бірінші топтағы оқушылардың кімдер екенін сұраңыз (ұлдар) және санамайақ ұлдардың нешеу екенін айтып беруді ұсыныңыз. Оқушыларға математикада оны “ұлдар жиыны” деп айтуға болатынын айтамын. Жиындағы әрбір ұл — жиынның элементі деп аталатынын ескертіңіз. Осы тәріздес жұмысты қыздар тобымен де осылай өткіземін. Содан соң оқушыларға шашының ұзындығы, киімі және т.б. бойынша жиынға бірігуді ұсыныңыз. Олардан тағы да қандай жиындарды атай алатынын сұраңыз. Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топқа бір шеңбер немесе бір таспа беремін. Оларға ортақ белгісібар элементтерді жинауды ұсыныңыз (сыныптағы заттар бойынша). Ол заттардан шеңбердің немесе таспаның ішіне жиын құруды ұсынамын. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беремін, содан кейін олардан бір жиынға қандай заттарды жинағанын және неге осы заттарды алғанын сұраймын.. Оларға қандай белгі ортақ? Жиында неше элемент пайда болды? Жиынға тағы басқа элементтерді қосуға бола ма? Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстырамын. Оқушыларға жиынға және олардың элементтеріне байланысты өз мысалын келтіруді ұсыныңыз. Жиындар. Оқушылардан заттар жиынын атауды және олардың қандай элементтерден тұратынын сұраймын. Жауаптың үлгісін беріңіз: тостағандар жиыны алты тостағаннан тұрады. Жауабы: шай ыдысы, гүлдер, құстар, жылқылар. |
Табиғатта. Тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындатамын. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін суреттерді мұқият қарап шығуды ескеретемін және әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсынамын.
Жауабы: ағаштар жиыны: шырша, қарағай, емен, қайың; гүлдер жиыны: көк гүл, ақ гүл, жасыл гүл, қызыл гүл; бунақ денелілер жиыны: көбелек, қоңыз, инелік.
Элементтер. Топпен жұмыс ұйымдастырамын. Оқушыларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беремін. Әр топқа жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып айтып беруге жағдай жасаймын. Оларға өз ойынан элементтер мен жиындарға байланысты мысал келтіруге ұсыныс жасаймын.
Жауабы: қарлығаш — құстар жиыны; қайың — ағаштар жиыны; көбелек — бунақденелілер жиыны; сары өрік — жемістер жиыны.
Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Суретке мұқият қарап, артық заттарды атауды және неге мұндай тұжырымға келгенін сұраймын.
Жауабы: балық; пияз; үшбұрыш.
Орындап көр. Топпен жұмыс ұйымдастырамын. Оқушылардан өз отбасының мүшелерін санауды өтінемін. “Отбасы жиынына достарың жата ма?” — деп сұраймын. Достарының отбасы жиынына неге жат пайтынын айтып беруін өтінемін.
А. Адамдардың жиыны; Ә. Ұлдардың жиыны. Қандай жиындар шығады?
Жұптасып талқылауды және тапсырмалардың сұрақтарына жауап беруді ұсынамын. Тапсырманы орындаған соң математикадағы “қосу” сөзінің “бірге жиналу” мағынасын білдіретінін түсіндіремін. Мысалы: “Жаңа жылдық ертеңгілікке балалар мен олардың ата-аналары жиналды”. Ал “алу” сөзі “белгілі бір орыннан шығу” мағынасын білдіруі мүмкін. Мысалы: “8 Наурызға дайындалу уақытында ұлдар қыздардың дайындық өтіп жатқан залдан шығуын өтінді”. Бұдан кейін осыған ұқсас оқиғаларға жаңа мысалдар келтіруін сұраймын. |
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||||
Оқушыларға “жиын, элемент” сөздерін сабақ барысында үнемі қолдануды өтінемін. Тірек сөздері жазылған парақшаларды тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға кітаптар, қаламдар және т.б. заттардың суреттері салынған жиынды көрсетемін. Олардан “жиын және элемент” сөздерін айтып беруін сұраймын. Мысалы: “кітаптар” — жиын, ал “Шалқан” ертегісі — кітаптар жиынының элементі |
Жиын. Оқушылар өздік жұмыспен сабақта алған білімдерін бекітеді. Олар заттарды жиын бойын ша бөліп, бір жиынды құрайтын заттарды сызықпен қоршайды. Жауабы: төрт жиын: жалаушалар, доптар, құралдар, қарын даштар. Жиындарды толықтыр. Оқушылардан әр жолда қандай заттар бейнеленгенін сұраңыз. Оларды бір сөзбен жалпылап қалай айтуға болатынын ойлансын. Оқушыларға әр жолды тиісті заттармен толықтыру үшін уақыт беріңіз. Жауабы: бірінші жол: көгөністер; екінші жол: киімдер; үшінші жол: ойыншықтар. |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: түрлі жиындарға мысал келтіруді; жиынның элементтерін көрсетуді; жиындағы элементтердің ортақ белгісін табуды меңгереді. Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз: — жиын дегеніміз не? Жиынға мысалдар келтір. Ол қандай элементтерден тұрады? — Мына элементтерден қандай жиын құралады: орындықтар, шкафтар, парталар, үстелдер? — “Көктем айлары” жиынының элементтерін ата. «Көңіл-күй аралы»арқылы әр оқушы өзін-өзі бағалайды. |