Тастанбекова Бибігүл Төлегенқызы, учитель географии и биологии, КГУ «Средняя школа имени Базылбека Ахметова», Казахстан, ВКО, Уланский район, село Ново-Одесское
өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген география сабағының жоспары
Сабақтың мақсаты: 7.3.1.4 – литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіру; 7.3.1.5 – жергілікті компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Литосфералық катаклизмдердің түрлерін білу; 2. Олардың себеп-салдарын, таралуын түсіндіру; 3. Литосфералық катаклизмдер барысында өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру (жергілікті компонент негізінде).
|
Ресурстар: (Материал көздері) |
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Сәлеметсіздер ме! Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көніл күйіміз қалай? Өзіңнің көңіл- күйіңді қалай бағалайсын?....... Тыныштық сәтін өткізейк Қане барлығымыз, ыңғайланып, еркін отырыныздар. Көздеріңізді жұмуға өтінемін ........... Тыныштық сәті-Нұрға бөлену- Жаймен көзіңізді ашұға болады. Рахмет!!! Көз алдарынызға нені елестеттіңіздер? Ішкі жан дүниеңіз нені сезді? Әр күнде бір-бірімізге жақсылық тілейік
Үй тапсырмасын тексеру. Бір бірін бағалау / смайликпен/ Сұрақтар:
Суретке қарап мынандай сұрақтарға жауап берініздер
Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналады? Сонымен біздің сабақтың тақырыбы – Литосфералық катаклизмдер. Сабақтың мақсаты – литосфералық катаклизмдердің түрлерін білу, олардың таралуын анықтау және катаклизмдер барысында өзін-өзі ұстау ережелерін білу. Дәптерді ашып жаңа тақырыпты жазу және анықтаманы жазу ---------------------------- Катаклизм – жойқын аппаты жағдай, табиғаттағы катастрофа. Келесі бізде сұрақ туындайды Табиғаттағы катаклизмнің шығу себебі неде? Мүмкін Жер ана бізге ренжіді ме? Жер Ана адамдардың қандай әрекеттеріне ренжуі мүмкін? Ренжімеу үшін не істеу керек? /Дүрыс әрекет жасау керек ол табиғатты қорғау, Катаклизмдердің бірнеше түрлері бар: Жер сілкінісі, жанартаудың атқлауы, цунами. Осы катаклизм түрлерімен жақынырақ танысайық. Ол үшін 3 топқа бөлінейік. Бірінші топ (цунами) 1. Литосфералық катаклимзді атау және анықтама беру. 2. Катаклизмнің (цунами) пайда болу себебі 3. Катаклизмнің (цунамидың) салдары (последствия) Екінші топ (жанартау атқылауы) 1. Оқулықты пайдаланып төмендегі терминдерге анықтама беріңдер (жанартау, лава, көмей, кратер) және оларды жанартау макетінде көрсетіңдер. Үшінші топ (жер сілкінісі) 1. Жер сілкінісі дегеніміз не? 2. Жер сілкінісі болған аудандарды картадан көрсетіңдер. 3. Жер сілкінісінің салдары (последствия) Дескриптор Білім алушы Фотосуреттерден апат түрлерін анықтайды; олардың таралу аймақтарын жазады; Бағалау. Топтар бірін-бірі смайлик арқылы бағалайды.
ВИДЕО Сұрақ Жанартау атқылау кезінде, жер сілкінісі болғада, цунами болған жағдайда жүріп- тұру ережесін бағалаңдар. Ережені сақтау қаншалықты маңызды деп ойлайсындар? Литосфералық апатты алдын ала болжау өте қиын және күрделі жұмыстардың қатарына жатады. Табиғаттың осындай қауіпті құбылыстарын бақылауда зерттеудің ғарыштық әдісі тиімді болып есептелінеді. Ғалымдардың зерттеу жүргізу жұмыстарының арқасында жедел және нақты ақпарат алуға болады. Алдағы уақытта ғалымдар табиғи апаттардың болу мүмкіндігіне литосфералық болжам жасай алатын деңгейге жетеді. Литосфералық катаклимздер кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 1. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережесімен танысыңыздар. 2. Мектеп оқушысына Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету қажеттігін қысқаша жазыңыздар: 1)................................................................. 2)................................................................. 3).................................................................
3. Жер сілкінісі кезіндегі тыйым салынатын әрекеттер Дескриптор: Апат кезіндегі қаупсіздік ережелерін біледі Литосфералық катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережесі
Тапсырма – Осы аталған апаттардың ішінен өздерін тұратын аймаққа тән апатты атаңдар?/ жер сілкінісі қар көшкіні
*** Жер бетінде ыстық бұлақтар мен гейзерлер бар. Олардың айырмашылығы неде? «ВЕН диаграммасы» ВЕН диаграммасының көмегімен литосфералық катаклизмнің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау Сейсмология ғылымының маңыздылығы. Сейсмикалық белдеулерді анықтау. Карта мен жұмыс Жер бетіндегі кез келген катаклизмдер адамдардың белгілі бір әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Оларды алдын алу үшін не істеу керек? (Оларды алдын алу үшін адамдарға кішкентай кезінен бастап табиғатқа деген махаббатты, сүйіспеншілікті ұялату керек. Ол үшін әр адам бірінші өзінен бастау алу қажет және әр іс-әрекетіне жауапты болуы қажет. Адамдардың ішкі жан дүниесі табиғатпен қатар етене тыныштықта, тепе-тең байланыстаекенін ұмытпауы керек. )
|
Ескерту |
Ішкі интеграция(жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) Балалар біз табиғат пен адамның арасындағы байланыс жайында не айталамыс? / Табиғат пен адам ажырамайтын бір тұтас жүйе. Мүндай жүйе мықты болу үшін әр адам ең бірінші өзінен бастау керек. Адамның әрекеті үнемі дұрыс әрі пайдалы болу керек. Қоршаған ортаны сақтап қалу үшін біз үнемі оң әрекет ету керекпіз. Бүгінгі география сабағының «литосфералық катаклизмдер» атты тақырыбында көптеген табиғи апаттар мен зіл-залалар адамдардың жауапкершіліксіздігінен де болатындығын білдік. Себебі, «адам», «табиғат» бір-бірінен ажырамас тұтас бір жүйе. Осыны ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да адам мен табиғат арасындағы махаббат шексіз болуы керек. Үй тапсырмасы П.п15 оқу
|
|
Сабақтың қорытынды сәті «Адам», «табиғат» - бір-бірінен ажырамас тұтас бір жүйе. Осыны ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да адам мен табиғат арасындағы махаббат шексіз болуы керек. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады . «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес» айтқан ғалым Жүсіпбек Аймаутов Табиғатта сезім бар, құлақ та бар Ренжітсен, күрсініп, жылап та алар. Аяласаң , жаныңа шуақ тамар, Кажығанда бойыңа қуат болар- дейді ақын. Осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінді махаббаттарынды жүректеріңе сақтаңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін
|
|
Өзінің міндетің атқару. Біріші: өзін- өзі тәрбиелеу / қай жерде бүл жүзеге асу мүмкін ? /отбасы- мектеп-қоғам /.
Бірінші топ (цунами)
1. Литосфералық катаклимзді атау және анықтама беру.
2. Катаклизмнің (цунами) пайда болу себебі
3. Катаклизмнің (цунамидың) салдары (последствия)
Екінші топ (жанартау атқылауы)
1. Оқулықты пайдаланып төмендегі терминдерге анықтама беріңдер (жанартау, лава, көмей, кратер) және оларды жанартау макетінде көрсетіңдер.
Үшінші топ (жер сілкінісі)
1. Жер сілкінісі дегеніміз не?
2. Жер сілкінісі болған аудандарды картадан көрсетіңдер.
3. Жер сілкінісінің салдары (последствия)