Абишева Рысжамал Хабиевна, кітапхана меңгерушісі, Көпсалалы казақ мектеп -гимназиясы,ШКО, Аягөз қаласы
1 жүргізуші:
Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Ән жұлдызы – Шәмші аға» атты ән кешіне қош келдіңіздер.
2 жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе білмеймін қуаныш па ?
Өз – өзімнен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма ?
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма ,
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын
Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?
Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,
Жандандырсын жүректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
Баян: «Сырласу вальсі»
Көрініс
Деканат:
Шәмші:
Апасы:
Шәмші:
Ән «Ана туралы жыр»
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған
[Қайырмасы:]
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.
[Қайырмасы:]
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын
Ете гөр қанағат
Әзірге берерім
Балалық махаббат
Балалық жүрегім
Бол риза, анашым
Қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал
[Қайырмасы:]
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын
Апасы:
Шәмші:
Осы кезде бір топ сығандар келеді.
Изольда: Айқыш-ұйқыш сызыққа алақаның толып тұр. Мынау сызық тым шұбалып кетіпті. Барар жерге жетіпті. Тілегіңе бір алладан сұраған шаршап - талып жетерсің. Жетесіңде, бұл дүниеден өтерсің.
Ән «Сыған серенадасы»
Тулаған қаны бар
Тұлпар да табылар
Үміт болса
Күн туса басыңа
Мойыма, жасыма
Жігіт болсаң!
Қайырмасы:
Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзіңді жұмбай қамықпасын!
Қайнаған қаны бар
Қалыңдық табылар
Үміт болса
Шаттықты уыстан
Шығарма, туысқан
Жігіт болсаң!
Қайырмасы:
Толқысын шартарап
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Оу, жан серігім, төгілсін күйтереп
Жаның тарықпасын!
Ән шарықтасын!
Қайран басың
Ғаріп басың
Көзіңді жұмбай қамықпасын!
1-жүргізуші: Шәмшінің әндерін қанша мәрте қайталап айтсаң да жалықпайсың. Айтқан сайын бұрын сезбеген, мән бермеген жаңа бір нәзік тұстары айқындалып, айшықтана түседі. Естіген үстіне ести бересің. Шәмшіні сағынасың, іздейсің. Оның әні өлмейді ол біздің жүрегіміз бен жанымызда мәңгі сақталады.
Ән:
2 жүргізуші:
Әншінің азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын: «Ақ ерке - Жайық», «Отырардағы той», «Сыр сұлуы», «Көгілдір көкше» т,б туындыларын жұрт ерекше қабылдады. Сондай - ақ «Бақыт құшағында», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик» т.б көптеген әндер Роза Бағланова, Бейбігүл Төлегенова, Роза Рымбаева сынды көптеген әншілердің репертуарынан берік орын алды. Осылайша Ш.Қалдаяқов артында мол мұра қалды.
1 жүргізуші:
Жаралған аға, еліңе әсем ән үшін
Әсем ән екен тағдырдың берген бағы шын.
Еркіндік сүйген еңселі дархан даламен,
Әніңе қостың сыңсыған Сырдың ағысын
2 жүргізуші:
Уа, Шәмші аға, көңілің неткен кең еді,
Берері мол алыпты ажал бөгеді.
Алыстаса тау асқақтай түспей ме!?
Жыл өткен сайын асқақтап Шәмші келеді
(Д.Пасатбаев)
Қалдаяқов өзені
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан-таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің,-
Зорсығанның көбісі құры сүлде,
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіндей таба алған жоқ нар сенім,
Қандай ғажап кереметің бар сенің.
Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,
Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп,
Ал сен ұлы жүрегіңмен,
Пейіліңмен,тілегіңмен,
Күллі тамыр тірегіңмен,
Дарын едің алдына жан салмаған,
Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.
Отырардың еңкеймеген рухын
Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
Бәлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың,
Пенделік пен кенделікті көп көрсең де сынбадың.
Заманыңда ұшырсаң да әннің небір сұңқарын,
Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің-ау,
Ерлік шығар сондай сәтте еңкейместен тұрғаның.
Өкпелеме қазағыңа, өкпелеме, іңкәрім.
Жігіттің бір жарқыны едің,
Дәуірдің сом алтыны едің
Едің және арайы.
Бірақ сенен әлдеқайда қымбатқа
Бағаланды қалайы,
Солай көшкен бұл даладан ұлылардың талайы.
Мына шақта, ізгіліктің тауы тозған кезеңде,
Қырандардан қораздар мен тауық озған кезеңде,
Хас тұлпарды топ жабағы
Қалың шаңға жауып озған кезеңде,
Айналдың сен енді ешкім бөгей алмас өзенге.
Енді саған өшпес, өлмес атақ, данқтың кезегі
Келгендігін досың, түгіл қастарың да сезеді.
Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ақ еліңе
Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.
(М.Шаханов)
1 жүргізуші:
Қош, Шәмші! «Қош» деген сөз ауыр қандай!
Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,
Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,
Тал, түсте ақыл - естен жаңылғандай.
«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,
Отырмын ғой таңырқап, әлі нанбай.
Аққудың жерде жүрген бір баласы,-
Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай
Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,
Рахат теңізіне малынғандай
Сен болып бүкіл дала
Құдайдан тілегені табылғандай.
Шаршамай шабытыңның ақ сұңқары
Самалда самғаушы еді сабыр қылмай
О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние
Бұлбұлды күн күн туды ма сағынғандай.
2 жүргізуші:
Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,
Ардақтар сен жырлаған анаға біз.
Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,
Алдымен қазақ деген – данаға біз.
Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,
Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,
Әлемде ән өлуі мүмкін емес, -
Өлмейді сен туралы қалған аңыз!
Ән «Қуаныш вальсі»
Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, Ш.Қалдаяқовтың халыққа берген сыйы ұшан – теңіз. «Қазақ вальсінің» корольі атанған бір туар тұлға болып біздің жадымызда мәңгі сақталады. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.
Аягөз қаласы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы»КММ
Хаттама № 2
29 қараша 2018ж.
Қатысқан оқушы саны – 72
Күн тәртібінде:
Оқушыларды аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, «Қазақ вальсінің» корольі атанған бір туар тұлға Шәмші Қалдаяқов шығармашылығымен таныстыру мақсатындағы «Ән жұлдызы – Шәмші аға» атты ән кеші .
Тыңдалды: