Шинибекова Шолпан Оразовна, учитель казахского языка и литературы, КГУ “Гимназия № 120 имени Мажита Бегалина”, Казахстан, г. Алматы
Сценарий сценической постановки, приуроченной 175 летию Абая Құнанбаева "Әлем таныған Абай".
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 17 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» атты сахналық қойылым
Жүргізуші: Өздеріңізге мәлім, біз ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлаудамыз. Гимназиямыздың өрендері де бұл айтулы шараны оқу жылының басынан бері атап өтуде. Игі іс- шараларымыз гимназия сайты, инстаграмм, фейсбук беттерінде жарық көріп отырды. Қазір сіздердің назарларыңызға біздің өнерпаз оқушыларымыз дайындаған «Әлем таныған Абай» атты сахналық қойылымды ұсынамыз.
Өлең- сөздің патшасымен үндесіп,
Күнде жүрмін ұлы ақынмен тілдесіп.
Сөз зергері- ұлы Абай атаммен,
Заман жайын талқылаймыз бірлесіп.
Ақын жырын дейміз теңіз, көл мейлі,
Жырларынсыз сана- сезім шөлдейді.
Қазақ елі биіктесін, бар болсын,
Сонда ғана Абай сөзі өлмейді !- дей отырып, көрінісімізді тамашалауды назарларыңызға ұсынамыз.
Көрініс: ( Сахнада Абайдың дүниеге келуін бейнелейді. Топ оқушы сахнаға шығып оқиғаны көрсетеді) Күй.
Құнанбай қажының ақ ордасы. Үйге «Ассаламағалейкүм!» деп үлкен кісілер мен молда кіреді. Келген кісілерді жайғастырып жатқан жігіттер, оларды дастарқан басына отырғызады. Келген адамдар Құнанбай қажыға:
«Ассалаумағалейкүм ! Қамшы ұстарыңыздың бауы берік болсын, мырза!» деп құттықтап жатыр. Осы кезде Құнанбай (Омар):
«Уағалейкүмассалам ! Қонақтар, рақмет! Үйге келген қонақтарды төрге шақырыңдар !- деп күтуші жігіттерге қарады.
Күтуші жігіттер: Төрлетіңіздер ! Жоғары шығып, жайғасыңыздар !- деді.
Қонақ: «Мырза, ұлыңыздың атын қалай атамақсыз ?
Құнанбай: «Жақында түсімде бүкіл Арғын баласының ойшылы, атыңнан айналайын киелі Әнет бабам маған қарап тұрып «Ибрахим, Ибрахим» деді. Бұл- маған тікелей айтылған белгі деп ойлаймын. Сондықтан баланың атын – Ибрахим деп қоюды жөн көріп отырмын.
Қонақтардың бәрі: «Бәрекелді, бабамыз түсіңізде аян берген болса, бұл да бір шапағаттың белгісі емес пе ? Балаңыз мәртебелі, абыройлы, зерделі болады екен.
Молда: Аумин ! (сүре оқиды) Сенің атың- Ибрахим! Сенің атың- Ибрахим! Сенің атың- Ибрахим! (Баланы анасына береді)
Қонақ: «Бауы берік болсын! Ұлы ата- бабаларындай атақты абыройлы болсын!» - дейді.
Шымылдық. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Өзара өте тату ене Зере мен келін Ұлжан – екі ана байсалды, мейірбан, әділ адамдар болды. Олар Абайды бауырмал қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты. Болашақ ақынның балалық шағы қос ананың – әже мен шешенің – тәрбиесінде өтті. Сүйікті немересінің Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да аяулы Зере әжесі еді.
Тұсаукесер.
Кішкентай Абайдың тұсауын кесуге жұрт жиналады. Екі бала Абайды жетектеп тұрады.
Ала жіпті күрмеуіңді шешейін.
Ұзақ ғұмыр, шексіз бақыт тілегім,
Ардақты бол деп тілейді бұл елің !
Адымыңды нықтап басып аша ғой.
Әр қадамың сәтті болсын, жарқыным,
Шын бақытқа толы болсын әр күнің!!!
Күй. Шымылдық. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Осылайша болашақ ойшыл үлкен өмірге жолдама алды. Зере әжесі мен Ұлжан анасының көзайымы болып, қос ананың үлгілі тәрбиесін алып, балғын балалықтың балауса шағын бастан кешіп жүрді. Көреген, қырағы әкесінің қалауымен Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түсіп, оқу- білімге құштар Абай араб, парсы, түрік, татар, шағатай тілдерін меңгеріп алды. Сонымен қатар Семейдегі «Приходская школаға» барып аз уақыт болса да орыс ұстаздардың берген білімдерімен сусындады. Әкесі ел басқару ісіне үйрету үшін 13 жасар Абайды жанына алдыртты. Осы кезеңде Абай алғашқы өлеңдерін аналарына оқып беруші еді. Өлеңдеріне араб, парсы сөздерін қосып, әдемі кестелейтін.
Оқушы:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Ұлағатты аналарының ұшқыр тәрбиесі – Абайды парасат пен ізгілік биігіне жетелей бастады. Әкесі ойлағандай әкімшілік жұмыстың тізгігінін ұстаған Абай- еліне қамқор бола білді. Бірталай жыл болыстық қызметте жүріп, халықтың мұң- мұқтажын көріп, қол ұшын беріп отырды. Осы тұста өлеңге деген сүйіспеншілігі артпаса, кемімеді. Жалынды жырлары арқылы халқын оқу- білімге, өнерге шақырды.
Оқушы: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Абай өзі ұнатқан аяулы жандарға өмірлі өлеңдерін ғана емес, әндерін де арнап отырды.
«Көзімнің қарасы» әні.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс : Абайдың атағы бүкіл алашқа аян болып тұрған кезінде ақын ауылына атақты сазгер, әнші Біржан сал келеді. Бұл кездесу ақынға үлкен әсер қалдырды. Әншінің әндерінен ләззат алып, шаттыққа бөленді. Әсіресе, Абайға Біржанның «Ләйлім шырақ» әні ерекше әсер етті.
Біржанның әні «Ләйлім шырақ».
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Абай- жас кезінде мүмкіндігі бола тұрып, оқымағанына өкініп, өз білімін жетілдіру үшін өз бетінше оқып жүрді. Ақынның әлеуетінің жоғары болуына жер аударылған социал- демократ достары өте зор ықпал етті. Орыс классикасының нар тұлғалары Пушкин А. С., Лермонтов М. Ю., Крылов И. А. сондай- ақ неміс ақындарының шығармаларын оқып қана қоймай, қазақ тіліне әсерлі етіп аударып отырды. Оған дәлел ретінде Гетенің неміс тілінен Лермонтов аударған «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі, аударманың музыкасын да өзі жазды.
«Желсіз түнде жарық ай» әні.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан «Онегиннің Татьянаға хаты» мен «Татьянаның Онегинге хаты» сияқты үзінділерін шебер аударып, қазақ әдебиетінің жаңаша дамуына үлкен үлес қосты.
Сахнада өнерпазщ оқушылар Татьяна мен Онегиннің рөлдерін сомдайды.
Күй. Занавес. Музыка. Сахна сыртындағы дауыс: Абай – бар өмірін ұлтының ертеңгі күнінің жарқын болуына арнады. Ақылды да зерделі ұрпақ тәрбиеледі, ақындық мектебінде үздік шәкірттерін қанаттандырып қияға ұшырды. Өлең жазып, аудармамен айналысумен қатар, «Ескендір», «Масғұд», «Әзімнің әңгімесі» поэмалары мен пәлсапалық ағымның зергері екенін дәлелдейтін 45 қарасөзін жазды. Ұлы ақынның шығармалары әлем елдерінің тілдеріне аударылды. Абайды бүкіл әлем таныды. (Шымылдық жабылады)