Абдрахманова Эльмира Каирболатовна, преподаватель экономики и финансов, Уральский гуманитарный колледж, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, г.Уральск.
«Қаржы» мамандығы бойынша арнайы пәндерді оқытудағы инновациялық әдістерді қолдану
Деңгейлік оқытудың ерекше тиімділігі студенттердің сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізіп, өздерінің білім – білік дағдыларын көрсете алуында. Деңгейлеп оқыту: біріншіден, студенттің әлеуметтік – психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден, теориялық дайындығы есепке алынады.
Мен қаржы және экономика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне қарай деңгейлеп-саралап оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Экономика бұл география, құқық, әсіресе математика пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан өзіндік күрделілігі бар пән деп есептеймін. Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. «Деңгей» сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин өлшеу құралына «шаманы» белгілейді.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытушы студенттің нені білетінін, нені меңгергенін, біліп отырады. Оқытушы тек білімді студентке беруші ғана емес, керек жерінде бағыт беруші ретінде көмекке келеді. Соның нәтижесінде студенттерде білуге деген құлшыныс пайда болып, басқалардан қалып қалмауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.
Деңгейлік тапсырмалар I, II, III, IV — деңгейде беріледі.
І – деңгейдегі тапсырма барлық студенттер орындауға міндетті.
ІІ – ІІІ – деңгейлерде тапсырмалар бірте – бірте күрделенеді және бұл тапсырмаларды орындауға студенттер құқылы.
IV — деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.
Мысалы «Ақша, ақша жүйесі» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырма беру.
І – деңгей. «Ақша, ақша жүйесі» тақырыбына байланысты кездесетін терминдер жазу.
ІІ – деңгей. Терминдердің анықтамалардың сәйкестігін табу.
ІІІ – деңгей. Мәтінді оқып қатесін табу.
IV – деңгей. «Ақша, ақша жүйесі» тақырыбына берілген терминдерді қолданып шағын эссе жазу.
Бүгінгі таңда экономикалық білімді меңгеруге үлкен көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар біздің заманымыз компьютер заманы. Экономикалық білім беруде компьютерлік технологияны да қолданамын. Оның тиімділігі мынада: компьютерлік технология бойынша оқытылған материалдар көп уақытқа дейін адамның санасында сақталады, студентті қызықтыратын бейне материалдар пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылған технологиялар студентті мынадай жетістіктерге жеткізеді:
1.Әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2.Студенттің жеке қабілеті айқындалады.
3.Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.
4.Әр студент өз деңгейіне, қабілетіне бағаланады.
5.Топ студенттері толық бағаланады және әр студент өзінің алатын бағасын біліп отырады.
Сонымен, жаңа инновациялық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмегі зор.
Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақты түрлі әдістер қолдана отырып өткізу өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан кәсіптік білім беру мекемесіне білім алуды, сонымен қатар білікті маман болуды мақсат етіп келетінін оқушылар үшін әрбір ұстаз — ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөқор, кез-келген ортаның ұйытқысы болуы керек.