ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
23 ноября 2019 г.

Қайырбекова Аружан, 7 сынып, "Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп" КММ, ШҚО, Ұлан ауданы, Ново-Одесское ауылы.

Жетекшесі: Тысымбаева Самал Алибековна, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Алтын адам - Тәнулсіз Қазақстанның символы - Алтын адам

Алтын адам - Тәнулсіз Қазақстанның символы - Алтын адам

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. б.з.д. мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

         Есік қорғанынан табылған мұра ел тарихына теңдессіз үлес қосты. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы Алтын адам феноменін ерекше айтып, тарихи маңызын терең зерттеуді тапсырған еді. Тарихшылар Алтын адам жас көсем әскербасы болған деген дерек келтіреді. Тағы бір мәліметте сақ көсемінің ұлы дейді. Қалай десек те шындық тарих қойнауында қалғаны рас. Бірақ баға жетпес бұл құндылық сақ дәуірінің өзінде ақ қолөнердің жоғары дәлелі. Ал жауынгердің киімі мен қару-жарағының еш бүлінбей біздің дәуірімізге дейін сақталуы сол замандағы шеберлердің металды жетік меңгергенін сөзсіз айғақтайды. «Алтын адам» түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашты. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
     Алтын адам дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Біріншіден, сол дәуірдегі қолөнердің дамығанын көрдік. Екіншіден, қойнауы қазынаға бай еліміздің металы сол кездің өзінде сұранысқа ие болғанын дәлелдеп отыр.

Қайырбекова Аружан, 7 сынып

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину