ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
19 ноября 2018 г.

Ахметжанова Мадина  Советхановна, физика пәні мұғалімі, ШҚО, Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, КММ «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі»
 

«Заманауи сабақ - физика пәні мұғалімінің жаңашыл әрекет көрінісі»

«Заманауи сабақ - физика пәні мұғалімінің жаңашыл әрекет көрінісі»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» деп атап айтқан. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі, білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, педагогтың кәсіби деңгейін арттыру басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – ұстаз. Оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру үшін мұғалім үлкен ізденіс үстінде болуы керек.

Дәстүрлі сабақтар мен заманауи сабақтарды салыстырудың кейбір жолдары:

Дәстүрлі сабақтарда  үш төрт адам үй тапсырмасын айтады, мұғалім жаңа таұырыпты түсіндіреді, мұғалім бағаларын айтады, үйге тапсырма береді, үлгерімі нашар оқушылар еленбей қалады. 

Ал заманауи сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталсақ:

  1. Мұғалім оқушының білімді өзі алатындай етіп ұйымдастырады;
  2. Оқушы өзі еңбек етеді;
  3. Оқушы іздене отырып, өзі баға береді;
  4. Барлық оқушылар бірдей білім алады;
  5. Алған білімін өмірмен байланыстыра алады;
  6. Әр оқушы өз ойын толық жеткізе алады;
  7. Сын тұрғысынан ойлауы қалыптасады.

Міне, Кембридж бағдарламасының да басты мақсаты осы. 

Заманауи сабақтар мұғалімнен нені талап етеді?

  1. шығармашылық ізденісті;
  2. оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне сәйкес ұйымдастыруын;
  3. сыныптағы әр баланың мүмкіндігіне қарай белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын;
  4. сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды көңілінің болуын;
  5. оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін, ұйымдастыру түрін хабарлауын;
  6. үнемі ізденіс үстінде болуды;
  7. сабақтың мақсатын, тақырыпты ашуда түрлі ізденіс тапсырмаларының жүйелілігін;
  8. оқулықта қажетті  ақпарат жеткіліксіз болса, онда сабаққа қосымша ақпараттық карточканы әзірлей алуын;
  9. сабақта оқушыларға білім алуға кедергі жасалмауын, яғни оларға жұмыс жасау үшін көбірек уақыт беру қажеттігін;
  10. Рефлексивтік талдаудың нәтижесінде алынған барлық түзетулерді сабақ жоспарына жазуын және оларды әрі қарайғы жұмыста ескеру қажеттігін.

Заманауи сабақтар оқушыдан нені талап етеді?

  1. өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алуын;
  2. өтілген тақырыпты өз бетімен меңгеруін;
  3. өз оқуын бағалауын;
  4. сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын;
  5. мектеп өмірінде алған білімдерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алуын;
  6. уақытты тиімді ұйымдастыруын;
  7. сәтті оқу үшін кедергілерден өтуін.

Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтардың мақсатына жетуге болады. Заманауи сабақты меңгеруге барлығыңызға сәттілік тілеймін.

Сіздерге заманауи сабақтың бір түрі ретінде 7сынып бойынша физика пәнінен «Күш моменті» тақырыбының қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.

Мерзімі:   ____________________

Пәні: Физика

Сыныбы:  7

Тақырыбы: Күш моменті.

Жалпы мақсаты

 

Күш моменті ұғымын түсіндіру, сыни тұрғыда ойлауға үйрету, айналатын денелердің өмірде қолданылуы туралы мағлұмат беру, логикалық ойлау қабілеттерін, сұраққа нақты жауап таба білуін дамыту, жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі

Оқушылар тақырыпты толық меңгереді, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, әңгімелесу арқылы оқудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды, оқушыларға сұрақ қою арқылы маңызды мәселеге назар аударуға көмектесе алады, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді қолдана біледі

Түйінді идеялар

Оқушылар күш моменті туралы толық мағлұмат алады, сыни тұрғыдан ойлауға, топтық жұмыс жасауға үйренеді.

Сабақ мазмұны

Уақыты

Сабақ барысы

Ресурстар

1 мин

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Оқушылар мұғаліммен амандасады.

«Сәлемдесу» тренингі

Оқушылар шеңбер жасап, бір біріне қарап тұрып, амандасады.

Сәлем, көздер! (көздерін қысады)

Сәлем, бастар! (бастарын түйістереді)

Сәлем, қолдар! (алақандарын соғады)

Сәлем аяқтар! (аяқтарының бастарын түйістіреді)

Power Point бағдарламасында «Сәлемдесу» тренингі

1 мин

Сабақта кім жоқ?

Кезекші оқушы мұғалімге сабаққа келмеген оқушыны хабарлайды.

Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Көңіл күй экранына смайликпен белгілейді.

 

  5мин

«Әліппе желісі» ойыны. Оқушылар өткен тақырып бойынша өтілген терминдерді айтады.

Үш шапалақ арқылы бағаланады.

 

 

Аңдардың дауысын салу арқылы топқа бөліну.

«Мысық», «Сиыр», «Ит».

 

2 мин

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты тақтаға жазылады.

Power Point бағдарламасында көрсетіледі.

20 мин

Жаңа сабақты топтық таныстырылым арқылы түсінеді.

 1 топ  - І тақырыпша –   202 бет

 2 топ - ІІ тақырыпша –   202-203беттер

3 топ - ІІІ тақырыпша – 203 бет

Топтан бір оқушы шығып, келесі топқа өзінің тақырыбын түсіндіреді.

Топтық жұмыс, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.

Плакат, маркер, клей, түрлі түсті қағаз, қайшы, интернет

2 мин

Сергіту сәті «Тапочкалар» би терапиясы өткізіледі.

бейнеролик

9 мин

Оқушыларға практикалық жұмыстар  жазылған карточкалар таратылады, оқушылар жұмыстарды орындап, әр топ кезектесіп тақтаға шығады да, түсіндіреді. 

Практикалық жұмыс.

Сызғыш иіндікті штативке іліңіз. Гайкаларын бұрау арқылы иінді таразыны көлденең орналастырыңыз. Сызғыш иіндіктің оң жағына екі жүк іліңіз. Сызғыш иіндіктің сол жағына динамометрді іліп, сызғыш иіндік тепе теңдікке келу үшін қанша күш қажет екенін өлшеңіз.

Ауырлық күшін анықтайтын формуланы жазыңыз. (Еркін түсу үдеуін ескереміз). Жүктің массасын анықтаймыз. Динамометрдің орнына жүкті іліңіз. Сызғыш иіндік тепе теңдік күйге түсті ме? Иіндікке әсер ететін күш неге тең?

Иіндіктің тепе теңдік ережесі не үшін қажет?

Төмендегі кестені толтырыңыз.

Тәжірибе саны

Күш Ғ2, Н

Күш иіні d2, м

Күш Ғ1, Н

Күш иіні d1, м

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күш моментін анықтаңыз.

Топтық жұмыс арқылы бағаланады.

Карточкалар, сызғыш иіндік, жүктер, динамометр, таразы

3 мин

Дарынды оқушыларға карточкамен есептер беріледі.

F1=2 H

F2=3H

F3=2H

F4=1H

d1=30см

d2=10см

d3=10см

d4=40см

(M1+M2)=?

(M3+M4)=?

Power Point бағдарламасында  көрсетіледі.

2 мин

Оқушылар «Кері байланыс» парағын толтырады.

Не білдім?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?

 

 

 

 

стикер

 

 

 

Не сәтті  өтті?

Оқушылар тренингтерге белсене қатысты. Сабаққа қызығушылықтары басым болды. Стикерлермен, құралдармен ұйымшылдықпен жұмыс жасады.

 

Не сәтсіз өтті?

Оқушылар постер қорғаған кезде аз сөйлейді, өз ойын тартыншақтап толық жеткізе алмайды. Бағалау кезінде оқушыларда сенімсіздік болды.

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину