Кыдырмоллаева Бибигул Толегеновна, преподаватель казахского языка и литературы, Школа-лицей №60, город Астана, Республика Казахстан.
"Педагогтардың оқу қажеттілігі"
Қазіргі ғаламдану заманында , әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар, міндеттердің салмағы орасан зор болуда. Егер мұғалім өзі жан-жақты дамымаған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойына жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелейді деген ой туындайды.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Бұл бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан-дүниесін түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша біз оқушының өз оқуы үшін жауапты болатынын байқаймыз. Оқушы оқыту үдерісінде жауапты болуы үшін мұғалім қолайлы орта мен жағдай туғыза отырып, «Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатануға» жетуде білім міндеті қоятын талаптарды түсіну үшін білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгеру әр мұғалім үшін қажет.
Жаңа білімдерді беру үшін әр түрлі ғылыми зерттеулер мен оқыту теорияларына, қосымша ресурстарға сүйеніп, сабақта тиімді пайдаланамыз. Оқыту мен оқуда әлі де болса көптеген кедергілер мен қиындықтар бар екенін жасырудың қажеті жоқ. Мұғалімдерді үздіксіз білім алуға уәждеуге,білім саласының қазіргі талаптарына бағдарлау үшін SMART форматындағы жеке мақсаттарды тұжырымдау дағдысын жетілдіріп, кездескен қиыншылықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімімізді дамытып отыру болашақ ұстанымымыз деп білемін.
Деңгейлік бағдарламалар орталығы біліктілікті арттырудағы жаңа үдерісті басқарудабіріншіден, жұмыс жасау тәсілдеріне«Тиімді оқыту мен оқу» Бағдарламасының жеті модуль идеясына негізделген оқытудың белсенді әдіс-тәсілдеріне: оқу жетістіктерін бағалау, кері байланыс әрекетін жүзеге асыру мен мектеп базасында іс-әрекеттегі зерттеу, Lesson Study, менторинг, коучинг және мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға баса назар аударылуда; екіншіден, ойлауды дамытудакөзқарас, шешім, іс-әрекет жасай отырып, кәсіби желілік қоғамдастық құруды, бірлескен іс-қимылда ынтымақтастық оқуды жетілдіруді іске асыру көзделуде . «Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді» (Kemmis, 2007) деп, зерттеуші пікірінде айтылғандай, кез келген тәжірибені өзгерту – бұл орындап жатқан ісімізді, таным-түсінікті және жағдайды өзгерту болып табылады .Біліктілікті арттыру курстарын өткізе отырып, ұстаным, миссия, мақсат қоюда өзгерістің не үшін керек екені нақты айқындалады. Жалпы құндылықтардың қалыптасуындағы ортақ мақсат – оқытудың нәтижесі арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау дағдысын, ақпаратты өз еркімен және терең сараптай алу үшін оқытуды жақсарту.
Мұғалімнің бірінші маман ретіндегі негізгі қасиеті – ізденгіштігі. Жаңа тәсілдерді енгізген сабақтарда оқушылардың іс –әрекетіне қарап, меңгерудің ұзақ, түсінікті түрде сақталатынын байқаудамыз. Әр мектепте мұғалімдердің қауымдастығы құрылып, олар жоспарлы түрде өз жұмыстарын дұрыс реттей білсе, мектептің жаңаша даму сатысына өтуіне де ықпал етер еді. Осы жұмысты жандандыруда бізге Lesson Study көмекке келді. Lesson Study мұғалімдердің өздерінің түсініктері мен ұғымдарын тексеруге ынталандырды. Мұғалімдер арасында диалог туындады. Әріптестік кәсіби даму мәдениеті қалыптасты. Оқу процесі оқушылардың қажеттілігіне сай жоспарланды. Жауапкершілік, басқа адамдардың идеяларын тыңдай білу қасиеттері қалыптасты. Lesson Study сабақты жақсартуға арналған үрдіс екеніне көз жетті.
Педагогтер өз кәсіби жұмысында меңгерген білімдерін, біліктері мен дағдыларын пайдалану барысында мектепте, сонымен қатар өздері тәуелді желілік кәсіби қоғамдастықтарда қажетті әдістемелік қолдауға ие болуда. Сын тұрғысынан өзіне-өзі баға беру қабілеті мен рефлексиялар педагогтік дағдыларды арттырды. Ойлай білу және өзіндік жұмыс істей білу қабілеттілігі педагогтердің жаңа идеяларды тудыруға және жұмыс ортасын, білім беру мекемелерін одан әрі дамытуға қажетті маңызды сапасы болып табылады.
Құзырлы мұғалімдердің табысты оқытуын қамтамасыз етуде әрдайым «көпірше» болып, өзін-өзі реттей алатын, үнемі ізденіске, жаңашылдыққа бейім, өзгеріске құштар заманауи «мінсіз» тренер болу керектігін түйсіне жұмыс жасау мақсаты мені алға жетелейді.