Жеңіс Гүлім, Амангелдинова Дина, 10 "А" класс, "№4 смешанная общеобразовательная средняя школа", Республика Казахстан, Восточно - Казахстанская область, город Аягуз.
Руководитель: Шайхина Еркетай Тлектесовна, заместитель директора по учебной работе, психолог, "№4 смешанная общеобразовательная средняя школа", Республика Казахстан, Восточно - Казахстанская область, город Аягуз.
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларында кездесетін фанатизм»
Жоспары:
1.Сіз шынайы Фанатсыз ба?
2.Фанатизм және махаббат
3.Фанатизмнің белгілері
4.Фанатизм түрлері
Сіз шынайы фанатсыз ба?
Фанатизм – белгілі бір жұлдызға, тұлғаға, кітапқа, футболға, жалпы адамның маңызды бір жаратылысқа жан дүниесімен құлшына берілуі. Оның түрі көп. Мәселен әншіге не жұлдызға деген фанаттар ол туралы барлық ақпаратты біледі. Одан бөлек оның суреттерін жинап, альбомдарын жасайды.Тіпті жеке бөлмесін де сәндеп, өмірін сол адаммен байланыстырады.Фанатизм белгілері біздің өмірімізде статистикаға қарағанда жиі кездеседі. Біздің елде де фанаттар бар. Тіпті Еуропада өзара қырылып жатқан футболшылар мен командалар үшін де жан береміз. Мәселен «Реалфан» және «Барсафан» болып бөліну бар. Фанатизм мен жанкүйер екеуі екі бөлек ұғым. Жанкүйер – бұл тек өзінің сүйікті командасын қолпаштайтын және де клубының өз алаңында (тек өз алаңында) өткізетін бірде-бір ойынын өткізбейтін адамды атайды. Сонымен қатар жанкүйерді театр көруге келген көрермен деп те айтуға болады. Бірақ, театрдағы көрерменге қарағанда футбол көрермені біршама қызуқанды келеді. Жалпы футбол ойынын да жанкүйерқауым үшін ойнайтыны белгілі. Көрермен болмаса, аяқтоптың да сәні кетері анық.Ең мықтыжанкүйер – бұл өз-өзінің психикасына иелік ете алатын адам. Қандай қиын-қыстау сәттер болсын оны сабырлықпен қабылдағандар нағыз жанкүйерлер.
Кейде тіпті ұлтқа, дінге, нәсілге әсер етпейтін фанатизм өзара қақтығыстарға да алып келеді.Қазырғы кезде адам дүниесі сенуден қалды.Кейбіреуі ештенеге сенбесе кей адамдар белгілі бір обьектіге жан дүниесімен беріле сенеді.Фанатизммен ауыратын адамды басқа адамдардан айыра білу өте қиын.Оларды айырудын тек бір жолы бар:Олар өзінің обьектісіне деген көзқарасына өзгертпейді. Құдайға сенетіндер де сенбейтіндер де осы фанатизммен ауырады;себебі олар өзінің көз қарасын жұртқа дәлелдеумен әлек болады.
Фанатизм және махаббат
Фанат өзінің «махаббатын» ғана ойлайды.Әрине жұлдызды.Одан басқа ешкімді ойлай алмайды,өйткені ол оған тәуелді, оған әлеуметтік желіде хаттар жазып қонырау шалуға тырысады.Егерде біреу фанатизммен ауыратын адамнын кумирі жайлы жаман сөз қозғаса,оның кемшілігі жайлы атса,онда фанат сол адаммен сойлесуді доғарады немесе ол кісіге агрессивты жауап қайтарады.Өйткені бұл фанатизм.Мысалы ала келетін болсақ көптеген қыздар фанатизммен ауырады.Көбінесе Оңтүстік кареядағы бойзбент және актерларға ессіз ғашық.Олар тіпті Дүниенін екі шетінде болса да,кумирлеріне жаны құштар боп барғысы кеп тұрады.Осы 2017 жылы Ким Джонхен өзін өзіне қол жұмсау арқылы дүниеден өткен болатын.Бұл жайды ақпаратты білген фанаттар өмірден түніліп Джонхенды қимай өз өздеріне қол жұмсады.Тағы бір мысал келтіретін болсақ,өзіміздің шоу бизнестегі 91 тобының лидері AZ (Азамат Зенкаев) өзінің сүйіктісімен кездескені үшін оның көп деген фанаттары ызаға келіп хейтерларға айналған болатын.
Жалпы Хейтер сөзі қазақ тілінен шықпаған.Негізгі мағынасы- жұлдыздардың танымалдығын қызғанатын адамдар.
Егер адам өзін шынайы фанатпын деп санаса, мына қағидалар бойынан табылу керек:
– Ол адамның пендешілік әрекеттеріне көз жұма қарайсыз;
– Өнерін сүйесіз немесе өзін. Екеуін де сүюге болады. Бірақ бұл санаулы-ақ;
– Қай жерде, қандай жағдай болмасын, ортада болсын оны ақтап алуыңыз керек;
– Жарнамасын жасау, мақтау, ол туралы ақпарат жинау – басты міндетіңіз;
– Жаңадан шыққан суреттерін жинау, видеолар, ол туралы барлық ақпаратты білу – басты талап;
– Ең бастысы, егер ол тірі немесе бар болса, ол жүрген жерден қалмау, оның қасынан болмаса да сахна сыртынан табылу нағыз фанатизм;
Фанатизм белгілері:
1.Сол әншінің өленін қайта қайта тыңдағысы келеді,қанша тыңдаса да құнығы қанықпайды.
2.Сол әнші кереметтей бір ерекшелігі болмаса да,сол адам әншіден бір ерекшелік байқайды.
3.Адам сол әншімен өз өмірін байланыстырады.
4.Адам бос уақытын сол әншіге арнайды.
5.Оқу, қарым-қатынас, өзге де қызығушылығы жоғалады.
Қазыргі кезде фанатизмнің 7 түрі бар: діни, саяси, идеялық, денсаулық, ғылыми, спорттық және өнер болып бөлінеді.Мысалы,АҚШ-та фанатизм психикалық ауытқу деп саналады және оны психологиялық әдістермен емдейді.Ең көп таралған: діни фанатизм (культтер, секталар, психикалық ауру адамдар), спорт (көбінесе футбол — жанкүйерлер) және фанатизм өнер (объектілері құлшылық ету болып табылады әртістері, актерлер).
Фанатизмнен қалай құтылуға болады:
Фанатизм психологиялық феномен ретінде 17ғасырда дағдылана бастады.
Фанатизм, махаббат, дін, спорт және кез келген әлеуметтік – белгісі эмоционалдық тұрақсыздық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
2. https://massaget.kz/