ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі "Дәрумендер әлеміне саяхат"

21 мая 2021 г.

Айтбаева Катима Жаркеновна, тәрбиеші, «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті  «Золотой  ключик» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі "Дәрумендер әлеміне саяхат"

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі "Дәрумендер әлеміне саяхат"

Ашық  ұйымдастырылған  оқу қызметінің конспектісі

«Құралай»  тобы

Тәрбиешінің аты-жөні: Айтбаева К.Ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Коммуникация.Шығармашылық

Бөлімдері:Қоршаған ортамен танысу .Аппликация .Сөйлеу дамыту.         

Тақырыбы: «Әжем үйінде қонақта»

Блингвальды компонент: үй құстары - домашние птицы-home bird

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

 

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: үй құстарының қалай дыбыстайтынын;

Түсінеді:  үй құстарының адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінеді

Қолданады: үй құстары және олардың  пайдасы туралы танымдары кеңейеді

Ұйымдастырулы оқу қызметінің  өткізілу  барысы:

  1. Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.

 «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

Тиіспе, балапан, тауыққа,

Тентектікті қойыңдар.

Араздық жоқ араңда,

Тату-тәтті болыңдар.

 Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық

Сәләматсыз ба?

Здраствуите

Гут монин

Тосын сәт:

  1. Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: үй құстары туралы балалардың білімдерін кеңейту: әтеш, тауық, балапан олардың ерекшеліктерін бақылау (немен қоректенеді, қалай қимылдайды, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің үй құстарына күтім жасауы туралы).

Кіріспе.

  Балалар, қазір қандай  мезгіл?

  Қыс езгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

Бегалиевтің «Қазым, қазым, қаңқылда!» өлеңін оқып беру.

 

         - Қазым, қазым, қанқылда!

          Суда жүзіп салқында.

          Жем шашайын, жейсің бе?

         «Кәмпит берші» дейсің бе?

          Жоқ, жоқ.

          Кәмпит тәтті, болмайды ас,

          Арпа менен бидай шаш.

 

Өлеңді қайталату, мазмұнына сай қимыл – қозғалыс жасату.

  • Балалар, айтыңдаршы, өлеңде қандай құс туралы айтылған? Дұрыс, қаз туралы.
  • Қаз қайда тұрады?
  • Ол қандай құс? Үй құсы.
  • Тағы қандай үй құстарын білесіңдер? Тауық, әтеш, үйрек.
  • Дұрыс айтасыңдар, бұлар үй құстары.

Жеке жұмыс.

     Үй құстарының пайдасы қандай,қалай қорғаймыз?

     Үй құстарына қандай күтім жасаймыз?

Сергіту сәті.

Өте жақсы, тамаша! Балалар, ал сендер үй құстарына жем шашқыларың келе ме? Ендеше орнымыздан тұрып Гүлнар әжейге қонаққа барайық.

Мына жол Гүлнар әжейге апарады ғой деймін осы жолмен жүрелік.

Міне келдік, енді есігін қағайын.

Ғажайып сәт:

Әже: Әжей шығып балалармен амандасады. Менің құлыншақтарым келіп қалыпты ғой .Сендерді көріп өте қуаныштымын. Балалар қандай балабақшадан келесіңдер?

 Балалар: Әже біз бүгін сізге қонаққа келдік.Үй құстарын қарауға, сізге үй шаруасына көмектесуге.

   Әже: Өзінің құстарын көрсетіп, таныстырады.Балалар сендер үй құстарының дыбыстарын танисыңдар ма?

 Дидактикалық ойын: «Дыбысын сал»ойынын ойнайық.

  • Мынау тауық. Ол «қыт –қыт» дейді. Қане қайталандаршы.
  • Мынау қаз. Ол «қаңқ - қаңқ» дейді.
  • Мынау үйрек. Ол «кря – кря» дейді.
  • Ал мынау әтеш. Ол «ку-ку-ре-ку» дейді.

 

Құстар осылайша қарнымыз ашты, бізге жем бер дейді. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Мына шелекте құстардың жемі бар, келіңдер оны құстарға шашайық. Балалар, сендер маған көмектесіңдер.Менің сендерге әкелген сыйлығым бар, соны  апайларыңа табыс етемін.Оның ішінде сендерге  арналған тәттілер бар.Рахмет әжей сізге.

Әжей жүріңіз бізбен балалардың шығармашылығын тамашалаңыз.

Шығармашылық жұмыс.

Балалар екі топқа бөлінеді.

Балаларды сурет үлгісімен таныстыру.тақтада  балапанның суреті.Мынау  қиылып тұрған  сары түсті жіптің қиындысы.Бірінші  қыл қаламмен клей немесе желімді жағып,сосын жіп қиындыларын себеміз. Ал,екінші топтың балалары қыл қаламмен желімді жағып,сары түсті тарыны себеді.Сонда сары түсті балапанның бейнесі шығады.Кәнеки жұмысқа кірісейік.Қиналған балаларға көмектесу.

Гүлнар әжей балалармен  қоштасып шығып кетеді.

Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы қортындылау.

       Балалар әжейдің үйінен не көрдік?

       Үй құстарына қандай құстар жатады?

       Олардың адамдарға пайдасы бар ма?

       Не жасадық не жабыстырдық?

        Балалар сендерге ұйымдастырылған оқу қызыметі ұнады ма?

       Сендер өте жақсы жасадыңдар.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину