ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
8 июня 2021 г.

Аимбетова Сауле Туимебековна, тәрбиеші, «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық  және жалпы дамулық типті «Золотой ключик» Бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы

"Жыл мезгілдері" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

"Жыл мезгілдері" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Ересек «Балдырған»  тобы

Тәрбиешінің аты-жөні: Аимбетова С.Т.

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Жаратылыстану», «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту», «Аппликация».

Тақырыбы:  «Жыл мезгілдері»                  

Билингвальды компонент: қыс – зима – winter, көктем – весна – spring, жаз – лето – summer, күз – осень – autumn

Көрнекілік: суреттер, қар, күріш, түрлі – түсті қағаздар.

 Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:                                            

Қайталайды: Әр жыл мезгілінің белгілерін өздігінен табуды, тақырып бойынша  сұрақтарға жауап беруді;

Түсінеді: Табиғатқа қамқор болуды; Жыл мезгілдері белгілері туралы;

Қолданады: Жылдың төрт мезгілі бар екенін біледі.

Ұйымдастырлған оқу қызметінің  өткізілу  барысы:

  1. Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: Балалардың қызығушылығын, байқағыштығын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру.

Жыл он екі ай ертегісін еске түсірейік.

«Жыл он екі ай» ертегісінің мультфильмі көрсетіледі.

«Жыл мезгілдері» тақырыбында слайд.

  1. Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту.Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  • Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Жыл мезгілдері».
  • Жыл атасы келеді.
  • Жыл мезгілдеріне айларды бөліп береді.
  • Музыка әуенмен Баурсақ ойнап жүреді.
  •  Бауырсақты көріп тышқан келеді.Тышқан  Баурсақтан  нанның  қайдан келетінін сұайды. Бауырсақ дүкеншіден сұра дейді.
  • Дүкенші бауырсақ қайдан келеді? Дүкенші көктемнен сұра дейді.
  • Қөктем бауырсақ қайдан келеді? Көктемде  жер жыртып, егін егеді.
  • Жаздан сұра дейді.
  • Жаз бауырсақ қайдан келеді? Егінді суғарып, оны баптап өсіреді.
  • Күзден сұра дейді.
  • Күз бауырсақ қайдан келеді? Егінді орып, жинап астық қоймасына жібереді.
  • Қыстан сұра дейді.

          Қыс бауырсақ қайдан келеді? Дайын өнім болмайды, сенде еңбек ет.

   Тышқан көрдіңбе нан қөп еңбекпен келеді екен. Табиғаттың әр мезгілінің берер берекесі көп екен. Енді босқа жүрмей еңбек ету керек.

     -     Жыл мезгілдеріне  байланысты жұмбақ жасыру.

(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілі ұнай ма?
- Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?
- Қыста қандай мереке бар?
- Қыс туралы кім тақпақ біледі.
(1 - 2 бала тақпақ айтады)
- Жақсы, енді келесі жұмбақ - өлеңді тыңдаңдар.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Көктемде қандай мерекелер бар?
- Көктем туралы кім тақпақ біледі.
(1 - 2 бала тақпақ айтады)
- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.
(Музыкамен сергіту жаттығу)
- Енді келесі өлеңді тыңдаймыз.
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Қараңдаршы балалар, суретте не көріп отырсыңдар?
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жаз айларын кім біледі?
\Балалардың жауаптары\
- Ал енді соңғы жұмбақ.
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)
(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Ал күз айларын кім біледі?
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
(1 - 2 бала тақпақ айтады)
 

Суреттер арқылы  төрт топқа бөлінеді.

  • Жыл мезгілдеріне тапсырма беріледі.

№ 1 топ – Қыс – табиғи қармен жұмыс.  Қағаздан  умаждап  қар жасау.

№ 2 топ – Көктем – суреттерді құрастыру. Гиаконт және тақталы баумен құстың ұясын жасау.

№ 3топ – Жаз – түрлі түсті қағазбен жұмыс. Карточкамен  құрастыру.

№4 топ – Күз – күрішпен жұмыс. Жемістер мен көкөністерді ажырату.

    Жобаларды қорғау.

   Әр топ өз мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

Сергіту сәті:

Қыс                                              Көктем

Боран соғар оң жақтан              Мекені мынау жер еді

Боран соғар сол жақтан             Құстар ұшып келеді

Қар лақтырып ойнасақ              Тары шашып балалар

Су өтеді қолғаптан.                    Үйшік жасап береді.

Жаз                                              Күз

Айгөлек-ау айгөлек                   Нан қиқымын шашпаңдар

Айдың жүзі дөңгелек                Жерде жатса баспаңдар

Айдай толған кезімде                Теріп алып қастерлеп

Би билеймін дөңгелеп.              Торғайларға тастаңдар.

 Тосын сый:
-  Бізге бір мезгіл сый тарту етті. Жемістердің дәмін ажырату.

  • Сыйды тарту еткен күз мезгілі екен. Қай күз тарту етті?
  • Күз үшке бөлінеді.
    «Тірі және өлі табиғат» ойыны.
    Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
    Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
    Тау.(Аяқпен топылдату)
    Ағаш. (Қол шапалақтау)
    Күн. (Аяқпен топылдату)
    Қоян. (Қол шапалақтау)
    Су. (Аяқпен топылдату)

Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

- Әр мезгіл  бір –бір  тілек білдіреді. Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері қандай ?

- Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөліседі. Балаларды мадақтайды. Смайлик беріледі.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину