Мажитова Асем Жетписбаевна, меңгеруші, "АйАли" балабақшасы, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Тәрбиелеу дегеніміз – алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі педагогика – баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым. Бұл тақырып мектепке дейінгі білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-зерттеу және әдістемелік негізінің барлық курсының кіріспе бөлімі болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беру қызметінің басым бағыттарының бірі сапалы мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
МАҚСАТЫ: мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктерін молынан танып, біліп алуларына мүмкіншілік жасау.
МІНДЕТТЕРІ:
- мектепке дейінгі педагогика бойынша білімдерін қенейту және терендету;
- мектепке дейінгі педагогика саласындағы кәсіби-педагогикалық білімдерін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі жастағы балалармен тәрбие жұмысын жасауға қажетті: диагностикалық, мақсаттану, ұйымдастырушылық, проективті, коммуникативтік, аналитикалық, жалпы педагогикалық және арнайы іскерліктермен қаруландыру;
- мектепке дейінгі балалардың даму мен тәрбиенің заңдылықтары, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісті ұйымдастыруының мазмұны, формалар, әдістер туралы біліммен қаруландыру;
- тәжірибелі мектепке дейінгі тәрбие жұмысына теориялық тұрғыдан мән беруін қамтамасыз ету.
Тәрбие – балаға екі жақта әсер ететін процесс: 1) адамгершілік нормаларды меңгерту; 2) тәртіп пен мінез – құлықтың тәжірибесін жинақтау.
Оқыту дегеніміз - белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде баларарға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды әдет – дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру, ұнамды әдет – дағдылардың алғашқы нышандарына баулу, ақыл – ой қабілетін, білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние – танымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді.
Білім беру дегеніміз - жас ұрпаққа жүйелі білім негіздерін, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет – дағдыларын қалыптастыру. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды (үйрету ұғымы пайдаланылады), өйткені балабақшада балалар толық білім алмайды.
Мектепке дейінгі педагогика тәрбие туралы ғылым болғандықтан, қоғамдық өмірдің тәрбиеге байланысты сан түрлі жақтарын, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар тобымен де, философиямен де, оның саласы этика, эстетикамен, этнопедагогикамен, этнопсихологиямен де байланысты.
Мектепке дейінгі педагогика психология ғылымының мәліметтерін кеңімен пайдаланады, өйткені оқыту, тәрбиелеу, жүйелі түрде баланың санасына, сезіміне, еркіне әсер етеді. .. )оғамның қазiргi даму кезеңiнде ғылыми зерттеулердің көлемi ғылым бiлiм салаларын қарқынмен өсуiне ғылымдардың өз алдына жеке даралану және мамандықтарға байланысты жүктелу тенденциясы айқын көрiнiп отыр. Жалпы ғылымдағы бұл жағдай соңгы кезде педагогика ғылымдыққа да ерекше бiлiнiп келедi.
Педагогика ғылымы көптеген жеке салаларға бөлiнедi. Мәселен, мектепке дейiнг педагогика, ересектер педагогикасы, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру педагогикасы, өзiнің арнайы зерттейтiн, қарастыратын, шешетiн әр түрлi педагогикалық проблемалары күн тәртiбiлiнде айқын қойыла бостандықтан дербес педагогика ғылымының саласы болып бөлiнедi.
Педагогика ғылымының салалары және басқа ғылымдармен байланысы №1 кестеде көрсетiлген.
Педагогика өзiнің нақты проблемаларын шешу үшін бiрнеше қоғамдық-әлеуметтiк ғылымдар және арнайы ғылымдар салаларымен байланысты.
Қоғамның аса маңызды функцияларының бiрiне саналатын тәрбие туралы ғылым-педагогика ең алдымен педагогиканың методологиялық өкiлi болып саналатын философия ғылымымен байланысты.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi.
Педагогика ғылымы педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарай олардың қоғамдық мәнiн ашу, осы заманғы педагогикалық теорияларды дамыту үшін озат прогрестiк педагогикалық идеяларды зерттеу және халықтар арасында ұлтаралық қатынас мәдениетiн орнату мақсатында педагогика тарих саласымен байланыста болады.
Оқыту мен тәрбиелеудің объектiсi - адам болып есептеледi. Сондықтан да қалай оқыту керектiгi және оқушыларды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы мәселелердi шешкенде педагогика адамның дене күшi және психологиялық дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтiн ғылымдармен - физиология, психология қалтықсыз бiрiгiп отырады. Себебi қоғамдық сана сферасына жататын құбылыстар жиынтығы, яғни сезiм, көңiл-кұй, талғам, пiкiр, баға беру, наным, әдет-ғұрыптар, салттар, мiнез-құлық сипаттары және түрлi әлеуметтiк жағдайларда тұрған адамдар тобының психологиялық қалыптасу ерекшелiктерi болып табылады.
Соңғы уақытта педагогика халықтық педагогикамен де байланысы зор болып отыр. Мысалы, халық ауыз әдебиетi мұраларын және салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, этнографиямен және халықтардың ғасырлар бойы жинақталған педагогикалық ойлары мен көзқарастары, тәжiрибесi көрсетiлген этнопедагогика ғылымымен тығыз байланысты.