ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
11 августа 2021 г.

Айтқожина Акмарал Канаевна, тәрбиеші, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімнің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" Балабақшасы" МКҚК, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

"Анамның аялы алақаны" ертенгілігі

"Анамның аялы алақаны" ертенгілігі

 

Мақсаты: - мерекелік көңіл - күйін құру;

- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;  

- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

- өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Жүргізушілер, Көктем ханшайымы, кішкентай ханшайым.

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал - жабдықтар: Безендірілген әсем топ, гүлдер, гүлзар, сыйлықтар, музыкалық аспаптар. 

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші: Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Балалардың сіздерге арналған «Анамның аялы алақаны» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім? (Ана)

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? (Ана)

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? (Ана)

Сонымен бүгін қандай мейрам? (Аналар)

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келеме? (Иә)

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұлқай кезде болады? (Көктем мезгілінде)

Музыка ойналады, топқа әуенмен Көктем ханшайымы мен кішкентай ханшайым кіреді.

Көктем келеді. (балалармен амандасады)

 Жүргізуші: Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !

Би: «Гүл сыйлау» (ұлдар шеңберге тұрып айнала билейді, қолдарыңдағы гүлді Көктем ханшайымы мен кішкентай ханшайымға сыйлайды )

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!  Енді Көктемге арнап әнімізді шырқайық.

Ән: «Көктем»

 Жүргізуші: Көктем ханшайымы біздің балаларымыздың дайындаған тағы өнерлері бар екен. Тамашалаңыз!

Ансамбль: «Көңілді әуен»

 Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Өнерлерін жақсы екен. Маған ұнады. Енді менімен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Гүл егу»

Ойынның шарты: Ортаға екі гүлзар қойылады, бірінші топ барып қолдарыңдағы гүлдерді гүлзарға апарып егеді, ал екінші топ сол гүлзардағы  гүлдерді жинап алады.

 Жүргізуші: Біз мерекеде тек аналарымызбен бірге әжелерімізді де құттықтаймыз. Әжелерімізге арнап әнімізді айтайық.

Ән: «Әже»Көктем ханшайымы: Балалар, мен сендердің өнерлеріне ризамын. Сендерге құр қол келген жоқпын. Өзімнің бақшамнан тәтті алмаларды ала келдім. (алмаларды таратады)

Жүргізуші: Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. (балалар сыйлықтарымен ортаға шығады)

Аналар, әжелер біздің ұлдар тек қана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған

ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Источник:"Анамның аялы алақаны" ертенгілігі|
11 августа 2021 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину