Абдилкасенова Мейрамкул Хабиболлаевна, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, МКҚК "Золотой ключик", Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Тәрбиеші :Сәлеметсіздерме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Сонымен «Құралай» тобы, «Арайлы алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, орындарына отырады.
Қызыл,сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
Менің кішкентай достарым! Арайлы алтын күз мерекеміз құтты болсын ! Әрбір қадамдарың күздей берекелі болсын, беттеріңен тәтті күлкілерің кетпесін! Балалар орындарына жайғасады,жақсы музыка әуені ойналады залға билеп «Күз ханшайымы» кіреді. Балалармен амандасады
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып жатыр ғой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Мен сендерге бос келген жоқпын, түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім. Қане, жапырақтарым, маған қарай ұшыңдар би билейміз.
Би: «Жапырақтар биі» қыздардың орындауында
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың Н.Жанайым
Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім . Ясмина
Өрік Мен өрікпін,өрікпін
Табиғатқа көрікпін. Айлин
Алма Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім. Аяна
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,таңдандырып халқын күз, - дей отырып.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Күз келді» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Күз келді».
Жүргізуші.Күз ханшайымы біздің балалардың, сізге дайындап келген жақсы тақпақтары бар соны тыңдағыңыз келмейме?
«Күз ханшайымы» Жарайды, жақсы демалып қалатын болдым.
1.Сафия
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
2.Нұрасыл:
Жемісті мол беретін,
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
3. Әли
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
4. Раяна
Ой балалар балалар,
Қоңырқай күз келді,
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
5. Айша
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз,
Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.
6. Медина
Сарғайды тоғай,
Сап сары маңай,
Соңғы әнін айтып
Келді торғай.
Күз ханшайымы: (Балаларды мақтап мадақтайды, орындарына жайғастырып отырғызады, осы мезгілде есік қағылады,)
Жүргізуші. Балалар біздің топқа біреу қонаққа келе жатқан сияқты кім болды екен, осы кезде қолында жемістермен көкөністер салынған себеті бар қоян кіріп келеді.
Қоян. Балалар сәлематсыздарма мен сендерге қонаққа келдім, сендерге Күз ханшайымы келіпті ғой –қандай тамаша , олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ойнаймызба? Алдымен шартын тыңдаңдар.
Ойын: «Кім шапшаң».
Ойының шарты: Менің қолымдағы себетте жемістермен көкөністер бар оларды жерге шашып тастаймын жемістерді жинап, менің себетіме салып берсеңдер , мен қуанып қалар едім.Кәне балалар ойынды бастайық(ойын 3-4 рет қайталанады) .(Себетке балалар жемістерді толтырады).
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Қоян, біздің балалар қандай епті,жылдам.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық және әкелсін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.
Осы кезде әуен ойналып « Күз ханшайымы мен Қоян» қоштасып, шығып кетеді
Жүргізуші: Жел тұрады жалықпайды
Күн жылытып жарытпайды,
Жапырықтар жерге қарай
Қалықтайды, қалықтайды—дегендей біздің тобымыздың дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды
Қош сау болыңыздар!