Аимбетова Сауле Туимебековна, тәрбиеші, «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті «Золотой ключик» Бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы
"Жыл мезгілдері" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Ересек «Балдырған» тобы
Тәрбиешінің аты-жөні: Аимбетова С.Т.
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімдері: «Жаратылыстану», «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту», «Аппликация».
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Билингвальды компонент: қыс – зима – winter, көктем – весна – spring, жаз – лето – summer, күз – осень – autumn
Көрнекілік: суреттер, қар, күріш, түрлі – түсті қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: Әр жыл мезгілінің белгілерін өздігінен табуды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруді;
Түсінеді: Табиғатқа қамқор болуды; Жыл мезгілдері белгілері туралы;
Қолданады: Жылдың төрт мезгілі бар екенін біледі.
Ұйымдастырлған оқу қызметінің өткізілу барысы:
Мақсаты: Балалардың қызығушылығын, байқағыштығын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. |
Жыл он екі ай ертегісін еске түсірейік. «Жыл он екі ай» ертегісінің мультфильмі көрсетіледі. «Жыл мезгілдері» тақырыбында слайд. |
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту.Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Қыс бауырсақ қайдан келеді? Дайын өнім болмайды, сенде еңбек ет. Тышқан көрдіңбе нан қөп еңбекпен келеді екен. Табиғаттың әр мезгілінің берер берекесі көп екен. Енді босқа жүрмей еңбек ету керек. - Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақ жасыру. (Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету) - Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар. Суреттер арқылы төрт топқа бөлінеді.
№ 1 топ – Қыс – табиғи қармен жұмыс. Қағаздан умаждап қар жасау. № 2 топ – Көктем – суреттерді құрастыру. Гиаконт және тақталы баумен құстың ұясын жасау. № 3топ – Жаз – түрлі түсті қағазбен жұмыс. Карточкамен құрастыру. №4 топ – Күз – күрішпен жұмыс. Жемістер мен көкөністерді ажырату. Жобаларды қорғау. Әр топ өз мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Сергіту сәті: Қыс Көктем Боран соғар оң жақтан Мекені мынау жер еді Боран соғар сол жақтан Құстар ұшып келеді Қар лақтырып ойнасақ Тары шашып балалар Су өтеді қолғаптан. Үйшік жасап береді. Жаз Күз Айгөлек-ау айгөлек Нан қиқымын шашпаңдар Айдың жүзі дөңгелек Жерде жатса баспаңдар Айдай толған кезімде Теріп алып қастерлеп Би билеймін дөңгелеп. Торғайларға тастаңдар. Тосын сый:
|
Рефлексивті-түзетушілік. Мақсаты: Табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. |
- Әр мезгіл бір –бір тілек білдіреді. Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері қандай ? - Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөліседі. Балаларды мадақтайды. Смайлик беріледі. |