Оташев Болатбек Сабыржанович, тарих мұғалімі, 5 сынып, «Арқалық қаласы білім бөлімінің Родина жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қазақстан, Қостанай облысы, Арқалық қаласы
«Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ тәрбиелеу. ҚР білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да менің баяндамамның тақырыбы: «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық білімдерін жетілдіру»
Ұлы педагог К.Д.Ушинский «…қызығушылық туғызбайтын оқыту бірте-бірте оқушының білімге деген құштарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады» деген екен. Осы қағидаға сүйене отырып, оқыту үрдісінде жаңа технология элементтерін қолдануды ұсынамын.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі.
Сабақта ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді рөл атқарады.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы негізгі талаптар:
– ақпараттық -коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
– пәнге деген қызығушылығын тудыру;
– өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
— өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;
— дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;
— пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
— мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;
— сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
— білім мен тәрбиенің бірізділігі;
— сабақтың жүйелілігі;
— әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;
— әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;
— өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
— оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;
— үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
— бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Сабақта ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе, сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз. Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
4. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
– Пән бойынша базалық білімді меңгерту;
– Алған білімді жүйелеу;
– Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
– Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
– Интерактивті тақта;
– Мультимедия;
– Интернет кеңістігі;
– Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс – әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль – сабақ, саяхат – сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ – ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл – ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан – жақты ізденушілігін арттырады. Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес жан – жақты дара тұлға ретінде баулу.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш – карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео – сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео – сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Қорыта айтқанда, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.
Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
— Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
— Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
— Тіл байлығын дамытады;
— Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
— Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;
— Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастырады.
Сонымен қатар, осыған орай сабақта қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы — білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Демек, ақпараттық технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып, жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.