Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
ФИНАНСОВЫЕ ПЕРЕМЕНЫ
Нужны финансовые перемены
Финансовые перемены за 2,5 месяца для тех, кто хочет выйти из денежных рамок, повысить доходы и быстрее достичь жизнь мечты.
Анкета для записи на бесплатную консультацию к Ольге Ахидовой
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 
Формативное оценивание: от теории к практике

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
НОВОГОДНЯЯ ПРОГРАММА
Новогодняя программа по номинациям
Фестивали
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Электронные курсы
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
Международная научно-практическая интернет конференция "АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОВРЕМЕННЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ"
NEV! "Снежная нежная сказка зимы"
NEV! Зимние забавы
13 августа 2021 г.

Мейрамова  Толкын Мухамеджановна, тәрбиеші, "Ақбөпе" балабақшасы, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы

"Бала тілін ойын арқылы дамыту"

"Бала тілін ойын арқылы дамыту"

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

Қ.Мырзалиев.

 

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет аталып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып, тұңғыш Ата Заңының қабылдануы, Білім беру Заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, оны жақсарту жолдарын айқындай түсуді талап ететіндігі сөзсіз.

Тіл-қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы екенін ұмытпағанымыз жөн.

Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «... ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе,  Ахмет Байтұрсынов: «...өзіміздің елімізді, жерімізді, тілімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылуымыз керек... Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиістіміз» дейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар айналадағы өзін қоршаған дүниеден, табиғат, тұрмыс-тіршіліктен алған әсерін, көрген білгенін оймен қортып, сөз арқылы іске асырады. Баланың өмірді танып-біліп, сезініп, түсіну, қабылдауда қолданар басты құралы-сөйлеу тілі.

Бесік жырымен басталатын әуезді ана тілі-ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып, сырлы сөз маржанына құлағын үйретіп , ананың алғашқы әлдиімен мейірбан сүйіспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіріп сезімін оятады. Ана  мен бала ортасында ыстық ықылас қалыптасып, ол сәбиімен тілдесу арқылы өрістей береді. Алайда, ана сүтімен келетін тілдік қуаныш баланың ата-анасы халық тілінің қыры мен сырына , оның тарихи бай мұрасына қанық болса ғана табысты болмақ.  Өкінішке орай кәзір тілін шұбарлап, өз тілінен, өз дінінен бас тартып қашқақтап жүргендер аз емес екенін айтып кеткеніміз де жөн шығар.

Ертеде білім беретін мектеп тіпті аз, ал мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін бақшалар болмады. Өмірінің қызығы да, бақыты бала деп қараған халқымыз сол кезде балаларын тәрбиелеуге шама-шарқынша көңіл бөлгені мәлім. Ол кездегі тәрбие құралы- ауыз әдебиеті нұсқаулары, халық қазынасы- ертегі жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,өлең-тақпақтар ауызша жатталып, балаға жетіп, оның ой-өрісін кеңейтіп, тілін ширату, айналадағы қоғамдық өмір шындығын танытты.

Баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттардың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білген туралы әңгімелеп беруге үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені бойынша оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру. 

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады: 1. Затты бақылап көрсету; 2. Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу; 3. Сол бақылаған оқиғалар туралы өз еріктерімен жатығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы, балаға өздері жақсы көретін үй жануарлары болсын, жабайы аңдар болсын соларды бақылатсаңыз қой мен қозы, сиыр мен бұзау немесе ит пен күшік  т.б. осылардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, олар бізге не беретіні туралы, біз оларды қалай күтетініміз, қорғайтынымыз туралы, бір-бірінен қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы бала салыстыра айтуға тиісті.Соңынан мақал-мәтел айтып, жұмбақ шештіру, сөз мәнісін сұрап, түсініп айтуға үйрету. Сол жанурларды суреттен танып көрсету, мүсіндеу, әртүрлі ойындар ойнату. Мысалы: « Кім екенін тап», «Мынау ненің баласы», « Мен анасын-сен баласын ата» және де т.б.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, балаларды қазақстандық елсүйгіштік рухында тәрбиелеуде біздің балабақшада әртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Баланың мектепке дейінгі кезін

атап айтарлықтай болсақ балабақшада біз ойынға көп көңіл аударамыз. Балалар үшін ойын тек қана ермек емес. Олар айналадағы дүниені ойын және ойыншықтар арқылы танып біледі. Ойын нәтижесінде балаланың ақыл-ойы дамып, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Түрлі ойыншықтармен ойнау кезінде бала белгілі бір ойынға қажетті бұйымдарды іздеп табуға, оны орнымен пайдалануға дағдыланады. Мысалы, «Ойыншықтар дүкені» рольдік ойынын ойнады делік. Ол үшін әртүрлі ойыншықтар алынады, олардың түстері әртүрлі болуы керек. Міндетті түрде балаларға текше таратылады.

Мұғалім-сатушы, бала –сатып алушы болып ойынды бастайды.

Мысалы:

 -Сатушы:             -Амансыз ба?   (амандасудың әртүрлі түрлерін

                                                         қолдану керек)

 -Сатып алушы:   -Сәлеметсіз бе?

 - Сатушы:            -Қалыңыз қалай?

  -Сатып алушы:   - Жақсы (жаман емес, тамаша ) 

 -Сатушы:             -Сенің атың кім?

 -Сатып алушы:    -Менің атым Саша

 -Сатушы:              -Саша қарашы, менде көп-көп ойыншықтар

                                        саған не керек?

-Сатып алушы:       Маған ... (ойыншықтың түр-түсін,   

                                        ойыншық қандай екенін шамасы келгенше

                                         айтуы керек) керек. Мысалы: маған сары

                                         түсті кішкентай балапан керек.

- Сатушы:              Балапан бес тенге тұрады.

 - Сатып алушы:     бір, екі,үш,төрт, бес.

Балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін міндетті түрде теңге орнына дөңгелек текшелер алынады ол баланың сандарды қайталап, бекітуіне мүмкіндік туғызады. Балалар бұл ойынды қатты қызығушылықпен таласа отыра ойнайды.

Балалардың  ертеңгіліктерде қызығып ойынайтын ұлттық  ойындарының бірі- «Асық», «Тақия тастау», «Ұшты-ұшты», «Тенге алу»  «Арқан тартыс» , «талапай» т.б.

Сөздік ойындардан мысалы: «Телефон» ойынын алатын болсақ  бұл ойында балаларды өте қатты қызықтыратын сұрақ-жауап арқылы балалар мен мұғалімнің диологқа түсуі онда біз көбіне өзіміздің отбасымыз туралы және сүйікті екінші үйіміз балабақша туралы айтамыз:    

Мұғалім:                    - Сәлеметсің бе?, Қал қалай?

Бала:                           - қалым жақсы, өз қалыңыз қалай?

Мұғалім:                    -  Жаман емес.Сенің атың кім?

Бала:                           - Менің атым Саша, (Маша, Сергей т.б)

Мұғалім:                     - Сенің отбасыңда кім бар?

 

Бала:                            - Менің отбасымда Әкем, Анам, ағам Владик 

                                        жене мен бірге тұрамыз.

Мұғамім:                      - Сенің әкеңнің аты кім?

Бала:                             - Әкем аты Андрей.

Мұғалім:                      - Әкең кім болып жұмыс істейді?

Бала:                             -  менің әкем архитектор.   

Мұғалім:                       - Анаңның аты кім   

Бала:                              - Анамның  аты Наташа. Анам- тәрбиеші.

Мұғалім:                       - Рахмет саған Саша. Сау бол!

Бала:                              - Сау болыңыз деп хоштаса орнына отырады.

 

Өз тәжірибем бойынша бұл ойынды балалармен ойнағанда балалар қатты қызығушылық көрсетіп, өздерінің отбастарын мақтан тұтып, отбастары туралы айтқанда балалардың көздері күлімсіреп ішіндегі жансырын ақтарып айтып салғанды жақсы көріп тұрады. Бұл ойынды «Балабақша» тақырыбына келтіріп ойнағанда балалар кішкене жауапшылықпен қарап қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге бар ынталарын салады. Мысалы:

Мұғалім:           -  Сенің атың кім?

Бала:                  -  Менің атым Матвей.

Мұғалім:            -  Матвей сеің жасың нешеде?

Бала:                   -  Менің жасым бесте.

Мұғалім:             - Сен қай балабақшаға барасың?

Бала:                    - Мен «Алтынай» балабақшасына барамын.

Мұғалім:             - «Алтынай» балабақасында кім жұмыс істейді?

Бала:                  -тәрбиеші, күтуші, меңгеруші, мұғалім, әдіскер т.б.

Балабақша қызметкерлерінің аты-жөндерін айтқызып ойын әрі қарай жалғасын табады. Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтанда осы телефон ойынында баланың қолында да мұғалімнің қолында да міндетті түрде телефонның болғаны жөн.Баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттер көрсетіп, әнгімеге тарту әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс-әрекетіне, өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана-сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. өмір құбылысын нақты көріп, тануға жол ашады.

Баланы қазақ тілінде анық, таза сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ шештіру, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер айтуға үйретудің маңызы зор. Жұмбақ шешу, жұмбақтап айтуғаүйрету арқылы баланың логикалық ойы дамиды, өмірде көрген-білгенін есінде тиянақтауға негіз болады. Жаңылтпаш, мақал-мәтел, тақпақтар-тіл дамыту, тіл жаттықтыру құралы. Бала сөзді дәл тауып, дұрыс қолданып дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді. Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш оқып беру, айтқызу, көбінесе 5-6 жастағы балалармен жүргізіледі. 3-4 жастағы балаларға үй жануарлары мен жемістер туралы шағын жұмбақтар айтылады.

Жұмбақ, жаңылтпаштар айтқанда, ол балалардың жасына сай, лайықты болуы, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ескертіп отыру қажет.

Халықтық салт-дәстүрін сақтаған, ғасырлар тарих сынынан өткен қазақ халқының ерекше бір саласы-ұлттық ойындар. Біз солардыңбала ұғымына, жас, даму деңгейіне сәйкескелетін бірнеше түрін байқау тәжірибемізде пайдаландық.

Халықтың дәстүрін, салтын, балаларға қатысты әдет-ғұрпын, өлең-саусақтарын жан-жақты қарастыра отырып, халықтың педагогиканың тиімді жақтарын, ойын, көрнекіліктер, саханалық көрністер, кейіптендіру, қуыршақ театры т.б. әдістер арқылы бала санасына жеткізіп, ойына ұялатуға тырыстық.

Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде ең алдымен адамның жас ерекшелігін үш топқа жұптайды: өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он беске дейінгі бала, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар... осыны негізге ала отыра ол кісі қазақтың ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа кішкентай жастағы балаларға яғни біздің балаларға лайықты «Санамақ», «Тәй-тәй», «Соқыр теке», «Қуыр-қуырмаш», «Ақ серек, көк серек» т.б. ойындарды жатқызады

Ұлттық ойындардың шығу тарихы да, атадан балаға аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Көшіп-қоныпжүрген қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің негізінде пайда болған. Солардың бірі мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындарын атауға болады. тек асықпен ойналатын ойындардың өзі бірнеше түрлі болған. Мысалы: «Алшы», «Хан», «Асық ату»,  сондай-ақ басқа да ұлттық ойындарды «Тақия жасыру», «Ақ сандық, көк сандық», «Көкпар алу» т.б.

Ұлттық ойындар- дене шынықтыруға, күш-қуатты шыңдай түсуге, мүсінді түзетуге ең тиімді өнер. Осыдан келіп ұлттық ойындар спорттық ойындарға ұласады. Ұлттық ойындардың көбі сөзге негізделген, оның мақсаты-балаларға дұрыс сөйлеуді, түрлі құбылыстарды, іс-әрекетті түсінікті етіп сипаттай білуге, шешендікке, тапқырлыққа баулу. Ұлттық ойындар мен спорттық ойындар жалпы ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге, достыққа, жолдастыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу құралы.

Ұлттық ойындар халық тұмысының қажеттілігінен туындап, тұрмыс салты мен дәстүрлері, әдет-ғұрыптарына сай қалыптасып отырған.ұлттық ойындар негізінде балаларды тапқырлыққа , ептілік пен төзілділікке, күштілікке, жақсы мінез-құлыққа, көпшілікпен санаса білу сияқты жақсы қасиеттер қалыптастырады. Ойын үстінде баланың қиялы, ойлауы, қабылдауы, зейін, ес сияқты психикалық үрдістері белгілі деңгейде дамиды.

Ұлттық салт-дәстүрдің қай-қайсысы болмасын баланы әдептілікке, ізгілікке, адамгершілікке баулиды. Бұл бағытта ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Бала ойынмен өседі. Ойынмен бала қалыпты дамымайтыны белгілі. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар баланы жан-жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жеткізеді. Ойын тек қызықты әрекет қана емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Олай болса , ұлттық ойындарды үйретіп, оның мазмұны мен маңызының бала өміріне қаншалықты қажет екенін ұмытпай, балалардың қызығушылығын аттырып отыру қажет. Бала ойынының тәрбиелік маңызы зор. «Ойлы бала ойынынан белгілі» деп, халық дұрыс айтады. 

Источник:"Бала тілін ойын арқылы дамыту"|
13 августа 2021 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину