Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
ФИНАНСОВЫЕ ПЕРЕМЕНЫ
Нужны финансовые перемены
Финансовые перемены за 2,5 месяца для тех, кто хочет выйти из денежных рамок, повысить доходы и быстрее достичь жизнь мечты.
Анкета для записи на бесплатную консультацию к Ольге Ахидовой
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 
Формативное оценивание: от теории к практике

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
НОВОГОДНЯЯ ПРОГРАММА
Новогодняя программа по номинациям
Фестивали
Рецензии

Подать заявку

Электронный или печатный вариант

Электронные курсы
ПУБЛИКАЦИИ
ПУБЛИКАЦИИ
Закажи публикацию на любую тему и получи СЕРТИФИКАТ
Международная научно-практическая интернет конференция "АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОВРЕМЕННЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ"
NEV! "Снежная нежная сказка зимы"
NEV! Зимние забавы
24 августа 2021 г.

Жакупбекова Гульмира Кариевна, тәрбиеші, "Ақбөпе" балабақшасы, Қазақстан, Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы «Біздің үй»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы «Біздің үй»

Күні айы жылы: 15. 04. 2020ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық». «Таным».

Бөлімі: сурет салу, қоршаған ортамен танысу, 

Тақырыбы: «Біздің үй»

Мақсаты : Үйлердің түрлерімен таныстыру.Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

Білімділіқ: Балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту, түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру, түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру. Сурет салуға қызығушылығын аттыру. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру.

Тәрбиелік:. Ұқыптылыққа , бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу. 
Коррекциялық: балалардың ұсақ қол моторикасын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, тілін дамыту.

Билингвалді компонент: Үй –дом, есік-дверь,терезе-окно, шатыр-крыша, қабырға –стена, көп кабатты үй-многоэтажный дом...

Қажетті құралдар мен материалдар: әр түрлі үйлердің иллюстрациясы, қағаз, бояу, гуашь, қылқалам интерактивті тақта, слайд;

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші  қызметі

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері

Арайлап таң атты

Күн шуағын таратты

Армысын шапағатты кун

Армысын мейірімді жер

Армысындар достарым

Армысыздар апайлар!!!

 

 

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

 

Ұйымдас

тырушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі:

Балалар бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар қазір біз «Не қайда тұрады?» деген ойын ойнап жіберейік. Қараңдаршы сендер суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Олар сиыр, қой, түйе
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Олар неліктен үй жануарлары деп аталады?
- Олар қайда тұрады?
- Ал мыналар нелер? (Қасқыр, аю, түлкі)
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Олар неліктен жабайы аңдар деп аталады?
- Олар қайда тұрады?

- Ал мыналар нелер?
- Олар қайда тұрады, қайда өмір сүреді
- Жарайсыңдар балалар, әр тіршілік иесінің өзінің тұратын жері болады, ал біз адамдар қайда тұрамыз?

3.Жұмбақ:

«Төрт қарны бар

Бір аузы бар»

4.Жаңа сабақ

Слайд көрсету.

- Дұрыс айтасыңдар, қане мына суретке назар аударайық, бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?
- Сендер қайда, қандай көшеде нешінші үйде тұратындарыңды білесіңдер ме?
- Адамдар ертеде өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Сондықтан ыңғайлы жылы болу үшін өздеріне үйлер салып алған. Ертеде ата – бабаларымыз киіз үйде тұрған.

Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы ауласы бар жеке үйлерді бір қабатты үй дейміз. Ал бірнеше қабатты яғни 2, 3, 4, көп қабатты үй. Бұл көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке – жеке отбасылар тұрады. Олардың ауласы – бәріне ортақ бір аула болады.
- Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, жатын бөлмесі бар үй.
- Екі – үш қабатты үйлерді – Коттедж деп атаймыз. Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй.
– Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Қандай бөлмелер болады айтып жіберейікші.
-Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?

Біздің еліміз ұлан-ғайыр,көп ұлтты.Міне ,осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған.Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 жанұя тұрады.Ұлттары да әр-түрлі.Олар бір-бірімен бір үйдің адамдары сияқты тату тұрады.Бір-біріне  амандасады,көмектеседі.-Балалар осы зәулім үйлерді кімдер салады?

-Ал кез-келген адамдар үй сала бере ме?Жоқ,осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады.Оларды арнайы оқытады,құрылысты салу жолдарын үйретеді.

- Сендер бұрын үйді қалай жасап едіңдер?
Балалар бүгін біз өзімізге ыңғайлы бір әдемі үйді бояумен саламыз .
1. Екі түзу сызық сызамыз - ол үйдің қабырғасы, үстінде шатыры болады. Қарындашты қатты баспаңдар, өте женіл жоғарыдан төменге қарай түзу сызық сызыңдар.

2. Паракты жоғары жағынан ортасына нүкте қойып, осы нүктеден әртүрлі жаққа екі сызық жүргіземіз. Үйдің шатыры дайын болды. Шатырды күрделірек етіп салуға болады.

3. Терезе және есіктің суретін саламыз. Караңдар мен әр түрлі етіп саламын. Қайсысы сендерге ұнайды, таңдап алыңдар.

4. Үйді өте ашық немесе өте қара бояумен бояуға болмайды. Бояуды ақ түспен араластыру қажет. Үй күлгін немесе ашық жасыл, көк болсын.

5. Ал енді үйді қалай тез бояуға болатынын қараңдар. Мен қылқаламды жоғарыдан төмен - терезе мен қабырғаның арасына, тағы бір рет осылай бояймын. Жарты қабырға боялды. Келесі жағынан терезені бояуға болады.

6. Қабаттардың арасына қылқалам онға, солға жылжиды.

7. Терезелер мен шатырдың жанын бояймыз. Балалардың өз бетінше жұмысы.

5.Сергіту сәті

Көрсетейік кел шығып,

Құрылысшымыз біз шынық,

Биік, биіқ үйлерді,

Қалаймыз біз күлшынып.

Құралдарды қолға алып,

Сылап, сырлап қолданып,

Үйлер, көпір, мұнара,

Дайын болады тез ара.

Шығармашылық сәт:

6.Балалар үлгі бойынша  тапсырманы орындайды.

7. Сөздік жұмыс: Үй –дом, пәтер –квартира, терезе – окно, есік –дверь, қабырға – стена, шатыр –крыша,

8.Тақтада жұмыс:

Мнемотаблицамен әңгіме кұрастыру.

 

Сәлеметсіздерме апайлар!

 

 

Ия.

 

 

(Үй жануарлары)
- Өйткені олар адамдардың жанында жүреді
( Қорада)

 

(Жабайы аңдар)

(Олар орманда жүреді)

 

(Орманда)
 

( Балық, акула, дельфин)

( Суда)

(Үйлерде)

 

Ия. Жұмбақты тыңдайды.

(Жауабы : үй)

 

Слайд бойынша әртүрлі үйлерді көрсете отырып таныстыру )

(Балалар өз мекен – жайы ,

 өз үйлері неше қабатты екенін айтады жауабы)

 

Балаларға үйлер түрлері  жайлы әңгімелесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жатын болме, ас болме, қоңақ болме...

Балалар өз ойларын білдіреді

 

 

 

Құрылысшылар

 

 

 

 

 

 

түрлі – түсті қағаздан, құрастыру құралдарынан, таяқшалардан

Балалар өз ойларын айтады.

 

 

 

 

Балалар жұмыс жолдарын тындайды.

 

 

Балалар жұмыстың орындалу барысын түсінеді.

Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.

 

 

Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

Мнемотаблица бойынша сөйлем кұрастырады

Рефлексивті-түзетушілік

Оқу -қызметін қорытындылау.

-Балалар сонымен біз бүгінгі сабақта не жайлы әңгімелестік?

-Балалар үй не үшін керек?

-Үйдің қандай түрлері болады?

- Үйлерді кім салады?

-Балалардың жұмыстарын талдау, мадақтау.

-Балалардың жұмысын талдау

-Өте жақсы балалар, олай болса барлығымыз орнымыздан тұрып қонақтарымызбен қоштасайық.

Үйлер жайлы.

Адамдар түру үшін.

- Бір қабатты үй, көп қабатты үй, Мансард, Коттедж
Құрылысшылар

Балалар сабақты қорытындылайды.

Көңіл-күйлерін білдіреді.

Рахмет. Сау болыңыздар.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Үйлердің түрлерін ,  ауылда, қалада салынған үйлердің айырмашылықтарын айтады.

Қандай түсініктерді игерді: Әр адамның тұратын үйі болатындығын және үйлердің бір, көп қабатты, мансард, коттедж болатынын,үйді күтіп үстау керек екенің.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әр-түрлі бояу арқылы сурет салуды,бастаған жұмысын тиянақты аяқтауын үйренді.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину