ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
23 апреля 2024 г.

Махатпаева Алмагуль Турсынгазиновна, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Назарбаев Зияткерлік мектебі, ШҚО, Өскемен қаласы

"Қиялдай білген адам үлкен жетістікке жетеді" сабақ жоспары

Сабақ жоспары "Қиялдай білген адам үлкен жетістікке жетеді"        

Сабақ: 1-2

Қазақ тілі мен әдебиеті

 

Уақыты:

 

Мұғалімнің аты-жөні:

 

Сыныбы: 9 T2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

9-бөлім: Қиял мен шындық

Сабақ тақырыбы

Қиялдай білген адам үлкен жетістікке жетеді.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

9.О6. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып,  баға беру.

Сабақ мақсаты

Қиял тақырыбындағы бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстырып, баға беру

Бағалау критерийлері

Мәтіндерді мәселе, факті, көзқарас, ұқсастық тұрғысынан өзара салыстырады.

Мәтіндегі мәселеге қатысты тұжырымға формула негізінде өзіндік көзқарасын танытады.

Тілдік міндеттер

 

 

 

 

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар:

жүгіну

құлтемір

үйірме

жазба+лар

қанат бітіру (тұрақты тіркес)

құлшыныс

Құндылықтарды қалыптастыру 

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

 

Пәнаралық байланыс

Тарих,өнер

АТҚ қолдануы

Таныстырылым, бейнебаян

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Жастар және БАҚ» тарауы арқылы сөйлеу әрекеттерін дамытты, сөздік қорын арттырды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

 

Ақпарат көздері

 

Басы

3 мин

 

ТОП-21 средств и упражнений для развития воображения: эффективные способыКак помочь ребенку вырасти успешным и зачем для этого фантазировать?

  

Оқушылар суреттерге ортақ 1 тақырыпты анықтайды.

Оқушылар «қиял»  ұғымымен байланысты өздері білетін сөздерді айтады. 

 

Ортасы

35 мин

 

Оқушыларға тарау тақырыбы,  тілдік дағды мен оқу мақсаттары,  бағалау критерийлері  таныстырылады.

 

Оқылымалды тапсырмасы. Мәтінге байланысты жаңа сөздермен жұмыс алдын-ала оқушыларға үй тапсырмасы ретінде беріледі. 

Жаңа сөз

Сәйкестендіру

Сурет/синонимі

Мағынасы

1. жүгіну

 

А.

 Купить робот ubtech alpha 1 pro в официальном интернет-магазине ...

 

 

2. құлтемір

В.

Литература – это совесть и душа общества. МИА «Южная Осетия сегодня»

 

3. үйірме

С. уәж

 

4. жазба+лар

D. сүйену

 

 

 

5. қанат бітіру (тұрақты тіркес)

E. Творческие кружки и студии для детей - Готовимся к школе - 2013 ...

 

6. құлшыныс

F. шабыттандыру

 

Сабақта  экранда көрсетілген сөздердің суреттерін, синонимдерін тауып айтады.

 

Оқушылар flippity.net қосымшасының көмегімен 2 оқушыдан  каналдарға бөлінеді.

 

Оқылым тапсырмасы 1. Мәтіндерді оқып, берілген аспектілер бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін

2-мәтін

3-мәтін

Кеше қиял болған робот жаһандану дәуірінде шындыққа айналды. Бүгінде әртүрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді. XXI ғасыр – робототехниканың заманы. Мамандардың пікірінше, болашақта адам істейтін жұмыстың барлығын құлтемір атқаруы мүмкін. Қазіргі кезде көп ата-аналар балаларының қиялын дамыту үшін робототехника үйірмесіне беруде, ал робототехник мамандар болса, оны дұрыс деп  есептейді. Балалардың кішкентай кезінен бастап қиялдауы, креативтілігі, логикасы  дамиды. Болашақта мамандық таңдауда да өз пайдасын тигізетіні анық.

Атақты физик Альберт Эйнштейн қиялдың маңыздылығы туралы өз еңбектерінде айтады. Ғалымның ойынша, қиялдай білу – білімді болудан да  артық. Эйнштейн өз жазбаларында бала ақылды болу үшін ертегі оқу қажет, ал ғұлама болу үшін көп ертегі оқу қажеттігін айтқан. Расымен де, ертегілер баланың қиялына қанат бітіріп, білімге деген құлшынысын оятады. Танымал адамдардың өз жетістіктерін бала кезде оқыған кітаптармен байланыстырып жатуы да осыған байланысты.

 

Суретші Леонардо да Винчидің пікірінше, егер суретші қиялдау білмесе, онда ол суретші емес. Леонардо да Винчи қиял мен ойлаудың сурет салу үшін маңызды екендігін айтады. Оның ойынша, ұлы суретшілердің барлығы да қиялдай білетін адамдар. Суретші өзі қиялдап қана қоймай, суретті көрген адамды қиял әлеміне жеткізе алады.

 

         

 

 

Сұрақ

1-мәтін

2-мәтін

3-мәтін

Қиялды қалай дамытуға болады?

 

 

 

Мәтінде қандай мәселе туралы айтылады?

 

 

 

Қиялдың маңызына  қатысты көзқарасты білдіретін қандай сөйлемдер?

 

 

 

Мәтіндерде қандай фактілер келтірілген?

 

 

 

Мәтіндердегі ақпараттардан бүгінгі күнмен байланысты қандай мәселелер туындайды?

 

 

 

Мәтіндердің қандай ұқсастықтары бар?

 

Дескриптор:

-мәтіндерден қиялды дамыту құралын анықтайды;

-мәтіндерде көрініс табатын мәселені анықтайды;

-мәтіндерден қиялдың маңыздылығын танытатын  сөйлемді анықтайды;

-әр мәтіннен 1 фактілік деректі анықтайды;

-мәтіндегі ақпараттардан бүгінгі күнмен байланысты мәселелерді анықтайды;

-мәтіндердің ортақ ұқсастықтарын анықтайды.

4-тапсырма. Төменде берілген тұжырымға ойыңызды «ПОПС» формуласы арқылы жеткізіңіз. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланыңыз.

Тұжырым: Қиял – адам өміріндегі маңызды фактор, тек қиялдай білген адам үлкен жетістікке жетеді.

 

  1. Менің ойымша, ...
  2. Себебі мен оны былай түсіндіремін …
  3. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …
  4. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.

 

Дескриптор:

  • Ұсынылған тұжырым бойынша пікір білдіреді.
  • Пікірі «ПОПС» формуласына сай.
  • Мәтіндерден 1-2 ақпаратты пайдаланады.

 

Кері байланыс. Тұжырымға қатысты  оқыушылардың пікірлері тыңдалады. Оқушылар ең үздік пікірге чатты қолдану арқылы дауыс береді.

 

Бағалау.Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалайды.  Бірнеше оқушылардың пікірі тыңдалады.

 

 

 

 

Соңы

2 минут

Рефлексия

3-2-1

Жалпы баға

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

 

2.

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

 

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину