ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
11 января 2025 г.

Байдильдаева Сабыркул Турбековна, Биология пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы Білім басқармасының «№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Қазақстан, Алматы қаласы

Элективті курс "Бағдарламасы салауатты тамақтану - денсаулық кепілі"

Элективті курс "Бағдарламасы салауатты тамақтану - денсаулық кепілі"

 

8 сынып аптасына 1 сағат  барлығы 34 сағат

 

 

              №158 жалпы білім беретін мектептің  биология  пәні мұғалімі Байдильдаева  Сабыркул Турбековна

 

Пікір жазғандар:

Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті, аға оқытушы,химия ғылымының кандидаты Оразбаева Меруерт Аргынгазиевна

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының биология пәні  мұғалімі  педагог-шебер Белдеубаева Г.Т

 

Түсініктеме хат мазмұны.

 

 Ұсынылған элективті курс жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына  арналған.  Болашақ ұрпақ денсаулығының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ең маңызды фактордың бірі –салауатты тамақтану.Салауатты тамақтану балалардың ағзасының қалыпты  өсіп- дамуына үлкен септігін тигізеді. Дұрыс тамақтану ағзаның  жұмыс қабілетінің белсенді болуына және қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге қабілеттілігін  арттырып, көптеген аурулардың алдын алуға барынша ықпал етеді. Қазіргі кезде жасөспірімдер көбінесе  пайдалы тағамдардың орнына адам денсаулығына зиян келтіретін жартылай дайын немесе жылдам дайындалатын тағамдарды көп пайдаланады,газды сусындар мен энергентикалық сусындарды тұтынады.Табиғи тағамдарды пайдалануды азайтып,тез дайын болатын сапасыз тағамдарды қолданады.Осы орайда бұл курс бағдарламасы білім алушыларды денсаулықты сақтауға салауатты өмір салтымен өмір сүруге  тәрбиелейді және дұрыс тамақтану  адам денсаулығының құрамдас бөлігі екендігін үйретеді.

Бағдарламаның мақсаты:

Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұйымдастыруға бағытталған тағамтану саласындағы  білім мен іскерлікті дамыту,ағза саулығы-басты құндылық екенін бағалау;

Бағдарламаның міндеттері:

Білім алушылардың арасында салауатты тамақтану туралы түсінік қалыптастыру;

Білім алушылардың  тамақтануға байланысты гигиеналық дағдыларын дамыту;

Адам денсаулығы мен қауіпсіздік тұрмысын қамтамасыз ету үшін химия және биология саласындағы білімдер мен дағдыларды қолдануды үйрету;

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене белсенділігін физиологиялық жағдайын және этникалық ерекшеліктерді ескере отырып дұрыс тамақтану рационын жасаудың дағдыларын үйрету;

Білімалушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру;

Білім алушылардың  диетология  ғылымына қызығушылығын арттыру;

Бағдарламаның өзектілігі:Курс білім алушылардың  биология пәнін оқу кезінде алатын білімдеріне негізделеді.Курс бағдарламасы білім алушылардың биология пәні бойынша сабақ барысында алған білімдері мен дағдыларын тереңдетіп бекітуге арналған.Сонымен қатар білім алушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мен денсаулықты сақтауда салауатты тамақтанудың  маңызын ұғынады.  Элективті курсты оқу кезінде білім алушылар тағам өнімдерінің химиялық құрамымен, тағамдық қоспалармен және тағамдық өнімдердің құрамы мен сапасын зерттеу әдістерін біледі.Курс білім алушыларда өмірдің негізгі құндылығының  мәнін ашып,дұрыс тамақтануға деген түсініктерін тереңдетеді.

 

Тұрақтандыру бөлімі.

 

1 бөлім. Кіріспе Барлығы: 1сағат, лекция 1 сағат. 1.1 Кіріспе. Адам денсаулығы және дұрыс тамақтану негіздері

2-бөлім. Тамақтану туралы ғылым Барлығы – 3сағат: теория – 2 , практикалық жұмыс- 1сағат  2.1 Тағамтану ғылымының даму кезеңдері. Ежелгі және қазіргі заманғы тамақтану туралы ғылым.

2.2 Заманауи адам өміріндегі денсаулық проблемалары және тамақтану проблемалары 2.2 Тамақтанудағы пайдалы және зиянды  әдеттер,оның денсаулық сақтау үшін пайдасы.2.3№ 1 зертханалық  жұмыс «Тамақтану кезіндегі пайдалы және зиянды әдеттердің  кестесін құрастыру» 3-бөлім Тамақтанудың физиологиялық негіздері Барлығы – 5сағат: теория - 4, практикалық жұмыс- 1сағат  3.1 Ас қорыту механизмі және зат алмасу  үдерісі.3.2 Адамның энергия шығыны және оны дұрыс толтыру.3.3 Тамақтанудың физиологиялық  нормалары және оны есте сақтау

3.4 Тамақтану рационы. Қоректік заттар. Жас және жыныс ерекшеліктеріне және физикалық белсенділікке байланысты тамақтану нормаларын анықтау.№ 2 зертханалық  жұмыс «Сапалы  тамақтану рационы,тамақтану әліппесін  құрастыру»

4-бөлім Тағамдық заттардың құрылымы мен құрамы. Барлығы – 12сағат: теория - 9, практикалық жұмыс- 3сағат.4.1 Зат және энергия алмасуды қалпына келтіру, өсу және энергия өндіру үшін қоректік заттардың маңызы. Тамақтану стандарттары және олардың ағзаның энергия тұтынуымен байланысы..4.2 Дәрумендер. 4.3№ 1 Практикалық жұмыс «Жеміс-жидектердегі кейбір витаминдерді сапалық құрамын  анықтау» 4.4 Тағамдық қоспалар Тағамдық бояғыштар, түсті реттеуші материалдар, қоюландырғыштар, пектинді заттар, тәттілендіретін заттар, консерванттар, хош иістендіргіштер.4.5Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы.                         4.6 № 3  зертханалық жұмыс «Тағамдардың тәуліктік  каллориясын есептеу» 4.7 Диета ұстаудың пайдасы мен зияны.Денедегі майлардың артық жиналуының адам денсаулығына әсері. Артық салмақ проблемалары.

4.8 Жедел және тез дайындалатын  тағамдардың  сапасы және адамның денсаулығы .4.9 Газдалған және  энергетикалық  сусындар.4.10 Емдік- профилактикалық   тамақтану түрлері.4.11 Тағамдық өнімдердің үйлесімділігіМодельдеу «Тағамдық өнімдердің үйлесімділігі тірек сызба жасау»

5-бөлім Тиімді тамақтану Барлығы – 8 сағат: теория - 6, практикалық жұмыс- 2 сағат  5.1 . Тамақтану стандарттары және олардың ағзаның энергия тұтынуымен байланысы.5.2 Жас ерекшелігіне байланысты тамақтану рационының гигиеналық талаптарыға сай келуі.5.3 Ағзаның физиологиялық күйіне байланысты бейімделген  тамақтану  рационы.5.4 Географиялық және экологиялық жағдайға байланысты тамақтану рационы. 5.5Қазақстанда тұратын халықтардың  тәуліктік тамақтану рационының ерекшеліктері.5.6№4 зертханалық жұмыс «Кешенді мәзірді зерттеу» 5.7 Тамақтанудың  физикалық жүктемеге сәйкес келуі,жас ерекшеліктері мен  физикалық белсенділікке байланысты тамақтану нормаларын анықтау.

6-бөлім Тамақтану гигенасы Барлығы – 3сағат: теория - 2, практикалық жұмыс- 1сағат 

6.1 Химиялық элементтердің жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар.Тамақ өнімдерін сапасы және оны сақтау ережесі. 6.2Тамақтан улану себептері.6.3 №5 зертханалық жұмыс Тамақтан улану кезіндегі алғашқы көмек.

7-бөлім Қорытынды Барлығы – 2сағат: практикалық жұмыс- 2сағат 

7.1Дұрыс тамақтану денсаулық пен сұлулық кепілі

 

Нормативті  бөлім.

 

№№

Бөлім

 Бөлімше

 Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім нәтижесі

Барлығы

Теория

Тәжіри

бе

1-бөлім.Кіріспе   Барлығы – 1сағат: теория - 1

1

Кіріспе. Адам денсаулығы және дұрыс тамақтану негіздері.

8.1.1.  Адам денсаулығы  дұрыс тамақтануға байланысты екенін түсіну;

1

1

 

Хабарлама жасау

2-бөлім. Тамақтану туралы ғылым Барлығы – 3сағат: теория – 2 , практикалық жұмыс- 1сағат 

1

Тағамтану ғылымының даму кезеңдері.Ежелгі және қазіргі заманғы тамақтану туралы ғылым.

Қазақстандағы түрлі ұлттар  мен қазақ  халқының   тағамдарын дайындаудың ерекшеліктері

8.2.1.  Тағамтану ғылымы туралы білу; 8.2.2.  Тағам дайындаудың ежелгі және заманауи әдістерін талдау ;

8.2.3.  Қазақстандағы түрлі ұлттар  мен қазақ  халқының   тағамдарын дайындаудың ерекшеліктерін салыстыру;

1

1

 

Тағам дайындаудың ежелгі және заманауи әдістері тақырыбына таныстырылым дайындау

2

Заманауи адам өміріндегі денсаулық проблемалары және тамақтану проблемалары Тамақтанудағы пайдалы және зиянды  әдеттер,оның денсаулық сақтау үшін пайдасы.

8.2.4Тамақтану режимін мен

дұрыс тамақтану примидасының  пайдасын талдау;

8.2.5Дұрыс тамақтанбаудың салдарын зерделеу;

 

1

 

 

Тамақтану режимін мен

дұрыс тамақтану примидасының  пайдасын талдап,таныстырылым дайындайды.

«Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын  аурулар» туралы хабарлама

3

№ 1 зертханалық  жұмыс «Тамақтанудағы пайдалы және зиянды әдеттердің жиынтық кестесін құрастыру»

8.2.6 Тамақтанудағы пайдалы және зиянды әдеттердің жиынтық кестесін құрастыру;

1

 

1

Тамақтанудағы пайдалы және зиянды әдеттердің жиынтық кестесін құрастырады.

 

3-бөлім Тамақтанудың физиологиялық негіздері

Барлығы – 5сағат: теория - 4, практикалық жұмыс- 1сағат 

1

Ас қорыту механизмі және зат алмасу  үдерісі.

8.3.1 Пластикалық және энергетикалық алмасудың маңызын түсіндіру;

1

1

 

Ас қорыту және зат алмасу  үдерісін түсіндіре алады.

2

Адамның энергия шығыны және оны дұрыс толтыру.

1

1

 

3

Тамақтанудың физиологиялық  нормалары және оны есте сақтау.

8.3.2 Тамақтанудың физиологиялық нормасын тамақтануды бағалаудың критериі есебінде түсіну;

1

1

 

«Тамақтанудың физиологиялық  нормалары» т уралы хабарлама дайындайды

4

Тамақтану рационы.Қоректік заттар. Жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты  физикалық белсенділікке байланысты тамақтану әліппесін құрастыру.

№ 2 зертханалық  жұмыс

«Теңгерімді тамақтану рационын құрастыру»

8.3.3  Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру;

2

1

1

Теңгерімді тамақтану рационын құрастырады.

 

4-бөлім Тағамдық заттардың құрылымы мен құрамы.

Барлығы – 12 сағат: теория - 9, практикалық жұмыс- 3сағат

1

Зат және энергия алмасуды қалпына келтіру,өсу және энергия өндіру үшін  қоректік заттардың маңызы.Тамақтану стандарттары және олардың ағзаның энергия тұтынуымен байланысы.

8.4.1  Тағам құрамына кіретін органикалық және бейорганикалық заттардың  денсаулық үшін маңызын талдау;                                   

1

1

 

Тағам құрамына кіретін органикалық және бейорганикалық заттардың  денсаулық үшін маңызын  тақырыбында таныстырылым дайындау

2

Дәрумендер.

8.4.2  Витаминдердің маңызы мен олардың жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттау;

1

1

 

Витаминдердің маңызы мен олардың жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттап реферат дайындайды.

3

№ 1 Практикалық жұмыс «Жеміс-жидектердегі кейбір дәрумендердің  сапалық анықтау»

8.4.3 Алма,шие,қара-

қат т.б басқа жеміс-жидектердегі    РР және С витаминін сапалық  анықтау;

1

 

1

Жеміс-жидектердегі кейбір витаминдерді сапалық анықтайды

4

Тағамдық қоспалар Тағамдық бояғыштар,

 түсті реттеуші материалдар, қоюландырғыш

тар, пектинді заттар, тәттілендіретін заттар, консерванттар, хош иістендіргіштер

8.4.4  Тағамдық қоспалардың химиялық құрамын  және химиялық табиғатын сипаттау;

1

1

 

Тағамдық қоспалардың химиялық құрамын  және химиялық табиғатын сипаттап хабарлама дайындайды.

5

Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы.

 

8.4.5  Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығын түсіндіру;

 

1

1

 

Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығын түсіндіреді.

6

№ 3  зертханалық жұмыс «Тағамдардың  тәуліктік каллориясын есептеу»

8.4.6 Күнделікті жиі тұтынатын тағамдардың каллориясын есептеу;

1

 

1

Күнделікті жиі тұтынатын тағамдардың каллориясын есептеуді үйренеді.

7

Диета ұстаудың пайдасы мен зияны.Денедегі майлардың артық жиналуының адам денсаулығына әсері.Артық салмақ проблемалары.

8.4.7  Диета ұстаудың пайдасы мен зиянын зерделеу;

 

1

1

 

Диета ұстаудың пайдасы мен зиянын зерделеп,таныстырылым жасайды.

8

Жедел және тез дайындалатын  тағамдардың  сапасы және адамның денсаулығы .

 

8.4.8  Жедел дайындалатын  тағамдардың  сапасының адам денсаулығына әсерін талдау;

1

1

 

Жедел дайындалатын  тағамдардың  сапасының адам денсаулығына әсерін талдайды

9

Газдалған және  энергетикалық тәтті сусындар

8.4.9  Газдалған  және  энергетикалық  сусындардың құрамы және адам денсаулығына әсерін түсіндіру;

1

1

 

Газдалған  және  энергетикалық  сусындардың құрамы және адам денсаулығына әсерін түсіндіріп реферат жазады.

10

Емдік- профилактикалық   тамақтану түрлері.

8.4.10  Емдік- профилактикалық   тамақтанудың негізгі принцптерін түсіндіру;

1

1

 

Емдік- профилактикалық   тамақтанудың негізгі принцптерін түсіндіреді.

11

Тағамдық өнімдердің үйлесімділігі

Модельдеу «Тағамдық өнімдердің үйлесімділігі тірек сызба жасау»

8.4.11  Көп тараған тағамдық өнімдердің тиімді тиімсіз үйлесімділігін білу;

2

1

1

Тірек сызба жасау

 

5-бөлім Тиімді тамақтану

 Барлығы – 8 сағат: теория - 6, практикалық жұмыс- 2 сағат 

1

Тамақтану стандарттары және олардың ағзаның энергия тұтынуымен байланысы.

8.5.1  Кәсіби қызметке және жыныстық ерекшелікке байланысты дене жүктемесі мен энергия шығынына қарай тамақ рационының ерекшелігін түсіну;

1

1

 

Қызмет түріне байланысты  бейімделген тамақтану рационының ерекшелігін түсінеді.

2

Жас ерекшелігіне байланысты тамақтану рационының гигиеналық талаптарыға сай келуі.

8.5.2  Әр түрлі жастағы адам топтары  үшін тамақпен бірге түсетін қоректік заттардың мөлшерін білу ;

8.5.3 Жасөспірімдердің  қазіргі кездегі тамақтану рационын сипаттау;

1

1

 

Жас ерекшелігіне байланысты тамақтану рационының гигиеналық талаптарыға сай келуін сипаттай алады.

3

Ағзаның физиологиялық күйіне байланысты бейімделген тамақтану рационы.

8.5.4  Адамның физиологиялық жағдайына(жүктілік,жыныстық жетілу  кезеңі және ауру жағдайында т.б) байланысты  негізгі қоректік заттарды қабылдау шамасын білу;

1

1

 

Ағзаның физиологиялық жай күйіне байланысты бейімделген тамақтану рационын біледі.

4

Географиялық және экологиялық  климаттық жағдайға байланысты тамақтану рационы.

 

8.5.5  Тамақтанудың климаттық, географиялық және экологиялық жағдайларға сәйкестігі сипаттау ;

8.5.6  Жергілікті жердің байырғы және кейін келіп қоныстанған тұрғындарының  тиімді тамақтануын үйлестіруді  сипаттау;.

1

1

 

Тамақтанудың климаттық, географиялық және экологиялық жағдайларға сәйкестігі сипаттай алады.

5

Қазақстанда тұратын халықтардың  тәуліктік тамақтану рационының ерекшеліктері.

8.5.7  Қазақстанда тұратын халықтардың  тәуліктік тамақтану рационының  денсаулыққа пайдалы жақтарын саралау;

1

1

 

Қазақстанда тұратын халықтардың  тәуліктік тамақтану рационының  денсаулыққа пайдалы жақтарын саралап таныстырылым жасайды.

6

№4 зертханалық жұмыс «Кешенді мәзірді зерттеу»

8.5.8  Сауалнама әдістемесін және  антропометриялық көрсеткіштерді зерттеу әдістемесі пайдалана отырып тамақтанудың тәуліктік рационын жасау;

2

 

2

Сауалнама әдістемесі және соматометриялық (бойы) және соматоскопиялық (дене салмағы) әдістемесі арқылы тамақтанудың тәуліктік рационын анықтау.

7

Тамақтанудың  физикалық жүктемеге сәйкес келуі,жас ерекшеліктері мен физикалық белсенділікке байланысты тамақтану нормаларын анықтау.

8.5.9  Тамақтанудың тәуліктік рационының организмнің энергия шығындарына сәйкестігін анықтау ; 8.5.10 Тәуліктік тамақтану рационындағы нутриенттердің құрамын талдау;

8.5.11  Тамақтанудың тәуліктік рационының  балалар организмінің энергия шығындарына сәйкестігін зерделеу ;

1

1

 

Тамақтанудың  физикалық жүктемеге сәйкес келуін зерделей алдады.

 

6-бөлім Тамақтану гигенасы Барлығы – 3сағат: теория - 2, практикалық жұмыс- 1сағат 

1

Химиялық элементтердің жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар.

Тамақ өнімдерінің  сапасы және оны сақтау ережесі

8.6.1  Тамақтанудың бұзылуымен байланысты аурулардың алдын алу және дәрі-дәрмекпен емдеу жолдарын сипаттау;

8.6.2  Сапалы өнімдерді анықтау,тамақ өнімдерін сатып алу  және  сақтау ережесін білу;

1

1

 

Тамақтанудың бұзылуымен байланысты аурулардың алдын алу және дәрі-дәрмекпен емдеу жолдарын сипаттап хабарлама дайындайды.

2

Тамақтан  улану себептері.

8.6.3  Тағамның табиғи токсиндермен ластану көздерін білу;

8.6.4  Тамақтан уланудың белгілерін анықтау;

1

1

 

Тағамның табиғи токсиндермен ластану көздерін біліп,тамақтан улану белгілерін анықтай алады.

3

№5 зертханалық жұмыс Тамақтан улану кезіндегі алғашқы көмек.

8.6.4  Улану кезіндегі алғашқы көмек ережелерін білу;

1

 

1

Улану кезіндегі алғашқы көмек ережелерін біледі.

 

7-бөлім Қорытынды Барлығы – 2сағат: практикалық жұмыс- 2сағат 

1

Дұрыс тамақтану денсаулық пен сұлулық кепілі.

8.7.1  Курс бойынша білімдерін қорынтындылау.

2

 

2

«Салауатты тамақтану бағыттары» презентациялар мен бейнероликтер және шағын қойылымдар фестивалі.

 

Барлығы

34

24

10

 

Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Әр түрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеуге қажетті материалдардың үлкен санын жинақтауға, мәселенің мәнін ашуға мүмкіндік беру қажет

Ойын технологиясының элементтерін қолдану-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсетеді, ғылыми материалды жақсы қабылдайды, орынды шешім қабылдау тәжірибесін қалыптастырады.

Жобалық әдіс – эксперименттік жұмыс және зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсыну әдісі ретінде қолданылады.

Жобалық жұмыстар оқушылардың пән бойынша арнайы білімін қалыптастыруға, оқушыларды химиялық заттармен қауіпсіз және экологиялық сауатты жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік береді.

Осы курсты оқу кезінде оқушылардың жетістіктері, оның ішінде: топтық жұмыс істеу, теориялық материалды өз бетінше зерттеу, жобамен жұмыс дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың орындаған жұмысының сапасы бағалауға мүмкіндік береді

Күтілетін нәтижелер :

Білім алушылардың :

         Тамақ өнімдерінің негізгі компоненттері туралы нақты білімді дамытады және жинақтайды;

         Дұрыс және тиімді тамақтану туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі;

         Тамақтану рационын құруды үйреніп,дұрыс тамақтанудың ережелерін біледі ;

         тақырып бойынша жобаны өз бетінше әзірлеу және қорғау дағдыларын дамытады;

Оқушылардың білім,білік дағдыларын бағалау:  Бағалау құралы ретінде  сынақ, хабарлама- лар,таныстырылымдар дайындау,реферераттар қорғау жоба қорғау, практикалық жұмыстар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін сурет,сызбанұсқамен толықтырып,сипаттап жазу және т.б жұмыс түрлері қолданылады .

Жауапты бағалау

 «Өте жақсы! »

Жауаптары толық және теориялық материалға сәйкес  дұрыс болса;

Материал биологияның тілдік мақсатын сақтай отырып,логикалық бірізділікті сақтай отырып берілсе;

Өз ойының қорытындылай алса;

«Жарайсың!»

Жауаптары толық және теориялық материалға сәйкес  дұрыс болса;

Материал биологияның тілдік мақсатын сақтай отырып,логикалық бірізділікті сақтай отырып берілсе,бірақ өрескел емес  аздаған қателіктер болса,оны басқалардың көмегімен жөндей алса;

«Тағы да ізден»

Жауаптары толық,бірақ екі-үш өрескел емес қателіктер болса;

Жауап толық емес,байланыс нашар болса;

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған :

  1. А.Алдашев«Тағам және денсаулық» Алматы, 1994ж,
  2. Ж. Бектепов, С.Мусабеков «Тағам туралы толғау» Қайнар1994.
  3. «Тамақтану энциклопедиясы» Алматы 1996ж
  4. Л.З.Тель,Е.Д.Деленов. Валеология 9-10 сыныптарға арналған оқулық.-Астана,2003
  5. Дыхан Л. Б., Кукушин В. С., Трушкин А. Г. Педагогическая валеология. Март, 2005, 527 с
  6. Каневская Л.Я. Безопасность питания детей в общеобразовательных учреждениях. – М, 2004
  7. Мохнач Н. Н. Валеология. Конспект лекций: Учебное пособие для вузов. 2004.
  8. Валеология: Денсаулық және өмірлік дағдылар. Алматы; 2004ж

Оқушыларға арналған:

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл
  2. Сәтбаев Х.Қ.,Өтепбергенов А.А.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы-Алматы 2005жыл
  3. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
  4. Кемелова М.М., Асылбекова А.Ж. “ Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы  жедел жәрдем” Tүркістан 2014
  5. Денсаулық энциклопедиясы.Алматы «Балалар әдебиеті»,баспасы-2017

Интернет ресурстар:

  1. https://ppt-online.org/291018
  2. https://ppt-online.org/27103
  3. https://ppt-online.org/827267
  4. https://ppt-online.org/73532
  5. http://law.gov.kz/api/documents/109078/kaz/download/pdf
  6. https://www.rosmedlib.ru/doc/ISBN9785970427767-SCN0007/009.html
  7. https://studfile.net/preview/6047461/

 

Қосымшалар:

Білім алушылардың  ізденіс жұмыстарына арналған презентациялардың тақырыптары:

Сапалы, дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалы.

Қазақстанда тұратын халықтардың  тәуліктік тамақтану рационының  денсаулыққа  әсері.

Балалардың жас ерекшелігіне байланысты тамақтану рационының гигиеналық талаптары.                                                                                   Жедел дайындалатын  тағамдарының  организмге тигізетін зияны

Емдік- профилактикалық   тамақтанудың негізгі принцптері.

Жас балаларда артық салмақтың пайда болуы, және онымен күресу шаралары

Газдалған  және  энергетикалық  сусындардың құрамы және адам денсаулығына әсері.

Жедел дайындалатын  тағамдардың  сапасының адам денсаулығына әсері.

Қазақтың сүт өнімдерінен жасалатын ұлттық тағамдары және адам денсаулығы.

Сапалы дүрыс тамақтану дегеніміз не?

Су нормасын сақтау және оның денсааулық үшін маңызы

Дұрыс тамақтану мен диетаның  айырмашылығы қандай?

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину