Молдыбаева Динара Кыдырмолдановна, воспитатель, «Айгөлек» тобы, ТОО «Успех-GOID-8», Восточно-Казахстанская область, г. Усть - Каменогорск, Казахстан
Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Балалардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Жүргізуші:Құрметті! Қонақтар! Балалар көптен күткен Наурыз –ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз жыл-басы! Бұл күні ата-аналарымыз үй үйді аралап,наурыз көжеден дәм татады,баталарын береді.
Ал енді тойдың көркі ән дейді халқымыз. Қазір балалар «Наурыз келді» әнін орындап берейік.
Күй ойналып ортаға Алдар көсе кіреді.Амансыңдар ма? Балалар ! Мен Шығайбайдан қашып келемын. Іздеп жүрген шығар. «Балапан» тобында Наурыз өтіп жатканын жол жөнекей естідім.
Мен Алдармын,Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Сақал түгыл мұртта жоқ,
Оны несін талдармын. (ААА-ааа,ЕЕЕЕ-еее)
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!
Жүргізуші: Қош келдің Алдаркөсе төрлет! Біздің балалардың өнерін тамашала!Балалар Алдар Көсеге тақпақтар айтып берейык. (Айсулу,Нурай,Нурали,Еркеназ,Диана,Алим)
Алдар көсе: Ай жарайсыңдар балалар! Өнерлерің өрге бассын!
Қазір балалар бүгінгі мерекемізге орай ұлттық ойын ойнайық.
Бірінші қыздар сендермен «Теңге алу» ойынын ойнаймыз.
Бұл ойында тәсіл көп,
Кім мол алса теңгені.
Сол баланың жеңгені!
Жерге теңге шашылып ойын ойналады. Қыздарымыз барлығы шапшаң жинайды екен теңгені.
Ал енді ұлдар сендермен «Арқан тарту» ойынын ойнайық. Екі жаққа балалар бөлініп тұра қалыңдар. Қай жаққа қарай арқанды тартады екенсіңдер.
Ой бәрекелді! Мықты екенсіңдер ұлдар!
Есік тоқылдатып: Әже, келіні, немересі кіреді.
-Амансыңдар ма? Құлындарым?
Жүргізуші:Салеметсіңбе ,Әже! Қош көрдік.Ауылдан шаршап келдіңіз.Келіңіз төрлетіңіз. Дастарханга отырыңыз.
Әже біздің қыздарымыз сізге «Қамажай» билеп береді.
Әже: Қандай тамаша, билерінде өздерінде әдемі екенсіңдер.
Олай болса Әже сіз наурыз көже әзірлегелі жүрген шығарсыз.
Біздің балаларға Наурыз көже туралы не қосатынын айтып берсеңіз.
Әже:Наурыз көжеге:жеті түрлі тағам қосамыз:Қыстан қалған ет,су,тұз,құрт,бидай,тары,кеспе.Жәнеде бұл куні бауырсақ,шелпек,қоспа деген сияқты қазақтың ұлттық тағамдары әзірленеді.
Жүргізуші:Рахмет,саған Әже ,ойымызға түйіп біліп жүреміз.
Әже:Бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып Келін екеміз немереміздің тұсауын кесейік дедік.
(«Тұсау кесу» көрсетіледі)
Қаз,қаз балам,қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Тағы тағы баса ғой
Тоқымыңды жаз балам
Қаз баса ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Жүргізуші: Ал ендеше осындай қуаныштың құрметіне «Қара жорға» биін тарту етсек.
Әже:Көп-көп рахмет сендерге! Өте тамаша! Өнерлерің өсе берсін.Ортамызға келген Жаңа Жыл құтты болсын!
Наурыз шашуы жұғысты болсын!
Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!Қайда барсаңдарда жол болсын!
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды наурыз дастарханнан дәм татыңыздар.