ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
28 февраля 2018 г.

Молдыбаева Динара Кыдырмолдановна, воспитатель,  «Айгөлек» тобы, ТОО «Успех-GOID-8», Восточно-Казахстанская область, г. Усть - Каменогорск, Казахстан

 

«Анамызды сүйеміз»

«Анамызды сүйеміз»

            8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

 

        Жүргізуші: Армысың әжелерім,аналарым,

                     Мейірбан,аппақ көңіл даналарым.

                      Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

                      Құттықтайды сіздердің балаларың.

      Сіздерге арналған мерекемізді бастайық.

-Кім сендерді көп еркелетеді?

      -Кім сендерді көп сүйеді?

      -Кім сендерге ойыншықтар сатып әпереді?

      -Сендерді дүниеде ең жақсы көретын адам кім?

      - Дүниеде ең тәтті не?

      -Дүниеде ең жұмсақ не?

        Балалар: Анамызды!

        Жүргізуші: Ендеше   балалар анамыздың мерекесіне тақпақ айтып  берейік.     

         1,2,3,4,5,6 бала тақпаққа шығады. (Нурай,М.Нурали,Аяла,Айсулу, Алим,Нурайым,)

        Ана біздің күніміз

         Ананың біз гүліміз, (Ш.Анель)

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

 

Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін біліңіз,  ( Искандер)

Ана жанын түсініп,

Ойнаңызда күліңіз.

 

 

 

Үн қатасын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен. (Нурай)

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен.

 

Әжем менің ақ әжем,

Аппақ әжем, пәк әжем, (Еркеназ)

Басқалардай емессіз,

Сүйкімдісіз ақ әжем.

 

Әже маған базардан,

Алма сатып әкелді.   (Нурайым)

Ең үлкенін дәмдісін,

Маған таңдап әперді.

      Менің әжем сымбатты

      Әжем маған қымбатты.   (Адель)

      Құрт пен майын жинайды,

      Біздерге оны сыйлайды.

 

Жүргізуші: Келесі Ән: «Ақ мамам»

(Музыка әуенімен залға  Көктем кіреді)

 Сәлем,сәлем,балақайлар,

  Әзиз әже,назды апайлар.

  Қуаныңдар алақайлап

   Құстар әнін  ала келдім,

   Жерге кілем жаба келдім

   Жан бітірткен табиғатқа

    Гүлдерімді ала келдім!

Жүргізуші:Сәлемтсізбе, Ару көктем!Сізді асыға күттік көптен.Қош келдің біздің балаларымыздың  өнерін тамашалаңыз.

Би: «Қуыршақтар»

Көктем: Рахмет,сендерге балалар.Қандай өнерлі едіңдер! Мен де сендерге құр қол келген жоқпын.Сендерге ойын ала кедім.

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»

 (музыка косылғанда пар-парларыңмен билейсіңдер,музыка тоқтағанда ұлдар қыздарға кім бірінші гүл сыйлайды екен?)

    Көктем: -Балалар күн жылынды, қар еріді қазір бізде қандай жыл мезгілі білеміз бе?

Балалар:   Көктем:

       Көктем:   Дұрыс айтасындар  балалар. Көктем мезгілі, наурыз айы. Міне аналардың, әжелердің мерекесі де келіпті. Бұл күні Күн сәулесінде ерекше күлімдейтін күн(Аспанға қарап таңданып)

-Ал күн қайда балалар? Аспанда күн жоқ қой? Ол өз үйінде қатты ұйықтап қалған шығар? Біз оны оятуымыз керек. (Үйді көрсетіп) 

Көктем:  Балалар кәне бәріміз күнге айтайық, сендер менімен қайталаңдар.

                  Күн-күн шыға ғой,

                  Терезеден қарашы.

                  Сенің сәулең шашылсын,

                  Мерекеміз ашылсын.

(Үйшіктен күн шығып, көзін уқалап керіледі)

Көктем мен балалар:    Сәлеметсің бе Күн!     

 

Күн: Сәлеметсіңдерме, менің кішкентай достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

-Не болып қалды мені неге ояттыңдар?

Көктем:  Ой күн қыз, бүгін бізде аналарымыз бен әжелеріміздің мерекесі болып жатыр. Бүгінгі күніміз ерекше әдемі, сіулелі болса екен дейміз.

Қазыр балалармен бирге ағылшын тілінде «Анамызды сүйеміз» әнін айтайық

Жүргізуші: Күн,біздің балалар  сүйікті әжелеріне және Көктем аруына арнап тақпақ айтып береміз дейді.

Балалар тақпақ айтады. (Адель,Искандер,Нурали,Еркеназ,Диана,Нуртуған,Ш.Анель)

Аналарды сүйеміз,                              

Сөзін ойға түйеміз. (Алим)

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған. (Нуртуған)

Бақыты үшін баланың

Аман сау жүр, ақ анам!

 

Көктем қандай көңілді!

Күміс жаңбыр төгілді.  (Аяла)

Мөлдір аспан ашылып,

 Күннің көзі көрінеді.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мен жағалап суатт

 

 Шай ішетін қоюлап

 Жақсы көрем әжемді   ( М.Нурали)

 Сырмақ салған  оюлап

 Жақсы көрем әжемді 

 

Май дия,дия Мамми

Ай лав ю вери мач

Ай вонт ю, ту би хаппи

Он зе эйт оф мач  ( Айсулу)

Би хаппи,би хаппи

Он зе эйт оф мач

Көктем:   Рахмет сендерге балалар өнерлерің өрге бассын.

Жүргіуші:Ән « Гүлдің бағбаны»

Көктем: Ал  Күн біздің балалар сендермен қандай ойын ойнайды.

Күн: «Үйшікте» ойынын ойнайық.

Көктем:  Ол қандай ойын екен?

Күн: (Үйшіктен сары матаны алып шығады)

Сары алтындай көрпемді,

 Алып келдім сендерге.

Өзі сондай әдемі,

Жылу шашып жерлерге. (Матаны балаларға көрсетеді)

Шарты: Күн жауды деген кезде балалар матанын астына жиналады. Ал күн ашылды деген де балалар өз беттерінше жан жақта жүреді

Көктем:  Ой Күн сенің алтындай жарқыраған матаңмен жақсы ойнадық.  Кішкентай демалайық. Біздің бүлдіршіндеріміз күнде өсіп келеді.

Жүргізуші: Рахмет саған Күн ойын өте қызықты екен. Иә, біздің ұлдар «Аспазшы»    биін билеп береді.

Күн:Рахмт сендерге  кішкентай аспазшылар.Билерін өте тамаша.

Көктем:Міне бүгін мерекеде,

Аяқталар кез келді.

Құттықтаймыз аналарды

Сыйлық берер кез келді.

Кішкентай ару қыздар сендердің бүгінгі мерекелеріңе арнап ұлдарымыз сендерге сыйлықтары бар екен. Қыздар мына ұлдарымыз жасаған торт  сиқырлы екен. (Тортты ашып ішінен  қыздардың сыйлығын корсетеді.

Жүргізуші:Топқа барғанда барлықтарыңа таратады.Және де балалардың барлығы өздері әже –аналарына арнап сыйлық жасады оныда топқа барып таратып береды.

Көктем: Ал балалар, Күн нұрындай жарқырап, көктемдей құлпырып жайнап жүре беріңдер. Менің  қайтатын уақытым таяды. Қош сау болыңдар! ( Музыка  әуенімен көктем шығып кетеді.

Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

                    Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз,

                    Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

                    Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Осымен біздің бүлдіршіндеріміздің ойын-сауық мерекесі аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Көңілді әуенмен бүлдіршіндер шығады.

 

Источник:«Анамызды сүйеміз»|
28 февраля 2018 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину