ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

"Табиғат" тақырыбына оқу-әдістемелік кешен, 1- 11 сынып

30 сентября 2019 г.

Кожанова Жанар Ануаровна, учитель казахского языка и литературы, КГУ " Средняя школа №39" акимата г. Усть-Каменогорска, Восточно-Казахстанская область, г. Усть-Каменогорск.

 

 

"Табиғат" тақырыбына оқу-әдістемелік кешен, 1- 11 сынып

"Табиғат" тақырыбына оқу-әдістемелік кешен, 1- 11 сынып

1 сынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты

Сөздік:

Отан - Родина

табиғат -природа

бай -богатая(-ый,-ое)

әдемі -красивая(-ый,-ое)

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді буындап оқы.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айт.

 

 

Мәтін.

Қазақстан табиғаты.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанның табиғаты өте әдемі, бай,алуан түрлі.

(10сөз)

 

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым: мәтінді тыңда.

Тапсырма.Жаңа сөздерді тауып, астын сыз.

Оқылым:

Тапсырма. Мәтіндегі сөздерді буындап оқы,қазақ тіліне тән дыбыстарды бар сөздерді тап.

Айтылым:

Тапсырма.

  1. Сен  қайда  тұрасың?
  2. Қазақстанның  табиғаты қандай?

Сергіту сәтін өткізу

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

Жазылым:

Тапсырма.

 Мәтінді көшіріп жаз, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.

Тілдесім:

Тапсырма.

Суретке қарап, сызба бойынша сұраққа жауап бер.

-Қазақстанның табиғаты қандай?

2 сынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты

Сөздік:

тау -гора

өзен – река

көл - озеро

алуан түрлі- разнообразный(-ые,-ая,-ое) 

биік – высокие(-ая,- ое)

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді дауыстап оқы.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айт.

«тау», «көл» сөздерімен пирамида құрастыр.

Мәтін.

Қазақстан табиғаты.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанның табиғаты өте әдемі, бай, алуан түрлі. Қазақстанда биік таулар, терең өзендер, мөлдір көлдер бар.

(18сөз)

 

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым: мәтінді тыңда.

Тапсырма. Мәтінді ауызша аудар.

Оқылым:

 Тапсырма.

Мәтінді буындап оқы, мәтіндегі жуан және жіңішке сөздерді ажырат.

Айтылым:

Тапсырма.

1.Сен  қайда  тұрасың?

2.Қазақстанның  табиғаты қандай?

3.Қазақстанда нелер бар?

Сергіту сәтін өткізу

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

Жазылым:

Тапсырма.

Мәтінді көшіріп жаз.

Тілдесім:

Тапсырма.

Суретке қарап,сызба бойынша сұраққа жауап бер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Суретте не бейнеленген?

- Қазақстанның табиғаты қандай?

 

 

3-сынып

Тақырып: «Қазақстан табиғаты»

Сөздік

тұрамын- живу

туған – родной(-ая,-ые,-ое)

жер-земля

көп,мол (синонимдер)-много

теңіз- море

Іле Алатау-Заилийский Алатау

Сөздікпен жұмыс

1.Берілген  сөздерді оқу (бір-бірден, қатар-қатармен).

2. Жаңа сөздерді сөздікке жазу.

3. Жаңа сөздердің айтылу ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу.

4.Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру (туған жер, әдемі жер).

 

Мәтін

Қазақстан табиғаты

Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан -  менің туған жерім. Қазақстанның табиғаты өте бай, әдемі, алуан түрлі. Қазақстанда  таулар көп. Ол -  Іле Алатау, Алтай таулары. Қазақстанның ең үлкен көлі – Балқаш. Қазақстанда  теңіздер бар. Бұл-Каспий және Арал теңіздері.

/35 сөз/

       Мәтінмен жұмыс

      Тыңдалым:

      Тапсырма.

Мәтінді тыңда .

Тапсырма. Қазақстан тауларын, теңіздерін, көлін  ата.

Оқылым:

 Тапсырма.

Мәтінді  оқы, аудар.

Айтылым:

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сен  қайда  тұрасың?
  2. Қазақстанның  табиғаты қандай?
  3. Қазақстанда  қандай таулар бар?

6.Өзендер,  теңіздер  бар ма?

Сергіту сәтін өткізу

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

Жазылым:

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына керекті әріп қой.

Мен Қазақстанда    т...рамын.   Қаза...станда  те...іздер бар.Қазақстанны...   ең  ... лкен  көлі – Бал...аш./ қ, ң, ұ,ү, /

Тілдесім:

 Тапсырма.

Досыңа Қазақстан табиғаты  туралы  сұрақ қой.

  1. Саған Қазақстан табиғаты ұнай ма?
  2. Қазақстанның  ең үлкен көлі қандай?
  3. Сен  Қазақстанның теңіздерін білесің бе?

 

4- сынып

Тақырып: «Қазақстан табиғаты»

Сөздік

бұл-это, эта, этот

аң-зверь

құс-птица

мекендейді-обитают

көркем - красивый(,-ая,-ое)

Ертіс - Иртыш

Жайық – Урал

         Сөздікпен жұмыс

1.Берілген  сөздерді оқу (бір-бірден, қатар-қатармен).

2. Жаңа сөздерді сөздікке жазу.

3. Жаңа сөздердің айтылу ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу.

4.Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру (туған жер, көркем табиғат).

 

Мәтін

Қазақстан табиғаты

 

 Менің  Отаным – Қазақстан. Қазақстанның табиғаты өте бай, әдемі, ең үлкен, алуан түрлі. Қазақстанда  таулар, өзендер, көлдер көп. Ол -  Іле Алатау, Алтай таулары. Қазақстанның   көлдері- Балқаш, Марқакөл, Зайсан, Балқаш. Ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Жайық. Қазақстанда  теңіздер бар. Бұл-Каспий және Арал теңіздері.  Қазақстанда әр түрлі аңдар мен құстар мекендейді.

Тыңдалым:

Тапсырма.

Мәтінді тыңда.

Тапсырма. Кестені толтыр.

Қазақстан таулары

Қазақстан  өзендері

Қазақстан 

теңіздері

Қазақстан

көлдері

 

 

 

 

 

Оқылым:

 Тапсырма.

Мәтінді оқы. Жуан және жіңішке сөздердің астын сыз.  

Айтылым:

Тапсырма.

1.Берілген  сурет бойынша әңгіме құрастыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін өткізу

 

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

 

2.Берілген  сызба бойынша әңгіме құрастыр.

Қазақстанның табиғаты қандай?

Қазақстанның таулары

Қазақстанның өзен, көл, теңіздерi

Жазылым:

Тапсырма.

Берілген сөздерді буындарға бөліп,  буын түрлерін анықта.

(Бай, Алтай, құстар, аңдар)

Тілдесім:

Тапсырма.

Берілген  сөздер   арқылы  досыңмен  диалог  құрастыр.

 Қазақстан табиғаты қандай?

Қазақстанда қандай өзендер бар?

Қазақстанда қандай көлдер бар?

Қазақстанда қандай теңіздер бар?

Қазақстанда нелер мекендейді?

«Табиғат»  сөзіне  бес жолды  өлең  құрастыр /синквейн/.

1.Табиғат

2.Екі сын есім(табиғатқа қатысты)

3.Үш етістік(табиғатқа қатысты)

4.Төрт сөзден тұратын  сөйлем (табиғатқа қатысты)

5.Ассоциация(1сөз) (табиғатқа қатысты)

 

 

5 сынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты.

 

Сөздік

қатар ұғым– одно понятие

өмір сүруі мүмкін емес – не могут существовать.

заңдылық - закономерность

керекті,  - нужное(-ый,-ая) 

табиғи күйі -натуральное(-ый,-ая) 

өндіру - производить

құдық - колодец

қорғау  - защищать

түкіру -плевать

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құра.

Тақырып бойынша кластер құрастыр.

Мәтін

Қазақстан табиғаты.

 

  Табиғатпен адам - қатар ұғым. Табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес.Бұл – заңдылық. Себебі адам өз керектісін, табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады.“Су ішкен құдығыңа түкірме”- дейді халық. Адам - табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. Біз оны сүйе білуіміз керек.Табиғатты қорғау, жастар, біздің қолымызда. (48сөз)

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым:

Тапсырма.

Мәтінді тыңда,мәтіндегі мақал – мәтелді тап, мазмұнын түсіндір.

Оқылым:

Тапсырма.

Сөйлемдердің жалғасын тап.

Табиғатпен адам                                                 табиғаттан   өндіріп алады

Табиғатсыз адам                                                 біздің  қолымызда

Табиғатты қорғау                                                өмір сүруі мүмкін емес.

Адам өз керектісін                                              қатар ұғым

 

 

Айтылым:

 Тапсырма.

Сурет бойынша  шағын әңгіме құрастыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін өткізу

 

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

 

Жазылым:

 Тапсырма.

1.тиісті әріптерді қойып, жаз.

Қаза...стан, таби...ат, өм...р, за...дылық,қ...дық, ...ор...ау, б...лшек,өнд...ру, б...зд...ң.

2.сөйлемдерді дұрыс құрастыр

Пайда, әкеледі, көп, адамға, құстар.

Аялау,табиғатты ,керек, қорғау.

Көптеген, түрі, бар, өсімдіктің.

 

Тілдесім:

Тапсырма.

«Асық» ойыны

1. Отан дегенді қалай түсінесің?

2. Қазақстан қандай  ел?

3. Қазақстанда қандай таулар бар?

4. Қазақстанның  елордасытуралы не білесің?

5. Қазақстанның  кен  байлықтарытуралы  не  білесің?

6. Қазақстан  жері  қандай?

 

6 сынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты.

Сөздік

қоршаған орта –окружающая(-ий,-ое)   среда

өткір мәселе – острая(-ый,-ое)   проблема

пайдалы қазбалар – полезные  ископаемые.

алтын -золото

күміс -серебро

мыс -медь

мырыш -цинк

қорғасын - свинец

мұнай -нефть

 көмір -уголь

Сөздікпен жұмыс

1.Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем  құрастыр.

2.«Табиғат» сөзімен синквейн құрастыр.       

1.Табиғат

2.Екі сын есім(табиғатқа қатысты)

3.Үш етістік(табиғатқа қатысты)

4.Төрт сөзден тұратын  сөйлем (табиғатқа қатысты)

5.Ассоциация(1сөз) (табиғатқа қатысты)

 

Мәтін

Қазақстан табиғаты.

   Табиғат дегеніміз шалғын шөп, ну орман, биік шыңды таулар, мөлдір өзен мен көлдер.  Осы бай жеріміздің жануарлар және өсімдіктер дүниесі әр түрлі.

Елімізде  6000-нан  астам өсімдік, 500 түрлі құс,178 түрлі аң, 107 түрлі балық бар таулары. Қазақстан  жері  пайдалы  қазбаларға  бай. Бұл – мұнай, көмір, алтын, күміс,  мыс, мырыш, қорғасын.

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі өткір мәселердің бірі. Ол –еліміздің болашағы, халықтың байлығы.(68 сөз)

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым:

 Тапсырма.

 Мәтінді тыңда,сан есімдерді тауып, олардың түрін анықта.

Оқылым:

 Тапсырма.

 Мәтінді  оқы, аудар, сызбаны толықтыр

Табиғат дегеніміз

Біздің жерімізде ...,...,...бар

Айтылым:

Тапсырма.

Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгімелеп бер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін өткізу

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

 

Жазылым:

Тапсырма.

1.Сан есімдерді сөзбен жаз және олардың түрін ажырат.

6000-нан астам-

 500 түрлі-

178 түрлі-

107 түрлі-

2.Мәтінді қазақ тіліне аудар.

  Моя Родина – Казахстан. Природа Казахстана очень богата и  разнообразна. В нашей республике очень много видов растений, рыб, животных. Я очень люблю свою Родину.

Тілдесім:

Тапсырма.

Мәтін бойынша сұхбат құрастыр(жұптық жұмыс)

 

 

7ынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты.

 

Сөздік

солтүстік – север

оңтүстік- юг

шығыс-восток

батыс-запад

Ұлыбритания- Великобритания

Жерорта теңізі- Средиземное море

сәйкес-похоже(-а,-и)

ойпат - низменность

шөл -пустыня

шөлейт- полупустыни

қырат - возвышенность

Сөздікпен жұмыс

«ойпат, шөл» сөздерімен синквейн құрастыр.

Мәтін

Қазақстан табиғаты.

 

   Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Солтүстігінің табиғаты Орталық Ресейге және оңтүстік Ұлыбританияға, оңтүстігі – Жерорта теңізі елдеріне, Кавказ маңайына сәйкес. Мұнда ойпаттар мен төбесін мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар бар.Аумағының үлкен бөлігін шөл мен шөлейт, қалған бөліктерін таулар, теңіздер мен көлдер алып жатыр. Тянь-Шянь, Іле Алатаулары, Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, тағы басқа таулар, Мұғалжар, Сарыарқа, Үстірт қыраттары бар.

(60сөз)

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым:

Тапсырма.

Мәтінді тыңда.

Оқылым:

Тапсырма.

 Сөйлемдерді  жалғастырып,оқы.

Қазақстанның табиғаты........ .Мұнда............бар.

Аумағының үлкен бөлігін..........  .Қазақстан таулары-..... .

Айтылым:

Тапсырма.

Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыр.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат туралы үш мақал –мәтел оқып, мазмұнын түсіндір.

« Бір ағаш кессең, он ағаш ек!»

« Судың да сұрауы бар.»

«Бұлақ көрсең, көзін аш.»

 

Сергіту сәтін өткізу

Табиғаты көрікті
Оңға, солға қарайсың,
Жүгірсең де, секіріп,
Шаршамайсың ешқашан.
Бір отырып, бір тұрып.
Жаттығуды жасаймыз..
Туған жердің тынысы,
Жеткізер бізді биікке.

 

Жазылым:

Тапсырма.

Мәтіндегі жалқы және жалпы  есімдерді теріп жаз.

 

               жалқы есімдер

           жалпы  есімдер

 

 

 

 

 

Тілдесім:

Тапсырма.

Мәтін бойынша 5сұрақ дайында,сұхбат құрастыр (жұптық жұмыс).

 

8 сынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты.

Сөздік

әсер - влияние

қатал континенталды – резко континентальный(-ая,-ое) 

егіс - посевы

қалыпты - умеренный(-ая,-ое) 

құмды - песчанный(-ая,-ое) 

аймақ -регион

жауын, жаңбыр - дождь

соғып тұру – дуть

кең, ұлан-байтақ, ұлан-ғайыр (синонимдер) -  широкий, просторный

(-ая,-ое)

жел-ветер

қарлы боран –снежная метель  

 

 

Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем  құрастыр.

Мәтін

Қазақстан табиғаты.

    Қазақстанның жері кең, ұлан-байтақ. Солтүстіктің  суық ауасы мен оңтүстіктің ыстық желі әсерінен ауа райы қатал континенталды болып келеді. Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі егіс жүріп жатса, солтүстігінде бұл кезде  қарлы боран соғып тұрады. Қыс айларында солтүстік пен шығыста 41-45° дейін, тіпті -50° дейін аяз болады. Мұнда қыс ұзақ, орталықта қалыпты, оңтүстікте жылы және қысқа. Жаз солтүстікте жылы, орталықта ыстық, оңтүстікте өте ыстық. Құмды аймақтарда су болмайды, жауын аз жауады.

(68сөз)

Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым:

Тапсырма.

Мәтінді тыңда, мазмұнын түсін.

Оқылым:

Тапсырма.

 Мәтінді  оқы, асты сызылған сөздерге антоним тап.

Айтылым:

Тапсырма.

Сөйлемдерді (ма, ме, ба, бе, па, пе) шылауы арқылы сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Қазақстанның жері кең, ұлан-байтақ....?Ауа райы суық... ?

Жазылым:

Тапсырма.

 Мәтін бойынша мазмұндама жаз.

Тілдесім:

 Тапсырма.

Мәтін бойынша сұхбат құрастыр(жұптық жұмыс).

-Қазақстанның жері қандай?

-Қазақстанның ауа райы қандай?

-Солтүстік пен шығыста неше градус аяз болады?

Қазақстанның қыс пен жазы қандай?

 

9 сынып

Тақырыбы: Қазақстан табиғаты.

Сөздік

қазына- богатство, казна

қоғам-общество

құрып бара жатқан- исчезающий(-ая,-ие,-ее) 

арнайы- специальная(-ый,-ое) 

тіркеу- регистрировать

парақ  - страница

дәрілік -лекарственный(ые,-ая,-ое) 

өсімдік -растение

хош иістік - ароматный(ые,-ая,-ое) 

сексеуіл -саксаул

енгізу –занести

мақсат-цель

 

Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем  құра.

«қазына» сөзімен синквейн құрастыр.

Мәтін

 

    Табиғат – халық қазынасы, сондықтан біз оның байлығын  қорғаумыз керек. 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты –  құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді  арнайы кітапқа тіркеу. Бұл кітапты «Қызыл кітап» дейді. Оның қызыл, сары түсті парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аңдар, құстар, өсімдіктер жазылады. Қазақстан дәрілік,  хош иістік өсімдіктерге бай. Құмды жерлерде басқа жақта өспейтін сексеуіл өседі. Еімізде басқа жерлерде кездеспейтін ерекше ірі қызғалдақ бар, оның гүлі  15 см дейін болады. Бұлар «Қызыл кітапқа» енгізілген.(86сөз)
 

Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым:

 Тапсырма.

 Мәтінді тыңда, мазмұнын түсін, мәтінге ат қой.

Оқылым

Тапсырма.

Мәтінді  оқы, кестені толтыр.

 

 

сөйлем

дұрыс

бұрыс

Табиғат – халық қазынасы. 

 

 

«Қызыл кітапқа» саны көп аңдар, құстар, өсімдіктер тіркеледі.

 

 

Сексеуіл сулы жерлерде өседі.

 

 

Еімізде басқа жерлерде  ерекше ірі түймедақ гүлі өседі.

 

 

Табиғатты қорғауымыз керек.

 

 

 

Айтылым:

 Тапсырма.

Мәтіннің мазмұнын айтып бер.

 

Жазылым:

Тапсырма.

1.Асты сызылған құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

2. Сурет бойынша әңгімелеп бер.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдесім:

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап бер, сұхбат құрастыр.

-Табиғат дегеніміз не?

-1966 жылы біздің елімізде не құрылды?

-«Қызыл кітап» туралы не айта аласың?

-Оның басты мақсаты қандай?

-Қазақстан неге бай?

- Мәтіннің негізгі тақырыбы қандай?

 

10- сынып

Тақырып: «Қазақстан табиғаты»

Сөздік

таңғаларлық  -удивительно, удивительная  (-ый, -ое,-ые)

көлем –объем

жер көлемі- площадь

шаршы шақырым-кв.км

асу-превышать

сирек кездесетін –редко встречающийся(-ая,-ое) 

қорық – заповедник

мақта – хлопок

қант қызылшасы - сахарная свекла

күріш-рис

жауын-шашын  - осадки

тәуелсіз, егеменді (синонимдер) –независимый, суверенный (-ая,-ое) 

мекендеу –обитать

 

Сөздікпен  жұмыс

1.Берілген  сөздерді дауыстап оқу.

2 .Жаңа сөздерді сөздікке жазу.

3. Жаңа сөздердің айтылу ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту.

4. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем  құрастыру.

Мәтін

Қазақстан табиғаты

    Қазақстан - көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион  шаршы шақырымнан асады. Қазақстанның  табиғаты - таңғаларлық әдемі, бай,  алуан түрлі. Мұнда  таулар, көлдер,  өзендер  , теңіздер  бар. Қазақстанның  ірі  өзендері  - Ертіс, Сырдария,  Шу, Іле. Ең үлкен  көлдері - Марқакөл, Зайсан, Алакөл. Таулары  - Іле Алатау, Алтай  таулары.

     Қазақстанда  тоғыз  қорық  бар.     Қазақстанда   сирек  кездесетін  аңдар мен құстар мекендейді.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері  өседі. Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.(93 сөз)

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым:

Тапсырма.

 

1.Мәтіннен біріккен  зат  есімдерді  тап.

2.Мәтінді тыңда,өз білімдеріңді қосып, кестені  толтыр.

 

Көл

Өзен

Тау

Жеміс-көкөніс

Пайдалы қазбалар

 

Ауа райы

 

 

 

 

 

 

Оқылым:

 Тапсырма.

Мәтінді оқып,  негізгі ойын анықта.

Айтылым:

Тапсырма.

Сұхбатты  жалғастыр.

- Саған  Қазақстан табиғаты ұнай ма?

- Әрине, ұнайды!

- Немен  ұнайды?

- Қазақстан  табиғаты  алуан түрлі. Мұнда  тау , өзен, көл, дала бар.

- Сен  Қазақстанның  қай жерінде болдың?

- .....................................................................

Жазылым:

Тапсырма.

Сурет бойынша шағын  әңгіме жаз.

 

 

 

 

 

 

Тілдесім:

Тапсырма.

Досыңнан  интервью ал.

1.Қазақстан  жерін неге таңғаларлық  әдемі  жер  деп атайды?

2.Сенің  ойыңша, қазір адам  қоршаған  орта  туралы ойлайды  ма?

11- сынып

Тақырып: «Қазақстан табиғаты»

Сөздік

қасиет- качество

ата-бабалар – предки

әрқашан - всегда

мақтан тұту - гордиться

кесу – (здесь)- рубить, резать

егу -(здесь)- садить, сеять

бекер  - зря

ұқыпты -(здесь)- бережно(ый,-ая,-ое)  , аккуратно(ый,-ая,-ое) 

тіршілік    көзі - источник жизни

парыз - долг

зиян – вред

қастандық –зло, вред

келтіру –(здесь) - наносить

Сөздікпен  жұмыс

1. Жаңа сөздерді оқу.

2. Жаңа сөздерді сөздікке жазу.

3. Жаңа сөздердің айтылу ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту.

5.Жаңа сөздермен сөз тіркестер құрастыр.

Мәтін

Қазақстан табиғаты

    Менің туып-өскен жерім   -   егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Мұнда биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, әртүрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар мекендейді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып - өскен. Қазақстан жерін мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.  «Бір ағаш кессең, он ағаш ек!»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.Табиғат-Ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану   керек. Табиғатсыз  өмір жоқ. Табиғат -  тіршілік  көзі, сондықтан табиғатты қорғау  -   әр адамның  парызы.Табиғатқа  келтірген  зиян  -  өзімізге  жасаған қастандық.( 99 сөз )

Мәтінмен жұмыс

Тыңдалым:

Тапсырма.

Мәтінді тыңдап, мәтінге ат қой. Мәтіннің мазмұнын  түсін.

Оқылым:

 Тапсырма.

Мәтінді  оқы. Берілген  сөйлемдерді толықтыр.

Қазақстан жерінде аңдар мен құстар ......

Қазақстан жерін  ......

«Бір ағаш кессең, ......

Табиғатқа  келтірген  зиян  .......

Біздің еліміздің табиғаты.....

Табиғатсыз.....

Айтылым:

 Тапсырма.

1. Мәтіннің  мазмұнын  айт.

2.Сұрақтарға  жауап бер.

  1. Сенің  ойыңша,  адам   табиғатты  қорғай ма?
  2. Қазақстан табиғатының  ресурстары шектеулі ме?  Жоқ па? Өз ойыңды дәлелде.

Жазылым:

Тапсырма.

Таңдаған  тақырыпқа  немесе сурет бойынша  шығарма жаз.

а)«Мен  - табиғат  қамқоршысымын».

б)«Қоршаған  орта  мәселелері».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдесім:

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап бер.

1.Саған  Қазақстан  жерінің  қай аймағы  ұнайды?

2.Табиғатты жақсарту үшін  сенің  үлесің  қандай?

3.Болашақ  ұрпаққа  табиғат  қоршауда  сенің  аманатың  қандай?

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину