ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
12 мая 2019 г.

Ахмет Қарақат, 7 сынып, Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп, Ақсу қаласы.

Жетекшесі: Каиржанова Айнур Аяпбергеновна, қазақ тілі мұғалімі, Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп, Ақсу қаласы.

"Қазақ ертегілері" ғылыми жоба

"Қазақ ертегілері" ғылыми жоба

Аннотация

Зертеу тақырыбы:      

     Қазақ ертегілері

Зерттеу мақсаты:

1. Ертегілердің маңызы.

2.Қазақ ертегілерінің ерекшелігі

3.Ертегілерді насихаттау

 

Зерттеу болжамы:   Ертегілерді зерттеу, күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Зерттеу кезеңдері:        1. Тақырып талдау

2. Материалдар жинау

3. Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.  Байланыстыру

5.Материалдарды жинақтап, жүйелеу

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

                       1)Ертегілердің ерекшелігі

                       2)Ертегілердің тәрбиелік маңызы

 3.Қорытынды                        

Кіріспе

         Зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілері»  деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылығымнан оны зерттеу туралы ниет туындады. Әр елдің әр халықтың ертегілері - сол халықтың рухани қазынасы.

          Ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз.  Ертегі - тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген  көркем фильмдер , мультфильмдер жиі көрсетіледі.Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес  және біздің менталитетімізге  жат оқиғалар баяндалады.Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі  әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін  зертте, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім.Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз үні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің  басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі  ертегілердің туындауына  көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер  туа бастайды және онда халықтың  тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады.Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді.  Ертегі  балалардың ой-өрісін, дүние танымын кекңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

         Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен  аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары  ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.

         Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

       1.Қиял ғажайып ертегілері.

 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.

 3.Тұрмыс салт ертегілері.

 4.Аңыз ертегілері.

      Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың аылмен жеңуі, даулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.

    Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы телік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

    «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

     «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

     «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

       Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын салауатты,  саналы ұрпақ тәрбиелеу.

   Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше,  ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

   Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

 3.Қорытынды.

Мен өзімнің ғылыми жобамда қазақ халқының ертегілерін зерттедім. Жобамның мақсаты -  қазақ ертегілерін насихаттау. Ертегілерді тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әректінен  бой тартып, жақсылыққа құмартады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Қазақ ертегілері» жинақ

 2. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

Источник:"Қазақ ертегілері" ғылыми жоба|
12 мая 2019 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину